Қарашадағы махаббат: алдағы бір айда қай белгі жұбын кездестіреді
Жарияланған күні:
Қарашада Венера, Меркурий және Ай романтикалық қарым-қатынасқа әсер етеді. Күздің соңғы айына арналған махаббат болжамы қандай болмақ? Қараша айына арналған махаббат жұлдыз-жорамалын астролог Бежан Дарувалла құрастырды.
Тоқтылар үшін қараша айына арналған махаббат жорамалы
Астрологиялық Аstrologyk басылымының мәліметі бойынша қараша айы көтеріңкі көңіл-күйде өтеді. Тоқтылар айналасындағы адамдарға шабыт беріп, ұнай түседі. Жеке өміріңізге назар аудару керек, өйткені бұл айда Марс ғаламшары өзгелерге жақсы әсер қалдыруға, жаңа танысқан адамның сенімі мен сүйіспеншілігіне бөленуге ықпал етуі ғажап емес.
Тоқтылар үшін қарашаға арналған махаббат жұлдыз-жорамалы қандай? Бойдақ Тоқтылар жан серігін кездестіреді. Жұп болып, көңіл жарастырып жүрген жандар үйленеді, сәби сүюді қалайды.
Қараша айында Торпақты махаббат әлемінде не күтіп тұр?
Astrosage астрологиялық порталы қараша айында Торпаққа серігімен түсініспеушілік болуы мүмкін екенін ескертеді. Үйленуге, некелесуге асықпаңыз. Осы бір кезеңнен өту үшін бір-біріңізбен сөйлесіп, ымыраға келген абзал.
Раху және Кету деп аталатын Ай түйіндері 29 қарашаға дейін Тоқты және Таразы белгісімен жүреді. Сол кезде жұп арасындағы қарым-қатынаста нәзік байланыс бәсеңдейді, бұл жайсыз сезім тудырады. Осы сәтте серігіңізбен бірге қандай да бір іспен шұғылданыңыз. Мұндай қарым-қатынас бір-біріңізді жақындастырады.
Егіздерге қараша айына арналған махаббат жұлдыз-жорамалы
Үндінің жетекші астрологтарының бірі Бежан Дарувалла 2023 жылдың басында Егіздерге өмірлік серігінің кезігетінін айтқан болатын. Ендеше бұл белгінің бойдақ өкілдері қараша айында жағымды жаңалық күтсе болады.
Қараша айында Егіздерге арналған махаббат болжамы қандай? Оларды кездесулер мен бірге өтетін бақытты ай күтеді. Отбасылы Егіздердің өкілдері бір жылдық жоспарын құрумен айналысады. Үйлену тойын жоспарлаған жандардың некелесуі сәтті өтеді. Ажырасқандар қазіргі қарым-қатынасына сызат түсірмеу үшін бұрынғы серігімен кездесуден аулақ болуы керек.
Шаяндарға арналған махаббат болжамы қандай?
Шаян ұзақ уақыт бойы араласып жүрген жұбымен арадағы терең байланысты сезінеді. Қарым-қатынаста қайтадан құмарлық пен бір-біріне қамқорлық жасауға деген ұмтылыс пайда болады. Жалғыз жүрген Шаяндар жаңа романтиканы күтеді. Ішіңіздегі жағымды және жағымсыз сезімді ашық түрде білдіруге тырысыңыз.
Қарашаның екінші онкүндігі дүкендерге бірге барып сыйлықтар сатып алуға қолайлы уақыт. Егер сіз ұзақ уақыт бойы қымбат зат туралы армандаған болсаңыз, оны сыйлық ретінде сұраудан тартынбаңыз. Қараша жақсы көңіл-күймен аяқталады. Отбасы мен үйдегі атмосфера басты назарда болады. Көптеген Шаян белгісі жөндеу жұмысын бастайды, бұл жұп арасындағы бірлікті одан сайын арттырады.
Арыстан үшін қараша айындағы махаббат жұлдыз-жорамалы қандай?
Sun Signs эзотерикалық басылымы айдың бірінші аптасынан бастап Венера Арыстанның махаббат әлемінде бірізділік орнатуына көмектесетінін жазады. Егер сіз сезімтал болсаңыз, сонымен бірге серігіңізге сенім арта білсеңіз, онда арада бейбіт байланыс пен келісім орнайды.
Бір-бірін бағалайтын ерлі-зайыпты кез келген мәселені шеше алады, бәріне бірге қол жеткізе алады. Позитивті ойлаңыз, балаларға, достарға және екеуіңіздің ортақ қызығушылығыңызға назар аударыңыз. Бойдақ Арыстандардың мінсіз адамды күтіп жүре бермегені жөн. Мүмкіндігінше құрбысымен, ескі таныстарымен қарым-қатынас орнатуы керек. Барлық Арыстан белгісінің өкілі қараша айында бұрынғы серігінің ендігі жерде мазаламайтынына сенуіне болады.
Бикешті махаббатта не күтіп тұр?
Ол әлеуметтік желі, теледидар мен трендтердің қарым-қатынасқа әсер етпеуі үшін мейлінше шектеуі қажет. Бір-біріңізді бақыламаңыз, қызғанбаңыз немесе басқа адамдарға уақыт шығындамаңыз. Одан да бірге өткізетін болашақ үшін бірігу керек.
Қараша айында Бикеш жеке кеңістігін қорғап, серігінің де өз мүдделері жайлы білдіруіне мүмкіндік беруі керек. Бұл қарым-қатынасқа оң әсер етеді және кездесу уақытын, бірге өткізетін демалысты бағалай білуге әсер етеді. Бойдақ адамдар мінсіз жұбының бейнесін ойша елестетеді. Оңаша отырып қиялыңыздағы жанның жақсы қасиеттерін жазыңыз, қарашаның үшінші онкүндігінде тағдырыңызға әсер ететін кездесу болуы ықтимал.
Таразылардың махаббат жұлдызнамасы
Таразылар үшін махаббат пен романтика планетасы әрі Таразының билеушісі саналатын Венера осы белгіге енген кезде, сенім мен үйлесімділік алауы жанады. Содан кейін белгі өкілдері жаңа кезеңге өтеді. 2023 қарашасында Таразыны махаббат әлемінде не күтеді? Parade басылымы Таразылардың жеке өмірінде өрлеу кезеңі күтетінін жазады. Егер бұрын Таразы махаббат әлемінен алыстау жүрген болса, осы айда оның ашылатын уақыты келді.
Жұп арасында жақсы қарым-қатынас орнап, бір-біріне деген құштарлық пайда болады. Бойдақ Таразылар достарына және бұрыннан таныс адамдарға ұнай бастайды. Жаңа қарым-қатынас орнатудан қорықпаңыз, өйткені қараша айында басталатын байланыс берік және шынайы болады.
Қараша айында Сарышаянға арналған махаббат болжамы қандай?
4 қарашадан бастап Сатурнның ретроградтық кезеңі аяқталады. Ол Балықтардағы тікелей қозғалысқа оралады және Таразы белгісінде Венерамен бірге жүреді. Махаббат пен құштарлық Сарышаянның өмірінде басты орын алады.
Medium интернет-журналы айдың екінші онкүндігінде қарым-қатынастың қандай екенін анықтауға кеңес береді. 13 қарашада Сарышаянның жаңа айы, бұл - басымдықтарыңызға мән беретін және аяқталған қарым-қатынаспен қоштасу үшін оңтайлы уақыт.
Бойдақ Сарышаяндарды романтика әлемі күтеді. 10 қарашадан бастап Меркурий Мерген белгісіне енген кезде жаңа адамдармен танысыңыз, көңіл көтеріңіз. 22 қарашадан бастап бұған Күн қосылады және бұл Сарышаяндарға шынайы махаббатын қарсы алуға мүмкіндік береді.
Мерген үшін қараша айындағы махаббат жұлдыз-жорамалы
10 қарашадан бастап Мерген белгісіне енетін Меркурийдің екпінді ауысуы белгі өкілдерінің өмірін, соның ішінде махаббат әлемін ерекше етеді. Қараша айында Мергендерді махаббатта не күтіп тұр? Ол серігімен жиі сөйлеседі және бұл әңгімелер оларды жақындастырады. Ұзақ уақытқа созылған мәселелер шешіліп, кикілжіңнің соңы татуласумен тәмамдалады.
Басы бос Мергендердің лайықты адамымен кездесуіне мүмкіндігі бар. Мұны бір көргеннен ғашық болумен байланыстыруға болады, ал құштарлықтың ұшқыны бұған дәлел болады.
Тауешкілер үшін 2023 жылдың қараша айындағы махаббат жұлдыз-жорамалы қандай?
8 қарашадан бастап Венера Таразы белгісіне кіреді, сонымен бірге Тауешкінің сезімі мен эмоцияларына оң әсер етеді. Ол достарымен, таныстарымен және бейтаныс адамдармен қарым-қатынас арқылы өмірінің қалай гүлденгенін көреді. Бойдақтар адамдармен жиі араласып, іс-шараларға қатысып, жаңа адаммен танысуға дайын болуы керек. Жарқырап, өзгелердің назарын аудару үшін әдемі киімдер киіңіз.
Жұп арасында Тауешкі өте жайлы болады. Олар әдеттегі салқынқандылықты жұмсақ энергияға ауыстырып, сүйікті адамымен бірге демалуды, кездесуді немесе жаңа бір орынға баруды ұсынады.
Суқұйғышқа арналған Махаббат жұлдызнамасы
2023 жылдың 3-30 қараша аралығында Венера Суқұйғышта өтеді. Бұл ерлі-зайыптының арақатынасын сақтау үшін тамаша уақыт делінеді.
Қараша айында Суқұйғышқа арналған махаббат болжамы қандай? Ер мен әйел арасында ұмыт болған махаббат алауы қайта тұтанады, суық қатынас пен көңіл қалған сәттер ұмытылады. Бірлесе жасаған істер, балалар мен үй жануарларына қамқорлық жасау арқылы бір-біріңізге жақындай түсесіз.
Бойдақ Суқұйғыштар соңы махаббатқа ұласатын достық қарым-қатынасты бастайды. Бақытын жолықтыратынына сенбегендер серігінің кезігетініне үміттенеді.
2023 қарашасындағы Балықтарға арналған махаббат болжамы қандай?
2023 жылдың 4 қарашасында Сатурн ретроградтық қозғалысты аяқтап, Балықтар арқылы түзу жүрген кезде белгі өкілдері ауырлық күші төмендеп, өмірді қабылдау романтикаға толы әрі қызық бола бастағанын сезеді. Балықтар сүйіспеншілікке бөленеді, ал біраздан бері жұп болып жүрген жандарды көңілді кештер күтеді.
Басы бос Балықтар ортақ құндылықтары бірдей адамға таңдау жасай алады. Ондай жанды уақытты пайдалы өткізетін жерден іздеңіз. Мысалы: спорт клубы, шеберлік сыныптары немесе жұмыс топтары.
Қараша барлық зодиак белгісі үшін романтикаға, құштарлыққа толы әрі жарқын болады. Көбісі қарым-қатынас орнатады, бір-бірін тыңдай білуді үйренеді және болашақты бірге жоспарлайды. Ең бастысы ішкі сезіміңізге үңіле біліңіз.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/2043206-qarasadagy-maxabbat-aldagy-bir-aida-qai-belgi-zubyn-kezdestiredi/
Егер сіздің лақапатыңыз ережелердің талаптарына сәйкес келмесе, оны 4 қазанға дейін өзгертіңіз. Әйтпесе, ол автоматты түрде ауыстырылады.