Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

2023 жылдың қараша айына арналған Ай күнтізбесі: Ай фазалары, жайлы және жайсыз күндер

Опубликовано:

Жаңа туылған Ай. Көрнекі сурет
Жаңа туылған Ай. Көрнекі сурет: pixabay.com

Күздің соңғы айы Айдың жіңішкеруімен әрі жаңа Айдың тууымен басталады. Ол адамдарға қалай әсер етуі мүмкін? Қараша айына арналған Ай күнтізбесін астрологтар Тали және Офира Эдут жасап көрді.

2023 жылдың қараша айындағы Ай фазалары

Күздің соңғы айы Айдың жіңішкеруімен басталады. Қараша айында Айдың жіңішкеруі қашан басталады? Бұл кезең мына мерзімді қамтиды:

  • 1–4 қараша
  • 6–12 қараша
  • 28–30 қараша

Бұл күндері ойыңызды, үйіңіз бен өміріңізді бір қалыпқа келтіріп, реттеңіз. Қарыздарыңызды қайтарып, несиеңізді жабыңыз. Психологқа барып, дұрыс тамақтануға көшіңіз. Дене бітіміңізді реттеп, медициналық тексеруден өтіңіз, сонда ғана сіз жаңа Айды жаңаша әрі бақытты адам ретінде қарсы аласыз.

Жаңа Ай дүйсенбі, 13 қараша, сарышаян белгісінде басталады. Бұл күні түпсанаңыз оянады, сол себепті бұл күнді жаңа идеяларды тауып, медитация жасауға арнаңыз. Барлық бастаған істеріңізді аяқтауға тырыспаңыз, уақыт жеткіліксіз болады. Жаңа таныстықтарға жол бермеңіз, себебі кейін көңіліңіз қалуы мүмкін. Ең үздік жоспарларыңызды жүзеге асырып, барлық бастаманы бір уақытта бастауға асықпаңыз. Бұл ретте сізге өзіңіздің ішкі интуцияңыз көмекке келеді.

Бұлт арасындағы Ай. Көрнекі сурет
Бұлт арасындағы Ай. Көрнекі сурет: pixabay.com

Қарашада Ай қашан толығады?

Бұл фаза айдың ортасында болады және 14–19 мен 21–26 қараша аралығын қамтитын болады. Айдың толығуы кезеңінде маңызы шешімдер қабылдап, бастамашыл болыңыз, өзіңізге жауапкершілікті алып, жаңа дүниеге үйренуге ұмтылыңыз, негативті адамдармен қош айтысып, өміріңіздің жаңа парағын ашыңыз.

Қарашада Ай қашан толығады?

Ол дүйсенбі, 27 қараша, Ай Торпақтардан Егіздерге өтетін күні болады. Astrologyk басылымы түс жоруға кеңес береді, себебі олардың көбі өміріңізде орындалуы мүмкін. Жеке өміріңізге мән беріп, кездесулерге барыңыз. Осы кезеңді мансабыңызда жақсы көрсеткіштерге қол жеткізуге пайдаланып қалыңыз.

Find Your Fate эзотерикалық порталы Айдың толығуы кезеңінде, барлық мәселелеріңіз шешілетінін айтады. Өміріңізде жақсарту үшін, Ай циклдарының келесі кезеңдеріне мән беріңіз:

  • Үшінші тоқсан – 5 қараша. Жұмыс орныңызды ауыстырып, ренжіткен адамдарды кешіріңіз, ағзаңызды тазартып, дене күтіміне мән беріңіз.
  • Бірінші тоқсан – 20 қараша. Біліміңізді жетілдіріп, көңіл көтеріңіз, көппен араласыңыз. Ұжымдық келісімшарттарды дамытыңыз.
Түн ішіндегі Ай. Көрнекі сурет
Түн ішіндегі Ай. Көрнекі сурет: pixabay.com

Қараша барында тыныш астрологиялық ай болмақ. Ай циклдарынан бөлек келесідегідей жағдайларға мән беріңіз:

  • Starwalk.Space басылымының мәліметінше, 3 қараша (Айдың жіңішкеруі) Юпитер қарама-қайшылыққа толы болады. Сондықтан ауқымды мақсаттарды ойлап, оны қойын дәптеріңізге түртіп қойыңыз.
  • 9 қараша күні Ай Шолпанды жабатын болады. Денсаулық пен сұлулыққа мән беріңіз.
  • Айдың толған кезеңіне 15 қарашада Уран қарсы тұратын болады. Сенім білдіріп, болған жағдайды қабылдап үйреніңіз.
  • Astro-Seek хабарлауынша, Күн белгіні алмастырып, Айдың толған күні, яғни 22 қарашада Мерген кіретін болады. Бұл үлке үй іздеп, оны сатып алу үшін қолайлы кезең болмақ.

Қараша бейсенбі, 30-ы күні аяқталатын болады. Бұл күні Айдың жіңішкеруімен тұспа-тұс келеді және бұл күні Шаян кіретін болады, сондықтан күздің соңғы күнін отбасыңызбен бірге өткізуге тырысыңыз.

Айдың адам өміріне әсері

Ай күнтізбесі адамның энергиясын дәл қазір қажетті салаға жұмсауға көмектеседі. Сол себепті ол өміріңіздің басым бағыттарына баса мән беріп, позивтивті өзгерістерге алып келуі мүмкін. 2023 жылдың қараша айының ең жайлы күндері қандай? Олардың саны он алты: 1, 4–5, 7–8, 10–11, 13–15, 19–20, 26, 28–30 қараша күндері.

Ал, қарашадағы жайсыз күндер қандай? Мамандар бұл айда жайсыз күндер болмайды деп сендіріп отыр.

Айдың қызметіңізге әсері

Айдың бірінші күні жұмыстарыңызды жоспарлап, ай соңында оған қорытынды жасаңыз. Ай бойынша жұмысты жоспарлау барысында келесіге мән беріңіз:

  • Ай жіңішкеретін уақытта ақшаны босқа шаша бермеңіз. Қараша айына бюджетіңізді жоспарлап, айлығы жоғары жұмысқа түйіндемеңізді дайындап қойыңыз.
  • Жаңа ай туған күні ақша энергиясына қатысты жоралғыларды жасап, ата-бабаларыңызға тағзым етіңіз.

Ай толған күні айға шүкіршілік етіп, өз еңбегіңізді бағалаңыз. Әмияныңызға ақша салып, оны терезенің алдына қойып қойыңыз, сонда қаржы сізге еселеп қайтатын болады.

Кеңседегі ер адам. Көрнекі сурет
Кеңседегі ер адам. Көрнекі сурет: pixabay.com

Айдың махаббат пен адамның көңіл-күйіне әсері

Ноталды карта бойынша өзіңіздің туған күніңіздің құпиясын біліңіз. Жаңа және Ай толған күні туған адамдар Ай фазаларының алмасуына ерекше, эмоционалды тұрғыда мән береді. Ай циклдарының алмасуына келесі кеңестер көмектесе алады:

  • Жаңа Ай туған күні ұрыспаңыз, керісінше ұрыстың алдын алып, біреуге ренжімеңіз, ішіңіздегі реніштен арылуға тырысыңыз. Егер сүйіктіңізбен араларыңызда келіспеушіліктер орын алса, онда онымен татуласуға тырысыңыз.
  • Айдың толған күні түсіңізге мән беріңіз. Ұйықтар алдында теңіз тұзы қосылған ванна қабылдап, жалбыз шайын ішіңіз, сөйтіп сізді мазалайтын сұрақтардың жауабын табу үшін, түсіңізде түс көруге тырысыңыз.

Тали және Офира Эдут астрологтары қараша айында көптеген жандар сүйіктілерін, өмірілк серіктерін кездестіретінін айтады. Өмірлік серігіңізді табу үшін, 14–19, 21–26 қараша күндері, жаңа хобби тауып, үй жануарын асырап алыңыз.

Қол ұстасқан жұп. Көрнекі сурет
Қол ұстасқан жұп. Көрнекі сурет: pixabay.com

Айдың денсаулық пен сұлулыққа әсері

Marie Claire басылысы Айдың адам физиологиясына әсеріне мән беруге шақырады. Сол себепті келесі кеңестерге құлақ түріңіз:

  • Айдың жіңішкеруі кезеңінде, яғни, 1–4, 6–12, 28–30 қараша айында артық салмақтан арылуға кірісіңіз. Детоксикация бағдарламасын қолға алып, медициналық тексеруден өтіңіз.
  • Айдың толатын кезеңінде, яғни 14–19, 21–26 қараша аралығында емдеу және шашыңызды қатайту бағдарламаларын қолға алыңыз. Қараша айының Ай күнтізбесіне сәйкес, шашыңызды қысқартыңыз.

Маусымдық апатия және күйзеліспен күресуге сізге массаж курсы көмектесетін болады. Оны Айдың жіңішкерген уақытында жасаған дұрыс. Қысты көтеріңкі көңіл-күймен бастағысы келетіндер үшін, 5-6 сеанс психологиялық кеңеске бару артық етпейді.

Қараша айындағы Ай энергиясы мен астрологиялық оқиғалар адам өмірін жақсартуға жол ашады. Егер табысқа қол жеткізгіңіз келсе, онда барлығын Ай күнтізбесі бойынша жоспарлауға тырысыңыз.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/2043217-2023-zyldyn-qarasa-aiyna-arnalgan-ai-kuntizbesi-ai-fazalary-zaily-zane-zaisyz-kunder/

pixel