Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Бауыр керек: ағайын-туыс, бауырлар туралы ең әсерлі әндер топтамасы

Опубликовано:

Күйсандық пен нота
Пианино және нота дәптері. Көрнекі сурет: pixabay.com

Қазақ халқы қай кезде де татулықты ту етіп, ағайынды алауыздықтан аулақ болуға шақырған. Ел-жұрттың амандығы мен бірлігін тілеген қазақта "Туғаныңмен сыйыспасаң, кең дүниеге сыймассың" деген сөз бар. Халық арасында осындай даналық сөздермен қатар бауырлар, туған-туыс туралы әндер де шырқалады. Бұл жазбамызда бауырға деген махаббатты жеткізетін бірнеше ән мәтіндерін ұсынамыз.

Әнші Бақтияр Тайлақбаевтың орындауындағы "Ағаларым" әні қаншама жыл өтсе де, ел жадында сақталған, құндылығы жоғары әндердің бірі. Кеңес Одағының батыры Есен Орақбаевқа арнап жазылған бұл әннің әдемі тарихы бар. Соғыстан кейінгі жылдары туған топырағы Орал өңірінде еселі еңбек еткен батырдың болмысы халықтың жадынан өшпейді. "Ағаларым" әнінің шығу тарихы жайлы Жаңақала аудандық тарихи-өлкетану музейінің экскурсоводы Жанна Тұрсынғалиеваның "Халық арасында кеңінен таралған "Ағаларым" әні кімге арналғанын білеміз бе?" жазбасында құнды мәліметтер жазылған.

Ағаларым

Сөзі: Оспанхан Әубәкіров

Әні: Әсет Бейсеуов

Құшағы оттай ыстық Сахарадай,

Көңілі алып ұшқан шағаладай.

Алдымнан "көкем-ай" деп шығатұғын

Сендерді сағындым ғой,

Сендерді сағындым ғой, ағаларым!

Қайырмасы:

Қажымас қара нарым,

Кең байтақ даналарым.

Күнім деп еркелетер

Аман бол, ағаларым!

Аңқылдақ айналайын, ағаларым,

Сағынсам іздеп барар паналарым.

"Ініңе ізіңдегі қарап жүр!" - деп,

Қалдырған өздеріңді,

Қалдырған өздеріңді бабаларым!

Өзіңе сыйынамын қандай жақсы,

Сөзіңе суйсінемін балдай тәтті.

Ерлердің ағасы бар - жағасы бар

Алдыңда ағаң болған,

Алдыңда ағаң болған қандай жақсы!

Ағаның орны қашанда бөлек. Өмірде ізгілік жолымен жүріп, өзінен кейінгі бауырларына қолқанат бола білген ағаларға қандай әдемі тілек айтсаңыз да артық емес. Ал ағаға деген жүрекжарды лебізді әнмен әрлесеңіз, нұр үстіне нұр болары сөзсіз. Ағаңыздың мерейтойына, туған күн немесе басқа да қуанышты сәттеріне арнап "Ағажан" әнін шырқап, көңілін бір көтеріп тастаңыз.

Ағажан

Сөзі: Әнуарбек Дүйсенбиев

Әні: Арман Дүйсенов

Бәйтеректей саялы, алақаны аялы,

Маңдайымнан сипаған менің.

Қамқор аға әкедей,

Еркелеткен мәпелей,

Тілегіңнен сый табам сенің.

Қарлығаштай қанатың,

Талмай, тынбай қағатын,

Жасымаған көзіңе сенем.

Жетеледің, жеткіздің,

Қарызымыз көп біздің,

Асыл аға өзіңе деген.

Қайырмасы:

Құтты болсын ағажан, қуанышың,

Азамат боп ержетті-ау жұбанышың.

Өмірінің шырағын сөндірмесін

Көніліңнің жалғасын ұлы ағысын.

Бізді ойлап жүргенде,

Байқатпастан бір демде,

Ер жетіпті-ау, ұл-қызың бүгін.

Кір шалмаған арыңмен,

Жаздай сұлу жарыңмен,

Жана берсін жұлдызың бүгін.

Бұл тойыңды аңсадық,

Қызмет қып жан салып,

Еріп келем ізіңнен сенің.

Тойың тойға ұлассын,

Бақ-даулетің қыр ассын,

Нұр таймасын жүзіннен сенің!

Бірге туған бауырың болса бір бақыт! Өйткені адамның жан-дүниесін түсінетін, қуанышы мен мұңын көтере білетін жанның бірі - бауыр. Олар бір-біріне өкпелесе де, кешіре салуға, қайтадан құшағына алуға дайын тұрады. Себебі адам баласы үшін әке мен анадан кейінгі қымбат жан бауыр болса керек. "Бауыр керек" - бүгінде ел арасында көп айтылып жүрген әннің бірі. Әуені жағымды әннің мәтіні де жанды тебірентеді.

Бауыр керек

Сөзі: Саят Әбенов

Әні: Бекзат Құнанбай

Бауыр керек өмірде сырласатын,

Сыйласатын өзінше үн қосатын.

Сынаққа да сен үшін қарсы тұрып

Бағындырып белесті қырда асатын.

Бауыр керек өмірде жанға жақын

Тек жақсылық жасауға қамданатын.

Сыртыңнан жамандаса біреу сені

Алданбай сөздерінен арланатын.

Қайырмасы:

Бауыр деген - бір әлем ауыл бөлек,

Бауырларсыз жүгің де ауыр демек.

Әр бауырдың амандығын тілейік

Өмірде әр адамға бауыр керек.

Бауыр керек сырыңды ақтаратын,

Қуансаң бірге күліп шаттанатын.

Мұңайсаң көтеріп ап бір еңсеңді,

Әрқашан сеніменен мақтанатын.

"Ағайын тату болса ат көп, абысын тату болса ас көп" деген сөздің астарында үлкен мән жатыр. Қазақ халқы бір ауыз сөзбен-ақ бауырдың, бірліктің маңызын жеткізе білген. "Ағайындар-ай" деп аталатын мына ән арқылы да татулықтың қаншалықты қадірлі екенін көреміз.

Ағайындар-ай!

Сөзі: Бақыт Беделхан:

Әні: Бауыржан Өскенбеков

Ағайынмен амандасып күнде,

Бауырлармен араласып бірге.

Көңілдерді көкке өрлетіп күнде

Нардың жүгін көтерісіп бірге.

Жақсы сөзге жылынайық,

Жұдырықтай жұмылайық-ай!

Қайырмасы:

Тату болсын бәрі,

Татулығың қалсын мәңгі.

Бақ-жұлдызың жансын мәңгі

Ағайындар-ай!

Жақындықты үлгі етейік күнде,

Татулықты ту көтеріп бірге.

Қол ұстасып қол созайық күнге

Болашаққа жол салайық бірге.

Өміріміз өрде болсын

Көңіліміз төрде болсын-ай!

Тату-тәтті болсын,

Бірін-бірі жақсы көрсін.

Басқа қонған бақты көрсін

Ағайындар-ай!

Ініме

Сөзі: Т. Айдар

Әні: Б. Есебаев

Сәл бір сәтке қоя тұршы тірлікті,

Қу тірліктер жеңілмейді кім мықты.

Саған айтар ақылым бар бауырым

Мен айтпасам кім айтады шындықты?!

Ақылдарын тыңдай бергін бәрінің,

Бірақ, бірақ өз ақылың - қаруың.

Әр қадамды ойланып бас болмаса

Өмір бойы ақталасың жарығым.

Әр қадамды ойланып бас болмаса,

Өмір бойы ақталасың жарығым.

Қайырмасы:

- Ей, інім, өмірде байқа, күнім!

Сәл аңдамай қате бастың ба,

Қауіп деген аяқ астында.

- Ей, інім, өмірде байқа, күнім!

Қолыңда тұр өмір кестесі,

Абайлап шайқа, інім!

Таза жерден алыстасаң бесіктей,

Қулық, сұмдық қуалайды кешікпей.

Мен айтайын қалма, бауырым есікпей

Жер бетінде таза жер жоқ мешіттей.

Білместіктен біз аңсадық боранды,

Содан біздің қанша уақыт жоғалды.

Сен биікке шыққан сайын бауырым

Ауызымнан тастамаймын тобамды.

Сен биікке шыққан сайын бауырым,

Ауызымнан тастамаймын тобамды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/2043548-bauyr-kerek-agaiyn-tuys-bauyrlar-turaly-en-aserli-ander-toptamasy/

pixel