Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Бүгінгі жұлдыз жорамал: 5 қараша күні сізді не күтіп тұр

Жарияланған күні:

Жұлдызды аспан
Жұлдызды аспан. Көрнекі фото: pixabay.com

Бүгін жұлдыз жорамал бойынша сізді не күтіп тұрғанын біліңіз. Біздің жұлдыз жорамалымызға сүйене отырып, сіз жұмыс жоспарыңызды тиімдірек құра аласыз, жеке қарым-қатынастарыңызды дамыта аласыз және күнделікті денсаулығыңызды бақылай аласыз.

Жұлдыз жорамал: Тоқтыларды бүгін не күтіп тұр?

Бүгін кешке достарыңызбен дүкен аралауға тамаша күн, уақытыңызды қызықты өткізесіз.

Денсаулыққа назар аударыңыз. Ауру бегілерін жіберіп алмаңыз. Суық тигізіп алмаудың амалын жасап, өзіңізге үзіліс жариялаңыз.

Жұлдыз жорамал: Торпақтарды бүгін не күтіп тұр?

Денеңізді сауықтыратын процедураларға назар аударыңыз: массаж, ванна, жүзу. Мұның бәрін үйде жасауға болады, бірақ ешкім кедергі болмауға тиіс. Суды көп ішіңіз, мүмкіндігінше кешкі астан кейін ұйықтаңыз. Күшіңіз тасып, көңіл-күйіңіз көтеріледі.

Табанды болыңыз және ысырып қойған міндеттерді орындауға тырысыңыз.

Жұлдыз жорамал: Егіздерді бүгін не күтіп тұр?

Кейде дос деп жүрген адам әділ әрі турасын айтамын деп сіздің көңіліңізді түсіруі мүмкін. Әдейі айтатындар бар екенін естен шығармаңыз.

Кәсіби фотосессияға жазылуды қарастырыңыз. Бұл сіздің келбетіңіздің артықшылықтарын көруге және ұзақ жылдарға естелік етіп қалдыруға көмектеседі.

Жұлдыз жорамал: Шаяндарды бүгін не күтіп тұр?

Өз пікіріңізді әдепті түрде білдіруді әдетке айналдырыңыз. Бүгін бұл әсіресе пайдалы.

Күннің басы жемісті, бірақ мазасыз болады. Серіктестеріңізбен келіссөздер жүргізу қиынға соғуы мүмкін. Кешкі уақыт - жұмыс істеуге емес, демалуға тамаша уақыт. Қарым-қатынасты шектеңіз - адамдармен тіл табысу қиын болады.

Жұлдыз жорамал: Арыстандарды бүгін не күтіп тұр?

Жұмыстан және үй шаруасынан кейінгі күйзелісті жеңілдету үшін күнді медитациямен немесе жылы ваннамен аяқтаңыз.

Ұзақ уақыт көрмеген достарыңызға қоңырау шалыңыз: сіз әрдайым олардың есіндесіз және олар сізді сағынып жүр.

Жұлдыз жорамал: Бикештерді бүгін не күтіп тұр?

Балаға кінә артар алдында оның жасында өзіңіздің қандай болғаныңызды еске түсіріңіз. Бәлкім сіз де ата-анаңызға көп проблемаларды "тарту" еткен боларсыз?!

Сабыр сақтау оңай болмайды. Ұсақ-түйектердің өзі мазаңызды қашыратын болады, жағдай жоспарға сай болмаған кезде тепе-теңдікті жоғалтуыңыз мүмкін.

Жұлдыз жорамал: Таразыларды бүгін не күтіп тұр?

Егер сізде қарсы көрсетілімдер болмаса, ас мәзіріңізге ферментке бай тағамдарды көбірек қосыңыз, оның құрамынада пайдалы заттар көп.

Жеке қарым-қатынасқа келгенде, түйсігіңізге сүйеніңіз. Екінші жартыңызға агрессия көрсетпеу керек.

Жұлдыз жорамал: Сарышаяндарды бүгін не күтіп тұр?

Инновациялар арқылы көзқарас көкжиектеріңізді кеңейтіңіз, құнды дағдылар алып, жаңа одақтастармен танысыңыз.

Бүгін достарыңызбен қарым-қатынасты сақтап қалу үшін сабырлық танытуға тура келеді. Әркімнің өз өмірі бар және достық пен жеке өмірдің шекарасы бар екенін ұмытпаңыз.

Жұлдыз жорамал: Мергендерді бүгін не күтіп тұр?

Біліміңізді шыңдауды жоспарлап жүрген болсаңыз, бүгін бұл жоспарыңызды жүзеге асыруға оңтайлы күн болмақ. Осылайша жаныңызға жақын жұмыс табуыңыз әбден мүмкін.

Серіктесіңізге берген уәдеңізді орындайтын кез келді. Әйтпесе, қарым-қатынаста келіспеушілік орын алады.

Жұлдыз жорамал: Тауешкілерді бүгін не күтіп тұр?

Бүгін үй шаруасына қолайлы күн емес. Оны барынша кейінге қалдыруға тырысыңыз.

Бүгін еш себепсіз сәндену үшін тамаша күн, жай ғана көңіл-күйіңізді көтеру және айналаңызды өзіңізге тәнті қылу үшін оңтайлы күн.

Жұлдыз жорамал: Суқұйғыштарды бүгін не күтіп тұр?

Қызғанышқа бой алдырып, арақатынасыңызды бұзып алуға жол бермеңіз, сүйіктіңізге сенуді үйреніңіз.

Күйзеліспен қалай күресуге болатынын ойланыңыз, өйткені ол сіздің көңіл-күйіңізге әсер етеді. Көбірек ұйықтауға, аз тамақтануға, әр кеш сайын серуендеуге және жаттығуға тырысыңыз. Уақыт өте келе бәрі оңалады.

Жұлдыз жорамал: Балықтарды бүгін не күтіп тұр?

Егер сіз ұзақ уақыт бойы дәрігерге баруды кейінге шегеріп жүрсеңіз, бұл оны бұдан былай кейінге қалдыруға болмайтындығының белгісі. Өз денсаулығыңызды күтіңіз.

Жаңа таныстардан бас тартпаңыз. Бүгін сіздің өміріңізде болашағыңызды өзгертетін адамдар пайда болады. Бұл күн тек қарым-қатынасқа ғана емес, міндеттемелерді орындауға да қолайлы.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/2043928-bugingi-zuldyz-zoramal-5-qarasa-kuni-sizdi-ne-kutip-tur/