Әдемі құрақ көрпені қалай тігеді: ең оңай әрі тез тәсілдері
Жарияланған күні:
Құрақ көрпе тігу - қазақ қолданбалы өнерінің арасында ойып тұрып орын алатын, әр үйдің сәнін келтіретін ерекше тігін өнері. Әдемі құрақ көрпені қалай тігуге болады? Материалымызда тарқатып баяндаймыз.
Қазақ халқында құрақ көрпе тігу өнері ежелден келе жатқан қолөнер түрі. Оны әсіресе ардақты әжелер қолына ине мен жіп алып, үйдегі түрлі-түсті матадан үйлестіріп, жаңа өсіп келе жатқан бойжеткендерге үйретіп келген. Осы орайда, құрақ көрпе тігудің ең оңай үлгілері бар ма? Бүгінгі материалда тігілуі оңай, көп уақытта алмайтын құрақ көрпе тігудің үлгісін ұсынбақпыз.
Құрақ көрпе тігудің ең оңай тәсілі
1. Екі түсті мата алып, шаршы дайындау
Құрақ құрауды енді үйреніп келе жатқан қыз-келіншектерге ең алдымен екі түсті матаны алып, одан аумағы 12 см болатын шаршы үлгісіп жасап алу қажет.
2. Қос шаршыны бір-біріне беттестіріп, тігу
Сосын қос шаршыны бір-біріне беттестіріп, төрт жағынан тігіп шығу керек.
3. Шаршыны көлбеу етіп сызып алу
Беттестіріліп тігілген шаршының үстінен сызғышты көлбеу қойып, оның екі ұшын бормен сызып, жалғастырып қоямыз. Мұндай көлбеу жолақты шаршының екі бұрышынан да жасаймыз. Сосын екі жолақ қиылысқан жерден, қайшымен ортасынан қиямыз.
4. Дайын болған шаршыны аударып, жаңа шаршыға беттестіріп, тігу
Дайын болған шаршыны аударып, тура осы көлемдегідей етіп шаршы алып, оны төрт жағынан беттестіріп, тігіп шығу қажет. Бұл шаршыны да алдыңғы шаршы сияқты төрт бұрышынан көлбеу етіп сызып, ортасын қиясыз.
5. Аталған әдісті тағы бір рет қайталайсыз
Осылайша аталған тәсілді тағы бір рет қайталайсыз. Құрақ көрпе әдемі болып шығуы үшін, бұл жолы матаның екінші түрін таңдасаңыз болады.
6. Құрақ көрпе дайын
Дайын шаршыны жоғарыдағыдай етіп, көлбеу жолақша жүргізіп, қиылысқан жерінен кеске кезде осындай, кішкентай орындықтарға арналған құрақ көрпе дайын болады.
Құрақ көрпе тігудің оңай екінші тәсілі
Қазақ халқында құрақ көрпе тігудің ең оңай тәсілдерінің бірі - шаршы құрақ көрпе тігу. Осыған орай, автордан назарларыңызға көрпе тігудің тағы бір оңай тәсілін ұсынамыз.
1. Құрақ көрпеге қажет шаршыларды дайындап аласыз
Құрақ көрпе тігудің тағы бір оңай әдісі - шаршылар арқылы құрақ көрпе тігу. Ол үшін сізге ұзындығы мен ені 10 см-ді құрайтын, екі түрлі матадан, екі шаршы керек.
2. Шаршыларды көлбеу етіп сызып алып, оларды тігеміз
Дайын шаршыларды бір-біріне беттестіріп, бормен сызғыштың көмегімен ортасынан көлбеу жолақ жүргіземіз. Сол жолақтың екі жағынан 7 мм тастап, сызып шығамыз. Сол сызықтың үстінен тігіс жүргізіп, шаршыларымызды аударамыз.
3. Сызған көлбеу үстінен қиямыз
Дайын шаршыларды көлбеу бойымен қайшымен қиып шығамыз. Сөйтіп құрақ көрпеге қажет шаршыларды дайында аламыз.
4. Дайын шаршылардан құрақ көрпе құрау
Дайын шаршылардан құрақ көрпенің бірнеше түрін құрауға болады. Автор осы шаршылар құрақ қөрпені түрлендіріп қана қоймай, оны тігудің ең оңай жолы ретінде осы тәсілді көрсетеді.
Құрақ көрпе тігу өнері - қазақ қолөнерінің асыл мұрасы болып табылады. Сондықтан оны өскелең ұрпаққа әжелеріміз арқылы үйретіп, келер ұрпаққа қалдыру - бүгінгі орта буын өкілдерінің алдындағы зор міндет болып қала бермек.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/2044385-ademi-quraq-korpeni-qalai-tigedi-en-onai-ari-tez-tasilderi/
Егер сіздің лақапатыңыз ережелердің талаптарына сәйкес келмесе, оны 4 қазанға дейін өзгертіңіз. Әйтпесе, ол автоматты түрде ауыстырылады.