Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Табыс әрі сәттілік": 2024 жыл қандай жыл және одан не күтуге болады

Опубликовано:

Жаңа 2024 жыл. Көрнекі сурет
Жаңа 2024 жыл. Көрнекі сурет: pixabay.com

Шығыс күнтізбесі бойынша алда адамзатты жайлы әрі керемет кезең күтіп тұр. 2024 жыл қандщай жыл және одан не күтуге болады? Жылға болжамды астролог Сьюзан Левитт жасады.

2024 жылдың сипаттамасы

2024 жыл қандай жыл болуы мүмкін. Келер жыл Жасыл ағаш айдаһардың иелігінде болмақ, ол Шығыс күнтізбесінде 12 жануардың ішінде бесінші орынды алады. Шығыс күнтізбесі бойынша (Қытай жаңа жылы) ресми түрде жаңа жыл 2024 жылдың 10 ақпанында басталып, 2025 жылдың 28 қаңтарына дейін жалғасады. Астролог Сьюзан Левиттің айтуынша, бұл Суқұйғыш уақытында, жаңа ай туғанда болады екен.

Шығыс күнтізбесінің пайда болу аңызына сәйкес, император Юй-ди ұйымдастырған марафонда айдаһар бесінші орын алып қалған екен. Себебі ол адамдарды аптап ыстық пен топан судан құтқарған, сонымен бірге ол жеңісті марафон қатысушыларына өз еркімен берген көрінеді.

Мына ұғымдар жыл сипаттамасы болып саналады:

  • Табыс пен сәттілік.
  • Билік пен көшбасшылық.
  • Жомарттық пен ар-намыс.
  • Ақыл мен даналық.

Айдаһар – шығыс күнтізбесі ішінде ең жайлы белгі саналады. Ол аңыз бойынша бойында алып күші бар жалғыз тіргілік иесі деп делінген. Айдаһар жаңбыр мен желді басқарып, егіннің бітік шығуына әсер ете алады, сондай-ақ ол әледе бейбітшілік орнатып, қоғамның өркендеп дамуына септігін тигізе алады.

Айдаһар қуыршағы. Көрнекі сурет
Айдаһар қуыршағы. Көрнекі сурет: pixabay.com

2024 жыл славян күнтізбесі бойынша қандай жыл болады?

Voice журналының хабарлауынша, бұл жыл – сұр бұлан жылы. Бұл адамдардың өміріне жаңа өзгеріс, мансабына өсу, саясат пен жеке өмірде тұрақтылық әкелетін жыл екен. Бұған дейін айдаһар жылында әлемде көптеген ашылулар орын алған:

  • дирижабльдерде алғаш рет трансатлантикалық рейстер жасалды(1928);
  • Эрнест Хемингуэй "Қоңырау кім үшін соғылады" бестселлерін жазды (1940);
  • Акира Куросава "Өмір сүру" фильмін түсірді(1952);
  • "Битлз" пен "Роллинг Стоун" АҚШ-та алғаш рет өнер көрсетті (1964);
  • Марсқа америкалық планетааралық ғарыштық станциялар қонды (1976);
  • Маргарет Тэтчер билікті рекордты уақытқа отырды (1988);
  • ескі кезең аяқталып, жаңа ғасыр басталды (2000).

Айдаһар жылы табысты болады деп күтіліп отыр. Энергиясы бойынша ол 1964 жылға қатты ұқсайтын болады. Astrosage астрологиялық басылымының деректеріне сәйкес, ол ағаш белгісінде келеді екен, сөйтіп адамдарға өсім, табыс, даму мен көркеюді алып келетін көрінеді. Келер жылдың өзге сипаттамаларына төмендегілер жатады:

  • Басты бағыт – шығыс.
  • Маусымы – көктем.
  • Қолдаушы планета – Юпитер.

2024 жылдың символы қандай түстер?

Басты түс – жасыл. Сонымен бірге алтын, күміс, көк теңіз түсті түстер мен ақ және қызыл түс жайлы болады. Ал көк түс керісінше сәтсіздіктерге әкелуі мүмкін.

2024 жыл кімдер үшін табысты болуы мүмкін?

The Chinese Zodiac астрологиялық басылымының хабарлауынша, Тышқан, Тауық және Мешін жылы туылғандар үшін жыл табысты болады деп күтілуде. Сонымен бірге Ұлу жылы туғандардың да айы оңынан туады. Олар өздерінің бойында серіктестік, адал болу, тез тіл табысу және жомарт болу сынды қасиеттерді шыңдайтын болады. Сиыр, Ит және Жылан жылы туғандар мансап, қаржы және жеке өмірде қиындықтарға тап болуы мүмкін.

Кеңседегі әйел. Көрнекі сурет
Кеңседегі әйел. Көрнекі сурет: pixabay.com

Айдаһар жылы өмірдің әр саласына қалай әсер етеді?

Жасыл ағаш Айдаһар жылы адамдардың өмірінің барлық саласына әсер етеді. Ең ауқымды өзгерістер қандай болады? Төменде осы жайлы баяндайтын боламыз.

Жеке өмір және махаббат

Айдаһар жылы ян ерлер энергиясының басқаруымен өтеді, бұл энергияның ерекшелігі – оның бәрін бағындыра алуында. Оны тек жылдың түсі мен стихиясы жұмсарта алады, сол арқылы жеке өмірде орын алатын келеңсіздіктер өз шешімін табатын болады. Бұл жылы бас қосқан жұптардың өмірінде сыйластық пен романтика салтанат құрады. Өткеннің қиындықтарын ұмытқысы келетіндер, оның бәрін жасай алады. Осылайша адамдар өз өмірлерін өзгертіп, сезімнің үйлесімінде өмір сүретін болады.

Айдаһардың бойындағы намысқойлық жаңа қарым-қатынастар құру кезеңінде кедергі келтіруі мүмкін. Бойындағы ренішін кешіре алмай, бір орында тұрып қалатын адамдар, өз өмірінен сүйікті жандарын қуып тынатын болады. Сол себепті компромисске жол ашып, шыдамдылық таныту керек, барлық жағдайда сабырлы болған жөн.

Жасыл ағаш Айдаһардың жылы туу көрсеткіші жоғары болады. Бұған жылдың от тәрізді мінезі себеп болмақ. Келер жылы дүниеге келетін сәбилер тұрақты түрде тамақтануды, ерекше қолдау мен көңілді талап ететін болады. Егер аталған талаптар орындалса, мұндай балалардан кейін табысты жандар шығатыны анық.

Қол ұстасқан ғашықтар. Скриншот
Қол ұстасқан ғашықтар. Скриншот: pixabay.com

Мансап және қаржылық жағдай

Айдаһардың күшті энергиясы позитивті, сол себепті оның басқаруындағы жыл да табысты әрі сәтті болады деп күтілуде. 2024 жылы бизнес иелері өздерінің қағаздағы жобаларын шынайы өмірде жүзеге асыратын болады. Жұмыс пен қаржылық жағдайды жақсартып үлгеру үшін, келесі кеңестерге құлақ түріңіз:

  • Шешілмеген қаржылық мәселелерді күзге қалдырмаңыз, себебі олар жылдың соңына дейін қалуы мүмкін.
  • Бюджетті жақсылап жоспарлаңыз.
  • Көп үміт күттірмейтін адамдарға сенім артпаңыз. Себебі олар сіздің көңіліңізден шықпауы мүмкін.
  • Өз ісінің кәсіби шеберлеріне сенім артыңыз.
  • 2024 жылы несие алып қажет емес.

Жомарттық, адамдарға деген мейірімділікті таныта отырып, сондай-ақ жағымсыз қылықтар мен екіжүзділіктен бас тарта отырып, адамдар Айдаһар жылы барлық алдыға қойған мақсаттарына жете алады. Бәрінен бұрын көшбасшылар мен ораторлар үшін жыл табысты болады деп күтіліп отыр.

Денсаулық жағдайы

Көптеген адам жылды көтеріңкі көңіл-күймен қарсы алады. Адамдар мұндай күйде қазан-қараша айларына дейін жүруі ықтимал. Бұл кезеңді алдын ала жоспарлап, қалтаңыз көтерсе жылы жаққа, демалысқа барғаныңыз дұрыс.

Жыл бойы жақсы көңіл-күйде жүру үшін, қарапайым, сіңімді әрі нәрлі тамақтарға мән берген абзал. Әсіресе дәнді-дақылдардан жасалатын ботқа, балғын көк шөптер мен алманы көп жеген дұрыс. Олар 2024 жылы салмақ түсетін жүрек бұлшықетін қатайтуға көмектеседі.

Энергияңыз таусылмас үшін, күннің ішінде үзілістер жасап тұрған жөн. Мұндай демалыстарды үнемі жасап тұруға тырысыңыз. Ұйқыңыз тыныш болып, спортпен шұғылдануға ден қойыңыз. Дәстүрлі емес практиканы ұстанушылар үшін, тыныс алу техникасы, йога және медитация көмектесуі мүмкін.

Жүгіріп жүрген әйел. Көрнекі сурет
Жүгіріп жүрген әйел. Көрнекі сурет: pixabay.com

Жоспар құрып, өмірін өзгерткісі келетін адамдар 2024 жылы жұмысында, қаржылық жағдайы мен жеке өмірінде айтарлықтай жақсы өзгерістерге қол жеткізеді. Денсаулықты күту оңай болады.

Айдаһар жылында айтарлықтай жағымсыз жаңалықтар орын алмайды. Көптеген адам үшін, ол керісінше өсу мен дамудың, қарым-қатынастың күшейіп, әлеуметтік мәртебесі артатын жыл болады. Сондықтан шығыс күнтізбесінің кеңестеріне құлақ түріп, алдағы 12 айды жеңіл әрі табысты өткізіңіз.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/2044783-2024-zyl-qandai-zyl-zane-odan-ne-kutuge-bolady/

pixel