Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

2023 жылдың қараша айына арналған қаржылық жұлдыз жорамал: кімді табыс күтіп тұр

Опубликовано:

Әмиян ішіндегі ақша. Көрнекі сурет
Әмиян ішіндегі ақша. Көрнекі сурет: pixabay.com

Қараша айында планеталардың орналасуы мен маусымдық энергияның азаюы жұлдыз белгілеріне жайлылық әкеледі. Бұл ретте олардың әл-ауқаты қалай болмақ? Қараша айына арналған қаржылық жұлдыз жорамалды астролог Пандит Пунарвасу ұсынып отыр.

Тоқтыларға арналған қаржылық жұлдыз жорамал

Астролог Пандит Пунарвасу ұсынған жылдық жұлдыз жорамалда қараша айында Тоқтылардың қаржылық жағдайы тұрақты болатынын айтады. Оның айтуынша, бұған Раху және Кету осьтері әсер етуі мүмкін, ол 2023 жылдың 30 қазанында жайлы болады деп күтіліп отыр.

Тоқтыларды бұл айда қаржылық жағдайы жақсарып, олар едәуір қаржыны жинай алады, ол үшін Тоқтыларға ақшаны оңды-солды шашпауға кеңес беріледі. Ал, өз ісін ашқысы келіп жүргендер, бұл бастамаларын қараша айында қолға алса болады. Сонымен бірге, бұл айда шығармашылық адамдары мен көмек беретін жандар табыс табады деп болжанып отыр.

Қараша айында Торпақтардың қаржылық жағдайы қандай болмақ?

Vuabanhmi білім беру жобасы бизнестері мен сауда саласында жүрген Торпақтар осы айда қаржылық қиындықтарға тап болатынын айтады. Қараша айында Торпақтарға бизнес ашуға кеңес берілмейді, себебі бұл үшін олардың қажаражаттары жеткіліксіз болуы мүмкін.

Десе де, қаржылық қиындықтарға тап болғандар, ол мәселені 13 қарашада шешіп, кейін мұндай мәселермен бетпе-бет келмеуі мүмкін. Жұмыста да басшылықтың шешімдерінің өзгеруіне байланысты, қиындықтар туындауы ықтимал. Уайымдамаңыз, 19-23 қараша аралығында сіз өзіңізді жақсы тұрғыдан көрсетіп, басшылықтың көзіне түсе аласыз.

Егіздерге арналған қаржылық жұлдыз жорамал

Ауа белгісі үшін, қарашада жаңа мүмкіндіктер пайда болады. Күздің соңғы айы Егіздерді өз-өздеріне сенімді әрі жауапты етеді. Astrologyk астрологиялық басылымы Егіздер осы айда табысқа жетеді деп болжап отыр.

Бұл кезең олардың барлық бастамалары үшін, сәтті кезең болмақ. Олардың қаржылық жағдайы мен әріптестерімен ара-қатынасы да жақсаратын болады. Оған Күннің Сарышаяндарға өтуі әсер етуі мүмкін. Сондықтан Егіздерге бұл айда болашаққа жоспар құруға кеңес беріледі.

Ақша жинайтын қорапша. Көрнекі сурет
Ақша жинайтын қорапша. Көрнекі сурет: pixabay.com

Шаяндар үшін қараша айындағы қаржы жорамалы қандай?

Қараша айында шаяндар үшін интуиция табыс әкелмек. Сол себепті әр қадамыңызды жоспарлап, өзгенің емес, өз интуицияңызға сеніп шешім қабылдаңыз. Starwalk.Space астрологиялық басылымы Ай толатын күні (8 қараша) өз эмоцияларыңызға ұстамды болуға шақырады.

Бұл күні Шаяндарға қандай да бір келісімшарттарға қол қойып, ірі сатып алулар жасауға болмайды. Қараша айындағы кездесулердің соңы мансабыңыздың өсуіне әкелуі мүмкін. Сондықтан жаңа жұмыс пен жаңа қызметке орналасу жағын да ойлаңыз. Қаражатыңызды айдың соңына жинап қойғаныңыз абзал.

Арыстандар үшін қараша айына арналған қаржылық жұлдыз жорамал

Almanac.Com онлайн-анықтамалығы Арыстандарға 3 қараша күні қатты шаршамауға, ал 13 қараша күні күтпеген оқиғаларға дайын болуға шақырады. Сіздің ішкі интуицияңыз 17 қараша күні табысыңызды қалай арттыруға болатынын айтады. Арыстандар үшін қараша айына арналған қаржылық жорамал қандай?

Көп сасқалақтамаңыз. Сіздің кез келген ұстамды шешіміңіз жұмыс пен бизнесте жақсы нәтижелерге қол жеткізуіңізге көмектесетін болады. Мансапта жоғары жетістіктерге қол жеткізу үшін, Арыстандар алдымен аяқта нық тұрып алу керек және оларға бұл жолда сенімді серіктестер қажет болады.

Кеңсе ішіндегі қызметкерлер. Көрнекі сурет
Кеңсе ішіндегі қызметкерлер. Көрнекі сурет: pixabay.com

2023 жылдың қараша айында Бикештерді қандай қаржылық жағдай күтіп тұр?

Бикештердің бастаған ісі 8 қарашадан кейін табысқа жететі болады. Бикештер жұмыста ең жақсы қасиеттерімен басшыларының назарына ілігеді. Егер басшылар оларға көп жұмыс берсе, онда олар оны Бикештерге сеніп тапсырады деген сөз. Бұл олардың қаржылық жағдайының тұрақты болуына жол ашады.

Олар үшін қараша айының бастапқы күндері маңызды кездесулер мен таныстықтар болады, мұндай жағымды жаңалықтар Бикештерге көптеген пайдалы ақпарат әкеледі. Айдың ортасы қарбаласқа толы болады. Бикештерге бұл айда өтірікшілер мен алаяқтардан аулақ болған жөн. Осылайша қараша айының соңы олар үшін мол табыспен аяқталады.

Таразыларға арналған қаржылық жұлдыз жорамал

Егер Таразылар осы айда өздерін позитивті көңіл-күйде ұстаса, онда олардың жұмысы мен қаржылық жағдайы тұрақталып, реттелетін болады. Таразылар үшін қараша айында қаржылық жорамал қандай болмақ? Айдың алғашқы күндері Таразылардың ақша ағыны жоғары болады, сөйтіп олардың көңілдері жайланады.

Ал, қызметте көтерілу туралы жаңалық олар үшін нағыз күтпеген жаңалық болуы мүмкін. Сондықтан қосымша жүктеме мен айлығыңыздың көтерілуіне дайын болыңыз. Бұған дейін қол жеткізе алмаған нәрсеңізге, енді қаржылық жағдайыңыз реттелген соң, оп-оңай қол жеткізетін боласыз.

Ноутбукте жұмыс істеп отырған адам. Көрнекі сурет
Ноутбукте жұмыс істеп отырған адам. Көрнекі сурет: pixabay.com

Қараша айында Сарышаяндардың қаржылық жағдайы қандай болады?

Sky Horoscope астрологиялық басылымы 10 қарашада Меркурийдің Сарышаяндарға өтуіне байланысты, олардың ақыл энергиясы артатынын айтады. Бұл оларға жұмыс пен қаржы жағдайында табысқа жетуіне мүмкіндік береді. Олар көптеген ақпаратты энергиясының көптігінің арқасында тіпті түнгі уақытта да есте сақтай алатын болады.

Сондықтан курстарға жазылып, сыртқы оқу бөліміне оқуға түсіңіз, жаңа тілдерді үйреніп, қаржылық сауатыңызды арттырыңыз. Бұл сіздің мансабыңыздың өсіп, қаржылық жағдайыңыздың жақсаруына жол ашады. Қарашаның 12-сі мен 24-і аралығында Сарышаян белгісіне Марс кіреді. Ол да физикалық және ақыл энергияңыздың артуына себепкер болады. Жұмысыңызда нақты мақсат қойып, соған қарай ұмтылыңыз.

Мергендер үшін қараша айына арналған қаржылық жұлдыз жорамал

Мергендер үшін қараша айы маңызды әрі естен кетпес ай болуы мүмкін. Ол жеке немесе жұмыс бабы бойынша сапарға шығуы ықтимал. Оқу мен демалыс үшін – айдың соңғы кезеңі сіз үшін ең қолайлы кезең болмақ, себебі осы мерзімде сіздің қаржылық жағдайыңыз тұрақты болады.

Айдың екінші жартысында оның жұмысы ілгері басады. Эмоцияға берілмеңіз, ол сізге табысқа кенелуге мүмкіндік береді. Даулы мәселелер айдың үшінші жартысында шешіледі. Қараша айында тапқан табысыңыздың басым бөлігін өз кәсіби дағдыларыңызды арттыруға жұмсаңыз.

Тауешкілерді 2023 жылдың қараша айында қандай қаржылық жағдай күтіп тұр?

Ай жолақтары осиінің өзгеруіне байланысты, қарашада Тауешкілер үшін жұмыс пен әлеуметтік өмірде жайлы кезең басталады. Ол өзінің сабырлылығы, табандылығы мен өз күшіне деген сенімнің арқасында бұл айда мол табысқа жететін болады.

Көптеген Тауешкі өз ісін бастау туралы шешім қабылдайды. Қараша айында жұмысқа ұсыныстар түсіп, жаңа қызметке ауысу үшін, қолайлы таныстықтар орын алады. Қарбаластан қатты шаршаған Тауешкілер, ай соңында демалысқа аттануы мүмкін.

Кітап оқып отырған бойжеткен. Көрнекі сурет
Кітап оқып отырған бойжеткен. Көрнекі сурет: pixabay.com

Суқұйғыштарға арналған жұлдыз жорамал

Суқұйғыштарды табысты әрі перспективалы ай күтіп тұр. Әсіресе, ірі саудагерлер мен кәсіпкерлер мол табысқа жететін болады. Инвестициялармен айналысатындар да бұл айда байлыққа кенелетін болады. Көптеген Суқұйғыштар мұраға немесе бағалы сыйлықтарға қол жеткізеді.

Кейбіреулер үшін, ақша тіпті аспаннан жауса, енді біреулер даладан әмиян тауып алуы мүмкін. Үй алғысы келетіндердің көбіне үй алуға рұқсат беріледі. Қараша айында алған несиелерді оңай әрі тез жабуға болады.

Балықтарға арналған қараша айының қаржылық жұлдыз жорамалы

Астролог Маресса Браунның айтуынша, қазан айының 14-інде болған Күннің тұтылу процесі бірлесіп табыс табу саласына өзгерістер әкелген. Қараша айында Балықтар өз қаржыларын басқарып, оларды жинап, тиянақты түрде жұмсайтын болады. Жұптардың болашаққа деген сенімі артып, көңілері жайланады.

Балықтар үшін жұмыс пен бірлескен бизнесте бәрі тұрақты әрі табысты болады. Көптеген Балық өз қызметтерінің аясын кеңейтіп, инвестициялар мен жаңа клиенттерді тартатын болады. 2023 жылдың қараша айы ақшаны басқара алатын, дұрыс шешім қабылай алатын жандар үшін қолайлы ай болмақ.

Жұмыс пен мансапта үлгеріп, табысқа жету үшін, барлық астрологиялық аспектілерді ескергеніңіз жөн. Жұлдыз жорамалдың кеңестеріне құлақ аса отырып, алға қарай қадам басыңыз. Өз күшіңізге де сенуді ұмытпаңыз.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/2044789-2023-zyldyn-qarasa-aiyna-arnalgan-qarzylyq-zuldyz-zoramal-kimderdi-tabys-kutip-tur/

pixel