Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Шашу, тойбастар, қоржын: қазақ тойында міндетті түрде орындалуы керек салт-дәстүрлер

Опубликовано:

Шашу дәстүрі
Шашу табағын ұстаған апалар. Көрнекі сурет: osken-onir.kz

Қонақжай қазақ халқы ағайын-туыстың басын қосып, қуанышын бөліскенді жөн көреді. "Жиған-тергенің тойға шашылсын" деген сөздің астарынан осыны аңғаруға болады. Бұл жазбамызда қазақ тойында жасалатын бірқатар салт-дәстүр жайлы тарқатып айтамыз.

Шашу дегеніміз не?

Бұл - қуаныштың белгісі саналатын әрі қазақ халқы орындайтын жоралғы. Мұндай дәстүр келін түскенде, күйеу жігіт келгенде, құда келіп, жақсылық болған күндерде, сәби дүниеге келгенде, тұсаукесер, сүндетке отырғызу, жырақтан сағындырып жолаушы келгенде, бір заттың алғашқы ашылуы болғанда немесе бірінші рет көрсеткенде орындалады.

Шашылған шашуды қуанышқа куә болған сол жердегі жасы үлкенінен кішісіне дейін таласып теріп алады. Мұны "қуаныш бізге де жұғысты болсын" деген ниетпен байланыстыруға болады. Оsken-onir.kz ақпараттық агенттігінде жарияланған "Шашу дәстүр ме?" жазбасында шашуға тәттілер, құрт-ірімшік, өрік-мейіз, күміс теңгелерге дейін салуға болатыны жазылған. Сондай-ақ, шашуды ақ самайлы әжелер, көпті көрген апалар, алтын құрсақты келіндер жасайды делінген.

@zepter.sanibash

Беташар Беташар — қазақтың келін түсіргенде жасалатын салтының бірі. Дәстүрлі беташар, әдетте, тойға халық жиналған кезде немесе тарқар кезде өткізілген. Ал бүгінгі Әбдіжәми мен Гүлайымның бала келіндері Нұрсұлтан мен Жанаргүлдің беташар тойы, қонақтар толық жиналып, ас үстіне отырғасын басталды. Шымылдықпен Жанаргүл келінімізді екі абысыны қолтықтап әкеліп, ауылдың құрметті анасының жайған терінің ( теріні Қуантқан атамыздың үйіндегі анамыз жайды; негізінен тойға сойылған малдың терісі төселеді, терінің үстінде тұрған келіннің мінезінің қандай екенін байқау мақсатында, яғни алғашқы сынақ түрі )үстіне жас келінді әкеліп тұрғызып, екеуі екі жағынан қолтығын сүйеп тұрды. Беташардың тәрбиелік мәні зор болғандықтан, келіншектің екі жағында қолтығын сүйейтін келіндер жесір, жеңілтек, т.б. болмауы қатаң ескеріледі. Келіннің басына жапқан орамалға ең бірінші қызыл орамал байлайды мұның мәні: еркелігіңді еліңде тастап,қыз ғұмырыңмен қоштасуың; қызыл орамалға ақ орамал байланады мұның мәні енді осы келген әулетіңнің келіні болып, кіммен қарайсаң, сонымен ағар, әулетіңнің ұрпағын көбейтіп, өсіп, өнуің; осы ауылдың үлкен ақжаулықты әжесіне айнал; ақ орамалға жасыл орамалды байлаудың мәні: өсіп-өніп осы ауылдың үлкен ақжаулықты әжесіне айналып, жасыл жапырақты мәуелі бәйтерекке айнал; Беташарға орамалдарды Байжан кәрі нағашымның, қара шаңырағындағы Шампан жеңгем байлап, беташардан соң, өзі шешіп алды. (сабауға байланған орамалдарды, келін күтіп жүрген жақындарына береді, оны бөлместен бәрін бір адам алады,бұл жолы Шампан жеңгеме бұйырыпты) Жасыл орамалдың ұшын сабауға байлап, Қайрат жырау беташар жырын бастады. Бүкіл Қосбармақ әулетінің игі жақсыларымен жайсаңдарын келінге әдемі таныстырды. Ол шаңыраққа жаңа түскен келінге ата-енесін, үй-ішін таныстырып,әрбір адамның қандай туысқандық жақындығы бар екенін, беделін, қадір-қасиетін шебер тілімен жеткізіп, әрқайсысына жеке-жеке сәлем жасатты. Тете қайынағаларымен абысын ажындары, құдағайлар, барлық ағайындар шашу шашып, оны жинап, көпшілік мәз-майрам болды. Әбдіжәми Гүлайым келіндерің құтты болсын!

♬ оригинальный звук - Aksirga

qazaqytoi.kz сайтында жарияланған жазбада шашуды жасы үлкен әйелдердің шашатыны айтылған. Сонымен қатар алыстан қонақ келгенде де "біздің шашуымыз" деп арнайы дәм салып әкеледі. Алайда ысырап болмау үшін оның барлығы шашу ретінде шашыла бермейді. Сондықтан аталған қуаныш үшін бір рет қана шашу шашылады. Ал туған-туыстың шашу әкелуі ізгі ниетті, ақ тілекті білдіреді. Бұл шашылмайтын шашуға кіреді.

Тойбастар туралы не білеміз?

Тойбастар - қыз ұзату, үйлену секілді тойларда айтылатын ән. Үйлену тойы болатын күні қыз-жігіттер жиналып, ұлттық ойын түрлерін ойнап, көңіл көтеріп, ән айтады.

Тойбастар туралы Ахмет Байтұрсынов былай деп жазған:

"Той кешкісін ойын, өлеңмен басталады. Сонда айтылатын өлең "Тойбастар" деп аталады. Той бастаған жігіт немесе қызға той иесі рахметін айтып, тойбастар яғни, сый-сияпат ұсынып, құрмет көрсететін болған".

Бүгінде тойбастар сыйлығы ретінде тәттілер, кәдесыйлар секілді бұйымдар беріледі. Қазіргі қазақ тойларынан неше түрлі тойбастар үлгілерін көруге болады. Заманауи тойбастардың ерекшелігі деп тойға жиналған барлық қонаққа "тойдан тобықтай" деген ниетпен кішігірім сыйлықтың үлестіріп берілетінін айтуға болады.

@aramzn01 #құдалықмыңжылдық #бонбоньерки #CapCut #❤️ ♬ Adil Саған гүл алып барам - Адиль Жалмагамбетов

Тойға не үшін қоржын апарады?

Ертеден бері келе жатқан қазақтың кәдесінің бірі - қоржын. Тойға арнап арналған қоржынның қос қалтасы сыйға толтырылады. Қоржынның бесік тойдан үйлену тойына дейін апарылатын алуан түрі бар:

  • Барқыт матасынан тігілген ою-өрнектер;
  • Ежелгі пішінін сақтаған жылтырақ тастармен әшекейленген, сәндеп тігілетін қос қалташа үлгісі.

Күйеу қоржын деген не? Күйеу жігіттің ата-анасы өз үйлерінде көрші-қолаңын, туыс-туғандарын шақырып қоржын шай береді. Қонаққа келген адамдар қоржын тігу, оны толтыру үшін жиналады. Дастарқаннан дәм татқаннан кейін жиналған қыз-келіншектер негізгі жұмысқа кіріседі. Тойға шашу деп әкелген тәттілер мен киім-кешек, орамал, маталарды қоржынның ішіне салып, аузын байлайды.

@bahargul_tolegen Қоржын апару салты #салтдәстүр #қоржын #врек #переписка #қазақшатикток #қазақстан ♬ оригинальный звук - Бахаргүл Төлегенқызы

Құдалар жақта қоржын ашатын әйелдің кәдесі ретінде орамал байланып бір көйлек тігуге жарайтын мата салынады. Қоржынның барлық керек-жарағы түгел салынған соң сыртына түрлі алқа-моншақ, білезік, жүзік және қыз балаларға арналған әшекейлер тігіледі.

Қалташаның сыртына тігілген алқа-моншақ, әшекейлер молболса, жігіттің туған-туыстары болашақ келіннің сұлулығына, тәрбиесіне тәнті болғанын білдіреді. Қыздың үйіне берілген осы қоржынның сыртындағы барлық әшекейді қоржын сөгуге қатысқан тұрмыс құрмаған қыздарға таратып береді. Бұл - "жұғысты болсын, жақсы жерге келін болсын" деген ниетпен жасалатын жоралғы.

Құдаласуға келгенде арнайы уақыт бөлініп, әйелдер жағы бірігіп, қоржынды ашуға кіріседі. Қыздың ата-анасына салынған сыйлықтар табысталып, тәттілер мен басқа да дәм түрлері қоржын сөгуге қатысқан қонақ әйелдерге таратылады.

Қыздың ата-анасына, яғни құдаларға әкелінетін қоржынның бірнеше түрі бар. Мысалы:

  • Құда қоржын;
  • Күйеу қоржын.

Бұл қоржындарды арнайы кәде-сыймен толтырып, қыздың отбасына апарады. Күйеу қоржынды қыздың үйінде қалдырып кетеді. Ал құдалар әкелген қоржынның ішін кәде сыйға толтырып кері қайтарады. Отау құрған екі жастың қуанышына арналған қоржын осылайша кәдеге толтырылып екі әулеттің арасында жүреді.

@dos_sa11a #құдақұдадегізгенқұйрықбауыржегізген ♬ оригинальный звук - Dossa11a

Қазақтың бірегей әдет-ғұрыптары мен салт-дәстүрлері ағайын-туыс арасындағы жақсы қарым-қатынасты қалыптастырып, бүкіл елдің бірлігін сақтауда маңызды. Ғасырдан ғасырға жеткен ұлттық құндылықтардың ұрпақ үшін берері мол болмақ.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/2045259-sasu-toibastar-qorzyn-qazaq-toiynda-mindetti-turde-oryndaluy-kerek-salt-dasturler/

pixel