Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

2024 жылы Торпақтарды не күтіп тұр: ерлер мен әйелдер үшін жаңа жылға арналған жұлдыз жорамал

Опубликовано:

Терезе алдында кітап оқып отырған әйел. Көрнекі сурет
Терезе алдында кітап оқып отырған әйел. Көрнекі сурет: pixabay.com

Торпақтар тұрақтылықты бағалайды. Жасыл айдаһар жылы олар үшін қаншалықты табысты болмақ? Аталған жұлдыз белгілеріне арналған жорамалды астрологтар Тали мен Офир Эдут жасады.

2024 жылы Торпақтарға арналған жалпы жұлдыз жорамал

Астролог Джессики Адамстың пікірінше, үш жылдық қиындықтар кезеңінен кейін Торпақтардың жағдайы жақсарып, Юпитер мен Уранға өтпек.

2024 жылы Торпақтарды не күтіп тұр? Торпақтар үшін Юпитер мамыр айының соңына дейін болады. Осылайша олардың ғұмырында бақытты кезеңдер орнап, материалдық жағдайы жақсарады, мансабында жоғары жетістіктерге жетіп, тұрмыстық жағдайы тұрақты әрі орнықты болады.

Жылдың екінші кезеңі басталған істерді соңына дейін жеткізуге, тиімді инвестиция құюға әрі ірі сауда жасауға қолайлы болады деп күтіледі. Көптеген Торпақ үшін 2024 жыл отбасын құратын, соның ішінде шетелдік азаматпен де шаңырақ құру жылы болмақ.

Торпақ әйелдерді 2024 жылы не күтіп тұр? Басы бос бойжеткендер отбасын құратын өмірлік жарын кездестіреді. Ал бұрыннан жігіттерімен кездесіп жүрген қыздар сүйіктілеріне тұрмысқа шығады. Күтпеген жерден жүкті болу қаупі бар. Өмірлік серігінің мансап жолында өсуіне байланысты, әйел Торпақтардың да материалдық жағдайы жақсара түспек.

Торпақ ерлердің мәртебесі өзгеруі мүмкін, ол отбасын құруы немесе керісінше ажырасуы болуы мүмкін. Жақындармен қарым-қатынас жақсара түседі. Мансапта жетістіктерге жетіп, жалақыңыз өсетін болады. Өз тәжірибеңізді адамдармен бөлісу жайлы ниет пайда болады. Жеке кәсіпкерлер өз бизнестерін кеңейтетін болады. Тез шаршап қалмау үшін Торпақтар өз құзыретін өзгелермен бөлісіп үйренгені жөн.

Бақытты бойжеткен. Көрнекі сурет
Бақытты бойжеткен. Көрнекі сурет: pixabay.com

Махаббат пен қарым-қатынас жорамалы

Торпақтар үшін 2024 жылы махаббат жорамалы қандай болмақ? Танысулар мен кездесулер маусымы көктемде болмақ, алайда романтикалық көңіл-күй жыл бойы сақталатын болады. Тали және Офир Эдут есімді астрологтар Торпақ белгісіндегі Шолпан 29 сәуір мен 23 мамыр аралығында болып, олардың махаббаттағы қарым-қатынастарын жақсартады дейді.

Торпақтар өмірлік сыңарын іздейді, ал сүйіктісі бар Торпақтар олармен арақатынасын жақсартатын болады. Тіпті жеке өміріңізде бұрынғы сүйіктіңіз қайтадан пайда болуы мүмкін. Жазда ерлі-зайыптылар арасында тұрақтылық орнауы мүмкін. Келісімге келу арқылы көптеген жұптың арадағы мәселесі шешілетін болады. Қыс айларында Торпақтар махаббат және жаңа қарым-қатынастар үшін барынша тартымды болмақ. Алайда қаңтар-ақпан айларында басталған қарым-қатынастың барлығы тұрақсыз әрі берік болмайды.

Жол жиегінде серуендеп жүрген жұп. Көрнекі сурет
Жол жиегінде серуендеп жүрген жұп. Көрнекі сурет: pixabay.com

Жаз мезгілінің ортасында жұптар арасында салқындық пайда болуы мүмкін. Жұмысқа байланысты кішігірім айырылысу кезеңі болуы ықтимал. Отбасылы жандарға қарым-қатынасты жақсартуға кеңес беріледі. Оған себеп орынсыз қызғаныш болуы мүмкін, сол себепті жұбыңызға оның сыйлы екенін білдіргеніңіз жөн.

Қараша айының ортасы мен желтоқсанның ортасына дейін сіздің өміріңізде бұрынғы сүйіктіңіз тағы да пайда болуы мүмкін. Онымен арадағы мәселелерді тездетіп шешіп алған жөн. Ал қайтадан қарым-қатынас құрудың қажеті жоқ. Өз жұбын тапқысы келетін жандар оларды тақырыптық онлайн-қауымдастықтарда немесе достармен отырыстарда кездестіруі мүмкін.

Денсаулық пен сұлулық жорамалы

Торпақтарды жаңа жылда алып күш пен толассыз энергия күтіп тұр. Астролог Сьюзан Тейлор сәуірде, яғни ретроградтық Меркурий кезеңінде жан тыныштығын сақтауға кеңес береді. Ең табысты кезең көктем мезгілі мен жаз маусымының ортасы болмақ. Денеңізді сымбатты қылып сақтау үшін күн сайын серуендеп, суға түсу процедураларын әдетке айналдырыңыз. 2024 жылы Торпақтар салмақ қосуы мүмкін. Сол себепті диета ұстап, дұрыс тамақтаныңыз.

Әсіресе, спортпен шұғылданатындар табысты және өз-өзіне сенімді болады деп болжанып отыр. Ол үшін алдымен жеңіл жүктемеден бастап, кейін жүктемені көбейтсеңіз болады. 2024 жылдың екінші жартысында вирусты жұқпалы аурулардан сақ болыңыз. Сол себепті иммунитетіңізді көтеріп, адамдар көп жиналатын жерлерге бармағаныңыз абзал.

Жаттығу жасап жатқан бойжеткен. Көрнекі сурет
Жаттығу жасап жатқан бойжеткен. Көрнекі сурет: pixabay.com

Мамыр айында толық медициналық тексерістен өтіңіз. Қажет болған жағдайда денсаулығыңыз бен күш-жігеріңізді қалыпқа келтіру үшін жұмыстан үзіліс алыңыз. Гормоналдық жүйе мен бауырыңызды тексертіңіз. Қаңтар айының басы мен ақпан айының ортасына дейін бұрынғы сырқаттарыңыздың асқынып кетпеуіне мән беріңіз. Сондай-ақ Торпақтарға қыста эсктремалдық спорт түрлерімен шұғылданбауға кеңес беріледі.

Қаржылық жорамал

Astrology жетекші астрологиялық порталы Сатурнның орын өзгертуі Торпақтардың өмірінде жаңа өзгерістерге жол ашатынын айтады. 2024 жылдың басында қаржыны жоспарлау және жұмсауға қатысты қиындықтар тууы мүмкін, алайда көктемге қарай ол мәселелердің бәрі шешілетін болады. 7 қаңтар мен 1 ақпан аралығында қарызға ақша бермеңіз, несие алмаңыз. Сәуір айынан бастап төлем жасау барысында реквизиттерге сақ болыңыз.

1 мамырдан бастап жаңа қаржы көздері пайда болып, бизнесті кеңейтесіздер, сыйақы мен бағалы сыйлықтар алатын боласыздар.

Жас Торпақтар негізгі және қосымша жұмысының арқасында өздерінің қаржылық жағдайын жақсартатын болады. Өзіңіздің жайбасарлығыңыз бен күдіктеріңіздің кесірінен қаржылық жағдайыңызды жақсартудан қорықпаңыз. Ол үшін қаржылық кеңестер алып, арнайы курс оқыңыз, сөйтіп бюджетті қалай басқаруға болады және ақшаны қалай жинауға болатынын біліп алыңыз.

Жұлдыздар Торпақтарға жалқаулыққа салынбауға кеңес береді. Ол үшін аянбай еңбек етіп, инвестиция құйыңыз, сізді қолдайтын жандарға жомарт болуға тырысыңыз. Ақшаңызды өзіңіз бен балаларыңызды дамытуға жұмсаңыз. Өзіңізден бағалы сыйлықтарды аямаңыз, ол сізді ақшаны бұдан да көп табуға ынталандыра түседі.

Үстел үстіндегі планшет. Көрнекі сурет
Үстел үстіндегі планшет. Көрнекі сурет: pixabay.com

Торпақтарға табысқа жетуге қажет құнды кеңестер

Astrologyk астрологиялық басылымының мәліметінше өмірге консервативтік көзқарастарпен қарап, одан бас тарта алатын Торпақтар осы жылда табысқа жете алады екен. Сондықтан Торпақтар үшін бұл жылы ерекше маңызға ие бірнеше кезең болады:

  • Жылдың бастапқы күндері мен 5 ақпан аралығында сүйікті адамыңызбен ұрыспаңыз, ол сіздердің ара-қатынастарыңыздың тоқтауына алып келуі мүмкін.
  • Қаңтар-ақпан айларында Торпақтарды Сатурн мен Юпитер қолдайтын болады. Бұл кезеңде жылдың маңызды мәселелерін шешуге тырысыңыз: оқуды бастаңыз, сәби сүюді жоспарлаңыз, азаматтық алыңыз және өз бизнесіңізді ашыңыз.
  • Қаңтар-мамыр аралығы. Бұл кезең Юпитердің қарамағында болады. Ол ауқымды жобалар мен мәртебеңіздің күшею кезеңі болмақ.
  • Сәуір-мамыр айлары қаржылық табыс кезеңі болмақ. Бұл ірі сатып алулар, инвестиция жасауға, қосымша табыс, қаржы табуға қолайлы кезең болмақ. Сыйақы аласыз немесе лотереядан жеңіске жетуіңіз мүмкін. Пәтер, жиһаз және көлік сатып алыңыз.
  • Мамыр-маусым айларында шипажайға емге барыңыз. Жаз – демалыс үшін таптырмас кезең. Жұмыстарыңыз сәл бәсеңдеп, демалыс алып, күш-жігеріңізді толықтыруға уақыт табыңыз.
  • Қыркүйек-қараша айлары жаңа қадам жасауға қолайлы кезең. Жыл бойы үлгермеген жобаларыңыздың бәрін аяқтаңыз.
  • Желтоқсан айында Торпақтар ретроградтық Марс пен Меркурийдің ықпалында болады. Сол себепті адамдармен дауласпаңыз, асығыс шешім қабылдамаңыз және кез келген ақпаратты тексергеніңіз жөн болады. Басыңыз бен жүрегіңізді жарақаттардан сақтаңыз.
Бақытты жұп. Скриншот
Бақытты жұп. Скриншот: pixabay.com

Қаржы жағынан маусым мен күздің екінші жартысы барлық кезеңге қарағанда табысты болмақ. Жыл басында жоспарларыңыз қарқынды түрде жүзеге аспай жатса уайымдамаңыз. Көктемде мұның бәрі өз ретімен шешілетін болады.

Торпақтар 2024 жылы табысқа жету көрсеткіштері бойынша көшбасшы болмайды, алайда олардың өмірі жақсы жаққа қарай барынша өзгеретін болады. Жеке өміріңіз бен жұмысыңызды бірге алып жүрсеңіз, далада қалмайсыз. Сондықтан жұлдыз жорамалдың кеңестеріне мән беріп, алдағы 12 айыңыздың табысты болуына бар күш-жігеріңізді жұмсаңыз.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/2046136-2024-zyly-torpaqtardy-ne-kutip-tur-erler-men-aielder-usin-zana-zylga-arnalgan-zuldyz-zoramal/

pixel