Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Шоколад және даршын: жыныстық қатынасқа жақсы әсер ететін 8 өнім қандай

Опубликовано:

Жарасымды жұп
Жарасымды жұптың кездесуі. Көрнекі сурет: pixabay

Жыныстық қатынасты жақсартудың көптеген әдісі бар. Соның бірі ретінде күнделікті ас мәзіріне құмарлықты арттыратын тағамдарды қосуға болады. NUR.KZ мамандар кеңесіне жүгіне отырып, бұл жағдайға көмегін тигізетін пайдалы тағамдарды ұсынады.

Устрица

Устрица (ұлулардың жеуге болатын түрі) құрамында ерлер мен әйелдердің тестостерон деңгейін қалыпты деңгейде ұстауға көмектесетін мырыш қоры өте жоғары. Мырыш иммундық жүйені нығайтады әрі мықты антиоксидант болып саналады. BladGo медициналық тауарлар интернет-дүкенінің негізін қалаушы Дэвид Смит устрицадағы маңызды аминқышқылдар туралы былай дейді:

"Устрицада жыныстық гормондардың бөлінуіне әсер ететін аминқышқылдар бар. Олар адамның босаңсуына және көңіл-күйін көтеруге пайдалы".

Омар (ірі теңіз шаяны) мен теңіз шаяндарында (краб) мырыштың мөлшері мол. Бұл өнімдер де устрица сияқты пайдалы.

Устрица
Устрица және кесілген лимон. Көрнекі сурет: pixabay

Қара шоколад

Какао шоколад құрамындағы негізгі ингредиенттердің бірі болып саналады. Шоколадта какао неғұрлым көп болса, өнім соғұрлым пайдалы болады. Ehproject денсаулық сақтау электрондық жобасының сексологы Сюзанна Вайс какао құрамындағы фенилэтиламин және анандамид деп аталатын екі химиялық зат рахаттану және тояттау сезімін тудырады, - дейді. Екі қосылыс та эндорфин мен жақсы көңіл-күй гормондарының шығарылуын ынталандырады. Қара шоколадты жеу қан айналымын жақсартады, қан қысымын төмендетеді және жүрек-қан тамырлары ауруларының қауіпін азайтады. Шоколад энергия көзі ретінде де пайдалы. Мұны Сюзанна Вайс былай түсіндіреді:

"Шоколад адамдарды сексуалды ете түседі".

Авокадо

Авокадо – құрамында Е дәрумені көп жеміс. Бұл қоректік зат гормондар жұмысын, қан айналымын жақсарту және репродуктивтік жүйені сау ұстау үшін өте маңызды. ALL PIZZAHOLIC рецептер сайтының негізін қалаушы, диетолог Мелисса Салли: "Авокадо құрамындағы пайдалы майлар гормон деңгейіне әсер етеді", - деп жазады:

"Авокадо тестостерон деңгейін, либидо мен жыныстық энергияны арттыратын пайдалы майларға бай".

Авокадо құрамында гормондарды реттеуге көмектесетін В₆ дәрумені бар. Ал жемістің маңызды құрамы болып саналатын калий энергия деңгейін және төзімділікті арттырады.

Қызыл шарап

Қызыл шарапта қан айналымын жақсартатын антиоксиданттар бар, бұл қозу мен жыныстық қатынас үшін өте маңызды. BladGo негізін қалаушы Дэвид Смит мұны былай деп түсіндіреді:

"Ол әйелдердің құмарлығын (либидо) арттыратын эстроген және ерлерде жыныстық функцияны жақсартатын тестостерон деңгейін арттырады".

Дегенмен шарапты аз мөлшерде ішу маңызды, өйткені, шамадан тыс ішу жыныстық қатынасқа кері әсер етуі мүмкін, - деп ескертеді Дэвид Смит.

Інжір

Інжір ас қорытуды жақсартады және қан қысымын қалыпқа келтіреді. Бұл жеміс А және С дәрумендеріне бай. Оның құрамында калий, кальций, темір және магний бар. Physician on FIRE дәрігерлер платформасының серіктесі Хорхе Санчес: "Інжірде құмарлықты арттыратын аминқышқыл көп", - дейді.

"Інжір – амин қышқылдарына бай шырынды жеміс. Оның құмарлық пен төзімділікті арттыратын, жыныстық қатынасты жақсартуға көмектесетін ерекшелігі бар".

Ерлер мен әйелдердің тамақтану мәзірінде інжірдің болуы жыныстық қатынас сапасын жақсартуға әсер етеді.

Інжір жемісі
Өте пайдалы інжір жемісі. Көрнекі сурет: pixabay

Зімбір

Зімбір – ауырсынуды басатын және ас қорытуға оң әсерін тигізетін белгілі өнім. Оның құрамы жасушалардың жойылуына тосқауыл болатын антиоксидантқа толы. Зімбір тамыры қан айналымын жақсартады және жыныстық өмірге оң әсер етеді. Бұл туралы отбасылық заңгер және ажырасу мәселесі бойынша медиатор Джулия Рюшемейер түсіндіріп берді. Ол қарым-қатынас мәселелері бойынша маман көмегіне жүгінген ерлі-зайыптылардың зімбірді ас мәзіріне енгізу тәжірибесін былай сипаттайды:

"Зімбір - қан айналымын жақсартуға көмектесетін танымал дәмдеуіш. Бұл өнім ер мен әйелдің қан айналымын жақсартты. Сонымен қатар терең эмоционалдық байланыс орнатуға және қарым-қатынастағы стрессті азайтуға әсер етті.

Даршын

Даршын (корица) – афродизиак секілді қасиеті бар дәмдеуіш. Тағамтану, биология, психология және денсаулық саласы бойынша магистр, медицина ғылымдарының докторы, жаттықтырушы Миган Гринвуд Hourglass Waist сайтындағы жазбасында былай дейді:

"Даршын қан ағысын жақсартады, қабынуды азайтады және жыныстық қозуды ынталандыруы мүмкін".

Даршынның құрамы антиоксиданттарға толы. Ол қан тамырларының тонусын және эрекцияны жақсартады. Даршынды тұрақты түрде тұтыну етеккір циклін қалыпқа келтіруге және әйелдердің құштарлығын арттыруға көмектеседі. Өнімнің әсері күштірек болу үшін бал қосуға болады.

Даршын ұнтағы
Даршын ұнтағы және апельсин. Көрнекі сурет: pixabay

Анар

Анар жемісі афродизиак ретінде де белгілі. Экзотикалық өнім қан айналымын жақсартатын антиоксиданттарға бай әрі қозу мен жыныстық белсенділікті арттыру үшін пайдалы. Сертификаты бар сексолог Сэм Криплон (АҚШ) мұны былай түсіндіреді:

"Анар жемісінде жыныс мүшелеріне қан ағымының келуін күшейтетін азот оксидінің жоғары деңгейі бар".

Анар жемісінің мұндай ерекшелігі жыныстық қатынас кезінде сезімталдықты арттыруға және ләззат алуға әсер етеді.

Сонымен қатар жыныстық өміріңізді жақсарту үшін тамақтану мәзіріне шафран, қарбыз, ананас, құлпынай, қасқыржем (спаржа), брокколи және басқа да жемістер, көкөністер мен дәмдеуіштерді қосқан абзал. Дәрумендер мен антиоксиданты мол тағамдар гормондардың қалыпты жұмыс істеуіне әсерін тигізіп, денсаулықты жақсартады.

Тамақтану ас қорытуға ғана емес, жыныстық қатынасқа да әсер етеді. Кейбір тағамдар афродизиак тәрізді әсер етеді және құмарлықты арттыруға, жыныстық қатынас сапасын жақсартуға көмектеседі. Авокадо, даршын, қара шоколад және қызыл шарап – жыныстық өмірін жақсартқысы келетін жандар үшін пайдалы тағам түрлері болатыны сөзсіз.

Назар аударыңыз! Материал ақпараттық мақсатта жазылған. Мұнда көрсетілген емдеу әдістеріне жүгінбей тұрып, дәрігеріңізден кеңес алған жөн.

Рецензент – жоғары санатты дәрігер Людмила Анатольевна Михайленко.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/2046514-sokolad-zane-darsyn-zynystyq-qatynasqa-zaqsy-aser-etetin-8-onim-qandai/

pixel