Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Егіздерге арналған 2024 жылдың жұлдыз жорамалы: белгіні не күтіп тұр

Опубликовано:

Жұлдыз жорамал. Көрнекі сурет
Жұлдыз жорамал. Көрнекі сурет: pixabay.com

Ашық әрі елмен тез тіл табысатын Егіздер еркіндік пен шығармашылықты жақсы көреді. Жасыл Айдаһар жылы аталған жұлдыз белгілерін не күтіп тұр? Үшінші жұлдыз белгісіне арналған жұлдыз жорамалды астрологтар Тали және Офира Эдут әзірледі.

2024 жылы Егіздерге арналған жалпы жұлдыз жорамал

Мамырда тосын сыйлар мен сыйлықтар планетасы саналатын Юпитер Егіздерге өтіп, жыл соңына дейін сонда қалмақ. Астролог Сьюзан Тейлор ауа белгісін өмірінің барлық саласында өзгерістер күтіп тұрғанын айтады.

2024 жылы Егіздерді не күтіп тұр? Олар білім мен мансапқа құштар болып, қызметте беделі мен мәртебесі өсетін болады. Жұлдыз белгісін бәлкім отбасын құру, сәби сүю немесе жаңа баспанаға көшу сынды өзгерістер күтіп тұр. Осылайша, мамыр айының басы мен маусым айының ортасында олардың көптен күткен армандары орындалатын болады. Егіздердің араласатын ортасы өзгеріп, онда беделді адамдар пайда бола бастайды.

2024 жыл Егіз-әйелдер үшін қандай болмақ? Олар өз-өздеріне сенімді болып, жұмыста өздерінің білікті әрі сұранысқа ие маман екендіктерін көрсетеді. Жеке өмірлерінде өзгеріс болып, тұрмыс құрулары мүмкін немесе өздерінің баспаналарына көшуі ықтимал. Кейбір Егіздер 2024 жылдың бірінші жартысында нәрестелі болуы мүмкін. Ал, жас Егіз қыздар ата-аналарынан бөлек шығады. Жұмыста олардың қолдаушысы пайда болып, Егіз әйелдер қызметте зор жетістіктерге жететін болады. Олардың араласатын ортасында жаңа адамдар пайда болады.

Шынайы қуанған әйел адам. Көрнекі сурет
Шынайы қуанған әйел адам. Көрнекі сурет: pixabay.com

2024 жылы Егіз ер адамдар өздерінің өмірлеріндегі маңызды мақсаттардың біріне жетеді. Оған жету үшін, ер адамдарға жаңа таныстықтар, бұрынғы сыныптастары мен таныстары көмектесуі мүмкін. Егіздер, сондай-ақ, өздерінің біліктіліктерін арттырып, жаңа білім мен тәжірибе жинайтын болады. Ол үшін, өз жобаларыңызды таныстырып, инвесторларды таныстырыңыз, өзіңіз сияқты әріптестерді жинаңыз. Жылдың екінші жартысы іссапар, шетелге сапар, халықаралық таныстықтар мен келісімдер үшін қолайлы болмақ.

Махаббат пен ара қатынас жорамалы

Бұл жұлдыз белгісінің махаббат қатынасына Юпитер тікелей әсер етеді. Сол себепті 2024 жыл жұлдыз белгілері үшін қандай болмақ? Егіздер келер жылы өздерінің серіктерінің сезімге беріктігін, өздеріне адалдығын және ара қатынасқа тұрақтылығын сезетін болады. Қарым-қатынас жақсарып, нығая түседі. Басы бос Егіздер өздерінің өмірлік серіктерін тауып, өз махаббаттарын тамыз-қыркүйек айларында табады. Бұл кезең махаббат пен шытырман оқиғалар үшін қолайлы болмақ. Сол үшін демалыстарыңызды алдын ала жоспарлап, бір-бірлеріңізбен көп уақыт өткізіңіздер.

Horoscope астрологиялық порталының хабарлауынша, Егіздер уақыттың көп бөлігін білім алу мен жұмысқа жұмсайды, ал олардың серігі бұл жолда оларға қолдау көрсететін болады. Бұл олардың ара қатынасын нығайтады.

2024 жыл олардың ара қатынасының жаңа деңгейге көтерілуіне қолайлы болмақ. Күтпеген таныстықтар Егіздердің жалғыздығына тосқауыл қояды, мұндай таныстықтың соңы берік қатынастарға ұласуы мүмкін. Сіздің жүрегіңізді жаулап алғысы келетіндер де көп болады. Сондықтан болашақ жарыңызды таңдағанда асықпаңыз, өз жүрегіңізді тыңдауға тырысыңыз. 2 қазанда болатын Күн тұтылуы Егіздердің махаббат, отбасы мен шығармашылығы саласына өзгерістер алып келеді. Әйел Егіздердің аяғы ауыр болып, сәби сүюі мүмкін, сондай-ақ олар шығармашылық идеяларды әкелумен болады. Отбасылық Егіздер өздерінің бизнестерін ашады. Ересек Егіз балалардың өмірінде бақытты сәттер көп болады.

Бақытты отбасы. Көрнекі сурет
Бақытты отбасы. Көрнекі сурет: pixabay.com

Денсаулық пен сұлулық жорамалы

Балықтардағы Сатурн Егіздердің көңіл-күйлеріне теріс әсер етеді. Қаңтар айында тамақтануға баса мән беріңіз, себебі ас қорыту жүйеңіз сыр беруі мүмкін. Ақпанда – жарақат алу қаупі зор, сондықтан мұз үстінде, жаттығулар мен қысқы спорт түрлерімен шұғылданғанда абай болыңыз.

Astrologyk астрологиялық басылымы физикалық жүктемені біртіндеп көбейтуге кеңес береді. Көктемде Егіздердің еңсесі түсіп, шаршау көп болады. Оның алдын алу үшін, таза ауада жиі серуендеуге кеңес беріледі. Наурыз айында болатын жұмыстағы қарбаласты су процедуралары және медитациямен жеңуге болады.

Денсаулығыңыз барынша сергек болатын кезең маусым мен күздің бастапқы айларына түсіп тұр. Бұл кезеңде спортта белсенді болуға тырысыңыз: биге барыңыз, ролик теуіп үйреніңіз, велосипед сатып алыңыз.

Юпитер – кеңею планетасы. Оның әсері сіздің артық салмақ қосуыңызға себепкер болуы мүмкін. Сондықтан тамақты көп ішпеңіз, егер артық салмақ қоссаңыз, диетаға отырыңыз. Сыртқы образыңыз бен стиліңіздегі өзгерістер сізді сұлу әрі тартымды ете түседі.

Салат ұсынған әйел. Көрнекі сурет
Салат ұсынған әйел. Көрнекі сурет: pixabay.com

Қаржы және мансап жорамалы

8 cәуір күні болатын күннің тұтылуы достар мен таныстар арасында интернет жобаларды танымал ете түседі. Әлеуметтік желілерде бизнес ашу үшін, хобби және ортақ спорттық қызығушылықтар арасында таныстар көбейе түседі. Астрологтар Тали және Офиры Эдут ол үшін Балықтардағы Нептун көмектесетінін айтады. Егіздерде 2024 жыл бойы жұмыс барысына Сатурн әсер ететін болады, ол онда шектеулер енгізуге тырысады. Мүмкін жұмыс ауыстырып немесе ондағы жағдайлар өзгеретін болады, я болмаса жұмыстағы басшылық ауысады. Қиын кезең 2024 жылдың қыркүйек айына тап болады. Жағдайды қиындатпау үшін, демалыс алып, ағымдағы жұмыстарға мән беріңіз. Қаржылық жағдайыңызды жақсарту үшін, қосымша жұмыс табыңыз. Хоббиіңіздің сіздің қосымша табысқа айналуыңызға мүмкіндік жасаңыз.

2024 жыл бойы грант немесе басты сыйлықты ұтып алу мүмкіндігі болады. Сондықтан кез келген сайыстар мен байқауларға қатысыңыз. Сәуір айы қаржылық жағдай тұрғысынан ең қиын ай болмақ, ал қараша айында көптен күткен берешек қарызыңызды қайтарасыз. Бәрінен бұрын көлік, байланыс, ақпарат және білім беру саласында жүрген Егіздер зор жетістіктерге жетеді. Мұраға, әлеуметтік төлемдерге немесе жеңілдетілген несиеге қол жеткізесіз.

Қаржы саласында жетістікке жеткен әйел. Көрнекі сурет
Қаржы саласында жетістікке жеткен әйел. Көрнекі сурет: pixabay.com

Егіздерге жетістіктерге жетуге арналған пайдалы кеңестер

Егіздерді қызыққа толы жыл күтіп тұр, жақсы өзгерістер олардың өмірлерінің барлық саласын қамтиды. Мұндай өзгерістердің тек жағымды болуы үшін, келесі кеңестерге құлақ түріңіз:

  • Қыс айлары. Балықтарға түсетін Сатурн Егіздердің көңіл-күйлері мен жұмыстарына кері әсер етеді.
  • Наурыз айы. Сіздің сыртыңыздан айтылатын түрлі сөз жұбыңыз бен екі ортадағы қатынасқа сызат түсіруі мүмкін. Сондықтан өсек пен сізді көре алмайтын жандардың сөзіне ермеңіз, барлық ішкі жан дүниеңіздегі сырыңызды тек сүйіктіңізге айтыңыз.
  • Сәуір айы – сіздің бұрыннан келе жатқан мәселелерді шешетін кезең.
  • Мамыр-маусым айлары – батыл қадам жасап, жаңа бастамалар мен идеяларды қолға алыңыз, жеке өміріңіз де алға басатын болады.
  • Тамыз айында Бикештердегі ретроградты Меркурий денсаулығыңызға тікелей әсер етеді. Кешенді тексерістен өтіңіз.
  • Қыркүйек – қазан айлары – демалыс пен саяхат үшін тамаша кезең.
  • Қараша – желтоқсан айлары. Марс пен Меркурий бір мезетте ретроградты болады. Бұл жылды қорытындылау мен өміріңізді ретке келтірудің уақыты. Сол себепті ірі сатып алулар жасамаңыз, жаңа жұптармен романтикалық қатынастарға түспеңіз және жұмыс ауыстырмаңыз.

2024 жылдың 24 маусымынан бастап жеке өмірде түрлі өзгерістер мен шытырман оқиғалар орын алуы мүмкін. Жылдың екінші жартысында жеке өмірдегі ара қатынастар жалған болуы мүмкін. Сондықтан жұптарыңызды жақсылап таңдаған абзал.

Көңілі жабырқау әйел. Көрнекі сурет
Көңілі жабырқау әйел. Көрнекі сурет: pixabay.com

2024 жылы Егіздер Юпитердің әсерімен өмірлерін жақсы жаққа өзгертетін болады. Олар әсіресе білім мен қаржы саласында зор жетістіктерге жетеді. Сондықтан жоғарыдағы кеңестерге құлақ түруді ұмытпаңыз.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/2046711-egizderge-arnalgan-2024-zyldyn-zuldyz-zoramaly-belgini-ne-kutip-tur/

pixel