Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Балаларға арналған жаңа жылдық тақпақтар топтамасы

Опубликовано:

Шырша жанындағы бала. Көрнекі сурет
Шырша жанындағы бала. Көрнекі сурет: pixabay.com

Бір айдан соң адамзат жаңа жылға қадам басып, көптеген елде түрлі мерекелік шара басталады. Жаңа жылды әсіресе балалар асыға күтетіні анық. Осы орайда, назарларыңызға балаларға арналған жаңа жылдық тақпақтар топтапасын ұсынамыз.

Жаңа жылдық тақпақтардың бір ерекшелігі - оларды балалар тез жаттап, Аяз Атадан сыйлық алуға асығады. Сондықтан мерекеге орай, бүлдіршіндерге тез жатталатын әрі есте қалатын жаңа жылдық тақпақтар топтамасын назарға ұсынамыз:

Әдемілеп біз ілген, Ойыншықтар тізілген Қандай жақсы шыршамыз Ән шырқайық баршамыз!

*************

Жаңа жыл, Жаңа жыл, Жаңа жылда жаңа жыр. Жасыл шырша жанында, Билеп барлық бала жүр.

**************

Тамаша, тамаша, Шыршамыз тұр жараса. Басында әсем жұлдызы, Көз тоймайды қараса.

****************

Дала нұр, қала нұр, Құтты болсын Жаңа жыл! Жасыл шырша жанында, Билеп барлық бала жүр!

****************

Сақалы аппақ күмістей, Тістері аппақ күріштей. Нұр жайнаған ажары, Сағындық аяз атаны.

Мол сыйлықпен келер ол, Шырқатып ән салар ем. Жылдамырақ келсе екен, Бізге сыйлық берсе екен.

*****************

Жаңа жылдық шырша түбіндегі балалар. Көрнекі сурет
Жаңа жылдық шырша түбіндегі балалар. Көрнекі сурет: pixabay.com

Даламызға, қаламызға, Жаңа жыл келіп кіреді! Қартыңызға, жалпыңызға, Жалынды сәлем береді!

Көрдің бе Аяз атаны, Аппақ екен сақалы. Аппақ екен мұрты да, Аппақ екен шапаны.

Тілеймін мен бар әлемге, Дос көп болсын жанашыр. Ата - әже, әке - ана, Құтты болсын Жаңа жыл!

**********************

Бүгін біз көңілдіміз, Жаңа жылды қарсы алып. Мерекеге келгендерді, Құттықтаймыз ән салып. Ән саламыз, би билеп, Жырдан шашу төгілді. Бүгін біздің Жаңа жыл, Қандай қызық көңілді.

************************

Кең пейілді, мол мейірлі Сағынышпен табысқан О, алақай, аяз ата Келе жатыр алыстан

************************ Даланыңда қаланың, Думандатып отбасын. Тағы, міне Жаңа жыл, Қақты уақыт қақпасын.

Жүзімізде күлкі ойнап, Қанаттанды жанымыз. Жаңа жылды біз тойлап, Шаттанамыз бәріміз.

Бізбен бірге ойнайды, Жаңа жылды тойлайды. Барлық бала бақытты, Болса екен деп ойлайды.

*************************

Кішкентай бүлдіршіндер. Көрнекі сурет
Кішкентай бүлдіршіндер. Көрнекі сурет: pixabay.com

Жаңа жыл, Жаңа жыл, Төгілсін жаңа нұр. Сыйлығын сүйретіп, Келді міне, Жаңа жыл!

Ән саламыз, билеп, Жырдан шашу төгілді Бүгін біздің Жаңа жыл, Қандай қызық көңілді!

****************

Бүгін біз көңілдіміз, Жаңа жылды қарсы алып. Мерекеге келгендерді, Құттықтаймыз ән салып.

Аппақ тонға оранып, Базарлықты мол алып. Келді алыс сапардан, Аяз ата оранып!

Жаңа жылдық ойыншықтар. Көрнекі сурет
Жаңа жылдық ойыншықтар. Көрнекі сурет: pixabay.com

Кел, балалар, тақпақты, Тақылдатып айтайық! Аяз ата таң қалсын, Сыйлық алып қайтайық!

******************* Аяз ата тыңдаңыз, Тақпақ айтып берейік. Ортамызда шыршамыз, Ойнап бірге, күлейік.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/2047966-balalarga-arnalgan-zana-zyldyq-taqpaqtar-toptamasy/

pixel