jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Айзат Ермекқызы
Айзат Ермекқызы
Бұрынғы қызметкер

Маман смартфонды зарядтау кезінде жиі кездесетін қателіктерді атады

Телефон зарядтағышымен
Телефон зарядтағышымен. Көрнекі фото: pixabay.com

Маман Александар Руснак смартфонды зарядтау кезінде жиі кездесетін қателіктерді атады, деп хабарлайды РИА Новости.

Александр Руснактың сөзінше, телефонды батарея қуаты 100 пайызға толғанша зарядтауға, сондай-ақ смартфон зарядын нөл пайызға дейін тауысуға болмайды.

"Ең жиі кездесетін қателік құрылғыны дұрыс зарядтамау. Батарея қуатын нөл пайызға дейін жеткізбеу керек. Телефон қуаты 10-20 пайызға жеткенде оны зарядтау керек. Телефонды әркез 100 пайызға дейін зарядтаудың қажеті жоқ", - дейді Руснак.

Маманның айтуынша, смартфон батареясының қызмет ету мерзімін қысқартатын тағы бір фактор — түпнұсқа емес қуаттағыштарды пайдалану.

Олар қажетті сертификаттаудан және сынақтардан мұқият өтпейді. Сенімсіз қуаттағыштарды пайдалану батареяның тозуына немесе қысқа тұйықталуға әкелуі мүмкін.

Маман смартфонды зарядтау кезінде жиі кездесетін қателіктерді атады

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.