Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

2023 жылдың желтоқсан айына арналған Ай күнтізбесі: жайлы және жайсыз күндер

Опубликовано:

Аспандағы толған Ай. Көрнекі сурет
Аспандағы толған Ай. Көрнекі сурет: pixabay.com

Осы жылдың соңғы айы маңызды астрологиялық оқиғаларға толы. Ай адамдарға желтоқсанда қалай әсер ететін болады? Желтоқсанға арналған Ай күнтізбесін астрологтар Тали және Офира Эдут ұсынады.

2023 жылдың желтоқсан айындағы Ай фазалары

Қыстың алғашқы айы жіңішкерген Аймен басталады. Бұл мына кезеңді қамтиды:

  • 1–4 желтоқсан;
  • 6–12 желтоқсан;
  • 28–31 желтоқсан.

Толған ай жіңішкерген сайын жаныңызды, тәніңіз бен қоршаған ортаңызды тазартыңыз. Үйіңізді ретке келтіріп, спа-орталыққа барыңыз, құжаттарыңыз бен жеке қарым-қатынастарыңызды да реттеуді ұмытпаңыз. Аталғанның бәрін жаңа ай туғанша жасап алғаныңыз жөн. Ол 2023 жылдың 13 желтоқсан күні болады.

Бұл күні Ай Мергеннен жер белгісі Тауешкіге өтетін болады. Find Your Fate астрологиялық журналда жазылған деректерге сай бұл кезең өмірдің жаңа белестеріне өтуге қолайлы болмақ, сол себепті жоспар құрып, тәніңізге қуат беретін су процедуралары мен массаж жасаңыз, таза ауада серуендеп, спортпен шұғылданыңыз. Күш жинап, Айдың толуына қажет барлық әрекеттерді қолға алыңыз.

Түнгі аспандағы Ай. Көрнекі сурет
Түнгі аспандағы Ай. Көрнекі сурет: pixabay.com

2023 жылдың желтоқсанында Ай қашан толады? Ай жаңа ай туған соң, 14 желтоқсаннан бастап тола бастайды. Желтоқсан айында бұл кезеңнің бірнеше күнге бөлінеді:

  • 14-18 желтоқсан
  • 20-26 желтоқсан

Айдың толуын пайдаланып жаңа айға қойылған мақсаттарды жүзеге асыра бастаңыз. Гардеробты жаңартып, оқу курстарына жазылыңыз. Ай толғанға дейін, үйді жөндеу және абаттандыру жұымстарын аяқтаңыз, аутотренингтер, аффирмациялар және психотерапияның көмегімен жеке күшіңізді толықтырып, өзіңізге деген сенімділікті арттырыңыз.

2023 жылдың желтоқсан айында Ай қашан толады? Ол 27 желтоқсан, сәрсенбі күні, Шаян белгісімен тұспа-тұс келеді. Astrologyk астрологиялық басылымының хабарлауынша, Шаян белгісіндегі Айдың толуы ұстамды және эмоционалды адамдар үшін қауіпті болуы мүмкін. Сондықтан, сізге қатысты айтылған сөздердің барлыңын жүрегіңізге жақын қабылдамаңыз. Үй шаруасымен айналысып, отбасыңыз және серіктестеріңізге жақын болыңыз. Махаббатты іздеңіз.

Желтоқсан айының өзге де маңызды фазаларына назар аударыңыз:

1. Үшінші тоқсан — 5 желтоқсан. Бұл пассивті сыртқы әрекет уақыты. Жағымсыз серіктестермен қоштасыңыз, салмақ тастап, үйіңізді жақсылап тазалаңыз. Қарыздардан құтылыңыз.

2. Бірінші тоқсан - 19 желтоқсан. Жаңа нәрселерді үйреніп, араласыңыз, көңіл көтеріңіз. Жаңа жобалар мен жақсы инвестициялардан табыс тауып көріңіз. Шығармашылықпен айналысыңыз.

Ашық аспандағы Ай. Көрнекі сурет
Ашық аспандағы Ай. Көрнекі сурет: pixabay.com

Ай циклдерінің әсерін күшейтетін желтоқсандағы келесі астрологиялық оқиғаларға назар аударыңыз:

  • 6 желтоқсаннан бастап (жіңішкеретін Ай кезеңі) Нептун өз қозғалысына оралады. Адамдармен қарым-қатынасты қайта қарау, иллюзиядан бас тарту, болған оқиғаға шынайы көзқараспен қарау кезеңі.
  • 13 желтоқсаннан бастап (жаңа ай) ретроградты Меркурий кезеңі. Маңызды істерді осы күнге дейін аяқтап, жаңа бастамаларды қолға алыңыз.
  • 22 желтоқсан (Айдың толуы) — желтоқсан айындағы ең қысқа күн. Starwalk.Space астрологиялық басылымының мәліметінше, бұл жылдың ең қысқа күні және қыстың басы болмақ.
  • Astro-Seek басылымының хабарлауынша, 27 желтоқсаннан бастап (айдың толуы) Хирон директті бола бастайды. Екі кеменің құйрығынан ұстауға тырыспаңыз, одан да таңдау жасағаныңыз жөн.
  • 31 желтоқсаннан бастап (Айдың жіңішкеруі) Юпитер тікелей қозғалысқа оралады. Ең жомарт планетаның сыйлықтарын қабылдап, өміріңіздің жақсы жаққа өзгеруіне дайын болыңыз.

Қараша жексенбі, 31 желтоқсан күні аяқталады. Бұл жіңішкерген Айдың Бикеште болу кезеңі, сонымен қатар 2023 жылдың соңғы күні.

Айдың адам өміріне әсері

Желтоқсан айында кеңістік энергиясын жағымды және жағымсыз әсер ететін ретро планеталар мен ай циклдерінің ықпалында болатынын ұмытпаңыз. 2023 желтоқсанында қандай қолайлы күндер бар? Оған он жеті күн жатады: 4-7, 10-13, 16, 18-19, 22-23, 25-26, 28-29 желтоқсан. 2023 желтоқсан айындағы қолайсыз күндер қай күндер? Айдың толатын күні, 27 желтоқсанда абай болыңыз. Желтоқсан айында қатты қауіпті күндер болмайды, ай тыныш және сәтті өтетін болады.

Айдың қызмет барысына әсері

Айдың энергиясын өміріңізге жағымды әсер етіп, жұмыста жетістіктерге жету мақсатында бағыттау үшін оның адамдарға әсері жайлы ұмытпаңыз. Сондықтан төмендегі ұсыныстарды ескере отырып, мансапты, қаржылық операцияларды және оқуды жоспарлаңыз:

  • Ай жіңішкерген сәтте басталған істер мен жобаларды аяқтаңыз. Адамдар мен болған оқиғаларға басқа қырынан қарауға мүмкіндік беретін Нептун жайлы ұмытпаңыз. Бұл сізге барлық жұмыстарыңызды табысты әрі тиімді орындауға көмектеседі.
  • Жаңа айда, ретроградты Меркурий болған кезде, ақша жұмсап, қыруар қаржыға бағалы заттарды сатып алмаңыз. Бұл кездеңде қарыздарды қайтарғаныңыз жөн.
Жұмыс істеп отырған бойжеткен. Көрнекі сурет
Жұмыс істеп отырған бойжеткен. Көрнекі сурет: pixabay.com

Басшылыққа және әріптестеріңізге олардың көмегі мен қолдауын қалай бағалайтыныңызды жеткізіп, алғыс айтыңыз. Қолайсыз келісімшарттардан бас тартыңыз.

Айдың махаббатқа, көңіл-күйге және жан-тәніңізге әсері

Ай циклінің ең жоғары күндері, сезімтал адамдар көзге жас алып, әлсіз, әлжуаз болуы мүмкін. Айдың қарым-қатынас пен адам эмоцияна әсерімен төменді танысыңыз:

  • Желтоқсан айында, Ай толатын сәтте әріптес, достарыңызбен және жақын адамыңызбен сыйластық қарым-қатынас орнатыңыз. Кездесулерге барыңыз.
  • Толған Ай Шаянмен тұспа-тұс келген кезеңде, қай адаммен қарым-қатынас құратыныңыз туралы шешім қабылдаңыз. Оны Ай жіңішкерген сәтте айтыңыз. Астрологтар Тали мен Офира Идут осы күні үйде болуға, жақын адамдарға уақыт бөлуге кеңес береді.
  • 31 желтоқсанда отбасы мен сүйіктіңізге сыйлықтар мен махаббатыңызды сыйлаңыз. Бұған сізге жіңішкеретін Ай мен жомарт Юпитер көмектеседі.

Желтоқсан – ғажайыптар кезеңі. Жоғалған байланыстарды қалпына келтіру және жаңа қатынастар құру үшін ай циклдерін пайдаланыңыз.

Бірін-бірі сүйетін жұп. Көрнекі сурет
Бірін-бірі сүйетін жұп. Көрнекі сурет: pixabay.com

Айдың сұлулық пен денсаулыққа әсері

Жаңа жылдық мереке алдында өзіңізді ретке келтіріңіз. Ай күнтізбесінің ұсыныстарын ескере отырып, жаңа жылды төмендегідей қарсы алыңыз:

  • Жаңа айда диета, тазарту, детоксикация бағдарламаларына жүгінңіз.
  • Ай толған сәтте шаш қиюдың ай күнтізбесінің ұсыныстарына құлақ асып, спортзал мен сұлулық салондарына барыңыз. Ауруларды диагностикалау және емдеуден өтіңіз. Түрлі деңгейдегі операция, косметологиялық процедураларды жасаңыз.
  • Ай толған кезеңде сыртқы образыңызды өзгертпеңіз. Тәніңізді тынықтыратын процедураларға мән беріңіз.

Есіңізде болсын, Ай денедегі су балансына әсер етеді. Денеңіз ісінбеу үшін, Ай толған мезетте ішетін сұйықтық мөлшерін бақылауға алыңыз. Бұлшық еттеріңізге шамадан тыс жүктемелерді жүктемеңіз, аз тамақтаныңыз.

Массаж жасау процесі. Көрнекі сурет
Массаж жасау процесі. Көрнекі сурет: pixabay.com

Желтоқсанның Ай циклдары Жаңа жылға және өмірдің жаңа кезеңіне әкеледі. Ай мен үлкен планеталардың ағзаға және эмоцияларға әсер ететінін ұмытпаңыз. Желтоқсан айының ай күнтізбесі бойынша өмір сүру – өмірдің барлық саласына жеңілдік, сәттілік пен бақыт әкелуге мүмкіндік тудыратын жоспарлаудың тамаша тәсілі.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/2048055-2023-zyldyn-zeltoqsan-aiyna-arnalgan-ai-kuntizbesi-zaily-zane-zaisyz-kunder/

pixel