Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Тәуелсіздік күніне арналған құттықтаулар топтамасы

Опубликовано:

Таудағы адам
Тауға шыққан адам. Көрнекі сурет: pixabay

16 желтоқсан - қазақ елінің әрбір азаматы үшін ең маңызды күн. Себебі отыз екі жыл бұрын дәл осы күні күллі әлем Қазақстан Республикасын дербес мемлекет ретінде таныды. Бұл жазбамызда өркениет көшіне ілескен егемен елдің Тәуелсіздік күніне арналған құттықтаулар топтамасын ұсынамыз.

Тәуелсіздік күніне арнап қандай құттықтау айтуға болады?

Егемен еліміздің ұлық мерекесі - Тәуелсіздік күні құтты болсын! Баршаңызға ашық аспан, шат-шадыман көңіл тілеймін. Әрбір азаматтың қажырлы еңбегінің арқасында сүйікті Отанымыз гүлденіп, көркейе берсін!

Желтоқсанның екпінімен келген Тәуелсіздіктің маңызы қашан да зор болмақ. "Толарсақтан саз кешкен" батыр бабаларымыздың қанымен, ұлы мұраттар жолында құрбан болған асыл азаматтарымыздың асқақ армандарымен, аналарымыздың көз жасымен жеткен Тәуелсіздікті әрқашан қастерлей білуге тиіспіз. Бұл - біздің азаматтық парызымыз бен борышымыз.

Көк байрағымыз лайым бейбіт аспан астында желбіреп тұрсын! Қазақ елінің тәуелсіздігі мәңгі болсын!

Ата-бабамыз ғасырлар бойы армандап кеткен тәуелсіздікті көру – бүгінгі ұрпаққа бұйырған зор бақыт. Осы бір бақытымыз баянды болғай! Азат елдің тәуелсіздігі тұғырлы болсын!

Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне орай шын жүректен білдірген ыстық ықыласымды қабыл алыңыз! Бұл - ата-бабамыз аңсаған арманның жүзеге асқан күні. Осындай маңызы жоғары тарихи мерекеде еліміздің туы көкте қалықтасын, қазақ елі көркейе берсін демекпін. Барша қазақ жұртына мықты денсаулық, әрбір отбасыға бақыт, сәттілік пен жетістік тілеймін!

Сізді Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күнімен құттықтаймын! Берекелі ғұмыр, мықты денсаулық тілеймін! Әрбір бастамаңыз жемісті болып, туған еліміздің көркеюіне септігін тигізе берсін!

Тәуелсіздік күні құтты болсын! Қазақ жерін мекендеген әрбір отбасына татулық пен ырыс-береке, Отанымыздың игілігі мен жарқын болашағы жолында табыс тілеймін!

Халқымыздың ғасырлар бойы аңсаған Тәуелсіздігіне ие болғанымызға биыл отыз екі жыл толып отыр. Осындай мерейлі мерекеде еліміздің даму жолында аянбай етіп жүрген қазақстандықтарды құттықтағым келеді. Ел үшін атқарып жатқан еңбектеріңіз табысты болсын деп тілеймін!

Тәуелсіздігіміз тұғырлы болғай! Өркениет көшіне ілескен еліміз гүлденіп, көркейе берсін!

Көк байрағы желбіреген, бүгінгідей абыройлы да айбынды, беделді де берекелі, ынтымағы мен бірлігі жарасқан еліміздің тәуелсіздігі баянды болсын!

Шаңырақ белгісі
Астана қаласындағы шаңырақ пішіні. Көрнекі сурет: pixabay

Сізді Республикамыздың әр азаматы үшін айтулы күн саналатын Тәуелсіздік мерекесімен құттықтаймын! Желтоқсанда жалынды жастардың басын бәйгеге тігіп, бодандық құрсауынан шығуға ұмтылған ерлігі қазақ еліне егемендік сыйлады. Бостандық пен еркіндіктің бастауы болып табылатын осындай салтанатты күнде сізге бақ-дәулет, ырыс тілеймін. Қазақстанның тұрақты дамуы мен кемелденуі жолындағы еңбектеріңіз табысты, барлық бастамаңыз сәтті болсын!

Қазақ елі алмағайып өтпелі кезеңдердің барлық қиындығын жеңіп, биікке көтеріліп келеді. "Ұрпақтарымыздың ырысы ортаймасын, намысы тапталмасын!" - деп тілеген ата-бабамыздың арманы орындалды. Осындай ұлық мерекеде баршаңызға бақыт, байлық, береке тілеймін. Еліміздің ертеңі ертегідей әдемі болсын!

Ұлттық құндылықтарымызды ұлықтап, намысымызды оятқан, әлемге қазақты рухы биік халық ретінде паш еткен Тәуелсіздік күні құтты болсын!

Биыл қазыналы, берекелі Қазақ елінің тәуелсіздігіне 33 жыл толды. Көк туы желбіреген, Әнұраны қалықтаған еліміздің барша азаматына береке-бірлік пен толағай табыс тілейміз!

Даладағы жылқылар
Далалықта жайылып жүрген жылқылар. Көрнекі сурет: pixabay

Тәуелсіздік күніне орай қандай хабарлама жіберуге болады?

Сізге Тәуелсіздік күніне орай өз құттықтауымды жолдаймын. Шын жүректен әрі қарай ілгерілеп, өркендей беріңіз!

Осындай ұлық мерекеде еліміздің мәртебесі биік болсын деген ыстық ықыласымды жолдаймын.

Еліміздің дәулеті мен сәулетін арттыру жолындағы игілікті істеріңіз табысты болсын!

Сізге игілік пен барлық бастамаңызға сәттілік, сенімділік тілеймін!

Аспанымыз әрдайым әдемі болсын! Тәуелсіздік мерекесі құтты болсын!

Әрбір халық үшін тәуелсіздіктен артық қасиетті әрі қымбат дүние жоқ. Еліміз дербес демократиялық мемлекет ретінде әлемге танылды. Лайым осы биіктен түспесін!

Еліміздің көк байрағы бейбіт аспанымыздың астында желбіреп, әлемге таныла берсін!

Ел Тәуелсіздігінің 33 жылдығы құтты болсын! Қазақ елі жасай берсін!

Дәулетіміз шалқып, береке-бірлігіміз жараса берсін! Тәуелсіздік күні құтты болсын!

Тәуелсіздік дегеніміз — еркіндік, молшылық пен рухани байлық. Сізге айтулы мереке қарсаңында зор денсаулық, бақыт, игілік пен жұмысыңызда тек шығармашылық табыс тілеймін! Жаңа жобаларыңыздың жүзеге асуына сәттілік тілеймін!

ҚР Тәуелсіздік күні құтты болсын!

Еуразия жүрегінде, өркениеттердің ұштасқан орталығында талай ұлт пен ұлыстың қызырлы мекеніне айналған ұлы Далада азат елдің азаматы атанғаннан асқан бақыт жоқ. Тәуелсіздіктің тал бесігінде тербеліп, қыран құсы қалықтаған көк аспанымыздың астында баянды да бақытты ғұмыр кешуіңізге тілектеспін.

Ата бабамыз аңсап кеткен тәуелсіздік күні кұтты болсын, ағайын! Қазақ елінің әрбір тұрғынын тәуелсіздік күнімен құттықтаймын! Қазақстандағы әрбір отбасына мол бақыт, амандық тілеймін! Еліміз гүлденіп, көркейе берсін! Төл мереке құтты болсын!

Тәуелсіздік мерекесіне арналған жыр шумақтары

Тәуелсіздік таңы атты,

Барлық әлем жаңарып.

Осы тұрған халқыма

Бейбітшілік орнады.

***

Құтты болсын тәуелсіздік мерекесі,

Мықты болсын елімнің керегесі.

Татту-тәтті боп халқымыз әрқашан,

Кетпесін туған жердің берекесі.

***

Сенім жыры

Алмат Исәділ

Тәуелсіздік – тұмарым,

Бәйтерегім – шырағым.

Ел мерейін өсіріп

Менде шыңға шығамын!

Еңбек етіп табысты,

Жібермеймін намысты .

Мен – әлемге танытам,

Қазақ деген халықты.

***

Тәуелсіз елім

Серік Әкірамұлы

Сан ғасыр аңсаған бабамыз,

Азаттық күні үшін күрескен.

Тариx боп тіл қатар даламыз,

Өртеңнің орнына гүл өскен.

Тәуелсіз еліммен санасқан,

Әлемнің ашылды есігі.

Ынтымақ, бірлігі жарасқан,

Тербеткен бейбіт күн бесігі.

Мақтанам тәуелсіз еліммен,

Күн кешем ертеңге сеніммен.

Астана – шаңырақ,

Атырау, Алтайдың арасы

Керегем секілді керілген.

* * *

Өткені – тағылым,

Ертеңге сенім бар.

Бақытты тағдырым –

Тәуелсіз елім бар.

Батырлар ерлігін,

Ұрпақпыз үлгі еткен.

Байлығым – елдігім,

Қараймыз құрметпен.

Гүл жайнап құлпырған,

Жерұйық – мекенім.

Даламды сыр тұнған,

Мақтаныш етемін.

Аспаны мөлдіреп,

Тұрсын кең жерімнің.

Көк туы желбіреп,

Мәңгіге елімнің.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/2048192-tauelsizdik-kunine-arnalgan-quttyqtaular-toptamasy/

pixel