Жаңа жылға әкеңізге не сыйлауға болады: 10 үздік сыйлық
Жарияланған күні:
Жаңа жыл дегенде ойымызға алдымен шырша және сыйлықтар оралады. Бұл мерекеде әр адам жақындарын қуантуға тырысады. 2024 жылы әкеңізге не сыйлауға болады? Төменде біле аласыздар.
Әкеңізді жаңа гаджеттермен қуантуға болады: блютуз-құлаққаптар, фитнес-сағаттар, пауэрбанкнемесе смартфонға арналған қорапша. Сол сияқты степпер тренажер, массажер, триммер, шәйнектің астына қоятын тақтайша немесе тандыр сияқты күнделікті тұрмыста қажет болатын сыйлықтар да пайдалы болуы мүмкін. Одан бөлек әкеңізге қолдан жасалған бұйымдар да әбден көңілінен шығуы мүмкін.
Фитнес-сағаттар
Ерлерге арналған фитнес сағаттар - спорттан алыс ер адамдарға да ұнауы мүмкін. Кез келген адам күніне қанша қадам жасағанын, қанша шақырым жүріп өткенін білгісі келеді. Қажет болған жағдайда,қысымды өлшеуге және қандағы оттегінің деңгейін білуге мүмкіндік беретін сағат үлгілері де бар.
Биылғы жылдың символы Жасыл ағаш айдаһар жылында жомарт болуды, қымбат әрі құнды сыйлықтар сатып алуға кеңес беріледі. Фитнес сағаттары - ересек балалар әкелеріне сыйлай алатын таптырмас сыйлық бола алады.
Смартфонға арналған қорапша
Смартфонға арналған қорапша немесе қарапайым смартфон ұстағыш - бұл әкеңізге үйде де, көліктеде қажетті нәрсе болып табылады. Құрылғы сөйлесу немесе гаджеттен видео көрген сәтте қолдың босболуын қамтамасыз етеді. Бұған қоса, қазіргі уақытта экранды үлкейтуге мүмкіндік беретін, ұстағыштардың түрлі жетілдірілген үлгілері бар, онымен тіпті фильмдерді де көруге болады.
Мұндай бюджеттік сыйлықты, тіпті, жоғары сынып оқушылары мен студенттер де әкелеріне сыйлай алады. Осындай үлгідегі сыйлықтар "Сыйлықтар мен құттықтаулар энциклопедиясының" авторы Катерина Берсеньеваның айтуынша, қымбат болмаса да, әкеге деген қамқорлық пен махаббаттың көрінісі болуы мүмкін.
Сымсыз құлаққаптар
Әдемі әрі функционалды блютуз құлаққаптар - әкеңізге арнап беруге болатын, заманауи сыйлықтың тағы бір нұсқасы. Оны үйде, жолда, серуендеуде, смартфонды немесе басқа гаджетті іске қосқан кезде қолдануға болады. Арнайы технологиямен жабдықталған заманауи құлаққаптар айналада не болып жатқанын естуге мүмкіндік береді. Сол сияқты ересек адамдар сыйға тарта алатын құлаққаптардың қымбат түрлері де болады. Мектеп оқушылары мен студенттер құлаққаптардың аса қымбат емес, үнемді нұсқаларын да таңдай алады.
Пауэрбанк
Бүгінгі заманда сұранысқа ие заттардың бірі - пауэрбанктер. Мұндай құрылғы, әсіресе жолда көп жүретін, үйден алыс сапарларға жиі шығатын ер адамдарға аса қажет болуы мүмкін. Пауэрбанкті сыйға тарта отырып, сіз әкеніңбен үнемі байланыста бола аласыз. Бұл құрылғылар түстері әр түрліболады, сондықтан оны сатып алу кезінде 2024 жылдың символы – айдаһарға (жасыл, қызыл немесе алтынның барлық реңктері) ұнайтын түстерге артықшылық беріңіз. Қара немесе қоңыр түсті пауэрбанкті сатып алмағаныңыз абзал.
Триммер
Триммер – ерлерге арналған заманауи өзін-өзі күту құрылғысы. Ересек балалар әкелеріне қырыну, шаш қиюға арналған триммерді сыйға тарта алады. Әсіресе сақал мен мұрт жіберген әкелер үшін, мұндай сыйлық таптырмас құрылғы болмақ. Триммер көмегімен әкелеріңіз заманауи үлгіде шаш қиып, сақал-мұртына күтім жасай алады.
Степпер
Әкесінің денсаулығына алаңдайтын ересектер оған жаңа жылға үй тренажеры - степперді сыйлай алады. Шағын құрылғы ағзаға баспалдақпен жүргендей жүктеме бере алады. Бұл - қалыпты кардио жаттығулар жасау, тыныс алу және жүрек-тамыр жүйесін, аяқ бұлшықеттерін күшейтудің тиімді әдісіболмақ. Ол, сонымен қатар, гиподинамиямен күресу, стрессті жеңілдету, жұмыс күнінен кейінгі шаршауды басуға көмектеседі. Тренажер дисплейінде қадамдар саны, жаттығу уақыты мен калория шығыны көрсетіледі.
Массажер-жастық
Loveable сайты ерлерге арналған сыйлықтарын таңдау бойынша көптеген пайдалы кеңес ұсынады. Ересек балалар жаңа жылға әкесіне массаж жастығын беріп, оның денсаулығының жақсаруына әсер ете алады. Мұндай сыйлық әсіресе рөлде немесе жұмыс үстелінде ұзақ уақыт жұмыс істейтін ер адамдарға пайдалы болмақ. Массажер мойын, арқаның негізгі нүктелеріне әсер етеді, бұлшықеттің шаршауын басады. Жастықты оп-оңай пайдалануға болады. Әкелеріңіз күн сайын, жұмыс күнінен кейін массажерді қосып, денсаулығын жақсарта алады.
Тандыр
Тандыр – Шығыс халықтары күнделікті өмірінде жиі пайдаланылатын ыдыс. Онда сіз кез келген сүйікті тағамыңызды дайындай аласыз: ет, палау, ысталған ет, нан немесе дәстүрлі шелпектер. Тандырда піскен тағамдардың құрамындағы пайдалы заттары, дәрумендер мен микроэлементтері, бәрісақталады. Мұндай тағамдар қуырылған тағамдарға қарағанда әлдеқайда пайдалы болып табылады. Әсіресе пикникке жиі шығатын, жазғы коттеджде тұратын жандар үшін, тандыр таптырмас сыйлық болуы мүмкін.
Кружка астына қойылатын, жылыту құрылғысы бар тақтайша
Мұндай сыйлық әкеңізге жайлы үй атмосферасын жасауға көмектеседі. Ол үшін, кішкене шыны, фарфор немесе металл ыдысқа ыстық сусын құйып, тақтайша үстіне қойыңыз. Ал USB тақтайша сусынды ыстық күйде ұстауға мүмкіндік береді. Жаңа жылға әкеге арналған мұндай бюджеттік сыйлықты жоғары сынып оқушылары мен студенттер бере алады.
Қиыршық тастардан жасалған сурет
Жаңа жылға әкеңізге арнап, өз қолыңызбен қандай сыйлық жасауға болады? Мысалы, мектеп оқушысы тастардан сурет жасап бере алады. Қиыршық тастардың суреті немесе жақтауы үшін сізге тығыз негіз (картон немесе фанера) және әртүрлі мөлшердегі қиыршық тастар, теңіз жағасындағы демалыстан жиі әкелетін теңіз қиыршық тастары қажет. Суретті өз қиялыңызға қарай, түрлі кескінде жасай аласыз.
2024 – Айдаһар жылы әкеңізге ағаштан жасалған бұйымдарды да тарту етуге болатынын айтады. Десе деотпен байланысты барлық нәрсе әкеңіз үшін қауіпті болуы мүмкін, сондықтан шамдар мен оттықтарды сыйға тартпаңыз. Сол сияқты, әкеңізге парфюмерия, дезодоранттар хош иісті заттарды да беруге кеңес берілмейді. Ер адамдар техника мен электроникаға байланысты заттарға қаттықуанатынын естен шығармаңыз. Одан бөлек, қарапайым үйде, күнделікті тұрмыста қолданылатын заттар да әкеңіздің көңілінен шығуы мүмкін екенін ұмытпаңыз.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/2048229-zana-zylga-akenizge-ne-syilauga-bolady-10-uzdik-syilyq/