Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Бақыт пен ақша: желтоқсан айына арналған қытай жұлдызнамасы

Опубликовано:

Қытай жұлдызнамасы
Қытай жұлдызнамасындағы белгілер. Көрнекі сурет: Freepik

Шығыс жұлдыз жорамалында қыстың бірінші айында белгі өкілдерін күтіп тұрған мүмкіндіктер жайлы айтылған. Бұл айда кімнің жұлдызы жарқырайды? Астрологиялық болжамды Your Chinese Astrology басылымы ұсынады.

Тышқан

Даосизм тәжірибесіне бағытталған танымал Feng Shui Mall басылымы егеуқұйрықтар желтоқсанда кикілжің мен шиеленістерге тап болуы мүмкін деп ескертеді. Мұның бәрі бәсеке жұлдызы саналатын үшінші нөмірлі нефрит жұлдызының салдарынан болмақ. Оның алдын-алуға қандай да бір хобби, қол еңбегі және үй жұмысы көмектеседі.

Бейтаныс адамдармен сөйлесуден аулақ болыңыз. Ұсақ-түйек қателігіңізге алаңдамаңыз, әріптестеріңізбен сөзге келмеңіз. Желтоқсанда махаббатыңызды кездестіру мүмкіндігі аздау. Тұрақты жұп арасында алшақтық сезімі байқалады. Өкпе-ренішті жинамаңыз, өзіңізге көбірек уақыт бөліп, медитациямен айналысыңыз.

Бұқа

Бұқа - желтоқсандағы ең бақытты белгі. Бірінші нөмірлі жеңіс жұлдызы оған керемет мүмкіндіктер ашады. Қарсыластарыңыздың айла-амалдары жоспарыңызды бұзбауы үшін өзіңізге көңіл бөліңіз. Тапсырмаларды таңдағанда ішкі түйсікке сүйеніңіз және күмәнді істерді жауапкершілігіңізге алмаңыз.

Желтоқсанда көшіп-қону, жұмыс ауыстыру, үйлену және бала туу жағдайы сәтті өтеді. Курстарға, тренингтерге жазылыңыз, пайдалы онлайн семинарларға қатысыңыз. Мақтануға болмайды, ал қолдау көрсеткендер үшін алғыс айту керек. Махаббат әлемінде көктем орнайды, денсаулық жақсара түседі.

Ноутбук пен әйел
Ноутбукпен жұмыс істеп отырған әйел. Көрнекі сурет: pixabay

Барыс

Желтоқсанда жолбарысты жағымды қарым-қатынас пен жаңа танысулар күтеді. Жұмыс пен жеке өмірде көмегі тиетін көптеген пайдалы байланыс орнайды. Ал бәрінен де көп табысқа жететіндер әріптестерінің, бастықтың немесе достарының кез келген ұсынысына келіседі. Көрмелер мен презентацияларға қатысыңыз.

Жан серігіңізбен жақын бола түсесіз, бірақ, өзгелер үшін өзіңізді құрбан етпеңіз. Желтоқсан айында шашыңыздың, теріңіздің, тырнақтарыңыздың жағдайына көңіл бөліңіз. Your Chinese Astrology астрологиялық басылымының ақпаратына сүйенсек, дәрігерге бару үшін 1 және 9 желтоқсан ең қолайлы күндер болып саналады.

Қоян (Мысық)

Қоян жылы туған адамдар асығыс қорытынды жасауға бейім. Олар мәселені тұтастай көре алмайды, бәрін бірден шешуге асығады әрі оның салдары туралы ойланбайды. World Today News жаңалықтар басылымы желтоқсан айында мұндай мінез өміріңізге қиындықтар тудыруы мүмкін екенін ескертеді.

Қоян жұмыста және жеке қарым-қатынаста қиындықтар болмауы үшін эмоциясы мен әрекеттерін бақылауы керек. Әріптестеріңізбен және достарыңызбен ашық сөйлеспеңіз. Қыстың бірінші айында табысқа жету үшін үйдегі және жұмыстағы жағдайды ушықтырмаңыз, көбірек демалыңыз.

Айдаһар (Ұлу)

2023 жыл Айдаһар үшін бақытты жыл болды. Желтоқсан да сол қалыпта болады. Жұмысыңызда қателік жібермеу үшін шешім қабылдауға асықпаңыз. Медицина, косметология, сұлулық және сән саласында жұмыс істейтін Айдаһарларды сәттілік күтеді.

Махаббатыңызды жолықтыруға, серігіңізбен қарым-қатынасыңызды нығайтуға мүмкіндік бар. Жазда немесе күзде дүниеге келген болсаңыз денсаулығыңызға назар аударыңыз. Егер күйзелістің шамадан тыс артып бара жатқанын сезсеңіз, демалыс жасаңыз, сүйікті хоббиіңізге уақыт арнап, жақын адамдарыңызбен әңгіме-дүкен құрыңыз.

Балық аулау
Қысқы балық аулау сәті. Көрнекі сурет: pixabay

Жылан

Желтоқсан айында Жыланның еңбегі бағаланып, жоғары еңбекақы төленеді. Ол өз жұмысында табысқа жетіп, беделін арттырады. Қаржылық жағдайы да жақсаруы мүмкін. Жұмыс іздеп жүргендер көп ұзамай табады әрі басшылығы мен ұжымына ұнайтын болады.

Жыландар үшін желтоқсан айында махаббатын кездестіру және некелесу мүмкіндігі жоғары. Үйлену үшін ең сәтті уақыт ай күнтізбесінің 1 және 23 күндері болмақ. Балалы болуға асықпаңыз, өзіңіз үшін өмір сүріңіз. Бір жылдық жұлдыз жорамалында Astrosage астрологиялық басылымы болжағандай қарым-қатынасы қиын жұптың арақатынасы бұзылуы ғажап емес.

Жылқы

Жылқыға тән бірбеткейлік желтоқсанда зәрлі әзілге айналуы мүмкін. Айналаға парасатты көзбен қарау керек, бірақ сезімді көрсетпеген абзал. Сонда қыстың алғашқы айында келетін барлық сыйды ала аласыз.

Қыстың басында Жылқыға түсетін жұмыс жүктемесі айтарлықтай артады. Бұл оған сенімділік пен қаржылық тұрақтылық сезімін береді. Таныстар шеңберін кеңейтуге мүмкіндік туады. Жақындарыңызбен демалысқа шығып, шаршағаныңызды басыңыз.

Ешкі (Қой)

Желтоқсан Қара су қояны жылы сияқты Ешкі үшін де сәтті ай болады. Your Chinese Astrology астрологиялық басылымының мәліметінше олар әріптестері мен басшылықтың ықыласына бөленеді. Ақша көбейеді, қарыз аз болады. Мансап қуғандар жыл бойы күткен баспалдақпен көтеріледі.

Қарым-қатынаста бәрі керемет болмауы ықтимал. Аспанның сәттілік жұлдызы Тянь Тонг ықпалымен денсаулығыңыз әуреге салмайды. Жаттығулар мен дұрыс тамақтану арқылы тонусыңызды сақтаңыз.

Фитнеспен айналысқан әйел
Фитнеспен шұғылданып жатқан әйел. Көрнекі сурет: pixabay

Мешін

Бұл ай жалықтырмайды. Мешін қыстың бірінші айында қарашадағы секілді оқиғалардың, жұмыстың, оқу мен тұлғааралық қарым-қатынастардың иіріміне түседі. Ол заңнаманы оқып, практикалық дағдыларды меңгеріп, өзін компанияға жаңадан келгендер үшін тәлімгер ретінде сынап көруі керек.

Сапарға баруды жоспарлағандар жолға шығады. Мейлінше жақын жерлерге барған дұрыс. Сүйіктіңізге айта алмай жүрген сөздер мен жинақталып қалған реніштер айтылып, бәрін анықтап алған жөн. Демалыс күндері жақсы ұйықтап демалсаңыз, денсаулығыңызда жайсыздық болмайды.

Әтеш

Қарашада атқарған еңбектің жемісі желтоқсанда да жалғасын табады. Өнімділік деңгейі өте жоғары болады. Айлар бойы тоқтап тұрған істеріңізді аяқтай аласыз. Қораз өз еңбегі үшін алатын сыйға риза болады.

Жеке өмірде қыңырлық жақсылық әкелмейді. Икемділік танытыңыз, мұны сүйіктіңіз бағалайды. Бойдақтардың өмірінде жаңа адам пайда болады. Жұмысыңызға да, қарым-қатынасқа да күшіңіз жетсін десеңіз, дәрумендер қабылдаңыз және күйгелектенбеңіз.

Ит

Дұшпанымен тіл табысып, туған-туыстарымен қарым-қатынасын жақсартқысы келген жандарды желтоқсанда қуаныш, сәттілік пен сыйлықтар күтеді. Ұжымда қолдау мен құрмет көрсету атмосферасы орнайды. Отбасында ортақ жоспарлар жасалады және жақын араласатын адамдар арасында жиі мереке ұйымдастырылады.

Ең басты кеңес ретінде мынаны естен шығармаңыз: сөзіңізді бақылаңыз, уәделеріңізді желге ұшырмаңыз. Бұл сүйіктіңізбен қарым-қатынасыңыз үшін өте маңызды. Буындарыңыздың саулығына назар аударып қойыңыз.

Сүйкімді жұп
Сүйкімді қыз бен жігіт. Көрнекі сурет: pixabay

Доңыз (Қабан)

Желтоқсанда қарашадағы қарбалас басылып, тыныштық пен қолайлы кезең басталады. Доңыздың күз соңында жасауға тиіс ісінің бәрі артығымен орындалады. Жұмыста бастығыңыз екеуіңіздің араңызда маңызды әңгіме күтіледі. Өткен айдың нәтижесі бойынша сыйақы және алғыс хат берілуі мүмкін.

Жеке және отбасылық өмірде бәрі тыныш болады. Тазалық жұмысын, зат сатып алу және тамақ пісіруді отбасының басқа мүшелеріне тапсырыңыз. Уақытты сыртта көбірек өткізуге тырысыңыз. Жаяу жүру ұйқыңызды жақсартады.

2023 жылдың желтоқсан айына арналған қытайлық жұлдыз жорамал барлық белгі үшін мол мүмкіндікті уәде етеді. Бұл айда бақытты жандардың қатары көбейеді. Бақытты сәтіңізді уыста ұстау үшін осыны ескеріңіз.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/2048662-baqyt-pen-aqsa-zeltoqsan-aiyna-arnalgan-qytai-zuldyznamasy/

pixel