Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

2023 жылдың желтоқсан айына арналған махаббат жұлдызнамасы

Опубликовано:

Жүрекше мен раушан гүлдері. Көрнекі сурет
Жүрекше мен раушан гүлдері. Көрнекі сурет: pixabay.com

Желтоқсан – сыйлықтар мен ғажайыптар айы. Бұл айда жұлдыз белгілерін жеке өмірде не күтіп тұр? Желтоқсан айына арналған махаббат жұлдызнамасын астролог Кайли Томас ұсынады.

Тоқтылар

Желтоқсан айында Торпақтар сөзге шебер болады. Sun Signs астрологиялық басылымының хабарлауынша, жалғызбасты Торпақтар тартымды болып, өзгелердің назарын өзіне аударатын болады. Айдың басы отбасылық өмірге және жас жұптарға сыйластық әкеледі.

Торпақтарға арналған желтоқсан айының махаббат жорамалы қандай? Бұл ай бірге демалу, жоспарқұру және бюджетті тиімді басқару үшін тамаша кезең болмақ. Таразыларға Шолпанның түсуі арқылы, тіпті ең қырсық адамдардың өзі бұл айда дипломаттарға айналады деген болжам бар.

Торпақтар

Жер белгісінің махаббатқа қатысты мәселесі мың құбылуы мүмкін. Жұмыста және үйде қызық жағдайлар орын алып, Торпақтарды ол тура жолдан тайдыруы мүмкін. Десе де оларға Марс оң әсеретіп, бәрі орнымен, қалыпқа келетін болады. Басты кеңес: жұбыңызды ренжітпеңіз және қыспаққа алмаңыз.

Соңғы ай Торпақтар үшін – қорытынды жасау және өзін-өзі іздеу айы болуы мүмкін. Бұл махаббат саласына оң әсер ететіні сөзсіз. Мәселен, жылдап кездесіп жүрген жұптар некеге тұру немесе ажырасу туралы шешім қабылдайды. Ал, басы бос Торпақтар айдың екінші жартысында өз махаббатарын кездестіреді.

Неке жүзігі. Көрнекі сурет
Неке жүзігі. Көрнекі сурет: pixabay.com

Егіздер

Желтоқсан айына арналған Егіздер үшін махаббат болжамы қандай? Жылдың басында астролог Джессика Адамс Егіздерге биылғы жыл саяхат жылы болатынын ескерткен еді. Желтоқсанның белсенді болуына қарамастан, олар жұмыс істеп қана қоймай, жақындарымен кездесіп, саяхаттайтын болады.

Сөйтіп, жұмыс барысында олар болашақ жарларымен танысуы мүмкін. Желтоқсан айының ортасындаЕгіздерде меланхолия пайда болуы мүмкін. Десе де күйеуіңізбен немесе әйеліңізбен қарым-қатынастыосы үшін бұзып алмағаныңыз жөн. Желтоқсанның соңына дейін жақындарыңызға барынша көңіл бөліңіз. Сондай-ақ, бу массажына, спа-ға барыңыз. Жұбыңызбен ортақ хоббидің арқасында бірге уақыт өткізіп, көңіл бөліңіз.

Шаяндар

Ай, Шаяндарды билей отырып, 22 желтоқсанда Юпитермен бірігіп, бұл белгінің қарым-қатынасын барынша жақсы жаққа өзгертеді. 27 желтоқсанда болатын Айдың толуы Шаяндардың неден қорқатынын көрсетеді. Сондықтан сүйіктіңізбен қарым-қатынасыңыздың болашағын талқылап, оның қорқынышын сейілтуге тырысыңыз. Егер жақын адамыңызға деген сезім басылған сияқты болса, онда арадағы сезімді күшейтудің уақыты келді деп есептеңіз.

Love Horoscope World махаббат жұлдыз жорамалдарының сайты Шаяндардың махаббат оқиғалары шытырманға толы болатынын болжайды. Екінші үйлену тойын да ұйымдастырсаңыз да болады. Таразыдағы Шолпанның әсері ара қатынасына ықпал етуі мүмкін: күтпеген жерден махаббаттыңызды табасыз немесе шетелдік азаматтарментанысасыз.

Арыстандар

22 желтоқсанда болатын желтоқсан күннің қысқарып, түннің ұзаруы Арыстанның жеке өміріне әсер етуі мүмкін. Белгінің билеушісі саналатын Күн, бұл белгінің сүйкімді етіп, армандарының орындалуына себепкер болады. Арыстандар үшін желтоқсанға арналған махаббат жұлдыз жорамалы қандай?

Ол өміріңізге кері әсер еткен адамдар мен жағымсыз жағдайлардан арылуға көмектеседі. Арыстандардың қаржылық жағдайы жақсарып, ол жақын адамдарына қымбат сыйлықтар сыйлай бастайды. Сондықтан демалысқа жұбыңызбен бірге барыңыз. Ал, басы бос Арыстандар саяхатқа аттанып, өз жұбын кездестіруі әбден мүмкін.

Қыста тауға шыққан жұп. Көрнекі сурет
Қыста тауға шыққан жұп. Көрнекі сурет: pixabay.com

Бикештер

Астролог Кайли Томас 2023 жылды бикештің жеке өмірі үшін маңызды кезең екенін еске салады. Ол осы жыл ішінде отбасындағы келіспеушіліктерді шешіп, желтоқсан айында оның нәтижесін көребастайды. Сүйіктіңізбен ортақ шешімге келесіз. Бикештердің өз жұптарына деген махаббаты күшейе түседі. Ал, берекесі қашқан ара қатынас тоқтайтын болады. Бикештер болашақ жұбайын өзінің ескі досы, құрбысынан көретін болады. Сол сияқты отбасылы жандардың некесі күшейе түспек.

Айдың екінші жартысы – Бикештер үшін даму кезеңі болмақ. Сондықтан, сұлулығыңызға мән беріп, басқалардың назарын өзіңе аударуға тырысыңыз. Таңдау жасауға асықпаңыз. Желтоқсанға арналған махаббат жұлдызнамасы Таразыларға, келер жылы отбасылық өмірде бақытты өмір сүруі үшін, желтоқсанда жұбыңызға жұмсақ әрі мұқият болуға кеңес береді. Бұл айда сіздер даму менқұлдырауларды бірге еңсеретін боласыз. Бұрынғы адамдармен татуласыңыз, бірақ бұл қарым-қатынасқа екінші мүмкіндік бермегеніңіз жөн.

Таразылар

Отбасылық өмірде бәрі жақсы болады. Таразы ортақ бизнес ашып, ата-ана атанады. Айдың ортасы –Таразылар үшін, ең жарқын кезең болмақ. Басы бос жандар өз сүйіктілерін кездестіреді. Жұмысыңызда артық сөз болмауы үшін, қызметте жаңа романдарға жол бермеңіз.

Сарышаяндар

Astrology астрологиялық порталы Сарышаяндар үшін, желтоқсан айы шытырмандарға толы болатынын айтады. Негізгі міндет - мансап пен жеке өмірдегі тепе-теңдікті табу болмақ. Желтоқсанның алғашқы күндері отбасы мен кездесулер кезеңі болуы тиіс. Бұл айда ескі ара қатынасты қалпына келтіру немесе жаңа адаммен кездесу мүмкіндігі зор.

Бірлескен демалыс, Сарышаяндар үшін, сүйіктілерімен арадағы келіспеушіліктерді шешуге мүмкіндік береді. Айдың екінші жартысы сыртқы келбетіңізге көңіл бөлуге мүмкіндік береді. Образыңызды өзгертсеңіз, міндетті түрде жаңа адамды кездестіретін боласыз. Айдың үшінші жартысында сүйіктіңізге өз сезіміңізді білдірсеңіз болады.

Қол ұстасқан жұп. Көрнекі сурет
Қол ұстасқан жұп. Көрнекі сурет: pixabay.com

Мергендер

Мергендердегі ретроградты Меркурий 13 желтоқсаннан басталатын Жаңа Ай жеке өмірге әсер етуі мүмкін. Мергендерді желтоқсан айында махаббатта не күтіп тұр? Жеке өмірге қатысты асығыс шешімдер, Мергендерді шытырман оқиғаларға әкеп соқтыруы мүмкін. Сондықтан, ұзақ және терең байланысқа назар аударғаныңыз жөн.

Айдың ортасында жаңа адамды кездестіріп, оған ғашық болып қалуыңыз мүмкін. Корпоративті кештегі әріптеспен қарым-қатынас ерлі-зайыптылардың ара қатынасын бұзуы мүмкін. Арадағы сезімді үшін, сүйіктіңізге үй шаруасымен көмектесіңіз. Ал, басы бос Мергендер Жаңа Жылды бірге қарсы алатын адамды кездестіретін болады.

Тауешкілер

13 желтоқсан мен айдың соңына дейін ретроградты Меркурий кезеңі болады. Отты Мерген белгісінен,ол Тауешкі сияқты жер белгісіне өтетін болады. Бұл күні Мергеннен Тауешкіге ауысатын жаңа ай туады. Бұл құбылыс Тауешкілердің махаббат саласына әсер ететін болады. Тауешкілерді отбасында сыйластық пен үйлесімділікті күтеді. Сондықтан, үй шаруасына серігіңізге көмектесіп, тәкаппарлықтан бас тартқаныңыз абзал. Мергендердегі отты Марс сезімді білдіруге қолайлы кезең болмақ.

Суқұйғыштар

Желтоқсан айы бойы ауа белгісі ғашықтық күйінде болады. Сондай-ақ, некедегі жұбыңызбен рухани байланыс нығая түседі. Басы бос адамдар өз тағдырын жұмысқа барар жолда немесе ерекше жерде кездестіреді.

Суқұйғыш үшін желтоқсанға арналған махаббат болжамы қандай? Белгінің өзін-өзі бағалауы арта түседі. Түрлі эксперименттер олардың имидждің жақсаруына әсер етеді. Желтоқсан айының басында жаңа іскерлік байланыстар пайда болады. Олардың арасында жаңа ғашығыңыз да болуы мүмкін. Дәмді тағамдар мен шопинг көңіл-күйді жақсартуға және сіздің дамуыңызға көмектеседі.

Қол ұстасқан жұп. Көрнекі сурет
Қол ұстасқан жұп. Көрнекі сурет: pixabay.com

Балықтар

Балықтардағы Сатурн 7 наурызда басталып, жылдың соңына дейін жалғасады. Ол белгінің эмоционалды күйіне әсер ететін болады. Өз эмоцияңызды бақылауға алып үйреніп, жұбыңыздың бойындағы артықшылықтар мен кемшіліктерін көруді үйреніңіз. Бойыңыздағы қызғаныш пен агрессияны басыңыз, ол сіздің отбасыңыздың ойранын шығаруы мүмкін. Таразыдағы Шолпан планетасы, сізге сүйікті адамыңыздың бойынан жаңа қырларын көруге көмектеседі. Оны бағалай білсеңіз, ара қатынасыңыз жаңа деңгейге көтеріледі.

Жылдың соңын сәнді мерекемен аяқтаңыз. Мереке барысында тағдырыңызды өзгертетін таныстық орын алуы мүмкін. Желтоқсан махаббат саласында қызықты оқиғаларға толы ай болады деп күтілуде. Көптеген белгі татуласып, өз махаббаттарын кездестіреді, қарым-қатынасыңыз жаңа деңгейге өтеді. Жұлдыз жорамалының кеңестері сізді қателіктерден аулақ болуға көмектеседі.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/2049300-2023-zyldyn-zeltoqsan-aiyna-arnalgan-maxabbat-zuldyznamasy/

pixel