Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ғажайыпқа толы қыс: түрлі жастағы балаларға арналған қыс мезгілі туралы қызықты ертегілер

Опубликовано:

Жаңа жылдық шырша түбіндегі отбасы. Көрнекі сурет
Жаңа жылдық шырша түбіндегі отбасы. Көрнекі сурет: pixabay.com

Қыс мезгілінде балалар да, ересектер әлдебір ғажайыпты күтетіні жасырын емес. Мұндай таңғажайып күйді қысқы балалар ертегісін оқып, сезінуге болады. Балалармен бірге қандай қызықты кітаптарды оқуға болады? Төменде біле аласыздар.

Қыс жайлы қандай ертегілер бар?

Балалармен бірге Роб Скоттонның "Қозы Рассел және рождестволық ғажайып", Ульрике Мотшиунигтің "Түлкі Жаңа жылды қалай қарсы алды", Брайан мен Синтия Патерсонның "Қысқы ормандағы ғажайыптар", Барбара Ридтің "Рождество алдындағы түн", Маргарет Уайз Браунның "Рождествоға арналған шырша", Ганс Христиан Андерсеннің "Жыл тарихы", Ульф Старктың "Кішкентай махаббат хикаясы" және т.б. қызықты туындыларды оқуға болады.

Роб Скотттонның "Қозы Рассел және рождестволық ғажайып" ертегісі

Бұл ертегіде қарапайым қозы Рождество ғажайыбының куәсі болады! Қалай? Аяз Ата отты орманның үстінен ұшып бара жатқанда шанасын сындырып алады екен.

Егер Рассел қозының ерлігі болмаса, Рождество болмай, барлық балалар сыйлықсыз қалатын еді. Ол Сантаға сиқырлы орманнан шығуға көмектесетін көрінеді. Осыдан кейін Санта қозыға Рождестволық ғажайыпты көрсетіп, олар бірге сыйлықтар таратуға аттанды. Олардың соңғысын Санта Расселге береді. Бұл кішкентай шыны шар еді.

Бұл 2-5 жас аралығындағы балалар үшін таңғажайып қысқы ертегі. Оны ата-аналар балаларына оқып бере алады. Ертегіні оқуды енді үйрене бастаған 6-7 жастағы балалар да оқи алады. Олар Расселмен және басқа да мейірімді кейіпкерлермен өздері, ертегіні оқу барысында таныса алады. Кітапта мәтін аз және көптеген иллюстрациялық суреттер бар.

Ульрике Мотшиунигтің "Түлкі Жаңа жылды қалай қарсы алды" ертегісі

Балаңыздың қарды алғаш көргендегі таңданысы, қуанышы мен эмоциясы есіңізде ме? Австриялық жазушы Ульрике Мотшиуниг бұл эмоцияларды кішкентай түлкі арқылы жеткізеді. Бір күні ол,шұңқырдан үлпілдеген қармен жабылған орманның өзгергенін көреді. Ол оны нағыз ғажайыпқа балайды!

Кішкентай түлкі бұл мереке туралы ештеңе білген емес. Мерекені қалай атап өтуге болады және сыйлықтарды кім таратады? Түлкі бұл туралы орман тұрғындарынан сұрап біледі. Ол барлығын Жаңа Жылды бірге қарсы алуға шақырады.

Ульрике Мотшиунигтің ертегісі 3-7 жастағы балаларға арналған. Автор осы туындысында кішкентайбалаларға мерекенің ерекшеліктерін таныстырса, ересектерге жаңа жылдық көңіл-күй.

Брайан және Синтия Патерсон: "Қысқы ормандағы ғажайыптар"

"Қысқы ормандағы ғажайыптар" - бұл үш қызықты әңгімеден тұратын жинақ:

  • "Түлкі орманындағы ұрлық";
  • "Түлкі орманындағы шытырман оқиғалар";
  • "Сиқырлы шана".

Ру қояны, Харви атты тышқан және Вилли атты кірпі түрлі көңілді оқиғаларға тап болады. Мәселен, бірде Генри егеуқұйрығын ұрлап әкетіп, достары оны құтқару жоспарын құрса, енді бірде олар жаңа жылдық және Рождестволық сыйлықтар сатып алу үшін монеталар табуы керек екен.

Нағыз Сантаны көруді кім армандамайды? Рождество қарсаңында олардың арманы орындалады! Олар ұша алатын сиқырлы шана киіп, оған қонаққа барады. Жаңа жылдық әңгімелер 4-7 жастағы балалардың көңілінен шығатыны сөзсіз. Бұл ертегілерді суретші Брайан Паттерсон ашықхат дизайнері болып жұмыс істеген кезде және оның әйелі Синтия ойлап тапқан. Синтия ертегілерді жазса, ал Брайан сурет салған. Олардың мұндай ғажайып туындыны өмірге әкелулеріне, кішкентай ұлдары себеп болған.

Барбара Ридтің "Рождество алдындағы түн" ертегісі

6 жастағы балаларға арналған қысқы ертегілер қандай болуы мүмкін? Бұл жасқа Барбара Ридтің "Рождество алдындағы түн", Маргарет Уайз Браунның "Рождествоға арналған шырша", Ганс Христиан Андерсеннің "Жыл тарихы" ертегілерін жатқызуға болады. "Рождество алдындағы түн" кітабынжарыққа шығару үшін, үш көрнекті автор қалам тербеді: америкалық ақын Клемент Кларк Мур, пластилин кескіндемесінің шебері Барбара Рид, аудармашы және жазушы Леонид Яхнин.

Осылайша, дүниеге керемет графика және бедерлі пластилин суреттерімен суреттелген кішкентай тышқандар туралы әсерлі сиқырлы оқиға келді. Кішкентай тышқандардың өмірінің суреттері сиқырға толы болды. Олар Рождествоға дайындалып, үйін безендіреді, сондай-ақ жақсылыққа сеніп, ғажайып күй кешеді. Барбара классикалық Рождестволық өлеңді қайта жандандырып, оны әзілмен көркемдеуге тырысады. Ойын-сауықтан басқа, ертегі балаларда эмоционалды сезімталдықты, көркемдік талғам мен шығармашылық ойлауды қалыптастыруға көмектеседі.

Маргарет Уайз Браунның "Рождествоға арналған шырша" ертегісі

Балалармен бірге ересектердің өзі Жаңа жылда армандар орындалады және мүмкін емес нәрсе мүмкін болады деген пайымға қатты сенеді. Мұндай оқиға желісі америкалық жазушы Маргарет Уайз Браунның ХІХ ғасырдағы хикаялар желісінде суреттелген. Ертегі сюжеті махаббат, қуаныш, сыйластықжәне алғыс айту тақырыбында өрбиді, деп хабаралйды Biblio lifestyle. Ертегіде кейіпкерлер ғажайыпқа еніп, түрлі мерекелік ғажайыптардың куәсі болады.

Мәселен, сырқат бала Рождествода шыршамен кездесуді армандайды, бірақ ол өздігінен жүре алмады. Ал, алыста, орман шетінде жалғыз шырша өсіп тұрған еді. Баланың әкесі оны қазып алып, үйіне алып келіп, күтіп, баптап, екі жалғыз осылайшакездеседі екен. Көктемде шыршаны орнына қойса, қыста оны қайтадан үйге әкелетін болған. Бұл оқиға нағыз Рождестволық ғажайып болғанға дейін жалғасқан. Джима Ламаршаның керемет иллюстрациялары үміт, жарық және қуаныштың не екенін кішкентай оқырман назарына тамаша жеткізе білген. Ертегі балалар мен ересектерді жанашыр болуға, басқаларға жақсылық жасауға және ғажайыптарға сенуге шақырады.

Ганс Христиан Андерсеннің "Жыл тарихы"

Бұл философиялық ертегінің басты кейіпкері - жыл мезгілдерінің өзгеруімен түрленіп отыратынтабиғат болып табылады. Бірде қария торғай Жаңа жыл көктеммен бірге келетінін байқайды. Ал көктем - бұл аист құстары келген кезең. Бірде олар екі баланы — ұл мен қызды алып келеді. Балалар табиғатпен бірге өсіп жатады. Жазда олар ересек ер мен әйелге айналады. Қыс келгенде әйелі ұйқығакетеді. Ал оның күйеуі, қария жаңа бәйбішені күтеді.

"Бұл қыс, былтырғы ескі патша. Күнтізбе айтқандай, ол әлі өлген жоқ және жас ханзада, көктем келгенге дейін патша болып отыра береді", - деп түсіндіреді торғай "Жыл тарихы" ертегісінде. Шығарма 6 жас және одан үлкен балаларға ұсынылады, бірақ оны жасөспірімдер мен бірге ересектерде оқи алады.

Ересектерде оны оқығаннан кейін олар көп нәрсеге қабілетті деген сезім пайда болады, сондықтан ертегі адамды санасын өзгертеді, дейді психология ғылымдарының докторы, "Ертегі терапиясындағы психологтың жұмысы" еңбегінің авторы Оксана Зачиринская. Балалар мен ересектер ертегіні оқи отырып, ғажайыптарға сене бастайды, дейді туынды авторы.

Ульф Старктың "Кішкентай махаббат хикаясы"

Бұл кітап Рождество қарсаңында ғашық болған швед баласы Фредтің махаббаты туралы ертегі. Фред пері әйелімен кездеседі. Сөйтіп күтпеген жерден оның әкесі соғыстан келіп, өзімен бірге бір қап тәттілерді алып келеді. Содан анасының көңілі жадырап шыға келеді. Фред мұның бәріне өзіне берілген сиқырлы қуаныш күшінің көмегімен жетеді. Эльза Фредке айна сыйлайды, ол оған қараған кезде кімді жақсы көретінін көре алады екен. Қысқа арналған керемет кітап жаңа жылдық көңіл-күй сыйлайды. Ол 10-13 жастағы балаларды да қуантатыны сөзсіз.

Қыс – ғажайыптар үшін тамаша кезең, ал қысқы ертегілер – олардың жүзеге асыруға керемет мүмкіндік болмақ. Сондықтан ыңғайлы орынға отырып, аталған топтамадағы кітаптың бірін таңдап,балалармен бірге сиқыр әлеміне сапар шегіңіз.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/2049502-gazaiypqa-toly-qys-turli-zastagy-balalarga-arnalgan-qys-mezgili-turaly-qyzyqty-ertegiler/

pixel