Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

2023 жылдың желтоқсан айына арналған жұлдыз жорамал: кімді қандай тосынсый күтіп тұр

Опубликовано:

Қуанған қыз
Шамдарға қарап тамсанып тұрған қыз. Көрнекі сурет: pixabay

Жылдың соңы – барлық істің нәтижесін қорытындылайтын маңызды кезең. Әрбір белгі өкілін қандай тосынсыйлар күтіп тұр? Желтоқсан айы қалай өтеді? Қыстың бірінші айына қатысты жұлдыз жорамалды астролог Стеф Койфман ұсынады.

Тоқты

Астролог Стеф Койфманның айтуынша, желтоқсан айы кәсіп бен мансап үшін қолайлы болмақ. Бұған оныншы үйдегі Меркурий себепкер болады. Айдың 13 жұлдызынан бастап осы кезге дейін қолыңыз тимей жүрген істерді аяқтаңыз.

Тоқтылар үшін желтоқсандағы жұлдыз жорамал қандай? Айдың бастапқы екі онкүндігі табысты әрі өнімді болады, бірақ 20 желтоқсаннан кейін Тауешкідегі ретроградтық Меркурий жоспарларыңыздың жүзеге асуын баяулатады. Айдың алғашқы күндерінде негізгі міндеттерді орындап, нәтижесін ай соңында күтіңіз. Желтоқсанда сүйіктіңізді ата-анаңызбен таныстырыңыз. 31 желтоқсанға дейін табиғат аясында демалыңыз, моншаға барыңыз.

Торпақ

Астролог Нина Канның айтуынша, 1 желтоқсаннан бастап Тауешкідегі Меркурий оның жұмысқа орналасуына ықпал етеді, ал 4 желтоқсаннан бастап Сарышаяндағы Венера романтикалық қарым-қатынасты тереңдете түседі. Күш-қуатыңызды махаббат пен еңбекке жұмсаңыз, сонда желтоқсан айы сәтті әрі мазмұнды өтеді.

Айдың бірінші жартысы тыныш әрі ырғақты өтеді, ал ай ортасында қаржы мен мансапқа байланысты қиындықтар туындайды. Қарыздың өтелуін және ата-анадан сыйлықтар күтіңіз. Жұтқыншағыңыздың саулығына мән беріңіз.

Сыйлық ұсыну
Ер мен әйелдің сыйлық ұсыну сәті. Көрнекі сурет: pixabay

Егіздер

Егіздер

Sun Signs басылымының мәліметінше желтоқсанда Егіздердің романтикалық қарым-қатынасы жақсы жаққа өзгереді. Егіздер үшін 2023 жылдың желтоқсан айына арналған жұлдыз жорамал қандай? Бойдақтар жарасымды жұбын табады, ерлі-зайыптылардың қарым-қатынасы нығаяды. Денсаулығыңыз жақсы болады, ал кіріс көзі ең жақсы сыйлықтарды таңдауға мүмкіндік береді.

Егіздер мансап жолындағы өседі және ұжымдағы беделі артады. 20 желтоқсанға дейін біршама қиындық тудыратын жұмыс көп болады. Медитация және су процедуралары арқылы тыныққаныңыз дұрыс.

Шаян

Астролог Кайли Томас Шаянды шым-шытырық желтоқсан күтетінін айтады. Меркурийдің ретроградтық кезеңі романтикалық және іскерлік қарым-қатынасқа әсер етеді. Ескі таныстар моральдық және материалдық қарыздарын өтейді.

Марс және 12 желтоқсандағы жаңа туған Ай сіздің өміріңіздің жақсы жаққа өзгеруіне әсер етуі мүмкін. Шаяндар денсаулығы мен қаржылық жағдайының жақсарғанын байқайды. 4 желтоқсаннан 29 желтоқсанға дейін Венера құмарлықты оятып, бет-бейнені өзгертуге ықпал етеді. Шаяндағы толық Ай (26 күні) мақсатыңызға жетуге әсерін тигізеді.

Маска таққан әйел
Бетперде тағып алған әйел. Көрнекі сурет: pixabay

Арыстан

Sky Horoscope астрологиялық басылымы Арыстандар үшін желтоқсан жұмысы аз, ойын-сауығы көп жағымды ай болатынын жазады. Арыстандар үшін 2023 жылдың желтоқсан айына арналған жұлдыз жорамал қандай? Олар алдағы мерекелерге дайындалып, жыл қорытындысына риза болады. Балаларыңызға және отбасыңызға уақыт бөліңіз, өйткені Суқұйғыштағы Сатурн жақын адамдарыңызбен қарым-қатынасыңызды нығайтуға көмектеседі. Бойдақ Арыстандар шынайы махаббатын кезіктіреді.

Желтоқсанның бірінші жартысында физикалық жағынан белсенді болмаңыз және көшеге шықпаған дұрыс. Арыстандар өкпе ауруларына бейім болады, сондықтан иммундық жүйеңізді күшейтіңіз.

Бикеш

Бикештің өмірі қарбаласқа толы және маңайында ашулы адамдар да бар. Ол желтоқсан айын көңілді бастайды, бірақ жағымсыз ортадан шаршауы да ғажап емес. Дау-дамайға күш жұмсамау үшін өзіңізді алшақ ұстаңыз. Өзіңізге және сүйікті адамдарыңызға уақыт бөліңіз. Денсаулығыңызға назар аударыңыз, аяғыңызға суық тиюден әлсіздік болуы мүмкін. Дәрумендер мен сүйіктіңіздің қамқорлығы сізді қайта қалыпқа келтіреді.

Мансап жолында кеңістік ашылады. Барлық ұсынысқа келісуге асықпаңыз, қаңтардың бірінші онкүндігіне дейін үзіліс жасаңыз. Қаржы жағдайы тұрақты болады.

Таразы

Таразылар үшін 2023 жылдың желтоқсан айына арналған жұлдыз жорамал қандай? Astrologyk басылымында белгі өкілдеріне алдын-ала жоспар құруға кеңес берілген. Таразылар бастаған жобаларын уақытында аяқтайды және ақшалай сыйақыға ие болады. Әріптестеріңізбен сөзге келмеңіз. Мансаптағы сәттіліктің шыңы Айдың толған кезінде болады.

Айдың аяғында шаршай бастайсыз. Күшіңізді қалпына келтіріңіз, дәрумендер қабылдаңыз және демалысқа шығыңыз. Таразыдағы Венера махаббаттағы дағдарыстық жағдайлардан аулақ болуға көмектеседі. Тауешкідегі Меркурий сізді сатып кететін адамдарды өміріңізден алыстатып, достарыңызбен байланысыңызды нығайтады.

Сарышаян

Дүйсенбі, 2 желтоқсанда Венера сіздің белгіңізге енген сәтте сүйіктіңізбен бірге демалыңыз. Егер бойдақ болсаңыз, кездесуге барыңыз. 6 желтоқсаннан бастап өзіңізге және жақындарыңызға сыйлық алыңыз.

12 желтоқсанда Мергенде жаңа Ай туған кез еңбекақыны көтеру мен мансап бойынша өсу үшін тамаша күн болмақ. Басшыларыңызбен кездесуге жазылыңыз. 26 желтоқсанда демалыс алып, ол күнді өзіңізге арнаңыз. Тәніңіз бен миыңызды СПА арқылы қуаттау денсаулығыңызды жақсартады.

Йогамен айналысқан әйел
Жағалауда йогамен шұғылданып отырған әйел. Көрнекі сурет: pixabay

Мерген

Мергендер үшін 2023 жылдың желтоқсан айына арналған жұлдыз жорамал қандай? Айдың бірінші аптасында Нептун сізді бір жылға арнап үлкен жоспар құруға және туыстарыңызбен қарым-қатынасты қайта қарауға мәжбүр етеді. Сейсенбі, 12 желтоқсанда (жаңа Ай туған сәт) ескі әдеттер мен сізді артқа сүйрейтін адамдардан бас тартыңыз.

Меркурий ретроградтық кезеңде болған кезде маңызды құжаттарға қол қоймаңыз. 21 желтоқсаннан бастап жұмысыңызда, хобби мен білім алу бойынша табысқа жете аласыз. 30 желтоқсанда Юпитер тікелей қозғалыста болған кезде тілек тілеп, өзгелерге сыйлықтар беріңіз.

Тауешкі

6 желтоқсаннан бастап қарым-қатынас үйіндегі Нептун бастықтармен келісімге келуге көмектеседі. Көрген түсіңіз бен ішкі түйсікке мән беріңіз, бұл сізге ақша табуға мүмкіндік береді. 12 желтоқсандағы Меркурийдің ретроградтық кезеңі бизнестен үзіліс жасауға және отбасылық өмірге мән беруге септігін тигізеді. Мерекелерге дайындалыңыз, сыйлықтар таңдаңыз. Шаяндағы толық Ай (26 желтоқсан) махаббатыңызды іздеуге, көңіл көтеруге итермелейді.

Мергендегі Венера (29 желтоқсан) сізге демалыстың құндылығын үйретеді, тіпті ауруханада ем қабылдауыңыз да мүмкін. Бір күн демалыс алып, дәрігерге қаралған дұрыс.

Суқұйғыш

2023 жылдың желтоқсанында Суқұйғыштарды не күтіп тұр? Желтоқсанның бірінші онкүндігінде Сатурн қарым-қатынас үйінде болғанда достарыңызбен және отбасы мүшелерімен бірге болыңыз. Бұл кезең байланыс аясын кеңейту және қамқоршы адамыңызды табатын уақыт. Қаржы жағдайы алаңдатпайды, алдағы мерекелерге арнап сыйлықтар алу үшін ақша жеткілікті болады.

Жаңа жыл қарсаңында сіз үшін әлемді төңкеруге дайын адамды кездестіруіңіз ықтимал. Көптеген Суқұйғыш өкілі 2024 жылы үйленуі мүмкін. Егер сіз ауырсынуды және бұлшықеттің құрысуын сезсеңіз, массажға барыңыз және тамақтану мәзіріне микроэлементтерді қосыңыз.

Лимон және дәрілер
Лимон және қасыққа салынған дәрі-дәрмек. Көрнекі сурет: pixabay

Балықтар

2 желтоқсаннан бастап Сарышаяндағы Венера сізді жағымсыз адамдармен қарым-қатынас орнатудан бас тартуға мәжбүр етеді. Балықтардағы Нептунның ретроградтық кезеңі жұмыс пен оқудағы басымдықтарды өзгертеді. Бұл - мамандығыңызды өзгертуге және даму векторына қолайлы сәт.

Ең табысты әрі пайдалы күн ретінде 12 желтоқсанды айтуға болады. Жұмыстан және отбасыңыздан сыйақы және сыйлық түріндегі марапаттар аласыз. 21 желтоқсаннан бастап достарыңыз бен туыстарыңызға қонаққа барыңыз, оларды үйіңізге шақырыңыз. Жаңа жыл қарсаңында косметолог пен стилистке барыңыз, имиджіңізді өзгерту сәтті болады.

Желтоқсанда қорытынды жасап, жоспар құратын кез келеді. Көптеген белгі өкілі бұл айға риза болады. Жылдың соңында жарқырап жүру үшін жұлдыз жорамалының кеңестеріне назар аудару артық етпейді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/2049538-2023-zyldyn-zeltoqsan-aiyna-arnalgan-zuldyz-zoramal-kimdi-qandai-tosynsyi-kutip-tur/

pixel