Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Желтоқсандағы магнит дауылы: адамдарға әсері қандай

Опубликовано:

Ноутбук алдында отырған әйел
Ноутбук алдында шаршап отырған әйел. Көрнекі сурет: pixabay

Күннің белсенділігі адамдарға әр түрлі әсер етеді. Еш себепсіз көңіл-күйдің өзгергенін және әлсіздікті байқасаңыз, мұның магнит дауылымен байланысы болуы мүмкін. Астроном Тарик Малик ұсынған магнит дауылдарының күнтізбесіне назар аударыңыз.

Магниттік дауылдардың пайда болуының себептері

Жердегі ғарыштық ауа райы дегеніміз Күн мен Күн жүйесінің әсерінен Жер атмосферасының жоғарғы қабаттарындағы болатын құбылыстар. Магниттік дауыл ғарыштық ауа райының белгілі факторларының бірі болып саналады.

Магниттік дауыл дегеніміз не? Магниттік дауыл деп жердің геомагниттік өрісіндегі (магнитосфера) күшті бұзылысты атайды. NASA мәліметтері бойынша олар магнитосфера арқылы адамдарға, объектілерге және құбылыстарға күн сәулелерінің (Күн бетіндегі алаулар) және күн желдерінің (ионданған бөлшектердің ағындары) әсерінен туындайды.

Магниттік дауылдардың денсаулыққа әсерінен басқа мынадай мәселелер болуы мүмкін:

  • Навигациялық жүйелер мен радиобайланыс ақауы.
  • Электр желілеріндегі кернеуді реттеу мәселелері.
  • Электр қуатын авариялық жағдайда өшіру жүйелерін іске қосу.
  • Құрылғылар мен жүйелердің жұмысындағы ақаулар.
  • Поляр шұғыласының күшеюі немесе оның бұрын болмаған жерде пайда болуы.
  • Ғарыш аппараттары мен спутниктер жұмысының бұзылуы. Осыған орай наурыз айында ғарыштық зымыран өндірушілер кезекті ұшыруды кейінге қалдырған еді.

Магниттік дауылдардың әсерін бақылау үшін ресми агенттіктер (NOAA, TESIS) жұмыс істейді. Олардың зерттеулері негізінде алдағы екі-үш айға арналған магниттік дауылдардың болжамы жасалады. Ресми агенттіктерден басқа еріктілер тобы модераторлық ететін бельгиялық SpaceWeatherLive сияқты тәуелсіз ресурстар да бар.

Магниттік дауылдар қалай пайда болады?

Магниттік дауылдардың негізгі себебі Күн белсенділігінің артуымен байланысты. Жердің магниттік сферасы (магнитосфера) планетаның өрістері арқылы құрылады және оны Күн шығаратын бөлшектерден қорғайды. Тәждік массаның шығарылуы (CME) болғанда немесе жоғары жылдамдықтағы Күн ағыны біздің планетамызға жеткен кезде ол осы қорғанысқа түседі. Сақиналық тоқ күшейеді және 6-12 сағатқа созылатын Жердің магнит өрісінің күші төмендейді. Бірнеше күн ішінде бұл құбылыс қайта қалпына келеді.

Күннің жарқылы не себептен туындайды? Плазма мен радиацияның күшею себебі көбінесе корональдық тесіктермен байланысты. Бұл күн желінің Күннен ғарышқа шығатын зарядталған бөлшектер (протондар мен электрондар) ағынының — шығарылуына мүмкіндік беретін ашық магнит өрісі сызықтарының аймақтары. Магниттік өріс сызықтары бар алып плазмалық бұлттар пайда болады. Олар Жердің магнит өрісін бұзады. Күн плазмасы қорғанысты қалай бұзады? Полюстер аймағында магниттік сфераның ашылуы болады. Мұнда плазма атмосфералық газдармен және поляр шұғыласымен әрекеттеседі. Бұл - атмосфераның жоғарғы қабаттарының жарқырауымен жүретін оптикалық құбылыс.

Жер жары және күн
Жер шары және Ай мен Күн. Көрнекі сурет: pixabay

2023 жылдың желтоқсан айына арналған магниттік дауыл күнтізбесі

Денсаулығы ауа райына байланысты өзгеретін адамдарға Күн жарқылының тікелей әсері бар. Геомагниттік белсенділіктің күші мен қауіптілігін бақылау, оның әсеріне дайындалу және талдау үшін мынадай өлшемге мән беріңіз:

  • Геомагниттік белсенділіктің ғаламдық индексі немесе Kp-index (K). 0–9 аралығында құбылады, 0 – "өте төмен дауыл" және 9 — "қатты дауыл".
  • Күн жарқылы түрлерінің шкаласы: A, B, C, M, X, мұндағы А - ең әлсіз, ал X - ең күшті.
  • АҚШ Ұлттық мұхит және атмосфералық басқармасы (NOAA) жасаған геомагниттік дауылдың қарқындылығын, күшін және деңгейін сипаттайтын бес балдық G шкаласы.

Желтоқсандағы магнит дауылдары ұсынылған көрсеткіштер арқылы сипатталған. Соның нәтижесінде бір айға арналған істерді алдын-ала жоспарлауға болады және денсаулығыңыздағы жағымсыз белгілерді уақытында бақылай аласыз.

2023 жылдың желтоқсанында магнит дауылы қашан болады?

Желтоқсан айына арналған болжам бойынша әр түрлі қарқындылықтағы құбылыстар бар. NOAA мәліметі бойынша геомагниттік белсенділіктің жарқылы мына күндері күтіледі:

  • 1 желтоқсан – G2, Kp=6 (қалыпты дауыл).
  • 4-7 желтоқсан — G1, Kp=5 (әлсіз дауыл).
  • 12-13 желтоқсан — G1, Kp=5 (әлсіз дауыл).
  • 14-16 желтоқсан — G2, Kp=6 (қалыпты дауыл).

Айдың соңына қарай Күннің белсенділігі жалғасады және 22 желтоқсанда орташа, 25-28 желтоқсанда күшті, 30-31 желтоқсанда әлсіз қарқындылықтағы магнит дауылын тудырады.

Ғарышкер бейнесі
Ғарыш кеңістігіндегі ғарышкер. Көрнекі сурет: pixabay

Адамзат тұрақты түрде Күн максимумына жақындап келеді, бұл күн белсенділігінің 11 жылдық циклінің аяқталуын білдіреді. Әр түрлі уақыт кезеңдерінде Жер тұрғындары күшті магнит дауылдарына төтеп беруге мәжбүр болды. Ғарышты зерттеуге арналған интернет-басылымның бас редакторы Тарик Маликтің айтуынша, ең күшті жарқыл 1859, 1972, 1989, 2000, 2003, 2006 және 2022 жылдары болған. 2023 жылдың желтоқсанында геомагниттік дауылдарды болжап қана қоймай, олармен бірге өмір сүруге тура келеді.

Желтоқсан айындағы магнит дауылдарының адам ағзасына әсері

Қыстың бірінші айында Күнде тәж массасы тұрақты түрде шығарылады. Зарядталған бөлшектердің ағыны Жерге қарай бет алып, оның геомагниттік өрісін жарып жібереді. Мұндай шабуылдың нәтижесін мына белгілерден байқауға болады:

  • Тітіркену және көңіл-күйдің түсуі.
  • Қан қысымы көтеріледі.
  • Ұйқының бұзылуы (көп ұйықтау немесе ұйқысыздық).
  • Бұлшықеттер мен буындардағы ауырсыну.
  • Мазасыздық пен апатия.
  • Бас ауруы, бас айналу.
  • Созылмалы аурулардың өршуі.

Магнит дауылының әсерін басуу немесе толығымен бейтараптандыру үшін мына кеңестерді орындаңыз:

  • Спортпен айналысыңыз, көбірек қозғалыңыз, жаяу жүріңіз.
  • Дұрыс тамақтаныңыз және жеткілікті мөлшерде су ішіңіз.
  • Алкогольден, майлы және қуырылған тағамдардан аулақ болыңыз.
  • Жұмыс және демалыс кестесін ұстаныңыз.
  • Кикілжіңнен, ауыр әңгімелерден, күйзелістен аулақ болыңыз.
  • Қолыңызда қан қысымын өлшейтін құрал, ауырсынуды басатын және гипертонияға қарсы дәрі-дәрмектер болғаны дұрыс.
Түрлі-түсті сабындар
Түрлі-түсті сабындар мен теңіз тұзы салынған ыдыс. Көрнекі сурет: pixabay

Ұйықтар алдында контрасты душқа түсіп, бір кесе шөп шайын ішу - ғарыштық дауылдан қорғанудың ең қарапайым әдісі. Смартфоныңызға ауа райына сезімтал адамдарға арналған қолданбаны орнатыңыз және денсаулығыңызға қарай күнделікті жоспарларыңызды жасаңыз.

Желтоқсан айында Күн белсенділігі қалыпты болады. Жердің магнит өрісіндегі алдағы өзгерістер қандай да бір жайсыздық тудырмайды, Алайда мұны елемеуге болмайды. Магнит дауылдарының бір айға арналған күнтізбесіне үңіліп, алдын-ала дайындалу артық болмайды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/2049660-zeltoqsandagy-magnit-dauyly-adamdarga-aseri-qandai/

pixel