Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Жуынатын бөлмедегі көгерген жерлерді қалай кетіруге болады: 8 тиімді әдіс

Опубликовано:

Жуыну бөлмесі. Көрнекі сурет
Жуыну бөлмесі. Көрнекі сурет: pixabay.com

Көгеру – дымқыл ортада пайда болатын саңырауқұлақтар. Ваннада көгеру процесі қуыстарда, кейде тіпті көрінетін, тегіс жерлерде пайда болуы мүмкін. Ваннадағы көгерген жерлерді қалай тазартуға болады? Үй шаруашылығы бойыншы мамандар Меган Бетчер мен Милли Херст тиімді әдістермен бөліседі.

Ваннадағы көгерген жерді қалай кетіреміз?

Ваннадағы көгерген тұстардан арылу үшін, келесі құралдарды қолданыңыз: сірке суы мен сода, сірке суының ерітіндісі, сутегі тотығы және бор қышқылы, эфир майлары, сутегі тотығы, лимон шырыны, нашатыр спиртінің ерітіндісі, құрамында хлор бар заттар, мыс сульфаты.

Сода мен сірке суы

Жуыну бөлмесінде көгерген жерлер пайда болса, сода мен сірке суының химиялық реакциясын пайдалансаңыз болады. Жуынатын бөлмедегі көгеруден сода көмегімен қалай құтылуға болады? Зеңді кетіру үшін сода қолданудың 2 әдісі бар:

  1. Соданы көгерген жерлерге көп мөлшерде себіңіз. Содан кейін көбік пайда болғанша сірке суын құйыңыз. Көбік пайда болған кезде, плитка мен ванна бетін сабынды сумен жақсылап жуып алыңыз.
  2. Сірке суын көгерген жерлерге себіңіз. Саңырауқұлақ спораларын жою үшін, осы жерлерді бір сағаттан кейін содамен сүртіңіз. Плиткалар арасындағы тігістер мен қабырғаларды жылы, сабынды сумен жақсылап шайыңыз. Better Homes and Gardens үй шаруашылығы, дизайн және бау-бақша журналының авторы Меган Бетчер сірке суы және соданы қатты қылшық щеткаға жағып, кетіруі қиын көгерген тұстарды қатты ысқылап, тазалауға кеңес береді.

Көгерудің алдын алу үшін, жуынатын бөлмені жиі тазалаңыз немесе сорғыш орнатыңыз. Ылғалды жерде жуынатын бөлме тез көгереді. Сірке суының, сутегі асқын тотығының және бор қышқылының сулы ерітіндісі

Сірке суы, сутегі тотығының және бор қышқылының су қосылған ерітіндісі

Жуынатын бөлмедегі саңырауқұлақтарды кетірудің ең сенімді әдісі қандай? Төмендегі қоспаны жасап көріңіз:

  • су – 250 мл;
  • сірке суы — 100 мл;
  • сутегі тотығы — 100 мл;
  • бор қышқылы — 50 г.

Қоспаны ескі тіс щеткасымен зең табылған жерлерге жағыңыз. Бөлмені бірнеше сағат бойы ешкім пайдаланбауы үшін, мұны түнде жасағаныңыз жөн. Таңертең жылы сумен жақсылап шайып алыңыз. Қоспа көгерген зеңді жақсы кетіреді. Зең ылғал жоғары жерде пайда болады. Көгерудің алдын алу үшін сантехниканы тексеріп, оны уақтылы жөндеп отырған дұрыс.

Эфир майы

Эфир майлары антисептикалық және иісті жоғалту қасиетіне ие, ол жәндіктерді жояды, сондай-ақзеңмен күресуге көмектеседі. Табиғи фунгицидтердің бұл тобына шай ағашы, розмарин және лаванда майлары жатады. Олар ванна бетін саңырауқұлақ спораларынан жақсы тазартады және олардың қайта пайда болуына жол бермейді. Ванна бетін көгеруден тазарту үшін келесі әдістерді пайдаланыңыз:

  • 1 шай қасық ағашының майды 200 мл таза сумен араластырыңыз және қоспаны жабық ыдыста жақсылап шайқаңыз.
  • Қоспаны көгерген бетке себіңіз.
  • Қоспаны 1 сағатқа қалдырып, кейін құрғақ сүлгімен немесе микроталшықты шүберекпен сүртіңіз.

Осылайша, Зеңнің жағымсыз иісі толығымен жойылады, ал бөлмеде майдың жағымды хош иісі қалады. Көгерудің алдын алу үшін, сөреге жағымсыз иістерді сіңіретін соданы қойып қойыңыз.

Эфир майлары. Көрнекі сурет
Эфир майлары. Көрнекі сурет: pixabay.com

Сутегі тотығы

Әрбір үйдегі дәрі қорапшасында сутегі тотығының ерітіндісі бар. Ол жуыну бөлмесіндегі көгеру саңырауқұлақтарын жою үшін, таптырмас құрал болмақ. Тазалау схемасы:

  • Зең бетіне 3%-дық сутегі тотығын себіңіз.
  • Ерітіндіні 20 минутқа қалдырыңыз.
  • Қара дақтарды кетіру үшін, щеткамен жақсылап ысыңыз.
  • Кафель бетін сабынды сумен жуып, құрғатыңыз.

Homes & Gardens үй шаруашылығы және дизайн журналының авторы Милли Херст ылғал жиналмас үшін душ немесе ваннадан кейін барлық беттерді құрғақ шүберекпен сүрту туралы кеңес береді. Содан жуыну бөлмесіне зең таралмайтын болады, дейді маман.

Лимон шырыны

Лимон шырынында қышқылдың жоғары концентрациясы бар, ол саңырауқұлақ мицелийін тез бұзады және ванна бетін дезинфекциялайды. Жуынатын бөлмені төмендегі әдіспен тазартыңыз:

  • 3-5 лимон шырынын ыдысқа сығып алып, оны көгерген жерге жағыңыз.
  • Оны 5 минутқа қалдырыңыз.
  • Ванна бетін дымқыл сүлгімен сүртіңіз.

Егер зең бірінші реттен кетпесе, лимонды кесіп, көгерген жерлерді тағы бір рет сүртіңіз. Қорғаныс пленкасын жасау және ваннада жағымды лимон хош иісін қалдыру үшін, шырынды сүртіп алмаңыз.

Туралған лимон. Көрнекі сурет
Туралған лимон. Көрнекі сурет: pixabay.com

Құрамында хлоры бар заттар

Ағартқыш немесе белизна құрамында хлор болуына байланысты бөлмені саңырауқұлақтардан жақсытазартады. Ол үшін төмендегі әдісті қолданыңыз:

  1. Қоспаны 1:2 сумен араластырыңыз және бүркетін бөтелкеге құйыңыз.
  2. Қоспаны көгерген жерлердің бәріне себіңіз.
  3. Қоспаны 20-30 минутқа қалдырыңыз.
  4. Қоспаны таза сумен сүртіп алыңыз. Егер зең кафель тігістеріне терең еніп кетсе, шүберекті немесе щетканы қолданыңыз.

Хлор кафель бетін ағарта алады, сондықтан құрамында хлоры бар заттарды боялған беттерді тазалауға қолдануға болмайды. WikiHow жобасы ағартқышты пайдалансаңыз, онда ванна бөлмесіне тездетіп желдету құрылғысын орнату қажет екендігін білдіретінін жазады.

Нашатыр спиртінің ерітіндісі

Нашатыр спирті тазартқыш қасиеттерге ие. Құрал тез әрекет етеді және ванна мен плитканың тегіс беттерінің бәріне жарамды. Қолдану схемасы:

  • Нашатыр спиртін 1:1 қатынаста сумен араластырыңыз.
  • Көгерген жерлерге себіңіз.
  • 10 минуттан кейін көп мөлшердегі жылы сумен шайыңыз.

Нашатыр спиртінің иісі өткір, одан адамның басы айналуы мүмкін. Сондықтан, зеңді осылай тазалағаннан кейін міндетті түрде маска киіп, ванна бөлмесін желдетіп алыңыз. Алкогольді ағартқышпен араластырмаңыз. Химиялық реакция улы газдардың бөлінуіне әкеп соқтыруы мүмкін.

Мыс сульфаты

Мыс сульфатының көмегімен жуынатын бөлмедегі қара дақтардан, көгерген жерлерден арылыңыз. Ол үшін тазалау процесін былай жасаңыз:

  • 5 литр суды 50 г мыс сульфатымен араластырыңыз.
  • Кішкене щетканы пайдаланып, плиткалар арасындағы жерлерді қоспамен сүртіңіз.
  • Қоспаны 3 сағатқа қалдырыңыз.
  • Щеткамен тазалап, жылы сумен шайыңыз.

Мыс сульфатымен жұмыс жасағанда қолыңызға қолғап пен маска киіңіз. Егер саңырауқұлақ кафель арасына терең кірсе, әктелген жердің зақымдалған бөлігін алып тастаңыз. Жоғарыда көрсетілген әдіспен тазалап көріңіз.

Кафель арасы кепкеннен кейін тігістерді жауып тастаңыз. Жуынатын бөлмедегі көгеру көбінесе қыста, бөлмедегі ылғал ұзаққа созылған кезде пайда болады. Саңырауқұлақтардың алғашқы белгілері пайда болғаннан кейін, тиімді әдісті таңдап, ваннадағы қара зеңді жуып тастаңыз. Сонымен бірге, оның таралуын тоқтату үшін, алдын алу шараларын қолға алыңыз.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/2049942-zuynatyn-bolmedegi-kogergen-zerlerdi-qalai-ketiruge-bolady-8-tiimdi-adis/

pixel