Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қоян жылы туғандар үшін 2024 жыл қандай болмақ

Опубликовано:

Кішкентай қоян. Көрнекі сурет
Кішкентай қоян. Көрнекі сурет: pixabay.com

Қоян (Мысық) – Шығыс жұлдызнамасындағы ең ерекше белгі. Қоян жылы туғандар үшін ұлу жылы қандай болмақ? Аталған белгіге арналған жұлдыз жорамалды астролог Донна Стеллхорн ұсынады.

Қоян жылы туғандар үшін 2024 жылға арналған жұлдыз жорамал

2024 жылы Қоян жылы туғандарды не күтіп тұр? Бұл жылы дүние есігін ашқандар жұмыстағы басшыларына, серіктестері мен достарына, туыстарына нақты талап қойып, бұрынғы дипломатияға құрылған қарым-қатынастан бас тартады. Қоянның өз-өзіне деген сенімі артып, көпшілік алдындағы беделі артады.

Қоян жылы туған әйелдер үшін айдаһар жылы қандай болады? Ол жұмыста жарқырап, шығармашылық таланттарын ашуы керек. Биыл оған біліктілікті арттыруға, жаңа мамандықты игеруге, білімін жетілдіруге болады. Жұмыстағы құлшынысы үшін сыйлықтар мен марапаттар алады деп күтілуде. Әріптестер мен қол астыңыздағы қызметкерлер сізге өз амбицияларыңызды жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Ал, хоббиіңіз табыс көзіне айналады.

Ірі компанияға жұмысқа ауысуыңыз мүмкін. Жазда табысты іссапарлар, ірі таныстықтар және отбасында толықтырулар күтіледі.

Қоян жылы дүниеге келген ер адамдар биыл бастамашыл келеді. Ол қызмет саласын түбегейлі өзгертуі мүмкін. Оның келіссөздер жүргізу қабілеті әріптестер мен клиенттер алдындағы беделін арттыратын болады. Ортақ тіл табыса алу қасиеті ұрыс-керіс пен жағымсыз жайттардың алдын алуға көмектеседі. Astrologyk басылымы жаныңызға жағымсыз әсер ететін заттардың бәріне қош айтысуға кеңес береді.

Кешкі серуендегі жұп. Көрнекі сурет
Кешкі серуендегі жұп. Көрнекі сурет: pixabay.com

Алға қойған мақсаттарыңыздың орындалуына төмендегі кеңестер жол ашуы мүмкін:

  • Қорғауша тас – інжу, малахит, рубин.
  • Cәттілік әкелетін түстер - қызыл, қызғылт, көк, күлгін.
  • Жақсы айлар — наурыз, сәуір.
  • Қолайлы бағыттар — оңтүстік, шығыс, оңтүстік-шығыс.
  • Бақытты сандар – 3, 4, 9 және олардың комбинациясы.

Қояндар бұл жылы көптеген өзгерістермен бетпе-бетпе келеді, олардың көпшілігі жеке тұлғаның өсуі мен дамуына серпін береді. Табандылық пен стратегияның арқасында төртінші белгі олардың барлық өмір саласына жағымды әсер етеді.

Махаббат, қарым-қатынас және отбасы жорамалы

Жаңа 2024 жыл қоян үшін тағдырын өзгертетін жыл болады. Оны жеке және отбасылық өмірде көптеген сынақ күтіп тұр. 2024 жылға арналған қояндарға арналған махаббат жұлдызнамасы қандай? Қарым-қатынаста қызықтарға толы болады, себебі маңайындағыларыңыз сізге шамадан тыс көңіл бөлетін болады. Бұл қояндарда қызғаныш, сенімсіздік пен реніш сезімін тудырады. Сондықтан, жақын адамыңызға талап қоюдың орнына, ол үшін күрескеніңіз жөн болады. Некені немесе ажырасуды келесі жылға қалдырған дұрыс.

Басы бос қояндарда, махаббатын кездестіруге және күшті жұп құруға мүмкіндік бар. Жұбыңызбенқарым-қатынаста өзімшіл болмаңыз. Екінші жартысына көбірек уақыт пен көңіл бөлетін қояндар үлкен жетістіктерге жетеді және қарым-қатынасты жаңа деңгейіне өтеді. Жұбыңызбен бірге тұрып, болашақтуралы жоспар құра аласыз. Батыл ерлер үйлену туралы ұсыныс айтып, тойды келер жылға қалдырады. Астролог, фэншуй сарапшысы және кітап авторы Донна Стеллхорн қоян жылы туғандардың достармен қарым-қатынасы жақсара түсетінін айтады.

Sun Signs басылымы қоян жылы туғандардың сүйкімділігі оларға жаңа жұп кездестіруге мүмкіндік беретінін айтады. Десе де жеңіл қарым-қатынас ұзаққа созылмайды. Олар тек сізді эмоционалды тұрғыда шаршатады. Ұзақ, сенімді және берік қарым-қатынасқа қадам жасаңыз. Кейбір қоян жылы туғандар ата-ана болатыны туралы сүйінші хабарды білетін болады. Балалар мен мансап құру арасындағы тепе-теңдікті сақтауға тура келеді.

Қар атысып ойнап жатқан жұп
Қыс. Көрнекі фото: pixabay.com

Денсаулық пен сұлулық

Your Chinese Astrology астрологиялық басылымы иммунитетті нығайту үшін үнемі салауатты өмір салтын ұстануға шақырады. Бұл Бин Фу жұлдызының жағымсыз әсерінен қорғауға көмектеседі (аурудың символы). Биыл денсаулық тұрғысынан қиын жыл болса да, қоян жылы туғандарғаденсаулыққа көп шағымдана берудің қажеті жоқ. Себебі, энергияңыз бен физикалық әлеуетіңіз көп болады. Белгінің өкілдері көп ауырмайды, ал жылдар бойы мазалаған созылмалы аурулар керісінше, биыл тынышталады.

Аллергия, жүйке аурулары із-түзсіз жоғалады. Асқазан-ішек жолдарының проблемалары, арқа мен тізедегі ауырсынулар кетеді. Рухани тұрғыдан жігерлі боласыз. Қоян жылы өмір есігін ашқандар өздері үшін маңызды нәрсенің бәрін қорғай алады. Басқаларға да қолдау көрсетеді.

Дене жаттығуларын үнемі орындау керек: жүгіру, йога, гимнастика психикалық денсаулықты жақсы қолдайды. Өзіңізді жақсы сезіну үшін, бұлшықеттер мен миға демалыс жариялаңыз. Қаладан жиі шығып, орман, тауларға жиі барыңыз. Массаж, жүзу және сауықтыру ванналары арқылы демалуды үйреніңіз. Имиджді өзгерту және косметологиялық операциялар да сәтті болады.

Қолға арналған массаж. Көрнекі сурет
Қолға арналған массаж. Көрнекі сурет: pixabay.com

Қаржы

Биылғы жылы қоян жылы туғандар өз мүдделерін және жеке шекараны қорғауды үйренеді. Шығыс жұлдыз жорамалының төртінші белгісінде осы кезеңге арналған басқа да міндеттер бар. Жұмыс саласы – жылдың жеке картасындағы ең маңызды бағыт болмақ. Insta Astro астрологиялық басылымы барлық қадамдарды ойлап басуға кеңес береді. Қоян жылы туғандар үшін оның тікелей міндеттеріне жатпайтын көптеген жұмыстар жүктеледі.

Оның мақсаты тегін жұмыс істемеу, басқа біреудің жұмысын жасамау үшін, уақыт пен күш жұмсамау. Егер әріптестер мен басшылардың арбауына түсресеңіз, лауазым мен жалақының өсуін күтіңіз. Жаңа жылда сізге бизнес ашуға кеңес берілмейді, ал барлық іскерлік келісімдер заңды түрде тіркеліп, екі рет тексерілуі керек.

Knowinsiders әлеуметтік басылымы семинарлар мен кәсіби тренингтерге қатысуды ұсынады. 2024 жылы біліктілікті арттырып, жаңа білім алып, қызықты мамандықты игеру қажет. Жұлдыздар маңызды шешімдер қабылдаған кезде ішкі интуицияңызды тыңдауға кеңес береді. Мамыр айында Horoscope астрологиялық басылымы сізге ірі жобаны басқарады деген болжам айтады. Пайдасыз бизнесті жауып, жалдамалы қызметкер лауазымына оралғысы келетіндер мұны желтоқсан айының соңында жасайды.

Жұмыс істеп отырған ару. Көрнекі сурет
Жұмыс істеп отырған ару. Көрнекі сурет: pixabay.com

Қоян детальдерге назар аудара отырып, барлық кедергілерді жеңе алады. Ол өзін бағалауды үйренеді және оны басқаларға да үйретеді. Жасыл ағаш айдаһар жылы сәтті өтуі үшін, жұлдыз жорамалда айтылған кеңестерге құлақ асыңыз.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/2049946-qoyan-zyly-tugandar-usin-2024-zyly-qandai-bolmaq/