Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Үй жағдайында тарақты қалай тазалауға болады: оңай әрі қарапайым 6 әдіс

Опубликовано:

Шаш тарайтын тарақтар. Көрнекі сурет
Шаш тарайтын тарақтар. Көрнекі сурет: pixabay.com

Тарақ – шаш күтіміне қажет ең маңызды құралдардың бірі. Оны үнемі таза ұстаған абзал. OUAI, Byrdie және WebMD интернет басылымдары тарақты тез әрі оңай тазалаудың әдістерін ұсынды.

Сабынды сумен жуу

Тарақ тістерінің арасында шаң жинайтын майлы шөгінділер жиналады. Тарақты шаңнан қалай тазартуға болады? OUAI интернет-басылымының қарапайым әдісіне құлақ түріп, тарақты аптасына кемінде 1 рет сабынды сумен жуыңыз. Ол үшін былай жасаңыз:

  1. Жылы суға 5 мг жуғыш зат қосып, сабын ерітіндісін дайындаңыз.
  2. Қолыңызбен тарақтағы барлық шашты алып тастаңыз.
  3. Тарақты бірнеше минут жылы, сабынды суға салыңыз.
  4. Қатты ысқышты (губка) пайдаланып, тарақ тістерін жылы, сабынды сумен жуыңыз.
  5. Сосын тарақты таза сумен шайып, құрғатыңыз.

Сабын ерітіндісін жасау үшін сусабын немесе ыдыс жуғыш затты қолданыңыз. Тарақтың бетін бүлдіріп алмау үшін құрамында хлор мен белсенді қышқылдары бар заттарды қолданбаңыз. Бұл тазалау әдісі пластикалық жалпақ тарақтар мен массаж щеткаларына жарамды.

Тарақты шаштан тазарту

Массаж щеткалары мен тарақтарда шаш жиі жиналады. Олар түйіршік болып жиналып, шаш тарау қиынға соғуы мүмкін. Тарақ шашты жақсы тарауы үшін ондағы шаштарды уақытылы алып тастаңыз. Шаш тарағын қалай тазартуға болады? Мына кеңестерге құлақ асыңыз:

1. Қолыңызбен тарақ тістерінің арасында тұрған құрғақ шашты алыңыз.

2. Қайшыны алып, тістердің арасына жиналған шашты кесіп тастаңыз. Оларды тарақтан алып тастаңыз.

3. Сабынды суға малынған мақта таяқшасымен шаштың бір-біріне жабысатын ең қиын жерлерін тазалап алыңыз.

4. Тарақты ағынды сумен шайыңыз.

5. Сосын кептіріп, жақсылап сүртіңіз.

Шашты тарағаннан кейін тарақтан шашты алып тастаңыз. Шашыңызды тарамастан бұрын массаж щеткасын ылғалдандырып, түбіне жабысып қалған шашты кетіру үшін суға салып, басқа щеткамен сүртіңіз.

Ағаш тарақ. Көрнекі сурет
Ағаш тарақ. Көрнекі сурет: pixabay.com

Тарақты ас содасымен тазалау

Тарақты кірден қалай тазартуға болады? Ас содасы пластикалық тарақтан және металл тістері бар массаж щеткасынан кірді және майды кетіруге көмектеседі. WikiHow интернет-басылымы бұған қатысты төмендегідей ұсыныстарды береді:

1. 1 шай қасық ас содасын 0,5 литр жылы суға салып, жақсылап араластырыңыз.

2. Шаш тарағын 15-20 минутқа қоспаға салып, оны жібітіңіз. Таза сумен жуыңыз.

4. Тарақтың бетін сүлгімен құрғатыңыз.

Ас содасы белсенді жуғыш зат болып саналады әрі тарақты кірден, шаң-тозақ және майдан тиімді тазартады. Тарақты ерітіндіден шығармас бұрын арасында кір мен шаш қалмағанына көз жеткізіңіз. Егер онда әлі де кір қалса, оны тіс тазалаштың көмегімен алып тастаңыз.

Тіс щеткасы және сусабын көмегімен тазарту

Массаж тарағын қалай тазартуға болады? Тазалау алдында тарақтан шашты алып тастаңыз. Тістер арасындағы саусақтың жетуі қиын жерлерді тазалау үшін ескі тіс щеткасын пайдалансаңыз болады. Birdie журналы тарақты былай тазартуға кеңес береді:

  1. Тарақты 30 минут жылы суға салып қойыңыз.
  2. Ескі тіс щеткасын алып, оның талшығына бір тамшы сусабын қосып, тарақ тістерін ақырындап жуып алыңыз.
  3. Кейін тарақты сумен шайыңыз.
  4. Осы әдісті тараққа жабысқан кір мен қайызғақ қалдықтары бар жерлерде қайталаңыз.
  5. Тарақты таза сумен шайыңыз.
  6. Тарақты фенмен жақсылап құрғатыңыз.
Шаш жуатын сусабын. Көрнекі сурет
Шаш жуатын сусабын. Көрнекі сурет: pixabay.com

Бұл әдісті массаж тарақтарының әр түріне қолданыңыз. Жібіту алдында тарақтың тұтқасы желімделмегеніне көз жеткізіңіз.

Нашатыр спиртінің көмегімен тазарту

WebMD журналы тарақты нашатыр спирті қосылған жылы сумен тазалауға кеңес береді. Ерітінді тарақтағы майды жақсы кетіреді. Тазалау ережелері:

  1. Ыдысқа жылы суды құйып, нашатыр спиртін (4:1) көлемде қосыңыз.
  2. Тарақты ерітіндіге 10 минутқа салыңыз.
  3. Қатты щетка мен тіс тазалағышты пайдаланып, тістер арасындағы кірді жақсылап жуыңыз.
  4. Таза сумен шайып, тарақты жақсылап құрғатыңыз.

Белсенді заттар буланып кетпес үшін, нашатыр спиртін ыстық суға құймаңыз. Нашатыр спиртін қолданған кезде маска және резеңке қолғап сияқты қорғаныс құралдарын қолданыңыз. Мұндай тазалау әдісі темір тістері бар массаж тарақтарына жарамды.

Тарақты спиртпен дезинфекциялау

Ұзақ уақыт пайдаланғаннан кейін тарақты тазалап жуып, дезинфекциялау қажет. Егер тарақ ағаштан жасалған болса, оны ұзақ уақыт бойы спирт ерітіндісіне салуға болмайды. Сондықтан тазалаудың мына әдісін жасасаңыз болады:

  1. Тарақтан шашты алып тастаңыз.
  2. Мақта талшығын спирт ерітіндісіне батырыңыз, оны аздап сығыңыз, сосын шаңды, майды және кірді кетіру үшін әр тістің үстінен қолмен жуып жіберіңіз.
  3. Спирт ерітіндісі арқылы тіс тазалағыштардың көмегімен тарақтың қол жетуі қиын жерлерін тазалаңыз. Содан кейін майлықпен сүртіңіз.
  4. Тарақты кептіріңіз.

Тарақтардың барлық жалпақ түрі және ағаш тістері мен желімделген тұтқалары бар тарақтар үшін бұл әдіс тиімді болып саналады. Дезинфекциядан кейін олар жаңа сияқты болады.

Тарақтарды тазарту жиілігі оларды қаншалықты жиі қолданатыныңызға байланысты. Тарақты тазалау барысында аталған кеңестерге құлақ түруді ұмытпаңыз.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/2051191-ui-zagdaiynda-taraqty-qalai-tazalauga-bolady-onai-ari-qarapaiym-6-adis/

pixel