Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Жылан жылы туғандарға ұлу жылы қандай болмақ

Опубликовано:

Ағаш бұтасына оралған жылан. Көрнекі сурет
Ағаш бұтасына оралған жылан. Көрнекі сурет: pixabay.com

Жыланға тән күш пен ерекше рух,бұл жыл оған сәтті болмақ. 2024 жыл жылан жылы туғандарға қандай болмақ? Астролог Прашант Нигам болжам жасап көрді.

Жылан жылы туғандарға арналған 2024 жылдың жалпы жұлдыз жорамалы

2024 жылы Жыланды не күтіп тұр? Ол мінезін нығайтып қана қоймай, өмірдің барлық сынағымен күреседі. Жыл иесі оған тасада қалуға мүмкіндік бермейді, алайда кез келген мәселенің шешілуіне көмектеседі. Мансапта беделді достардың көмегі, жоғарылау және биік жетістіктер болады. Жыланға тән оларға ерекше махаббатты сыйлайды. Бұл жыл жаңа хобби мен сыртқы өзгерістер әкеледі.

Осы жыл жылан жылы туғандар үшін қандай болады? The Chinese Zodiac's фэншуй басылымының жазуына қарағанда, жыландар жылдың үш бақытты жұлдызының қатарында болады. Оларды мансапта жеңіс пен басшылықтың қамқорлығы күтеді. Шыдамдылық пен төзімділік жылан жылғыларға түрлі келіспеушіліктің алдын алуға көмектеседі. Әріптестердің құрметі мен жаңа таныстықтар оларға өз мақсатына жетуге көмектеседі. Ескі жобалар мен бұрынғы қарым-қатынастар өткенде қалады. Шығармашылықта жүрген әйелдер үшін мансабында үлкен жетістіктер болады. Жыландар махаббаттан шабыт алады. Денсаулық пен ара-қатынастар жылы жерлерге саяхаттау барысында нығаяды. Жылан жылы туған ер адамдарды биыл жетістіктер мен жеңістер күтіп тұр.

Табысқа жету жолында оларға жоспарлау көмектеседі. Ақыл, даналық пен ұстамдылық - әріптестерге әсер етудің негізгі тетіктері болады. Жазда алдағы күзде табысқа кенелетіндей, көп жұмыс істейтін боласыз. Ескі таныстармен қарым-қатынасты сақтаңыз, ал жаңа таныстардан сақ болыңыз. Жыл романтика мен махаббатқа толы болады. Тәжірибелі дәрігерге сеніп тапсырған жағдайда денсаулығыңыз да жақсара түспек.

Телефон ұстап тұрған ер адам. Көрнекі сурет
Телефон ұстап тұрған ер адам. Көрнекі сурет: pixabay.com

Төмендегі кеңестерге назар аударсаңыз, бұл жыл сіздер үшін жеңісті де сәтті болмақ:

  • Табысты сандар - 2, 8, 9 және олардың комбинациясы.
  • Табысты айлар - мамыр, маусым.
  • Қолайлы бағыттар - оңтүстік, оңтүстік-батыс, солтүстік-батыс.
  • Табысты түстер - ашық сары, қызыл, қара.
  • Тұмар тастарыңыз - топаз, гематит, шпинель.

Астролог Прашант Книгам биыл жыландарға жеке және кәсіби өсу үшін көптеген мүмкіндік әкеледі деп санайды. Ол оқиғалардың себеп-салдарлық байланыстарын да түсінеді. Интуиция күшейіп, табыстың күшті құралына айналады.

Махаббат, қарым-қатынас және отбасы жорамалы

Жаңа жылда жылан көптеген адамның назарында болады, алайда олардың жүрегін тек бір адам жаулайды. Жыландарға арналған 2024 жылдың махаббат жұлдызнамасы қандай? Жеңіл романдардан кейін басы бос жыландар өзінің өмірлік серігін кездестіреді. Бұл жылы жыландарға отбасын құруға кеңес берілмейді, алайда сүйіктіңізбен бірге тұрып, оның өмірдегі шынайы келбетін біле аласыз. Ерлі-зайыпты ортақ шешімге келуді үйреніп, сезімі күшейе түседі. Интеллектуал қарым-қатынас пен ортақ мүдделер оларға жақындасуға көмектеседі. Өзіңізге орындалмайтын уәделерді бермеңіз.

Жаңа ғашығыңызбен қарым-қатынаста абай болыңыз, ал ескі сүйіктілеріңізбен алыстан араласыңыз. Сүйіктіңізге құлақ асып, түсінуге тырысыңыз. Оған тірек болуды үйреніңіз. Біреумен танысу туралы көп ойлана бермеңіз. Әдеттегідей өмір сүріңіз, өмірдің әр күнінен ләззат алып үйреніңіз.

Medium әлеуметтік басылымының хабарына қарағанда, жыланның талғампаздығы мен харизмасының арқасында, ол өз махаббатын таба алады. Көптеген адамның арасында жаныңызға жақын жанды таңдай біліңіз. Ерлі-зайыпты бірлескен позитив тәжірибеге назар аударуы керек. Қарым-қатынастарыңызды дамытып, ара-қатынастың жаңа деңгейіне көтеріліңіз. Тұрмыстық мәселелерде көмектесіп, балалар мен үй жануарларына қамқорлық танытыңыз.

Қол ұстасқан жұп. Көрнекі сурет
Қол ұстасқан жұп. Көрнекі сурет: pixabay.com

Денсаулық пен сұлулық жұлдызнамасы

Биыл жылан мазасыздық пен күйзеліске тап болады. Оларға өз ағзасын сезіну, өзінің және басқалардың эмоцияларын тану қабілеті кез келген өзгеріске уақытында жауап беруге мүмкіндік береді. Спорт, медитация, психологпен жұмыс физикалық және психикалық денсаулықты нығайтады. Би, жүзу, гимнастика және вокал оның жанын тыныштандырады.

Түрлі мәселені үйден тыс жерде қалдыруды үйреніңіз. Үйіңізде демалып, сүйікті хоббиңізбен айналысыңыз. Психологиялық жағдайға қолайлы атмосфера жасаңыз. Көп ұйықтаңыз, демалыс күндері төсекте жатып, өзіңізге тынығуға мүмкіндік беріңіз. Astrologyk астрологиялық басылымының хабарынша, бұл жыл иммунитетті нығайту үшін жақсы жыл болмақ.

Дәлелденген әдістерге мән беріңіз – ұйқы, күнделікті серуендеу, физикалық белсенділік, тәттіден бас тарту және денсаулықты ширатуға көңіл аударыңыз. Көктемде демалуға көбірек көңіл бөліңіз, өйткені шамадан тыс жүктеме болуы мүмкін. Өміріңізге қажет емес заттардан бас тартыңыз. Ақылға қонымды өзін-өзі шектеу әдісі – үйлесімділіктің кілті болуы мүмкін. Бет пен денеге күтім жасаңыз, косметика мен косметологтардың қызметтеріне шамадан тыс жүгінбеңіз. Заманауи құралдар мен технологиялар терінің солуын тоқтатып, оған ерекше сән береді.

Жаттығу жасап жатқан қыз. Көрнекі сурет
Жаттығу жасап жатқан қыз. Көрнекі сурет: pixabay.com

Қаржы жорамалы

Бұл жылы өмірге келгендердің келіссөз жүргізу дағдысы олардың мансаптық жетістікке жетуіне көмектеседі. Your Chinese Astrology астрологиялық басылымының пікірінше, ұлу жылы жыландарға қолайлы болады. Қиял мен ерік-жігер сізге қалаған нәрсеңізге қол жеткізуге көмектесетін бейстандартты әдістерді ұсынады. Қаржыны жоспарлау және олардың бойындағы парасаттылық қаржылық операцияларды жасауда қателіктерге жол бермейді. Жобаларға ақша салып, одан нақты пайда табыңыз. Достары, әріптестері мен басшылық олардың мансаптық өсуіне көмектеседі. Көпшілік алдында шебер сөйлей алу қасиеті, жыландарды келіссөздер мен корпоративтік тренингтер өткізудің һас маманына айналдырады.

Жан-жағындағылар оларды мұқият тыңдайтын болады. Мұндай қасиет жаңа жеңістерге жетуде қосымша күш, сенім пен шабыт береді. Жыландардың еңбекқорлығы өз жемісін береді - олардың жалақысы көбейеді. Белгі өкілдерін сыйлықақылар, жеңілдіктер, әлеуметтік пакет түрінде қосымша бонустар күтіп тұр.

Әмияндағы ақша. Көрнекі сурет
Әмияндағы ақша. Көрнекі сурет: pixabay.com

Ұзақ уақыт жұмыс іздегендер оны тауып, ұжымға сіңісіп кетеді. Жұмыста ашық қақтығыстарға түспеңіз. Бейтараптық пен тәуелсіз бақылаушының ролі сізге мол мүмкіндіктер сыйлайды. Барлық энергияыңызды 2024 жылы бастаған істерге жұмсаңыз. Сонда олар дамып, өз жемісін береді. Қажетсіз шығындарды азайтып, артық қаражатты жинаңыз. Ірі сауда жасасаңыз болады. Мұны астрологиялық тұрғыдан қолайлы күндерде жасаңыз.

Жаңа жыл өсу мен даму мүмкіндіктеріне толы. Егер жылан жылы туғандар тепе-теңдікті сақтап, интуицияға сенсе, келер жылы оны оң өзгерістер күтіп тұр. Жұлдыз жорамалдағы кеңестер белгінің барлық өкіліне жетістікке жетуге көмектеседі.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/2051207-zylan-zyly-tugandarga-ulu-zyly-qandai-bolmaq/