Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ұлу жылы туғандарды биыл не күтіп тұр: 2024 жылға арналған жұлдыз жорамал

Опубликовано:

Айдаһар жылы. Көрнекі сурет
Айдаһар жылы. Көрнекі сурет: pixabay.com

Іскер әрі өжет Ұлуларды биыл не күтіп тұр? Аталған жыл белгісінде туғандарға астролог Донна Стеллхорн 2024 жылға арналған жұлдыз жорамалды жасап көрді.

2024 жылға арналған жалпы жұлдыз жорамал

2024 жылы ұлу жылы туғандарды не күтіп тұр? Оларды биыл оң өзгерістер, пайдалы таныстықтар мен іскерлік байланыстар күтіп тұр. Жұмыс пен қызмет саласында өзгерістер болуы мүмкін. Ұлу жылы дүние есігін ашқандарға барлығын басынан бастау керек болса да, олар тапсырманың бәрін соңына дейін жеткізіп, орындай алады.

Жылдың екінші жартысында жыл белгілерін саяхат күтіп тұр. Сондықтан біліміңізді жетілдіріп, бизнес ашыңыз, сондай-ақ жылжымайтын мүлік сатып алыңыз - жоспарлаған арман-мақсаттарыңыздың бәрі биыл жүзеге асады. 2024 жылы ұлу жылы туған әйелдерді не күтіп тұр? Оларға биыл тұрмысқа шығу туралы ұсыныс түседі. Басы бос әйелдер өзінің өмірлік жарын кездестіреді.

Отбасылы жандар күйеуі мен балаларына көп көңіл бөлуі керек. Егер жұбайыңызға көп көңіл бөлмесеңіз, сезіміңіз салқындап кетуі мүмкін. Жұмыс саласында мансаптық өсу болады. Өзін-өзі дамыту саласында да жаңа мүмкіндіктер пайда болады. Мұндайда оларға интуиция көмектеседі.

Ұлу жылы өмірге келген ер адамдар жаңа жылда түрлі сынақтардан өтеді. Оған белсенді жұмыс істеп, коммуникациядағы қиындықтарды жеңуге және жаңа байланыстар орнатуға тура келеді. Ол мақсаттар мен жоспарларды шындықпен байланыстыруы керек. Жеке және кәсіби өмір арасындағы тепе-теңдік қажет. Күшті қарым-қатынас орнатуға немесе жұбайыңызбен жанжалдың себептерін табуға мүмкіндік туады.

Жоспарлаған дүниелеріңіз іске асырылуы үшін, төмендегі кеңестерге мән беріңіз:

  • Табысты сандар 1, 6, 7 және осы сандардан құралған комбинация.
  • Жақсы айлар - сәуір, мамыр.
  • Қолайлы бағыттар - солтүстік, батыс, солтүстік-батыс.
  • Табысты түстер - сұр, күміс және алтын реңкті түстер.
  • Қорғаушы тастар - сапфир, хризолит, аметист.

Жыл соңына қарай ұлу жылы туғандар трансформациядан өтіп, өзіне деген сенімге ие болады. Ол өзінің ұстамсыздығын ретке келтіріп, ортақ шешімге келуге үйренеді.

Құшағын ашып тұрған бойжеткен. Көрнекі сурет
Құшағын ашып тұрған бойжеткен. Көрнекі сурет: pixabay.com

Махаббат, қарым-қатынас және отбасы жорамалы

Жаңа жылда ұлу жылы туғандарды қызыққа толы жеке өмір күтіп тұр. Sun Signs астрологиялық басылымы ол өзі қалаған махаббатын кездестіре алады деген болжам айтады. Medium әлеуметтік басылымы оларға бұған сенімділік пен магнетизм сезімі көмектеседі деп айтады. Тіпті басы бос адамдар да өз сүйіктісін кездестіреді.

2024 жылға арналған ұлу жылы туғандар үшін махаббат жұлдызнамасы қандай? Бесінші белгінің харизмасының арқасында олар түрлі жанмен танысады. Романтикалық белсенділіктің шыңы - көктем болады деп күтіледі. Ерлі-зайыптылардың тұрақты өмірі өзгеріске ұшырап, оны құтқаруға немесе жандандыруға тура келеді. Өзіңіздің нәзік екеніңізді көрсетіп, қателіктерді мойындаңыз – отбасыңыз да күшейеді.

Көптеген ұлу жылы туған жан ата-ана атанады. Жаңа таныстардың арасында өмірді бұрын және кейін деп бөлетін адаммен кездесуге мүмкіндіктер бар. Жеке өміріңіздегі осындай өзгерістерге қарамастан, ол адаммен отбасын құруға асықпағаныңыз жөн. Алдымен мақсаттар мен құндылықтардың қаншалықты сәйкес келетінін түсініңіз.

Жаңа таныстықтар отбасындағы кикілжіңдерге әкелмеуі үшін, сүйіктіңіздің мүдделері мен қалауына құрметпен қараңыз. Оларға көбірек уақыт бөліңіз және жеке өміріңізге романтика белгілерін енгізіңіз. Күйеуіңізбен немесе әйеліңізбен апта сайынғы кездесулер - сезімдеріңізді қайта жандандырудың жақсы тәсілі болмақ. Балаларға, жиендерге, жасы үлкен туыстарыңызға уақыт бөліңіз. Түрлі жастағы буынмен сөйлесу әдеттегі мінез-құлқыңызға жеңілдік пен ақыл сыйлайды. Жомарт болыңыз, жақындарыңыздың қателіктерін кешіре біліңіз. Бұл тәсіл туыстық және махаббат қатынастарына жақсы әсер етеді.

Бақытты отбасы. Көрнекі сурет
Бақытты отбасы. Көрнекі сурет: pixabay.com

Денсаулық пен сұлулық жорамалы

2024 жылы шығыс жұлдыз жорамалы бойынша жасыл ағаш айдаһар жылы, сондықтан ұлулар үшін бұл жыл - үйлесім мен тұрақтылық кезеңі болмақ. Жаңа жыл - артық салмақтан арылуға, спортпен шұғылдануға және имиджді жақсартуға тиімді жыл болмақ. Астрологтар Тали және Офира Эдит бұл жылды толықтай жаңару жылы деп санайды.

Денсаулығыңызға немқұрайды қарау сізге көптеген проблема туғызуы мүмкін. Сондықтан оған мән бермеймін деп, мұндайға жол бермегеніңіз абзал. Дәрігерге уақтылы қаралып, профилактика шараларын қолға алыңыз, иммунитетті күшейтіңіз.

2024 жылдаңы аурулардың негізгі себебі - жұмысқа шамадан тыс көп көңіл бөлу арқылы күйзеліске ұшырау. Сондықтан спортпен шұғылданып, бассейнге барыңыз. Массаж курсын бастап, үйде өзіңізге өзіңіз массаж жасауды үйреніңіз. Матрасты ортопедиялық моделіне ауыстырыңыз және ұйқының сапасын жақсарту үшін жастығыңызды ауыстырыңыз. Тамақтану дағдыларын өзгертіңіз. Шамадан тыс тамақтану ұлу жылы туғандардың іскерлік және жеке белсенділігіне теріс әсер етеді. Сондықтан тепе-теңдікті сақтап, диетологпен кеңесіңіз.

Табысты әйел. Көрнекі сурет
Табысты әйел. Көрнекі сурет: pixabay.com

Қаржы жорамалы

Биылғы қаржылық тұрақтылық ұлу жылы дүниеге келгендердің материалдық жағдайын жақсартады. Бәрінен бұрын аянбай еңбек ететіндер жетістікке жетеді. Астролог Донна Стеллхорн айдаһарға көп жұмыс істеуге кеңес береді. Жаңа жобаларға күш пен қаражат жұмсап қажет емес, одан да бұрынғы жобаларға мән бергеніңіз жөн.

Жалдамалы жұмысшылар мансап баспалдағында көтерілу күтіп тұр. Жұмыс орнын өзгерту ұлу жылы туғандар үшін табысты болмақ. Your Chinese Astrology астрологиялық басылымы Тай Суй жұлдызының әсерінен сақ болуға кеңес береді. Тапқан қаражатты оңды-солды шашуға кеңес берілмейді. Жаңа жылда ұлулар өзін-өзі дамытуға баса мән беретін болады. Шет тілін үйреніп, тренингтер мен көшбасшылық курстарға қатысыңыз, инвестициялар мен депозиттер бойынша қаржы кеңесшісінің қолдауымен қаржылық мүмкіндіктерді дамытыңыз. Astrologyk астрологиялық басылымы хабарлағандай, бюджетті толтыру үшін хобби мен қосымша жұмыстарды алып жүріңіз. Күнделікті шығындарды бақылауға алып, мән-мағынасыз сатып алулардан бас тартыңыз. Оған интуиция мен аналитикалық тәсілді қолданыңыз. Сонда қаржы саласы тұрақты түрде дамып, сіз ұмтылатын жайлы өмір салтын жүргізуге мүмкіндік береді.

Бақытты ана мен ұлы. Көрнекі сурет
Бақытты ана мен ұлы. Көрнекі сурет: pixabay.com

Биыл өзгерістің көпшілігі оң болады және өмірге жағымды жаңару әкеледі. Өз мақсатыңызға жету үшін жылдың барлық мүмкіндігін пайдаланыңыз. Егер жұлдыз жорамалдың кеңестеріне құлақ түрсеңіз, сәттілік сіз жақта болатыны анық.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/2051275-ulu-zyly-tugandardy-biyl-ne-kutip-tur-2024-zylga-arnalgan-zuldyz-zoramal/

pixel