Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

2024 Айдаһар жылында Ит белгісін не күтіп тұр

Опубликовано:

Ит пен бала
Ит ұстап тұрған бала. Көрнекі сурет: pixabay

Мейірімді әрі қамқор Ит белгісінің өкілдерін белсенді өмір мен маңызды оқиғалар күтеді. Жұлдыз жорамалдың он бірінші белгісінің өмірінде қандай өзгерістер болады? 2024 жылға арналған болжамды астролог Сюзан Тейлор жасады.

Бұл жазбадан сіз мынадай ақпараттарды білесіз:

  1. Ит белгісіне арналған жұлдыз жорамал.
  2. Белгінің махаббат және романтикалық қарым-қатынасы қалай дамитыны туралы.
  3. Бір жыл ішіндегі денсаулығы жайлы.
  4. Белгі өкілдерінің қаржы және мансап жолы.

Ит белгісі үшін 2024 жылға арналған жұлдыз жорамал

Айдаһар жылы Ит белгісі үшін қандай болады? Алдағы жыл қарбалас әрі қызықты өтеді деп күтіледі. Ведалық астролог Чираг Дарувалла белгі үшін толқу мен өсу кезеңі болатынын айтады. Ит жылғы адамдарды энергияның артуы, қарқынды жұмыс, мақсатқа жету және қаржылық мүмкіндіктер күтеді. Сондықтан ұтымды ойлар мен жағдайға бейімделу қабілеті қажет. Белгі өкілдерінің махаббатын кездестіруге, мәселелерді шешуге мүмкіндігі бар. Иттер өкпені ішке жинау арқылы емес, ренішін айту арқылы гармонияда болады.

Ит белгісіндегі әйелдер өз құндылықтарына қайта үңіліп, жылдам әрі белсенді бола түседі. Оны жеке және кәсіби даму күтеді. Жылдың бірінші жартысы қиындықтар мен қарбаласқа толы болады, бірақ жазға қарай бәрі жақсарып, жаңа мүмкіндіктер есігі ашылады. Қаржыны бақылау қарыздан аулақ болуға және қауіпсіздік жастығын жасауға көмектеседі. Ит белгісіндегі әйелдер жақындарына қамқорлық пен жанашырлық жасайды әрі сол әрекеті үшін өзгелер де онымен жақсы қарым-қатынаста болады. Лайықты адамды кездестіру үшін әйелдің өзін-өзі дамыта түскені абзал.

Ит белгісіндегі ер адамға достары мен іскер серіктестері қолдау көрсетеді. Ол кәсіп алаңында ең үлкен жетістікке жетеді. Ол үшін жұмысқа бар ынтасымен берілу, шыдамдылық және кедергілерді жеңу алдыңғы қатарға тұрады. Білім алып, кәсіби дағдыны жетілдіру қажет. Көшбасшылық қызметке орналасуға, жеке кәсіп ашуға мүмкіндік бар. Көпшілік үшін хобби табыс көзіне айналады. Жұмыс көп уақытты алады, мұның жақсы көретін арумен арақатынасты салқындатуға әкелуі ғажап емес. Осы орайда сүйіктіңізге барынша мейірімділік көрсеткен жөн. Бойдақтар жұмыс барысында ғашығын кездестіреді.

Әріптестер әңгімесі
Әріптестердің сөйлесіп отырған сәті. Көрнекі сурет: pixabay

Мына эзотерикалық белгілер мақсатқа жетуге жақсы көмектесуі ықтимал:

  • Бақытты сандар – 3, 4 және 9, сондай-ақ олардың байланысы.
  • Тұмар тасы – агат, ақық, жолбарыскөз.
  • Бақытты түстер – қызыл, күлгін, жасыл.
  • Қолайлы бағыттар – оңтүстік, шығыс, оңтүстік-шығыс.
  • Сәтті айлар – қазан, қараша.

Жасырын арам пиғылдылардың айлаларынан сақ болыңыз. Бірқалыпты өмір сүруге тырысыңыз және ұрыс-керіске араласпаңыз.

Махаббат, қарым-қатынас және отбасы жұлдыз жорамалы

2024 жылы Ит белгісіне арналған махаббат жұлдыз жорамалы қандай? Ол басқа адамдар үшін өзінің жеке мүдделерін елеусіз қалдырмауды үйренеді. Бұл ішкі агрессияның жиналып қалмауына және серігін кек алу әрекеттеріне итермелемеуге көмектеседі. Қарым-қатынаста ашықтық, келісім және теңдік пайда болады. Ажырасу алдында тұрған ерлі-зайыптылар некелерін сақтап қалады. Бойдақтар болашағы зор сыңарын кездестіреді.

Жаңа жылда жұп боп жүрген жандар қарым-қатынасын заңдастыру туралы ойланады. Horoscope басылымы балалы болу туралы шешім дер кезінде қабылданады деп есептейді. Өміріңізді әр түрлі эмоция мен оқиғаға толтырыңыз. Жұбыңызбен бірге жүріп жаңа хоббимен айналысып көріңіз, жағымды эмоцияларды бірге сезініңіз. Бұл араны жақындатады.

Astrologyk астрологиялық басылымы жаңадан танысатын адам қатары көбейетінін жазады. Белгінің басы бос өкілдерінің сүйіктісі пайда болады. Оны адамның ішкі нұры мен мейірімділігі қызықтырады, сондықтан мұндай жанды өзгелермен таныстыруға болады. Әлеуметтік ортаңызды кеңейтіңіз, шаршасаңыз да, оқшауланбаңыз. Жылдың бірінші жартысында өзіңізбен пікірлес адаммен кездесу мүмкіндігі мол.

Осы сәтті өткізіп алғандар күзге дейін бәрінен құр қалады. Бұл ішкі дүниені қазбалайтын уақыт болады, сондықтан Ит белгісіндегі адамдар өзіне қандай серіктес қажет екенін нақты түсінеді. Ең үйлесімді қарым-қатынас өз белгіңіздің өкілімен, сондай-ақ Егеуқұйрық, Бұқа, Жылан, Жылқы және Доңыз белгісіндегі адамдармен болуы мүмкін.

Жас достар
Алқапта жүрген жастар. Көрнекі сурет: pixabay

Ит белгісіне арналған денсаулық пен сұлулық жұлдыз жорамалы

Sun Signs астрологиялық басылымы денсаулыққа қатысты мәселелер туралы ескертеді. Пайдалы процедуралар денсаулықты сақтауға және күш жинауға көмектеседі. Мысалы: массаж, бассейнде жүзу, жоспардан тыс демалыс және жақсы ортадағы адамдармен серуендеу. Тұрақты жасалатын жаттығулар мен калорияны азайтатын диета жақсы нәтиже береді. Астролог Сьюзан Тейлор таңғы жаттығу жасауға кеңес береді.

Тірек-қимыл аппаратының саулығына, буындар мен омыртқаның жағдайына ерекше назар аударыңыз. Алдын алу мақсатында физиотерапия, дәрумендер қабылдау және йога көмектеседі. Күрделі мәселелер туындаған жағдайда дәрігерден көмек сұраңыз. Ұйқыңыздың сапасына мән беріңіз және күнделікті матрас пен жастықты ортопедиялық төсектерге ауыстырыңыз.

Ит белгісінің өкілдері жаман әдеттерді пайдалы нәрселермен алмастырса, өмір сапасының жақсарғанын байқайды. Жылдың екінші жартысында эмоционалдық күйзеліс қаупі жоғары. Егер жұмыстан демалысқа, сүйікті хоббиіңізге және жақын адамдарыңызға уақыт бөлсеңіз, мұны болдырмауға болады.

Жаңа жылда емдеу және хирургиялық отаның барлық түрі, соның ішінде эстетикалық косметология процедуралары сәтті өтеді. Денсаулық нашарлағанда мән бергеннен гөрі алдын ала күтім жасаған дұрыс.

Спадағы әйел
СПА орталығында демалған әйел. Көрнекі сурет: pixabay

Мансап және қаржы жұлдыз жорамалы

Ит белгісінің өкілдерінде қаржылық жағдай бірқалыпты болмайды. Бюджетті толықтыруға міндетті түрде мүмкіндік болады, бірақ жұмыстағы бәсекелестік өзіңізді дәлелдеуді қиындатады. Мейірімділік, ақыл және бәсекелестермен келіссөздер жүргізу мүмкіндігі табысқа жетудегі бұл кедергіні жояды. Medium әлеуметтік басылымы басшылық Ит белгісіндегі адамдардың адалдығын бағалайды деп есептейді.

Жыл басында қаржылық қиындықтар болуы мүмкін. Алайда барлық мәселе көктемнің соңына дейін шешіледі. Табыс көзінің бірі хобби мен қызығушылыққа байланысты болады. Оларды ақшаға айналдырып, қосымша табыс көзі ретінде қарастыру мүмкіндігі жоғары.

Жаңа жылда байланыс орнатқан адамдар мансап пен бизнесте табысқа жетуге көмектеседі. Жаңа адамдар пайда болады, олардың әсері он бірінші белгінің жұмысы мен қаржысына оң әсер етеді. Қазіргі қызметтен кетудің қажеті жоқ, бірақ жұмыс берушілердің ұсыныстарын қарастыруға болады. Егер сізді қазіргі жұмысыңыз қанағаттандырмаса, келесі жылы ауыстыруды жоспарлаңыз.

Жазу жазған ер адам
Қаламсаппен жазу жазған ер адам. Көрнекі сурет: pixabay

Шығыс жұлдыз жорамалының он бірінші белгісінің өкілдері өмірін жақсы жаққа өзгертуге ұмтылады. Бұл оңайға соқпайды, алайда қызықты болады. Айдаһардың Ит белгісіне беретін барлық мүмкіндігін жүзеге асыру үшін жұлдыз жорамалының кеңестеріне құлақ асып көріңіз және бір сәтке де өзіңізге деген сенімді жоғалтпаңыз.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/2052011-2024-aidahar-zylynda-it-belgisin-ne-kutip-tur/

pixel