Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Жаңажылдық жоралғылар: 2024 жылға арналған қандай ерекше рәсімдер бар

Опубликовано:

Майшам суреті
Қызыл түсті майшам. Көрнекі сурет: pixabay

Балалар мен ересек адамдар Жаңа жылды ғажайып мерекеге теңейді. Адамдардың көбі бақыт пен махаббатты және ақшаны жақындататын жоралғылар мен рәсімдер бар деп сенеді. Айдаһар жылында Astopia астрологиялық басылымының кеңестеріне зер салып көріңіз.

Жаңа 2024 жылды тойлауға қатысты ережелер мен тыйымдар

Жасыл ағаш Айдаһар жылы алпыс жылда бір рет келеді. Алдағы жыл молшылық пен қуанышқа толы болғанын қаласаңыз, оны барлық ережеге сай қарсы алып, тыйымдарды ескерген артық болмайды.

Жаңа жылды қарсы алуға байланысты дәстүрлер мен рәсімдер

Жаңа 2024 жылды қалай қарсы алуға болады? Дәстүр бойынша Жаңа жыл мейрамы жақсы көңіл-күйде, жайлы ортада, таза үй мен кең дастарқан басында тойланады. Келе жатқан жыл иесінің үлгісіндегі сыйлықтар дайындап, садақа таратыңыз. Жаңа жылды тойламас бұрын мына кеңестерді ескере отырып, ескі жылды дұрыс қорытындылаңыз:

  • Ренжіткен адамдардан кешірім сұраңыз және сізді ренжіткендерді кешіруге тырысыңыз.
  • Достарыңыз бен отбасыңызды үлкен үстелдің басына жинаңыз.
  • The Pioneer Woman қыз-келіншектер басылымы үйге толық тазалау жұмыстарын жүргізуді ұсынады.
  • The Chinese Zodiac астрологиялық басылымы үйіңізді сандал ағашының хош иісті заттарымен ыстауға кеңес береді.
  • Ескі заттарды таратып жіберіңіз. Жаңа бұйымдарға орын босатыңыз.
Айдаһар бейнесі
Айдаһар бейнесіндегі кәдесый. Көрнекі сурет: Freepik

Салпыншақтар (брелок), кулондар мен кітаптар, сыртында айдаһар бейнеленген қытай шайын, айдаһар ағашын сыйлыққа беріңіз. Мұқтаж жандарға нан мен кәмпит таратыңыз. Ескі жыл қиын өткен болса, 2023 жылға арналған күнтізбені "Барлық қайғы-мұң отқа оранып, келесі жылы сәттілік серігім болсын" деген сөздерді айта отырып, өртеп жіберіңіз. Осылайша сіз сәттілікті өзіңізге жақындатасыз.

Жаңа жылды қайда, қандай киіммен және кіммен қарсы алу керек?

Жыл иесіне байланысты тойлау орнын таңдауға шектеу жоқ. Айдаһар жылын үйде, қонақта немесе демалыс орындарында (мейрамханалар, клубтар, қонақ үйлер) тойлауға болады. Өзіңізді жайлы сезіну үшін үлкен ортақ үстелі бар орындарды таңдаңыз.

Ал киім мен зергерлік бұйымдарды таңдау бойынша жан-жақты ұсыныстарды қарастырған абзал. Бұл жылдың иесі жылтырақтың бәрін жақсы көреді, сондықтан сізге алтын және күміс түстес көйлектер мен зергерлік бұйымдар қажет. Айналаңызды жылтырақ заттармен безендіріңіз. Дәстүрлі шыршадан басқа шағын шыршаларды, жаңа жылға арналған картиналарды, соның ішінде айдаһар бейнелерін және гирляндаларды пайдаланыңыз.

Айдаһар жылындағы мерекелік дастарқанда жеңіл тағамдар, салаттар, ет тағамдары және тәттілер болуы керек. Үстелдің безендірілуі де жыл белгісімен сай болғаны дұрыс. Үй шаруасындағы әйелдерге арналған Good House Keeping басылымның бас редакторы Мариса Ласкала үстелге бұршақтан пісірілген тағамдар қоюды ұсынады.

Жаңа 2024 жылда не істеуге болмайды?

Ренжуге немесе отбасылық мәселелерді бөлісуге болмайды. Тіпті жағдай мәз болмаса да, барлығын кейінге қалдырыңыз. Жаңа жылды қарсы алатын күні шағымдануға тыйым салынады. Cosmopolitan сұлулық және сән басылымы жылауға тыйым салады. Мынадай тыйымдарға назар аударыңыз:

  • Құмар ойын ойнамаңыз. Кез келген шығын 366 күнге көбейтіледі. Кібісе жылының қарсаңында аяқ астынан сәттілік болады деп ойламаңыз.
  • Қарызға ақша бермеңіз немесе ақша алмаңыз.
  • Үстелге ескі ыдыстарды қоймаңыз, бұл Айдаһарды ренжітеді. Алтын және күміс әшекейі бар табақтар мен әдемі бокалдарға ақша аямаңыз.
  • Өтіп бара жатқан жылдың иесіне құрметсіздік танытпау үшін қоян етінен тағам пісірмеңіз.

Жаңа жыл қарсаңында көрген түсіңізді есте сақтаңыз. Бұл аян болуы мүмкін әрі мұндай түстің белгілерін елеусіз қалдыруға болмайды.

Тәтті печенье
Ыдысқа салынған тәтті піспенан. Көрнекі сурет: pixabay

Жаңажылдық жоралғылар

Қағазға жазылған тілектеріңізді өртеп, оның күлін бір стақан шампанға араластырып, қоңырау үні естілген кезде ішесіз бе? Astopia астрологиялық басылымы Жаңа жыл қарсаңында армандап, 2024 жылға мақсат қоюды ұсынады.

Сәттілік пен ақшаға қатысты нанымдар

Жаңа 2024 жылға қатысты қандай ырымдар бар? Түшкіру - сәттіліктің белгісі. 1 қаңтарда үйге келген бірінші қонақ ер адам болса, жыл сәтті болады. Ескі жылды шығарып салып, жаңа жылды қарсы алу үшін сағат тілі соғылғанда терезелер мен есіктерді ашуды ұмытпаңыз.

Жаңа 2024 жылы ақшаға қатысты қандай нанымдар бар? Үйдегі таза терезелер мен айналар - жақсылықтың магниті. Қалталарыңыз бен әмиянға қағаз ақшалар салыңыз, ал тиындарды үйге және үстелдегі табақтар мен дастарқан астына қойыңыз. Байлықты шақыру үшін қонақтарыңызға тары себіңіз. Ақшаға қатысты мына рәсімдерді жасап көрсеңіз болады:

  • Барлық қарызды 31 желтоқсанға дейін өтеңіз.
  • Қол сағатыңызды сары матамен ораңыз. Түн ортасында сағатты қолыңызға алып, армандаған жұмысыңызды табу үшін "Менің сағатым соғады, жұмыс мені табады" деп айтыңыз.

Жаңажылдық әшекейлерден басқа шыршаға кәмпиттер, тиындар мен жемістер іліңіз. Айдаһар мүсіншелері жыл иесінің көңілін аулайды.

Сағат және тиындар
Сағат және тізілген тиындар. Көрнекі сурет: pixabay

Махаббат пен жүктілікке қатысты ырымдар

Махаббат пен балалардың күлкісіне толған үй - көп адамның арманы. Жаңа жылда үйіңізде махаббат орнағанын қаласаңыз, мына ырымдарға назар аударыңыз:

  • Саусағыңызды тіліп алу жалғыздықтан құтылуды білдіреді.
  • Егер мерекені жолда тойлауға тура келсе, онда махаббатыңызды тез арада кезіктіремін дей беріңіз.
  • Жаңа жыл кіргенде сағат соғылған сәтте серігіңіздің қолынан мықтап ұстаңыз.
  • Махаббатыңызды табу үшін жүзігіңізді стақандағы суға салып, Жаңа жыл кірген кезде ішіңіз.
  • Отбасылық бақытқа кенелу үшін жеті жасыл шамды жағып, жеті балаға сыйлық беріңіз. Шамдарды үйдің оңтүстік-шығыс бөлігіне қойыңыз.
  • Мереке қарсаңында балалы достарыңызды шақырыңыз, осылайша үйіңізге сәбидің энергетикасын жақындата аласыз.
  • Жүкті әйелдің қолынан тамақ алу жақында құрсақ көтеретініңізді білдіреді.
  • Шыршаның астындағы балаларға арналған заттар мен ойыншықтар жүктілік туралы жаңалықты аңдатады.
  • Егер шыршаның тамыры жайылса, үй иелері көп ұзамай ата-ана атанады.

1 қаңтарда итті кездестіру - жаңа адаммен танысудың белгісі. Отбасын біріктіру үшін жаңа жылдық үстелдің аяқтарын арқанмен байлаңыз.

Ауа райы мен табиғатқа байланысты белгілер

Табиғат өмірден ләззат алуға күш пен шабыт береді. 31 желтоқсанда мына белгілерге мән беріңіз:

  • Қалың қар жауса, егін мол болады.
  • Омбы қар жатса, жаз жаңбырлы болады.
  • Мұз үйінділері болса, мол астық жинауды аңдатады.
  • Жарқыраған Ай аязды, ал тұманды болса, күннің жылынатынын білдіреді.
  • Ақ бұлттар температураның төмендейтінін, сұр бұлттар жоғарылайтынын көрсетеді.
  • Тыныш әрі ашық түн жылдың әр маусымы үшін жақсы ауа райы болатынын білдіреді.
Қыс көрінісі
Қысқы орман көрінісі. Көрнекі сурет: pixabay

Жаңа жыл қарсаңындағы дастарқанда табаққа салынған жануарлар бейнесіндегі печенье мен прәндіктер үйде де, шаруашылықта да жақсылық болатынының белгісі. Жыл жемісті болу үшін дастарқанның астына бидай себіңіз.

Жаңа жылда неғұрлым көп адамды құттықтасаңыз, қуанышыңыз еселене түседі. Өміріңіздің бақытты күндеріне жол ашу үшін Жаңа жылға қатысты белгілерге назар аудару артық болмайды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/2052620-zana-zyldyq-dasturler-2024-zylga-arnalgan-qandai-erekse-zoralgylar-bar/

pixel