Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Бүгінгі жұлдыз жорамал: 28 желтоқсанда сізді не күтіп тұр

Опубликовано:

Жұлдыз белгісі бар глобус
Жұлдыз белгісі бар глобус. Көрнекі фото: pixabay.com

Бүгін жұлдыз жорамал бойынша сізді не күтіп тұрғанын біліңіз. Біздің жұлдыз жорамалымызға сүйене отырып, сіз жұмыс жоспарыңызды тиімдірек құра аласыз, жеке қарым-қатынастарыңызды дамыта аласыз және күнделікті денсаулығыңызды бақылай аласыз.

Жұлдыз жорамал: Тоқтыларды бүгін не күтіп тұр?

Бүгін - зиянды әдеттерден арылуға алғашқы қадам жасау үшін тамаша күн.

Дүкендердегі жеңілдіктерге назар аударыңыз, көптен күткен нәрсені тиімді сатып алуыңыз әбден мүмкін.

Жұлдыз жорамал: Торпақтарды бүгін не күтіп тұр?

Егер сіз өзіңізді дәмді тағаммен қуанту үшін жоғарыдан белгі күтсеңіз - міне :)

Бірге дүкен аралауға тамаша уақыт.

Жұлдыз жорамал: Егіздерді бүгін не күтіп тұр?

Сүйіктіңізге сыйлық сыйлау жағын ойластырсаңыз, оның қалауын ескеруді ұмытпаңыз. Тіпті оның қалағаны сіздің көңіліңізден шықпаса да, оған ұнауы мүмкін заттарға бір уақ мән беріңіз.

Кем дегенде бір апта бойы күніне 7-8 сағат ұйықтауға тырысыңыз, сонда сіздің сыртқы келбетіңіз қаншалықты оң өзгеретінін көресіз.

Жұлдыз жорамал: Шаяндарды бүгін не күтіп тұр?

Қиын жағдайда қалғандарға көмектесу қуаныш пен жағымды эмоциялар әкеледі. Мазаңызды қашырған көп мәселе өздігінен шешіледі.

Қолыңызға күтім жасаңыз: жаңа нәрлі крем сатып алып, өзіңізді қуантыңыз.

Жұлдыз жорамал: Арыстандарды бүгін не күтіп тұр?

Спортпен шұғылданыңыз, ашық ауада көбірек уақыт өткізіңіз. Денеңіз бір рахаттанып қалатыны сөзсіз.

Отбасыңызға, әсіресе балаларыңызға уақыт бөліңіз.

Жұлдыз жорамал: Бикештерді бүгін не күтіп тұр?

Өз жұбыңызбен арадағы сезімдер туралы айтудан қашпаңыз. Жағымды ойларыңыз бен, жағымсыз пікірлеріңізді де үнемі айтып отырыңыз. Бұл сіздердің арақатынастарыңызды айтарлықтай берік етіп, босқа сөз таластырудан сақтайды. Кейбір кикілжіңдер мен түсініспеушіліктер тек қана сіздің ойыңыз ғана болуы мүмкін.

Үйде комбуча жасап ішіп көріңіз, оны сатып алудың қажеті жоқ, пайдалы әрі дәмді сусын.

Жұлдыз жорамал: Таразыларды бүгін не күтіп тұр?

Бір саусағы бүгулі жандар үшін күшіңізді сарп етпеңіз. Сізге нағыз дос емес жанмен қарым-қатынасты тоқтатудың кезі келді.

Үйдегі күйбең тірлікті кейінге қалдырмаңыз, бүгін бәрін бітіргеніңіз дұрыс, себебі ертең сізді әлдеқайда маңызды жұмыстар күтіп тұр.

Жұлдыз жорамал: Сарышаяндарды бүгін не күтіп тұр?

Үй шаруасын ертеңге қалдырмай, бүгін тындырып тастаңыз, себебі алдағы уақытта сізді бұдан да жағымды тірліктер күтіп тұр.

Сізге өзіңізді бағалай білуді үйрену керек, сіз көбінесе кемшіліктерге назар аудара отырып, сыртқы келбетіңіздің артықшылықтарын байқамайсыз.

Жұлдыз жорамал: Мергендерді бүгін не күтіп тұр?

Күн жарқын эмоцияларға толы болмақ. Күннің бірінші жартысы қолайлы: көп іс бітіресіз, барлық жоспарыңызды орындайсыз. Басқаларға көңіл бөліңіз: көмектесіңіз, тілектерін тыңдаңыз, олардың өміріне қызығушылық танытыңыз.

Ыдыс жуғаннан кейін шұңғылшаны тазартып отыруды ұмытпаңыз. Бұл асүйіңіздің таза әрі әдемі болуына септігін тигізеді.

Жұлдыз жорамал: Тауешкілерді бүгін не күтіп тұр?

Өзіңізге күтім жасауды ұмытпаңыз: кешке өзіңізге қажетті шөп шайды ішіп, таңертең дәрумен қабылдау жағдайыңызды жақсартуға мүмкіндік береді.

Сақ болыңыз: сізге өзін банк қызметкері ретінде таныстырып, картаңыздың деректемелерін алуға тырысатын алаяқтар қоңырау шалуы мүмкін.

Жұлдыз жорамал: Суқұйғыштарды бүгін не күтіп тұр?

Арқаңызға ауыртпалық түсірмеңіз, спорт тек таңертең пайдалы. Жақсы ұйықтау үшін жаяу жүруді ұмытпаңыз.

Өзгелердің пікірі мен кеңесіне құлақ аспайсыз. Сондықтан олармен тіл табысу қиын болады. Оқиғаларды талқылап, қақтығыстардан, түсінбеушіліктерден аулақ болыңыз.

Жұлдыз жорамал: Балықтарды бүгін не күтіп тұр?

Жаңа танысулардың арқасында берік достық орнатуға мүмкіндік туады. Дайын болыңыз.

Маңызды нәрселер кестесін жасау үшін отбасы мүшелерімен сөйлесіңіз, бұл бірге уақыт өткізуге сеп болады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/2052840-bugingi-zuldyz-zoramal-28-zeltoqsanda-sizdi-ne-kutip-tur/

pixel