Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Айдаһар жылы: Доңыз жылы туғандар үшін 2024 қандай болады

Опубликовано:

Доңыз пішіні
Доңыз пішініндегі ойыншық. Көрнекі сурет: pixabay

Доңыз жылы туған қарапайым әрі жомарт жандарға Айдаһар жылында табысқа жету үшін мүмкіндігі мол. Белгі өкілдерін қандай қиындықтар мен сыйлықтар күтіп тұр? Жұлдыз жорамалды астролог Сьюзан Левитт құрастырды.

Бұл жазбадан мына мәліметтерді білесіз:

  1. 2024 жылы Доңыз белгісіне арналған жалпы жұлдыз жорамал.
  2. Белгі өкілдерінің махаббат, романтикалық қарым-қатынасының қалай дамитыны жайлы.
  3. Белгі өкілдерінің денсаулығы туралы.
  4. Қаржы және мансап жолындағы өсуі.

Доңыз белгісі үшін 2024 жылға арналған жұлдыз жорамал

Айдаһар жылы Доңыз белгісі үшін қандай болады? Әйелдерге арналған Voice журналының мәліметінше 2024 жылы ешқандай сілкініс болмайды. Қарым-қатынас, достармен және отбасымен жағымды оқиғалар болады. Жақын адаммен қарым-қатынаста жүйелілік пен әдеп қажет екенін естен шығармау керек. Жаңа жыл мансап жолында өсу үшін қолайлы, бірақ таңдаған мамандық бойынша білім алып, даму қажет. Medium әлеуметтік басылымы Доңыз жылы туған адамдар жаңа байланыс аясын кеңейтетінін жазады.

Доңыз жылы туған әйелдер трансформациядан өтеді. Олардың рухани әлемі күшейіп, дами бастайды, сенімділік пен тепе-теңдік пайда болады. Кикілжіңдер шешіліп, дұшпандармен татуласады, таныстар шеңбері кеңейеді. Жылдың бірінші жартысы күтпеген оқиғаға толы болса, екінші бөлігінде мансап баспалдағымен көтерілу кезеңі күтеді. Маусым айынан бастап ғашық адамдар қатары көбейеді, бойдақ жүрген ханымдар өмірлік серігін табады.

Доңыз жылы туған ер адамдар жаңа білім мен дағдыларды меңгереді. Жұмыс барысында шығармашылық жобалар бойынша курс оқиды. Әріптестермен арадағы келіспеушілікті дипломатиялық жолмен шешіңіз. Мансап пен жеке өміріңізді қатар алып жүруді үйреніңіз. Олай жасай алмасаңыз, серігіңіздің қызғанышын басу үшін оған үнемі сыйлық беруге тура келеді. Белгінің бас бос өкілдері отбасын құратын арумен кездеседі. Армандаудан шаршамаңыз, сонда барлық жоспарыңыз орындалады.

Әріптестер жұмысы
Кеңседе жұмыс істеп отырған әріптестер. Көрнекі сурет: pixabay

Жаңа жылда табысқа жету үшін Доңызға эзотерикалық белгілердің көмегі қажет болады:

  • Қолайлы бағыттар - солтүстік-шығыс, оңтүстік-шығыс.
  • Сәтті айлар - қараша, желтоқсан.
  • Бақытты сандар - 2, 5, 8 және олардың қосындысы.
  • Тұмар тасы - лазурит, селенит, ай тасы.
  • Үйлесетін түстер - сары, қоңыр, сұр, алтын.

Жаңа жылда Доңыз белгісінің өкілдері қалаған мақсатына жетеді. Олар бойдағы харизма арқылы гүлденіп, өзіне деген сенімділікті арттырады.

Махаббат, қарым-қатынас және отбасына арналған жұлдыз жорамал

Доңыз белгісі үшін 2024 жылға арналған махаббат жұлдыз жорамалы қандай? Sun Signs астрологиялық басылымының мәліметінше Доңыз белгісінің өкілдері өз ортасынан махаббатын іздейді. Жұмыстың қауырт болуы сізді ұжымға жақындатады. Мұның арты әріптесіңізбен немесе бастығыңызбен романтикаға толы қарым-қатынас орнатуға сеп болуы мүмкін. Бұл махаббаттың әрі қарай қалай өрбитінін өзіңіз шешіңіз. Бұрыннан жұп болып жүрген жандар арасында қаржы мәселесіне байланысты мәселе туындайды. Ортақ бюджетті құру және болашақ үшін бірлесіп инвестиция салу бұл жағдайды шешуге көмектеседі. Серігіңізге шынайылық, нәзіктік танытып, назар аударуды ұмытпаңыз.

Доңыз белгісі өкілдерінің жеке өмірі жаңа жылда жақсы жағына өзгереді. Мұны белгінің басы бос өкілдеріне қатысты деуге болады. Көктемде махаббатыңызды кездестіру ықтималдығы жоғары, ал маусымнан бастап қарым-қатынас қарқынды өрби түседі. Жаңа романтикалық байланыс некелесу рәсіміне жалғасады.

Айдаһар жылындағы күйзеліс түрлі эмоцияны оятады. Доңыз сүйіктісіне талап қояды, ренжітеді, қызғанады және ажырасу жайлы айтып қорқытады. Мұндай сөздерге алданбаңыз, кикілжіңді шешіп, ымыраға келу жолын іздеңіз.

Ерлі-зайыптылар үшін бірге саяхаттау, тұрақты кездесу үйымдастыру, жақсы сыйлық сыйлау және үйде романтикалық кешкі ас пісіру жолдары ұсынылады. Ортақ хобби мен бизнес жұбайлық өмірді жақсартады.

Кешкі аста отырған жұп
Кешкі ас ішіп отырған ер мен әйел. Көрнекі сурет: pixabay

Денсаулық және сұлулық жұлдыз жорамалы

Астролог Сьюзан Левиттің айтуынша жаңа жылда Доңыздың өмірден ләззат алуға, өзін еркелетуге және көрсетуге көптеген мүмкіндігі болады. Жылдың бірінші жартысында күш-қуат пайда болады. Көктемде дәрумендер ішу арқылы иммунитетіңізді көтеріңіз. Егер экстремалдық спортты ұнатсаңыз, өзіңізді шыңдаңыз, салқын душ қабылдаңыз және жыл бойы табиғи су айдындарында жүзген абзал.

Іркіліс жасамаңыз, барынша белсенді болыңыз. Доңыз үшін басты міндет жұмыс пен демалыс арасындағы уақытты ажырата білу болмақ. Спорт залдарына үнемі бару ең жақсы шешім болмақ. Диетологтың көмегі арқылы артық салмақты реттеңіз.

Психосоматикалық ауруларға, гормоналдық жүйенің теңгерімсіздігіне, ұйқы безінің жұмысындағы бұзылыстарға көбірек назар аудара отырып, тексеруден өтіңіз. Қантты байқап тұтыныңыз. Күйзелістен аулақ болып, кеңдеу киім сатып алуға тырыспаңыз, керісінше дене пішінін қалыпқа келтіруге тырысыңыз. Astrologyk астрологиялық басылымы жұмыста мұқият болуға кеңес береді, себебі жарақат алу қаупі жоғары.

Ұйқының дұрыс болуы, демалу және артық ойлардан арылу денені қалыпты ұстауға көмектеседі. Сыртқы келбетіңізге мән беру өз-өзіңізді жақсы бағалауға оң әсерін тигізеді. Стилистке, косметологқа және шаштаразға баруды жоспарлаңыз, жақсы нәрселерден бас тартпаңыз.

Шаш алдыру
Шаш қысқартып жатқан жігіт. Көрнекі сурет: pixabay

Қаржы жұлдыз жорамалы

Knowinsiders әлеуметтік басылымы Доңыз белгісіне қосымша табыс көзін табу үшін көп жұмыс істеу керегін айтады. Жеңіске жету оңай емес, бірақ жұмыстан, мансаптан және өзін-өзі дамытудан барынша пайда алуға болады. Барлық күш-қуатыңызды, біліміңізді, амбицияңызды жинасаңыз, нәтижесі көп күттірмейді. Еңбекақының көбеюі, қызметтің жоғарылауы және әлеуметтік мәртебенің нығаюы ықтимал. Қолданыстағы табыс көзінен бөлек қосымша жұмыс қарастырған артық болмайды.

Қадамыңызды нық басып, эмоцияны тежеу қалаған нәрсеге қол жеткізуге көмектеседі. Нақты табыс әкелетін іске ғана инвестиция жасауға келісіңіз, үлкен тәуекелге бармаңыз. Азғырулар, сондай-ақ үлкен соманы жоғалту жағдайының болуы ғажап емес. Бюджетті реттеу артық шығын шығармауға көмектеседі.

Жаңа жылда Доңызды қызықты іссапар, тағылымдама, курстар күтіп тұр. Онда жаңа байланыстар мен пайдалы танысулар болады, бұл сіздің мансабыңыз бен қаржыңызға оң әсер етеді. Сенімді серік табу үшін сүйкімділігіңізді пайдаланып, адамдарды қуанта біліңіз.

Жұмыста шамадан тыс жүктемелерден аулақ болыңыз, оның пайдасы болмайды. Уақытыңыз бен күшіңізді ұтымды үйлестіріп, көбірек демалыңыз. Жоқ деп айтуды үйреніңіз, күйзелістен аулақ болыңыз және қайта қалыпқа келу үшін өзіңізге уақыт бөліңіз.

Кофе ішкен жұп
Кофе ішіп отырған жұп. Көрнекі сурет: pixabay

Жаңа жылда Доңыз белгісінің өкілдері көптен күткен арманының орындалғанын және бұрын жасаған қадамдарының оң нәтижесін көреді. Ол жақын адамдарының байланысы мен қолдауына мұқтаж болады. Мақсатқа жету үшін жұлдыз жорамалының кеңестеріне назар аудару артық болмайды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/2053113-aidahar-zyly-donyz-zyly-tugandar-usin-2024-qandai-bolady/

pixel