Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Жаңажылдық лебіз: әріптестеріңізді қалай ерекше құттықтауға болады

Опубликовано:

2024 жыл
2024 жыл белгісі. Көрнекі сурет: pixabay

Жаңа жыл қарсаңында әріптестеріңізді құттықтау оларға деген ерекше құрметіңізді көрсетеді. Жүректен шыққан жылы лебіз адамдардың арасын жақындатады. Ұжымдағы қызметкерлерді құттықтау үшін біз ұсынған тілектер кәдеңізге жарайды деген сенімдеміз.

Әріптестерге арналған әдемі құттықтаулар

Тілектер мен құттықтаулар жазылған WishesMsg сайты жаңа жыл әріптестеріңізді құттықтауға және ұжымдағы адамдармен байланысыңызды нығайтуға тамаша уақыт деп жазады. Бір ұжымда жұмыс істейтін адамдарды қандай жаңажылдық тілекпен қуантуға болады? Жаңа жыл қарсаңында әріптестеріңіздің өсіп-өркендеуін, кәсіби тұрғыда дамып, мол табысқа жетуін тілеңіз.

***

Қымбатты әріптестер! 2024 жыл сізді табыстың шыңына жетелеп, оң әрі дана шешімдермен есте қалсын. Баршаңызға зор денсаулық, амандық, бақ-береке тілеймін. Жаңа жылда барша адам бақытты болсын!

***

Қымбатты әріптестер! 2024 жылы мансап жолында биік сатыларға көтеріліп, өркендей беріңіздер деп тілеймін. Мереке қарсаңында сіздерге жүректегі ең жақсы тілектерімді жолдаймын.

***

Жаңа жыл береке мен табысқа толы болсын! Барлық бастамаңыз сәтті аяқталсын!

***

Әріптестер, жаңа жыл құтты болсын! Баршаңызға зор денсаулық, бақыт, қуаныш, сәттілік пен көп ақша тілеймін. Еш жамандық болмасын!

***

Жаңа жыл құтты болсын, құрметті әріптестер! Сіздер бір жыл бойы бір-біріңізге қолдау көрсетіп, сенімді серік бола білдіңіздер. Келе жатқан жыл біздің ұжым үшін керемет жаңалығымен келеді деп сенемін.

***

Қымбатты әріптес! 2024 жылы армандарыңыз орындалып, табысыңыз еселенсін! Әрбір ісіңіз сәтті болып, жаңа жетістік шыңын бағындыру жолында күш-қуат тілеймін! Деніңіз сау болсын! Жаңа жылда мансап сатысынан лифті секілді жылдам көтеріліп, табыстың шыңына шығыңыз!

***

Ардақты әріптестер! Ең қиын естеліктің бәрі ескі жылда қалсын деп тілеймін. Алда тек жарқын күндер мен табыс күтіп тұрсын! Алға қойған мақсатқа қадам басуға және мансап сатысымен көтерілуге ​​күш-қуатыңыз жетсін! Жұмысқа да, демалуға да уақыт табуыңызға тілекшімін. Армандарыңыз бен ең асыл тілектеріңіз орындалсын! Жаңа жыл құтты болсын!

***

Аяулы әріптестер! 2024 жыл қарбалас жұмыс күндері мен бояуы қанық сәтке толы болсын! Арман-тілектеріңіз орындалып, әрдайым көңіл-күй көтеріңкі болсын! Мықты денсаулық, мол табыс тілеймін. Ұжымда сенімді іскер адамдар қатары көбейсін!

***

Адамдар күннің көп бөлігін жұмыс орнында өткізеді, сондықтан әріптестер екінші отбасына айналып кеткен. Ұжымдастарға құттықтау ашықхатын дайындап, жылы тілектер жазудың өзі бір ғанибет.

Жаңажылдық құттықтау
Жаңажылдық құттықтау ашықхаты. Көрнекі сурет: NUR.KZ

Әріптестерге арналған құттықтау сөздер

Әріптестер үшін қандай ерекше жаңажылдық құттықтаулар бар? Егер дәстүрлі құттықтау үлгісін ұнатпасаңыз, әріптестеріңізге арнап қысқа-нұсқа әрі әзіл аралас лебізіңізді жолдауға болады.

***

Әріптестер! Жаңа жыл мерекесінде маған тілек айтуды ұмытпаңыздар! Өйткені мен сіздің тілегіңізге орай еңбекақы түсетін картаңыз ақшаға толсын деп тілеймін.

***

Жаңа жылда жұмысымыз өнімді болсын деп тілеймін. Ол үшін арамызда өзара түсіністік болуы қажет. Мереке құтты болсын, әріптестер!

***

Жаңа жылда жұмыстан берілетін сыйақылар Аяз атаның сөмкесіндегі сыйлықтар сияқты төгілсін және алдымыздан шыққан қандай да бір қиындық лайым тезірек шешімін тапсын!

***

Жаңа жыл құтты болсын! Күшті әрі батыл адам өмір жолында мықтылығын көрсетеді. Жыл символы саналатын Айдаһардың айлакерлігі мен тапқырлығы кез келген жағдайда дұрыс таңдау жасауға септігін тигізсін. Сізге зор денсаулық пен оптимизм тілеймін!

***

Жаңа жыл өткен жылға қарағанда жақсы, жеңіл және қуанышты болсын! Денсаулығыңыз мықты болсын, әмияныңыз қомақты қаржыға толсын, қуанышты кездесу көбейсін!

Құттықтау өлеңі
Құттықтау өлеңі жазылған ашықхат. Көрнекі сурет: NUR.KZ

Жаңа жылда әріптестеріңізді қандай өлең жолдарымен құттықтауға болады? bilim-all.kz сайтында жарияланған жаңажылдық өлеңдер топтамасын ұсынамыз:

Келді міне Жаңа жыл ортамызға,

Құт-береке әкелсін баршаңызға.

Аңсаған арманыңыз орындалып,

Өміріңіз бақыт пен толсын нұрға.

***

Аман болсын отбасың,

Жамандықтан сақтасын.

Жаңа жылдың түнінде,

Бақыт ашсын қақпасын!

***

Келді тағы жаңа жыл

Қуантуға біздерді,

Құтты болсын қуаныш

Құттықтаймыз сіздерді!

***

Жаңа жылың жаңа нұр ала келсін

Қуанышқа құшағың тола берсін.

Ескі жылың есіркеп көкейіңде

Қимас шақтың бірі боп қала берсін!

***

Бақыт нұрын шашсын,

Ататын таң алдан.

Таусылмасын нәсіп,

Толып ақсын арнаң.

Ақталсын пәк үміт,

Жаңа қауыз жарған.

Баянды боп келсін,

Орындалсын арман!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/2053333-zanazyldyq-lebiz-ariptesterinizdi-qalai-erekse-quttyqtauga-bolady/

pixel