Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Кімдер табысқа жетеді: 2024 жылдың қаңтар айына арналған қаржы жұлдызнамасы

Опубликовано:

Ақшалы әйел
Ақша ұстап тұрған әйел. Көрнекі сурет: pixabay

Жылдың басында жұмыс істеуге құлшыныс артып, мансап жолындағы жаңа жоспарлар жазылады. Бұл әрбір зодиак белгісінің қаржылық жағдайына қалай әсер етеді? Қаңтар айына арналған қаржы болжамын астролог Лиз Симмонс құрастырды.

Тоқтылар үшін қаңтар айына арналған қаржы жұлдызнамасы

Қаңтар айында Тоқтылар жаңа компанияда немесе басқа саладағы жұмысқа кірісуі мүмкін. Stars Tell астрологиялық басылымының мәліметінше оларда жылдың бірінші айында қобалжу болады, дегенмен уақыты қызықты өтеді.

Тоқтылар үшін қаңтар айына арналған қаржы жұлдыз жорамалы қандай? Табысқа жету үшін бар күшіңізді салыңыз. 4 қаңтардан бастап Тауешкідегі Марс табанды адамдарға көмектеседі. Ол энергияны жерге түсіріп, оны қатты тиындарға айналдырады. Демалуға уақыт табыңыз және күмәнді жобаларға араласпаңыз. Құжаттарыңызды және қазіргі істеріңізді ретке келтіріңіз.

Іскер адамдар
Кеңседегі әріптестер жиыны. Көрнекі сурет: pixabay

Қаңтар айында Торпақтарға арналған қаржы жұлдыз жорамалы қандай?

Егер Торпақ осы айда өз ісін бастауға шешім қабылдаса, табысқа жетеді. Астролог Лиз Симмонс 27 қаңтардан бастап Уранның Торпаққа өтуі бұл белгі үшін шындыққа толы сәт деп санайды. Ол айналасындағы адамдармен терең байланыс орнатады, бұл дамуға және мансап баспалдағымен көтерілуге мүмкіндік береді. Серіктестер мен демеушілер пайда болады.

Қаңтар — білім алу үшін жақсы ай. Дағдыларыңызды дамыту үшін өзіңізден ақшаны аямаңыз. Қателіктерден сабақ алып, арнайы іс-шараларға қатысыңыз. Онда сіз достар мен серіктестер таба аласыз.

Егіздер үшін қаңтарға арналған қаржылық жұлдыз жорамал

Белгі өкілдерін маңызды кездесу мен танысулар күтеді. Жаңа танысыңыз жұмысқа, кәсібіңізге және білім алуға көмектеседі.

Егіздер үшін қаңтар айындағы қаржылық жұлдыз жорамал қандай? Қаржы және жұмыс тұрғысынан ай қалыпты әрі күйзеліссіз өтеді. Көптен армандаған затты сатып алуға мүмкіндік туады. Өзіңізді еркелетіңіз, бұл сіздің бюджетіңізге кері әсер етпейді. 14 қаңтардан бастап Тауешкідегі Күн Егіздерді батыл етеді. Бұл кезең презентациялар мен іскерлік фотосессиялар үшін жақсы сәт саналады.

Шаяндарға арналған қаңтар айындағы ақша жұлдыз жорамалы қандай?

Жеке өмірдегі сәттіліктің арқасында Шаяндар жұмыста да табысқа жетеді. Белгі өкілдерінің бақытты сәттері көкте қалықтатады, әрбір ісі оңынан болады, ақша өзен сияқты келеді.

Ең үлкен жетістікке шығармашылық пен психология саласында жұмыс істейтін Шаян белгісінің өкілдері қол жеткізеді. Егер кәсібіңіз болса, жеке брендті дамытыңыз және әрбір ісіңіздің қоршаған ортаға пайдасын тигізгені абзал. Шығармашылық идеялар пайдасын береді. Егер қандай да бір істе ымыраға келуге бейім әрі епті болсаңыз, қаржылық шығын болмайды.

Арыстандар үшін қаңтарға арналған қаржы жұлдыз жорамалы

Қаңтар жұмыс, табыс және серіктестік бойынша жақсы жаңалықтармен басталады. Лауазым мен еңбекақы көтерілуі мүмкін.

Арыстан үшін қаңтардағы қаржылық болжам қандай? Қаңтар айының алғашқы онкүндігі тыныш өтеді, бірақ 14 қаңтардан бастап Меркурий Тауешкі белгісіне кірген кезде жұмысыңыздан өзгерістер күтіңіз. Ештеңеден қорықпай, алға батыл қадам жасаңыз. Қаңтар айында бір жылдық табыстың негізін қалаңыз. Келіссөздер, несиелер, сатып алулар сәтті болады.

Қалта ұстаған қыз
Қалта ұстап тұрған қыз. Көрнекі сурет: pixabay

2024 жылдың қаңтарында Бикешті қандай қаржылық жағдай күтеді?

Қаңтар айында Бикештің өмірінде көптен күткен өзгерістер болады. Олар өмірдің барлық жағдайына әсер етеді. Айдың екінші онкүндігінде табыс түседі және пайдалы мәмілелер жасалады. Қаңтарда ойға түскен барлық қызықты идеяны дәптерге жазыңыз. Мамыр айында түртіп алған ойларыңызға көз салыңыз, бұл сіздің баюыңызға көмектеседі.

7 қаңтардан бастап Мергендегі Меркурий сіздің беделіңізді және басшыларыңызбен қарым-қатынасыңызды нығайтады. 14 қаңтардан бастап, Күн Тауешкі белгісіне енген кезде айдың ең қиын мәселелерін шешіңіз.

Таразыға арналған қаңтар айындағы ақша жұлдыз жорамалы

Ведикалық астролог Бежан Дарувалла 2024 жылы Таразыға он екінші үйдегі карма билеушісі әсер ететінін ескертеді, сондықтан қаңтардың барлық мүмкіндігін пайдаланыңыз. Medium әлеуметтік басылымының жазуынша Таразылардың дипломатиялық қабілеті артып, қарыздарын басқа адамдар өтейді.

Таразылар үшін қаңтар айына арналған қаржы жұлдыз жорамалы қандай? Венера Тауешкіге 24 қаңтарда көшеді. Ол басқа адамдардың қолдау білдіруіне ықпал етеді, тұрақтылық пен сенімділік артады. Маңызды шешім қабылдау жеңіл болады, ал ақша өздігінен келеді.

Сарышаянды қаңтарда қандай қаржылық жағдай күтеді?

Жақын адамдар Сарышаянға тығырықтан шығу жолын табуға көмектеседі. Бірлескен күш-жігер арқылы көптеген мәселені шешуге болады. Жеңілдік пен еркіндік пайда болады. 22 қаңтардан бастап Плутон Суқұйғыш белгісіне ойысады. Бұл Сарышаянға жаңа идеялар мен мансап жолында серпіліс береді.

Қаңтар — имиджді өзгерту және жеке бренд қалыптастыру үшін тамаша кезең. Ай күнтізбесі бойынша сыртқы келбетіңізді өзгертіңіз, стилистке барыңыз.

Макияж жасау
Далап жағып жатқан әйел. Көрнекі сурет: pixabay

Мергендер үшін қаңтарға арналған қаржылық жұлдыз жорамал

Табысқа жетуді қалайтындар өзіне сеніп, талантын шыңдауға ұмтылады. Мергенге көпшілік ортаға шығып, адамдар алдында сөз сөйлеп, әріптестерін басқару қажет.

Мергендер үшін қаңтардағы қаржылық болжам қандай? 7 қаңтардан бастап Меркурийдің Сарышаяннан Мергенге ауысуы жаңа байланыс аясын кеңейтуге ықпал етеді. Көпшіл белгінің айналасында ықпалды адамдар пайда болады. Олар әлеуметтік баспалдақпен көтерілуге ​​көмектеседі.

Тауешкілер үшін 2024 жылдың қаңтар айындағы қаржылық жұлдыз жорамал қандай?

4 қаңтардан бастап Марс Тауешкіге ауысады, бұл жер белгісіне өзін-өзі дамытуға, мансап жолында табысқа жетуге күшті серпін береді. 14 қаңтардан бастап Тауешкідегі Күн сенімділік пен күш береді. 24 қаңтардан бастап бұған Венера қосылады, бұл Тауешкінің тартымды әрі гүлденуіне септігін тигізеді.

Осы айда Тауешкі басқа адамдарға білімін, дағдыларын және ақшасын бөліседі. Оларға қазір көмектесу арқылы болашағының іргесін қалайды.

Суқұйғыш үшін қаңтарға арналған қаржылық жұлдыз жорамал

Егер әріптестеріңізге дөрекі сөйлеп, қаталдық танытқан болсаңыз, татуласуға тырысыңыз. Сонда ұжымда достық пен қолдау болады.

Суқұйғыш үшін қаңтардағы қаржылық жұлдыз жорамал қандай? Ведалық астролог Чираг Дарувалла Суқұйғышқа саяхаттауға кеңес береді, сондықтан сапарға шығуды жоспарлаңыз. 22 қаңтардан бастап, Плутон Суқұйғыш белгісіне енген кезде ақпараттық технологиялар, байланыс орталықтары және техникалық қолдау саласындағы қызметкерлерді сәттілік күтеді.

Оператор әйел
Телефонмен сөйлесіп отырған әйел. Көрнекі сурет: pixabay

Қаңтар айында Балықтарға арналған қаржылық жұлдыз жорамал қандай?

Қаңтар — басқа жұмысқа жеңіл әрі сәтті ауысу үшін тамаша уақыт. Бәсекелестерден қорықпаңыз, олар сізге кедергі келтіре алмайды, керісінше алға жылжытады.

Қаңтар айының соңында жаңа бизнес ашуға болады. Бикештегі Кету ғаламшары қаржылық тұрақтылықты нығайтады, ал 14 қаңтардан бастап Тауешкідегі Меркурий табандылық пен нәтижеге жетуді үйретеді. Қаңтар айында Балықтар үлкен табыс тауып, бәсекелестерін артта қалдырады.

Қаңтар жер белгісі саналатын зодиак белгілері үшін бақытты және табысты ай болады. Егер сіз басқа бұрышта дүниеге келсеңіз де, әлеуетіңізді ашу үшін позитивті астрологиялық аспектілерге назар аударып көріңіз.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/2053497-kimder-tabysqa-zetedi-2024-zyldyn-qantar-aiyna-arnalgan-qarzy-zuldyznamasy/

pixel