Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Сүйіктіңізді жолықтырасыз: белгі өкілдері үшін қаңтар айына арналған махаббат жұлдызнамасы

Жарияланған күні:

Кофе құйылған шыныаяқ
Қар үстіндегі кофе құйылған шыныаяқ. Көрнекі сурет: pixabay

Жаңажылдық кештер - жаңа адамдармен танысуға оңтайлы уақыт. Қаңтарда кімнің жүрегінде махаббат алауы тұтанады? Барлық зодиак белгісіне арналған романтикалық жұлдыз жорамалды астролог Александрия Леттман ұсынады.

Тоқтылар үшін қаңтар айына арналған махаббат жұлдыз жорамалы

Астролог Александрия Леттман Марс пен Суқұйғыштың арқасында Тоқты қызметіне белсене кірісетінін жазады. Басы бос Тоқты белгісінің өкілдері жұмыс барысында махаббатын табады.

Тоқты үшін қаңтардағы махаббат болжамы қандай? 23 қаңтарға дейін Мергендегі Венера оны ашық әрі көпшіл етеді, бұл оның қазіргі қарым-қатынасына әсер етеді. Жұп боп жүргендер бір сәт еркіндік пен қыдыруды қалайды. Бұл кикілжің тудырады. Сүйікті адамыңызды ашуландырмаңыз, керісінше оны жаңа эмоцияларды бірге сезіну үшін жақсы бір жерге шақырыңыз. Бос уақытыңызды және интимдік өміріңізді түрлендіріңіз.

Қаңтар айында Торпақты не күтіп тұр?

Мергендегі Венера жеке өміріңізде жаңа нәрселерді үйренуге итермелейді. Егер сүйіктіңіз болса, өзгелерге көз салмаңыз. Сүйген адамыңызды кездесуге шақырыңыз, сексуалдық образыңызды ашатын киімдер киіп көріңіз, бұл арадағы сезімді жандандырады. Бойдақ Торпақтар бала кездегі махаббатын кезіктіреді.

Мергендегі Марс ерлі-зайыптылардың қызғанышын тудырады. Astrotalk астрологиялық басылымының сарапшылары оларға көбірек бірге уақыт өткізуді ұсынады.

Ренжіскен жұп
Ойға шомып отырған ер мен әйел. Көрнекі сурет: pixabay

Егіздер үшін қаңтарға арналған махаббат жұлдыз жорамалы

2 қаңтардан бастап Меркурий Егіздердің әлеуметтік өмірін жандандырады. Суқұйғыштағы Венера адамдардың бақытты қарым-қатынасына әсерін тигізеді.

Қаңтарда Егіздерге арналған махаббат болжамы қандай? Ерлі-зайыптылар бір жылға жоспар жасайды. Егер сүйіктіңіз алыста болса, қонаққа барыңыз, сапарыңыз сәтті болады. Кібісе жылынан қорықпасаңыз, үйленіңіз, некеңіз берік болады.

Шаяндарға 2024 жылдың қаңтарына арналған махаббат болжамы қандай?

Қаңтар айында Шаяндарда бала-шаға, ақша және өміріне қатысты көптеген машақат болады. Stars Tell астрологиялық басылымының мәліметінше, сәттіліктің тоғызыншы үйіндегі Марс мұны реттеуге көмектеседі. Отбасылық өмір жалықтырмау үшін, серігіңізбен кездесу немесе қонақүйде романтикалық кеш ұйымдастырыңыз.

Белгінің бойдақ өкілдері әріптесімен, көршісімен немесе кездейсоқ жолыққан адаммен таныстығын жалғастырады. Жаңа тұтанған махаббат ұзаққа барады. Венераның жұлдыз жорамалдың алтыншы үйіне өтуі өзгелерге қамқорлық жасауға немесе тірек болатын адамды табуға деген ұмтылысты оятады.

Арыстан үшін қаңтар айындағы махаббат жұлдызнамасы

Қаңтардың алғашқы екі онкүндігі демалыс пен мерекелік көңіл-күй уақыты. Бойдақ Арыстандар қарапайым және позитивті адамдармен кездеседі. Әріптесіңізбен немесе жануарларды жақсы көретін адаммен қарым-қатынас болуы мүмкін.

Арыстан үшін қаңтар айындағы махаббат жұлдызнамасы қандай? Ерлі-зайыптылардың романтикаға уақыты болмайды, өйткені олар балалар мен ата-анаға қамқорлық жасауы керек. Күнделікті күйбең тірлікпен қалып қоймау үшін қала сыртына, табиғатқа серуен ұйымдастырыңыз. Ақша мен болашаққа қатысты мәселелерді ұрыс-керіссіз талқылаңыз.

Достардың кездесуі
Тауда серуендеген достар. Көрнекі сурет: pixabay

2024 жылдың қаңтарында Бикешті не күтіп тұр?

Қаңтар - Бикештерге қарым-қатынас үшін ең жақсы айлардың бірі. Олардың әлеуметтік ортасы кеңейіп, сапарға шығуы көбейе түседі. Бикешті жаңа серігімен жақын адамдары таныстырады. Бір-бірін құлай сүйген жұп қарым-қатынасын некеге тұру арқылы бекітеді.

Отбасылық Бикештер өз үйінде демалатын болады, бірақ 23 қаңтардан бастап балалармен немесе үлкен ортамен бірге саяхатқа шығуды жоспарлайды. Демалыс сәтті өтіп, жастық шағыңыздың шытырман оқиғаларын еске түсіреді.

Таразылар үшін қаңтарға арналған махаббат жұлдыз жорамалы

Қаңтар айы жақсы қарым-қатынаспен басталады. Бойдақ Таразылар шынайы махаббатын іздейді, ал бас бос емес Таразылар сүйіктісінің қамқорлығын бағалайды.

2024 жылдың қаңтарында Таразыларды не күтіп тұр? Astrologyk астрологиялық басылымы қаңтар айында аяқ астынан сапарға шығуды ұсынады. Бұл сізге қуат береді әрі сөніп қалған қарым-қатынастқа дем береді. Бойдақ Таразылар кемел серігін кездестіреді. Бірлігі жарасқан жандар ата-анасының үйіне барып, отбасымен бірге уақыт өткізеді.

Қаңтар айында Сарышаянға арналған махаббат болжамы қандай?

23 қаңтардан бастап екінші үйдегі Венера бойдақ Сарышаяндардың жаңа адамдармен танысуына ықпал етеді. Белгінің ер өкілдері жаңа ғашығының адалдығына мән беріп, ал әйелдер серігін таңдауы керек. Кездесудің шыңы қаңтардың соңғы аптасында болады.

Ерлі-зайыптылар арасында бәрі тұрақты болады. Күнделікті тірлікті романтикалық бояумен қанық етіңіз, кездесуге барыңыз. Қасқырдағы толық Ай бір-біріңізге сыр ашуға мәжбүр етеді. Қарым-қатынас күшті және нық сеніммен құрылады.

Кофе мен шарф
Кофе, шарф және жүрек салынған ашықхат. Көрнекі сурет: pixabay

Мергендер үшін қаңтарға арналған махаббат жұлдыз жорамалы

Қаңтар айының соңында бойдақ Мергендер жалғыздықпен қош айтысады. Алда тағдырлы кездесу және ұзақ, бақытты махаббат хикаясы күтіп тұр.

Қаңтар айында Мергенді не күтіп тұр? Айдың көп бөлігінде ол өмірден ләззат алады: мейрамханаға барады, дүкенге барады, сыртқы келбеті мен стилін өзгертеді. Ортасы өзгеріп, шаңырақ көтеру үшін беделі мықты адамды кездестіруге мүмкіндік туады. Мергендердің отбасында үй жөндеу жұмыстарына байланысты кикілжің мүмкін.

Тауешкілер үшін 2024 жылдың қаңтар айындағы махаббат жұлдызнамасы қандай?

Айдың бірінші және екінші онкүндігінде олар жұмыс, мансап және күнделікті күйбең тірлік айналасында жүреді. Ерлі-зайыптыларда бір-біріне күш пен уақыттың бөлмеуіне байланысты шағымдар болуы мүмкін. Достармен араласу қызғаныш тудырады. Келісімге келіңіз, кештерге бірге барыңыз. Бұл қаңтардың үшінші онкүндігінде үйлесімділікті қайтарады.

23 қаңтардан бастап Венера Тауешкіге көшеді, белгінің басы бос өкілдері махаббатын жолықтыруды қалайды. Олар өзіне назар аудартады, осылайша жалғыз қалмайды.

Суқұйғышқа арналған қаңтардағы махаббат жұлдызнамасы

Бойдақ Суқұйғыштарға қаңтар танысу үшін ең қолайлы ай емес. Байланыс орнату мен танысудан бас тартпаңыз, бірақ өмрлік серігіңізді бұл айда күтпеңіз. Достарыңызбен жиі кездесіп, сыртқы келбетіңізді өзгертуге тәжірибе жасаңыз.

Қаңтар айында Суқұйғышқа арналған махаббат болжамы қандай? Басы бос емес адаммен қарым-қатынас бастаудың үлкен қаупі бар. Ерлі-зайыптылар үшін арақатынасты нақтылау кезеңі басталады. Асықпаңыз, әбден ойланыңыз. Ғашық жандар 23 қаңтардан кейін бір-бірімен оңаша қалғысы келеді.

Отбасы
Бақытты отбасы. Көрнекі сурет: pixabay

Балықтарға арналған махаббат болжамы қандай?

23 қаңтарға дейін Венера оныншы секторда болады, содан кейін екіншісіне ауысады. Сондықтан Балықтар жанына жақын адаммен қарым-қатынас орнатуға бейім болады. Құштарлықтан гөрі рухани жақындық басым болады. Спорт клубында, шығармашылық немесе ойын-сауық шараларында, әлеуметтік желілерде адамдармен араласуға мүмкіндік болады.

Жұмысқа көңіл бөлу кеңседегі романға ұласуы ықтимал. Ескі досыңызға деген құштарлық оянуы мүмкін. Басы бос емес Балықтар серігімен некелеседі.

Қаңтар бойдақ адамдар үшін романтикаға толы ай болады, ал ерлі-зайыптылар үшін біршама сынақ болуы ғажап емес. Үндестік арқылы тепе-теңдікті іздеңіз, келісімге келіңіз. Арадағы өзара сүйіспеншілік бақытқа кенелтеді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/2053908-suiiktinizdi-zolyqtyrasyz-belgi-okilderi-usin-qantar-aiyna-arnalgan-maxabbat-zuldyznamasy/