Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ақша және сынақ: зодиак белгілері үшін қаңтарға арналған қытай жұлдызнамасы

Жарияланған күні:

Қытай жұлдыз жорамалы
Қытай жұлдызнамасындағы бейнелер. Көрнекі сурет: pixabay

Күнтізбедегі бірінші күн басталысымен жаңа жоспарлар мен жобалар жүзеге асырылады. Шығыс жұлдыз жорамалы бойынша барлық белгі өкілі үшін қаңтар айы қандай болады? Жұлдыз жорамалын ведалық астролог Пунит Пандей ұсынады.

Егеуқұйрық

Егеуқұйрықтарға шынайы болу әрі қол жеткізуге болатын мақсаттар қою міндеттеледі. Knowinsiders ақпараттық сайтының сарапшылары өз эгоңызды басып, басқа адамдардың да пікірін тыңдауға кеңес береді. Бұл сізге биіктерге жетуге көмектеседі. Өнер және ойын-сауық бағытында жұмыс істейтіндерді сәттілік күтеді. Ақша (қомақты және қатты көп емес сомада) тұрақты түсіп тұрады.

Бойдақтардың махаббатын табуына мүмкіндігі бар. Суықтап қалмаңыз, көп су ішіңіз, табиғи тағамдарды жеңіз. Тәттілер мен фастфуд тұтынбаңыз.

Өгіз

Өгіздер үшін жыл өзгерістермен басталады. Арманға жету жолындағы барлық шектеу еңсеріледі. Қуат пен табандылық қалаған нәрсеге қол жеткізуге көмектеседі. Мансап жолында өсу және қаржылық жағдайды жақсарту мүмкіндігі мол.

Сізге көп адам назарын аударады әрі таңданады, бірақ тым асқақтап кетпеңіз. Өзіңізді ұстаңыз, иллюзияға берілмеңіз. Ведалық астролог Пунит Пандидің айтуынша, Өгіз белгісіндегі адамдардың қарым-қатынасы 2024 жылы жақсарып, арада өзара түсіністік пен келісім орнайды. Иммунитетті күшейтіңіз, дәрумендер қабылдаңыз.

Капсулалар
Құтыдағы капсулалар. Көрнекі сурет: pixabay

Жолбарыс

Ай жеңіл болмайды, қиындықтарға тап болуыңыз ғажап емес. Рухыңыздың күші жетістікке жетуге көмектеседі. Қаржылық мәселелерді шешудің ең жақсы уақыты қаңтардың ортасы болмақ. Инвесторларды, демеушілер мен серіктестерді іздеу сәтті болады. Дос және көмекші болғысы келетіндерден сақ болыңыз. Қиын уақытта бұл адамдар бірінші болып сатқындық жасайды.

Танымалдылық артады, бірақ маңызды міндеттерді қабылдауға ниет болмайды. Көңіл көтеру, аз-мәз романтика болуы мүмкін. Жүйке жүйесіне назар аударыңыз. Егер күйзеліс немесе шамадан тыс жүктеме болса, дәрігермен кеңесіңіз.

Қоян

Қаңтар - Қоян белгісінің өкілдері үшін жаңа жылдағы мансап мен қаржылық әл-ауқатын жақсартудың бастауы. The Chinese Zodiac астрологиялық басылымы 2024 жылы белгі өкілдеріне мұқият әрекет етуді және асығыс шешімдерден аулақ болуға кеңес береді. Болашаққа деген сеніміңіздің әлсіреуіне жол бермеу үшін бизнесіңізді дамытуға және қазіргі мәселелерді шешуге уақыт бөліңіз.

Бірінші орынға отбасы шығады, бұл мансап және жеке мүддені көлеңкелейді. Жақын адамдармен қарым-қатынас бойынша шиеленіс болады. Өз сөзіңізге нық болыңыз, кикілжіңнен аулақ болыңыз. Дамуыңыз үшін инвестиция салыңыз.

Айдаһар

Қаңтар бір сәт аялдап, артқа қарау үшін оңтайлы уақыт. Алға жылжу үшін қателіктеріңіз бен жетістіктеріңізді бағалаңыз. Қаңтар айының ортасында жаңа табыс көзі пайда болады. Бұл қаржылық жағдайыңызды жақсартады әрі біразға дейін ақшаңызды үнемдеуге көмектеседі.

Отбасылық жағдайыңызды өзгертуге байланысты асығыс шешім қабылдамаңыз. Неғұрлым тұрақты және сенімді болатын сәтті күтіңіз. Суық тисе, мүмкіндігінше ертерек емдеуді бастаңыз.

Термометр және дәрілер
Дәрі-дәрмек және дене қызуын өлшейтін құрал. Көрнекі сурет: pixabay

Жылан

Мерекеде жылан өкілдерінде жаңа идеялар мен жоспарлар көбейеді. Сіз оны мүмкіндігінше тезірек жүзеге асырғыңыз келеді, бірақ жұлдыздар асықпауға кеңес береді. Күнделікті қарқынмен әрекет етіңіз, әр қадамды байыппен жасаңыз. Шығармашылық әлеуетіңізді іске асырыңыз, бұл тек рахат сезімін ғана емес, ақша да әкеледі.

Астролог Прашант Нигам жыл бойы жаңа достық пен байланыс орнатуға кеңес береді. Жақын қарым-қатынастағы адамдарыңыз болмаса да, қаңтарда достарыңыз бен туыстарыңыздың назарында боласыз. Шамадан тыс жүктемелерден аулақ болыңыз және уақытылы ұйықтаңыз.

Жылқы

Жаңажылдық мерекелерден кейін жұмысқа дайындалу қиын. Ісіңізді көп күш жұмсамайтын қарапайым тапсырмалардан бастаңыз. Сізді мансап жолындағы қиындықтар күтіп тұр. Батыл қадам жасамас бұрын көпті көрген адамдармен ақылдасып алған жөн. Өмірлік құнды сабақтар мен күшті болуға итермелеген мүмкіндіктер үшін алғыс білдіріңіз. Үйлену тойы, туған күн, науқастарға көмек беру секілді күтпеген шығындар болуы мүмкін.

Медитация және аффирмация арқылы өміріңізді жақсартыңыз. Олар стресс деңгейін төмендетеді және күш-қуатты арттырады. Дұрыс тамақтаныңыз және қатты ашықпаңыз.

Ешкі

Жақын адамдарыңыздың қолдауы кез келген қиындықты жеңуге көмектеседі. Сондай-ақ мәселені шешуде белсенді болыңыз. Бұл рухты нығайтып, еркіндік пен өз-өзіңізді қамтамасыз ете алатыныңызды көрсетеді. Кішкентай мақсаттарға уақыт бөлсеңіз, үлкен мақсатыңызға қол жеткізесіз.

Жаңа адамдармен танысуға мүмкіндік бар, бірақ бірінші кездескен адамға жан сырыңызды ашпаңыз. Тым жақын болып, қарым-қатынасқа түсуге асықпаңыз, бірте-бірте бір-біріңізге деген сүйіспеншілікті арттырыңыз. Дұрыс тамақтаныңыз, уақытылы ұйықтаңыз және мәселелерге қатты мән бермеңіз.

Ұйқыдағы қыз
Ұйықтап жатқан ару. Көрнекі сурет: pixabay

Мешін

Мешінді өзгерістер айы күтіп тұр. Өзіңізге деген сенім мансабыңыз бен өзіңізді дамытуға, биіктерге жетуге мүмкіндік береді. Икемділік пен бейімделу сізге қиындықтарды жеңуге көмектеседі. Ақшаның құлы болмаңыз, өміріңізді өзіңіз басқаруды үйреніңіз.

Жұп болып жүрген жандар көбіне алыстан сөйлеседі. Бұл серігіңізді басқа қырынан тануға және өз қажеттіліктеріңізге назар аударуға мүмкіндік береді. Сіздің бойыңыз күш-қуатқа толы, бірақ көңіл-күйіңіз өзгереді. Мұны бақылаңыз және шектен шықпаңыз.

Қораз

Қаңтар мансап жолындағы елеулі оң өзгерістердің айы болуы мүмкін. Бұл табыстың өсуіне әсер етпегенімен, беделіңіз артады. Қаңтар айының соңына қарай ғана ақшаңыз көбейеді және өткен айлардың шығынын өтей аласыз. Сабырлы болыңыз және көбірек жұмыс істей беріңіз.

Эмоционалдық тепе-теңдік - өмірдегі әрбір істің кілті. Басқа адамдармен және жақын адамыңызбен қарым-қатынасыңызды жақсарту үшін қаңтарды жақсы өткізіңіз.

Ит

Демалмаңыз, көп жұмыс істей беріңіз. Your Chinese Astrology астрологиялық басылымының ақпараты бойынша 2-3, 12, 15-16, 21, 24-25, 27-28 қаңтар келісімшартқа қол қоюға қолайлы күндер болып саналады. Шетелдегі жақын адамдарыңыздан сыйлықтар алуыңыз мүмкін.

Достық кездесулер мен кештер демалуға көмектеседі. Демалу кезінде ойыңызға келген барлық идеяны жазып алыңыз. Бұл кәсібіңізді дамытуға, табысыңызды арттыруға ықпал етеді. Қаңтарда негативтен арылып, ағзаңызды тазартыңыз.

Серуендеген достар
Қар жауғанда серуенге шыққан достар. Көрнекі сурет: pixabay

Доңыз

Доңыз белгісі үшін мансап пен бизнес әлемінде жаңа мүмкіндіктер ашылады. Өзгерістерге дайын болу өзіңізді түсінуге көмектеседі. Таным көкжиегі мен байланыс аясын кеңейту үшін саяхаттаңыз. Жайлылық шеңберінен шығу табысқа қадам бастырады. Жақындарыңыздың көмегін қабыл алыңыз, олар сізге сөзімен, ісімен және ақшалай көмектеседі.

Қарым-қатынаста үйлесімділік орнайды, ал бойдақ жандар махаббатын табады. Денсаулығыңызды жақсарту және созылмалы аурулардың қайталануын болдырмау үшін медициналық тексеруден өтіп, дәрігерлерден кеңес алыңыз.

2024 жылдың бірінші айы шығыс жұлдыз жорамалының барлық белгісі үшін сәттілік пен дамудың жаңа есіктерін ашады. Тепе-теңдікті сақтаңыз, өмірдің негізгі бағыттарына мән беріңіз. Ал астрологтардың кеңестері күшіңізді дұрыс бағытқа жұмсауға көмектеседі.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/2054164-aqsa-zane-synaq-zodiak-belgileri-usin-qantarga-arnalgan-qytai-zuldyznamasy/