Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

2024 жылдың қаңтары: әр жұлдыз белгісін не күтіп тұр

Опубликовано:

Бенгал отшашуы бар әйел. Көрнекі сурет
Бенгал отшашуы бар әйел. Көрнекі сурет: pixabay.com

Ұлу жылының басы ақша, махаббат пен батыл қадамдар жасаумен есте қалады. 2024 жылдың бірінші айы әр жұлдыз белгісіне не әкеледі? Осы айға арналған жұлдыз жорамалды Рэйчел Лэнг ұсынып көрді.

Тоқтылар

Алғашқы ай бұл жұлдыз белгілері үшін – қызметті өзгерту және беделді арттыру үшін таптырмас кезең. Астролог-кеңесші, экстрасенс және сиқыр туралы кітаптардың авторы Рейчел Ланг тоқтылар батыл шешім қабылдайтынын болжайды. Тоқтыларды қаңтар айында не күтіп тұр?

14 қаңтардан кейін, Меркурий Тауешкіге өткен сәтте, Тоқтылар өз бойында ораторлық әрі келіссөздер жүргізу қасиетін ашады. Белгі өкілдерінің әрекеттері нақты болып, ол қаржылық нәтижелерге әкеледі. 23 қаңтарға дейін болатын Мергендердегі Шолпан оларға өмірлік махаббатын кездестіруге және өз сезімін білдіруге мүмкіндік береді.

Торпақтар

Қаңтар Торпақтар үшін Күн үшін күрес айы болады. Суқұйғыштағы Сатурн және Бикештердегі Кетуоларға уақытты ұтымды пайдалануды үйретеді. Торпақтар осы айда өз армандарын жүзеге асыра алады. Раху 2024 жыл бойы Балықтарда болады, сөйтіп ол аталған жұлдыз белгілерін өзгеріске бағыттайды.

Ол жақын арада кездесу өткізіп, тәуекелге бел буады, сөйтіп өзінің өмірлік жарын кездестіреді. Қарым-қатынаста олар ортақ шешімге келіп үйренеді. 25 қаңтарда болатын Айдың толуы олардыңтұрақтылығын нығайтады, ал 11 қаңтардағы Тауешкідегі жаңа Ай Торпақтарды жандандырып, бұрынғы сырқаттарын жеңуге көмектеседі.

Егіздер

Ауа белгісі үшін бұл айда Айдың толуы маңызды оқиға болады. Ол Егіздерге басқалармен қарым-қатынастарын реттеуге, достар табуға және отбасылық байланыстарды нығайтуға көмектеседі. Егіздер үшін 2024 жылдың қаңтар айындағы жұлдыз жорамал қандай? 18 қаңтарда Шолпанның Сарышаяндардан Мергендерге өтуі Егіздерге қаржыны стратегиялық тұрғыда жұмсауды үйретеді.

Жұлдыз белгілерінің көпшілігі несиелерін жабады немесе оларды тиімді шарттармен алады. Тауешкілерде 14 қаңтардан бастап болатын Күн оларды батыл әрі сенімді етеді. Бұл ай Егіздер үшін, сыртқы келбетті өзгертіп, диета ұстап және спортпен шұғылдануға жақсы кезең болмақ.

Апельсин шырыны. Көрнекі сурет
Апельсин шырыны. Көрнекі сурет: pixabay.com

Шаяндар

Astrology астрологиялық басылымының мәліметінше, Тауешкілердегі Күн энергиясы Шаяндардысеріктестеріне талапты күшейтуге үйретеді. Меркурий оларға бұрынғы істерді аяқтауға, ұсақ-түйектерге назар аударуға үйретеді.

15 қаңтардан бастап Меркурий Тауешкілерге өтеді және Шаяндарға басшылықпен және әріптестерімен қарым-қатынасты нығайтуға көмектеседі. Беделді қамқоршыларыңыз пайда болады. Ай соңында жаңа таныстықтар орын алады. Иммунитетті күшейтіп, массажға баруды да ұмытпаңыз.

Арыстандар

Шаяндарда болатын Айдың толуы Арыстандардың интуициясын күшейтеді. Осының арқасында жұлдыз белгілері тиімді мәмілелер жасайды, мансаптық жетістіктерге жетеді және өз істерін бастайды. Medium әлеуметтік басылымы бұл ай жұлдыз белгілеріне бойларындағы шығармашылық қырларынашуға мүмкіндік беретінін айтады, бұған Меркурийдің бесінші үйден алтыншыға ауысуы көмектеседі.

Арыстан үшін 2024 жылдың қаңтар айындағы жұлдыз жорамал қандай? Қаңтар айы балалармен жұмыс істейтін, өз бизнесі немесе ойын-сауық мекемесі бар адамдар үшін табысты болады. 14 қаңтардан кейін, Тауешкілердегі Меркурий табысқа жетуге және басқа мамандықтарды игеруге жол ашады. Айдың алғашқы екі он күндігі романтика мен саяхат үшін тиімді болады.

Қос ғашық. Көрнекі сурет
Қос ғашық. Көрнекі сурет: pixabay.com

Бикештер

Желтоқсан айының соңында (23-ші күні) Марс Мерген белгісіне ауысып, Бикештерге қаржылықмүмкіндіктерді ашқан еді. Бұл транзит оған қаржылық қиындықтарды жеңуге, қарыздардан арылуға және тәуелсіздікке қол жеткізуге көмектеседі. Ақша ағынының арқасында жер белгісі жан тыныштығынсезетін болады.

7 қаңтардан бастап, Меркурий Сарышаяндардан Мергендерге ауысады, сондықтан қарым-қатынасты құрып, оларды реттеуге мүмкіндік береді. Қаңтар айына арналған шаш қию күнтізбесіне сүйене отырып, шаш үлгісін өзгертіңіз. 14 қаңтарда болатын Тауешкілердегі күн энергияны арттырып,денсаулықты нығайтады.

Таразылар

Таразылар үшін қаңтар жұлдызнамасы Меркурийдің үшінші үйден төртінші үйге ауысуы нәтижесінде, олар ауқымды жобаларды бастайтын болады. Қызмет бабы бойынша хат алмасу мен келіссөздер көп болады. Тиімді шарттармен жаңа орынға орналасуға мүмкіндік бар.

14 қаңтардан кейін, Меркурийдің Тауешкілерге ауысуына байланысты, Таразылар жеке өмір, отбасы және балалар мәселелерімен айналысады. Үй сатып алу, жөндеу, басқа пәтерге көшу сәтті болады. Басы бос Таразылар өзінен кіші сүйіктілерін кездестіретін болады.

Сарышаяндар

Мергендердегі Шолпан жұлдыз белгісін романтикалық шытырман оқиғаларды іздеуге итермелейді. Ол сондай-ақ маңызды келіссөздер жүргізуге жол ашады. Жақсы жұмысқа орналасып, тиімді келіссөздержасайсыз және табысыңыз артатын болады.

21 қаңтардан бастап Плутон Суқұйғышқа өтеді, бұл кезең Сарышаяндарға жұмысты өзгертуге, түрліэксперименттер жасауға қолайлы болады. Сарышаяндардың екінші үйіндегі Меркурий, жұлдыз белгісіне14 қаңтарға дейін бюджетті жоспарлауға, тиімді сатып алулар жасауға мүмкіндік береді. Астрологтар Сарышаяндарға бұл айда физикалық тұрғыда белсенді болуға кеңес бермейді.

Алақандағы пәтер кілті. Көрнекі сурет
Алақандағы пәтер кілті. Көрнекі сурет: pixabay.com

Мергендер

Желтоқсан айында Марстың Мергендер белгісіне ауысуы серіктеске деген қамқорлықты арттыруға жол ашады. Бұл әсіресе қаңтар айында өзекті болады, себебі ерлі-зайыптылар осы айда ортақ мақсатқұрып, оған жетуге ұмтылады. Басы бос жандар сүйіктілерін кездестіреді.

Мергендер үшін 2024 жылдың қаңтар айындағы жұлдыз жорамал қандай? 7 қаңтарда Меркурийдің Сарышаяннан Мергенге ауысуы табысты бизнес-жобаларды бастауға мүмкіндік береді. Сын мен кеңестерді елемеңіз. 18 қаңтарда Шолпанның Сарышаяннан Мергенге ауысуы оларға ақша әкеледі және тартымдылықтарын арттырады.

Тауешкілер

Меркурийдің Сарышаяннан Мергенге ауысуының арқасында 7 қаңтарда Тауешкілер күш пен қаржылық тұрақтылыққа ие болады. 14 қаңтарда Күн Тауешкілерге өтіп, оларға мансаптық өсуге және жеке қарым-қатынастың реттелуіне көмектеседі.

Сондықтан біліміңізді арттырып, үй сатып алыңыз, өзіңіздің жайлы сезінуіңізге жағдай жасаңыз. Достарыңызбен араласып, көңілді кештер ұйымдастырыңыз. 18 қаңтарда Шолпанның Мергенбелгісіне ауысуы жаңа табыс көздерін ұсынады. Her Zindagi заманауи онлайн-журналы Тауешкілергежаңа жылда денсаулыққа мән беруге кеңес береді. Сондықтан, қаңтар айында тексеруден өткеніңіз жөн.

Суқұйғыштар

Сарышаяндардағы Шолпан әуе белгісіне шынайы махаббат сыйлайды. Ол сезімді күшейтіп, көп ақша табуға жол ашады, ішкі тепе-теңдікті теңестіреді және өзін өз өмірінің иесі атануға мүмкіндік береді.

Суқұйғыштар үшін 2024 жылдың қаңтар айындағы жұлдыз жорамалы қандай? Отбасылы жандар бұл айда тәуекелге бел буып, жаңа таныстықтарға жол береді. 21 қаңтардағы Плутонның Суқұйғышқа өтуі - жұмысты ауыстыру және көшу уақыты болады. Сондай-ақ, бұл ай ота жасау мен емдеу үшін қолайлы ай болмақ.

Табысқа жету құпиясы. Көрнекі сурет
Табысқа жету құпиясы. Көрнекі сурет: pixabay.com

Балықтар

Балықтардағы Раху таныстықтар үшін сәтсіз кезең болуы мүмкін. Қаңтарда Балықтарға отбасылық қарым-қатынас, балалар мен ата-аналарға мән беріп, сүйікті істерімен айналысуға қолайлы кезең болмақ. Бикештердегі Кету олардың қаржылық жағдайын жақсартып, Балықтарға іскерлік салады табысқа жетуге мүмкіндік береді. 2024 жыл бойы Сатурн Суқұйғаштарда болады, бұл оларға ақыл мен нақты қадамдар жасауға мүмкіндік береді. Балықтар бұл айда басқа адамдарға көмектесетін болады. Өз-өзіңізді дамытып, психологқа баруды да ұмытпаңыз.

Эмоционалды тұрғыда тұрақтылық орнайды. Қаңтар – барлық жұлдыз белгісі үшін қолайлы ай болады, олардың бәрі өзгеріс кезеңін бастан өткереді. Меркурий келіссөздер жүргізуге, Кету — қаржылық тұрақтылыққа, ал Плутон сыртқы келбетті өзгертуге мүмкіндік береді. Айды сәтті өткізу үшін, аталған кеңестерге құлақ асуды ұмытпаңыз.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/2054446-2024-zyldyn-qantary-ar-zuldyz-belgisin-ne-kutip-tur/

pixel