Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

2024 жылдың ең сәтті күндері қашан: сандар құпиясы туралы не білесіз

Опубликовано:

Күнделік пен қалам. Көрнекі сурет
Күнделік пен қалам. Көрнекі сурет: pixabay.com

Көптеген адам сәтті әрі табысты күндерге сенеді. Ал жаңа 2024 жылы мұндай күндерге қандай даталар жатады? Табысты күндер тізбегі, уақыт пен белдеулер туралы материалды назарға ұсынамыз.

Сәтті күндердің маңызы мен мәні

Адамдардың басым көпшілігі сандардың сиқырына сенбейді, оның орнына олардың дені нумерология мен байлыққа кенелу кодына сенеді. Бұл ретте, сәтті күндердің сиқыры жайлы ұмытпаған жөн. Осы орайда, назарларыңызға жылдың ең сәтті күндерін ұсынамыз.

Сәтті күндер дегеніміз не?

Жылдың сәтті күндеріне - сандардың солдан оңға және оңнан солға қарай, алға және кері бағытта бірдей оқылатын күндер жатады. Оларды ғылымда палиндром-сандар деп те атайды. ХХІ ғасырда мұндай сәтті күндерінің шектеулі саны ғана белгілі болып отыр. Сондықтан мұндай сандарға ережеге ішінара сәйкес келетін күндер ғана жатқызылады. Палиндром сандарын тек алгебра ғана емес, эзотерикалық білімнің ерекше саласы саналатын нумерология ғылымы да зерттейді.

Мұндай ерекше күндер жеке адамның және жалпы қоғамның тағдырына әсер етеді деген сенім қалыптасқан. Ал, сандардың сиқырына сенетін жандар өз жоспарларын осы күндерге сәйкес жоспарлайды. Бұл күндері барлық әрекеттер мен қадамдарға мұқият болған жөн. Сондықтан сандық мәні ерекше күндерге арналған бірқатар ұсыныстар мен шектеулер бар.

Сандар сиқыры. Көрнекі сурет
Сандар сиқыры. Көрнекі сурет: pixabay.com

Сәтті күндер мен маңызды оқиғалардың байланысы

Сәтті күндер - арманға қол жеткізуге болатын эзотерикалық мүмкіндіктер терезесі. Мұндай күні сіз тілегіңізді армандап, медитация жасай аласыз және өмірде маңызды қадамдар жасай аласыз, осылайша өз мақсаттарыңызға қол жеткізе аласыз.

Сәтті күндері төмендегідей әрекеттерді жасауға болады:

  • Болашақты жоспарлау.
  • Жаңа жобаларды бастау.
  • Адамдармен маңызды кездесулер мен келіссөздер ұйымдастыру.
  • Үйлену туралы ұсыныс жасау.
  • Неке қию.
  • Баланың бойға бітуін жоспарлау.
  • Тілек айту.
  • Өзіңізді күтіп, дәрігерге бару.

Ерекше күндер несімен қауіпті болуы мүмкін? Мұндай күндер ғаламның ережелері мен заңдарына сәйкес өмір сүретін және жақсылық жасайтын адамдар үшін қолайлы деп есептеледі. Егер адам ұрысып, біреуді тілдесе немесе оған қызғанышпен қараса, немесе басқа адамдардың өмірінде жағымсыз жағдайлар тудыру үшін түрлі рәсімдер жасаса, онда мұндай күн бұл адамға тек сәтсіздіктер әкеледі.

Бұл күндер сиқырлы және спиритизм сеанстары үшін қолайлы күндер емес. Десе де бұл күні түрлі тылсым әрекеттерді жасауға тыйым салынбайды. Сондықтан бұл күні рухани тәжірибе мен медитация жасауға тыйым салынбайды. Мұндай ерекше күндер адамның әлеуетін ашады және оның табысын арттырады, сондықтан бұл күн сәтті болады және адамдарға тез нәтиже береді.

Жоралғы жасау. Көрнекі сурет
Жоралғы жасау. Көрнекі сурет: pixabay.com

2024 жылдың әр айындағы сәтті күндер

Табысты күндер қай күндермен сәйкес келеді? Сәтті күнге ең жақын күн 24.02.2024 болып саналады. Ал, жалпы табысты күндер сәуірдің 20-сы мен 29-ы аралығын қамтиды.

Қаңтар

Жаңа белсенділік кезеңін құру және оған дайындық күндері - 1 және 10 қаңтар (01.01 және 10.01). Егер сіз осы күндердің энергиясын дұрыс қолдансаңыз, жылыңыз сәтті болады. Сондай-ақ 24.01.2024 күнін де пайдаланыңыз.

Ақпан

Өзімшілдігіңізді көрсете алмайтын күндер - 2 және 20 ақпан (02.02 және 20.02) аралығы болып табылады. Бұл күндер шығармашылықпен айналысуға және қонаққа баруға қолайлы күндер. Жаңартулар мен саяхаттар қуат пен жаңа идеяларға толы. Лилли Бломквист, Brides үйлену тойы журналының редакторының көмекшісі, нумерологияға сілтеме жасай отырып, 4 және 24 ақпанаралығын (02/04/2024 және 24/2024) неке құру үшін сәтті күн деп санайды.

Наурыз

Наурыз айындағы сәтті күндер – 03.03 және 30.03. Бұл ішкі және рухани даму үшін тамаша күндер. Сондай-ақ, сіз бұл күндері жақын адамдармен қарым-қатынасыңызды жақсартып, өз таланттарыңызды дамыта аласыз, рухани әдебиеттерді зерттеп, жақындарыңыз үшін дұға ете аласыз және медитация жасай аласыз.

Күнді жоспарлау күнделігі. Көрнекі сурет
Күнді жоспарлау күнделігі. Көрнекі сурет: pixabay.com

Сәуір

Көптеген елде жыл бойы емес, оның соңғы екі цифры ғана көрсетілген күндерді әр түрлі жазу дәстүрі бар. Уақыт және уақыт белдеулері туралы әлемдегі жетекші веб-сайт Time And Date мәліметтері бойынша, 2024 жылы сәтті күндердің басым көпшілігі сәуір айына сәйкес келеді. Сәуір айында 21.04.2024-29.04.2024 (23.04.2024, 24.04.2024, 25.04.2024 және т.б.) барлық күндер табысты болады. Дәстүрлі сәтті күн - 4 сәуір (04.04). Тағы бір оңай оқылатын және табысты күнге жақын күн – 20 сәуір 2024 (20.04.2024).

Мамыр

Сұрақтарға жауап іздеп, ауыр проблемаларды шешуге арналған күн - 5 мамыр (05.05). Оның нәтижесі максималды болуы үшін сіз сәттілікке сеніп, барынша күш жұмсау қажет.

Маусым

6 маусымға мән беріңіз (06.06). Бұл күні шығармашылық адамдарытабысқа жетеді. Сондықтан, күш-жігеріңізді шығармашылықты шыңдауға жұмсаңыз. Бұл күні интуиция дамып, көбірек жүректен шыққан кеңестерге құлақ түріңіз.

Маусым

Егер бұл күні көңіл-күйіңіз көтеріңкі болса, онда 7 шілдеде сізді (07.07) өмірде ең жағымды оқиғалар күтетін болады: сіз лотерея ұтып ала аласыз немесе кәсіби салада жетістікке жетесіз.

Тамыз

Материалдық әл-ауқатқа қатысты ең батыл мақсаттарды жүзеге асыру үшін қолайлы күн – 8 тамыз (08.08) болмақ. Ірі сатып алулар, маңызды мәмілелер және тұрмыстық мәселелерді шешу сәтті болады. Осындай тағы бір сәтті күн -24.08.2024.

Қыркүйек

Басталған істерді аяқтау күні – 9 қыркүйек (09.09). Бұл күн игі істер мен маңызды шешімдергеынталандырады, қаржылық мәселелерде керемет нәтижелерге қол жеткізуге көмектеседі. Тұрмыстық мәселелерді шешу үшін 24.09.2024 күнін де пайдаланыңыз.

Қол алысқан серіктестер. Көрнекі сурет
Қол алысқан серіктестер. Көрнекі сурет: pixabay.com

Қазан

Белсенді еңбек қызметі үшін – 1 және 10 қазан (01.10 және 10.10) аралығы қолайлы болмақ. Күні бойы қол қусырып отырғандар үшін, бәрін қайтадан бастауға тура келеді. Осындай тағы бір қолайлы күн -24.10.2024. Бұл күні, әсіресе, ер адамдар қуанатын болады.

Қараша

1 қарашадағы күннің барлық үш цифрын қосу (01.11) даналық санын — үштікті береді. Бұл күні маңызды шешімдер қабылдауға кеңес беріледі, себебі олардың нәтижесі мүмкіндігінше оң болады. Сондай-ақ 11 қараша да (11.11) қолайлы күн болады.

Желтоқсан

Арманды қорытындылау және орындау күндері -12 және 21 желтоқсан (12.12 және 21.12) аралығы болып табылады. Бұрынғы қателіктерден сабақ алып, олармен жұмыс жасаңыз. Тілектеріңізді тілеп, өмірдің жаңа кезеңіне жоспар құрыңыз.

Сәтті күндер әдемі көрініп қана қоймай, сонымен қатар ерекше энергияға ие болып саналады. Бұл күні болатын барлық оқиғалар оңынан болады. Сол себепті табысқа жету үшін, 2024 жылы аталған күндерді пайдаланып қалуға кеңес беріледі.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/2054451-2024-zyldyn-en-satti-kunderi-qasan-sandar-qupiyasy-turaly-ne-bilesiz/

pixel