Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қарым-қатынас құпиясы: ер адамдар не себепті сүйген жарына суып, сыйламай кетеді

Опубликовано:

Далада жалғыз қалған қалыңдық. Көрнекі сурет
Далада жалғыз қалған қалыңдық. Көрнекі сурет: pixabay.com

Әйел адамға құрметпен қарамау ерлі-зайыпты арасындағы махаббатты суытып, сыйластықты жояды. Мұндай жағдайды қалай түзеуге болады және күйеуіңіз тиран болса не істеу керек? Психологтар Ланди Бэнкрофт пен Рэнди Гюнтер аталған тақырыпты зерттеп көрді.

Ер адамдардың әйелдеріне құрметпен қарамау себебі

Неліктен күйеуі әйелін құрметтемейді? Ер адамдардың әйелін құрметтемеуінің ең көп тараған себебі - тәрбие моделі, әйелдің өзін-өзі бағалауының тым төмендігі, балалық шақтағы психологиялық жарақат, эгоцентризм, қоғамға жат мінез-құлық көрсету және жұбайына деген сүйіспеншіліктің болмауы.

Ер адамдардың бойында неліктен мұндай сезім болатынын зерттеп көрейік:

  1. Ол өте әдепті. Біз ата-анамыздан көрген тәрбиені өз отбасымызда да көрсетеміз, себебі біздің бала күнімізде көргеніміз сол болды. Егер әкесі анасына құрметпен қарамаса, онда оның ұлы да әйеліне дәл солай жасауы мүмкін.
  2. Өзін-өзі бағаламау. Мұндай күйге әйелдер бала күнінен душар болуы мүмкін. Егер ата-ана баланы ұрып-соғып, көп сынаса немесе шамадан тыс қамқорлық көрсетсе, онда бұл көзқарас бірнеше жылдан кейін қорқыныш, ата-ана алдында борышын өтеу және өзін-өзі кінәләу сынды әрекеттерге әкелуі мүмкін. Бұл туралы "Қауіпті ата-аналар. Қалыпты өмірді қалай қалпына келтіруге болады" атты еңбектің авторлары Сюзан Форвард пен Крейг Бак айтады. Ер адам өз-өзіне сенімсіз, қорқақ болып өседі және әлсіз әйелді құрметтемеу әрі оны қорлау арқылы өзін еркек етіп көрсетіп, осы әрекеті арқылы оның алдында абыройын көтеруге тырысады (мықты әйелдер мұндайға жол бермейді).
  3. Бала күндегі психологиялық жарақат. Егер ер адамның ата-анасы оны бағаламаса, оған жеткілікті мөлшерде көңіл бөлмесе немесе махаббатқа бөеп өсірмесе, оған қоса үйде немесе мектепте балаға қысым көрсетілсе, онда мұндай ер баланың психологиялық ахуалы бұзылып, нашарлайды. Жылдар бойы осы жарақат көрініс беріп, оған толыққанды қарым-қатынас орнатуға кедергі келтіретін болады.
  4. Эгоцентризм, қоғамға жат мінез-құлық көрсету. Мұндай адамнан сыйластықты күтпеген абзал, себебі ол өзін ғана жақсы көреді және маңайынағыларға құрметпен қарамайды.
  5. Әйелін жақсы көрмеуі мүмкін. Бәлкім ол үйленгенде, басқа мақсатпен отау құрған. Мұндай ер адамнан әрине жылулық күтпеген жөн.

Ер адамға ата-анасының кінәсін мойындау қиын, ал әйелін құрметтемеу салдарынан отбасының ойраны шығуы мүмкін. Мұндай ер адамдар көп жағдайда, әйеліне құрметпен қарамайтынын сезбейді. Десе де сүйгеніңе құрметпен қарау - махаббаттың негізгі ұстанымы бірі болып қала бермек. Егер жұбыңызды сыйламасаңыз, онымен үйлесімді қарым-қатынас орнату мүмкін емес.

Күйзелістегі әйел. Көрнекі сурет
Күйзелістегі әйел. Көрнекі сурет: pixabay.com

Жұбайыңыз сізді сыйламайтынын қалай білуге болады?

Құрметсіздікті ашық көрсететіндер және көрсетпейтін адамдар болады. Ері құрметтемеген әйел оның іс-әрекетінен жүрегі мен жаны ауырады, алайда ол мұның себебін түсінбеуі мүмкін. Ер адам әйелін құрметтемейтінін мына белгілер арқылы аңғаруға болады:

  • Ол әйеліне қатысты маңызды шешімдерді өзі қабылдайды (тосын сый немесе оған жағу үшін емес), ол оны шешім қабылдағаннан к000ейін, бірден айта салады: мысалы, әйелінің қалауын сұрамай, қалаған жеріне экскурсия билеттерін сатып ала салады.
  • Әйелінің еркіндігін шектейді (хоббимен айналысуға, жұмысқа орналасуға тыйым салады).
  • Оның тұрмыстық және маңызды өтініштеріне құлақ аспайды, уәде береді, бірақ орындамайды.
  • Оны басқа әйелдермен салыстырып, кекетіп, мұқатады. Ол мұны басқа адамдардың көзінше де жасауы мүмкін. Мысалы, ол әйеліне үстіндегі көйлек жараспайтынын, керісінше біреудің жұбайының мүсіні сымбатты екенін айтуы мүмкін.

Алайда мұның бәрі мәселенің тек бер жағы болуы мүмкін. Агрессивті және авторитарлық еркек әйеліне деген ашуын ашық көрсетіп, нағыз тиранға айналуы мүмкін. Мұндай адам, тіпті, уәде де бермейді. Әйелі оның талаптарын қатаң түрде орындауы керек. Мұндай әрекеттердің қаншалықты қауіпті екенін, күйеудің әйелімен қарым-қатынасынан-ақ білуге болады.

Бұл туралы клиникалық психолог Ланди Банкрофт өзінің "Тиран-күйеулер. Ер адамның қатыгездігін қалай тоқтатуға болады" атты еңбегінде жазады. Тиран өзінің ашуы мен агрессиясы арқылы, тіпті, физикалық тұрғыда зорлық-зомбылық та көрсетуі мүмкін. Еркек пен әйел арасындағы қарым-қатынаста құрмет көрсетпеудің кез келген түріне жол берілмеуге тиіс. Бастысы, оны уақытында жазбай танып, ондай адамнан бойды аулақ ұстау керек.

Көңілі қалған ару. Көрнекі сурет
Көңілі қалған ару. Көрнекі сурет: pixabay.com

Күйеуіңіз сізді сыйламаса не істеу керек?

Егер сіз күйеуіңіздің сізді сыйламайтынын көрсеңіз: "бәрі жақсы болады, өзгереді" деп жүре бермеңіз. Мұндай әрекетке жол берілмеуі керек екенін бірден айтыңыз және бұдан былай олай жасамауды сұраңыз. Егер ештеңе өзгермесе, онымен ашық сөйлесіп, оның мұндай әрекеті жаныңызға бататынын түсіндіріңіз. Оның қателесуге құқығы бар екенін түсіндіріңіз, алайда шыдамның да шегі бар екенін айтыңыз.

Екеуіңізге де сәйкес келетін қарым-қатынас ережелерін сақтауды сұраңыз. Екі адамның одағы үлкен еңбекті талап етеді. Ненің дұрыс болмай жатқанын електен өткізіңіз. Мүмкін сіз өзгеріп, күйеуіңіз сол себепті сізді бағалаудан қалған шығар. Мүмкін сіз оны өзіңіз құрметтемейтін шығарсыз, үнемі сынап, кінәлайтын боларсыз, сол себепті ол сізге солай жауап қайтаратын шығар. Егер адамға шабуыл жасалса, олар өзін қорғай бастайды, деп түсіндіреді PhD докторы, клиникалық психолог Рэнди Гюнтер өзінің "Қарым-қатынасты бұзушылар" атты кітабында.

Мұндайда ол болып жатқан жағдайға өзінің кінәсі жоқ екенін алға тартатын болады. Бұл сіздерді жақсылыққа апармайды. Мұндай теріс әрекеттерге кек алу үшін оны сынау, қызғаныш тудыруға тырысу, күйеуінің көңілінен шығу үшін, оны шамадан тыс қуанту, "кетемін, ажырасамын, төсек қатынасында бірге болмаймын деп шантаж жасау" елемеу жатады. Оған ойлануға уақыт беріп, өзіңіз төмендегі әрекеттерді жасаңыз:

  • Оның пікіріне, ақшасына тәуелді болмай, өз-өзіңізді барлық жығанын қамтамасыз етіңіз.
  • Бұрынғыдан да тартымды болу үшін сыртқы келбетіңізге мән беріңіз.
  • Өз армандарыңызға жүзеге асырыңыз (биге жазылыңыз, біліктілігіңізді арттырыңыз).

Бұл сізге өз-өзіңізді бағалауға, құрметпен қарауға үйретеді. Бізді маңайындағыларымыз тек өзімізге өзіміз сүйіспеншілікпен және құрметпен қараған кезде ғана, сыйлап, құрметтей бастайды.

Қол ұстасқан жұп. Көрнекі сурет
Қол ұстасқан жұп. Көрнекі сурет: pixabay.com

Алайда "тиран" күйеумен, бұл әрекеттерден еш нәтиже шықпайды. Егер күйеуіңіз тиран болса, не істеу керек? Мұндай адаммен ортақ келісімге келу мүмкін емес. Ол мұндай қарым-қатынасты қалыпты жағдай деп біледі: әйелі күйеуіне тиесілі, ол оған бағынып, оның тілектерін орындауы керек.

Сондықтан оның алдында ақталудың, онымен дауласудың, бір нәрсе түсіндіруге тырысудың қажеті жоқ. Өзіңіз қатаң талаптарды қоя біліңіз: егер бір-екі айдан кейін ештеңе өзгермесе, мен бірер айдан соң кетемін.

Және уәде етілген сөзіңізде тұрыңыз. Егер оған кедергі келтірсе, полицияға хабарласыңыз. Әр отбасының қарым-қатынасты дамытудың өзіндік сценарийі болады. Бірақ сүйіктісіне құрметпен қарамау – қай отбасының болсын шырқын бұзады.

Отбасыңызды құтқарыңыз немесе өзіңізді құтқарыңыз. Күйеуіңіздің сізді сыйламауының себептерін уақтылы анықтап, оны уақытында жоюды керек. Егер күйеуіңіз тиран болса және өзін өзгерткісі келмесе, әйел адамды тек ажырасу құтқарады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/2054480-qarym-qatynas-qupiyasy-er-adamdar-ne-sebepti-suigen-zaryna-suyp-syilamai-ketedi/

pixel