Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Жай ғана доспыз: қыз бен жігіттің арасында достық бола ма

Опубликовано:

Серуендеп жүрген қыз бен жігіт. Көрнекі сурет
Серуендеп жүрген қыз бен жігіт. Көрнекі сурет: pixabay.com

Өзіңізге ұнайтын адаммен дос болу өте күрделі. Ал егер сіз оған дос емес, сүйікті болғыңыз келсе, онда тіптен қиын. Жігіт пен қыздың арасында достық бола ма, егер болса, мұның жақсы не жаман жақтары бар ма? Психологтар жауап іздеп көрді.

Ара қатынастағы достық

Қыз бен жігіт арасында достық орнап, олар бір-бірімен дос ретінде араласып, көмектесіп жүре алады. Алайда олардың бірі екіншісіне ғашық болса, онда бұл жай ғана достық емес. Жігіт пен қыздың арасындағы достық қарым-қатынас дегеніміз не? Бұл қыз бен жігіт арасындағы достық ара қатынас. Алайда олардың бірі досына жұп болғысы келеді. Екіншісі оның бұл сезімін елей бермейді, тек осы адаммен достық қарым-қатынасты құрғысы келеді. Мұндайда:

  • "Сен менің ең жақын досымсың";
  • "Сен маған бауырым сияқтысың";
  • "Арадағы қарым-қатынасты бұзғым келмейді";
  • "Мен сен сияқты қыздың (жігіттің) болғанын қалаймын" деген тіркестер қалыпты жағдайға айналуы мүмкін.

Достық қарым-қатынас өмірде жиі кездесетін жағдай. Өз адамымызды іздеу барысында біз қателесіп, бізге сәйкес келмейтін адамды таңдауымыз мүмкін. Десе де, егер бұл адам шынайы дос болса, ол екінші тараптың пікірімен санасып, оны құрметтеуі тиіс. Егер сіз арадағы достықты манипуляциялау немесе өзгерту үшін қолдансаңыз, онда бұл қалыпты жағдай емес және екі тарапқа да тек зиян келтіретін қарым-қатынас болмақ. Бұл туралы махаббат пен қарым-қатынас туралы Love is Respect ресурсы хабарлайды.

Қала ішінде серуен құрған достар. Көрнекі сурет
Қала ішінде серуен құрған достар. Көрнекі сурет: pixabay.com

Достық қарым-қатынастың белгілері

Жігіттің достықтан бөлек, одан да терең сезімі бар екенін қалай білуге болады? Мұны кейбір белгілер бойынша жасауға болады:

  • Бойжеткен кездесуге құрбыларымен бірге келеді және жігітке достарын өзімен бірге алып келуді ұсынады.
  • Ол оған ағасы сияқты қарайтынын айтады.
  • Ол ортақ таныстардың арасынан дос жігітіне жұп табуға тырысады.
  • Онымен кездескен жігіттері туралы, басқа адамға деген сезімі туралы айтып береді.
  • Ол жігітке қандай әсер қалдыратыны туралы ойламайды, мысалы, оның көзінше қатты жөтеледі немесе қасынады.
  • Онымен кездесудің алдында сәнденбейді.
  • Жігіттің оған деген романтикалық сезімдері оған "жай ғана тартымды" немесе "достық" түрінде көрінеді.
  • Оның кез-келген көмегі, оның өміріне қатысуы, оның проблемаларын тыңдауын қалыпты жағдай деп қабылдайды.
  • Қыз бала ол үшін, жігіт көмектесетіндей, бәрін істей бермейді. Мысалы, жігіт оны вокзалға шығарып салу үшін, жұмыстан сұранып кетуге дайын тұра алады. Ал, бойжеткен ауырған кезде оған барып, қал-жағдайын сұрамауы да мүмкін.

Достық қарым-қатынастың жай қарым-қатынастан айырмашылығы жетерлік. Бұл жай ғана ара қатынасемес, ол романтикалық және жыныстық қатынастан бас тарту болып табылады. Достық қарым-қатынас өмір бойы жалғаспауы мүмкін. Сізге ұнайтын адаммен достық қатынаста болу әрине жақсы, алайда егер сіздің сезіміңіз достық қарым-қатынастан да тереңдей түссе, онда тараптардың бірі қиналатыны анық.

Қалпақ ұстаған бойжеткен. Көрнекі сурет
Қалпақ ұстаған бойжеткен. Көрнекі сурет: pixabay.com

Жігіттер не себепті дос болып қалуды сұрайды

Көбінесе жігіттердің өзі дос болуды қалайды. Мұның төмендегідей себептері болуы мүмкін:

  1. Жігіттер сезімі туралы айта бермейді және ешқандай әрекет жасамайды. Бойжеткен оны дәл осы қасиеті үшін үнемі дос ретінде қабылдауы мүмкін. Мұндайға жол бермеу үшін, жігіттер сезім білдіріп, кездесуге шақыруға тиіс.
  2. Жігіт оның қалауындағы адам емес, яғни оның талаптарына сәйкес келмейді. Уақыт пен күш-жігерді ысырап етпеу үшін оның қалауындағы жігіттер туралы алдын-ала біліп, мұндай сценарийді зерттеп, барлық жақсы және жаман тұсты зерделеген дұрыс. Егер қыз тарапынан да сезім болса, қарым-қатынасты дамытыңыз, жоқ болса – өз жөніңізбен кеткеніңіз абзал.
  3. Қыздың тілегімен мақсатын өзінен жоғары қояды. Ол үшін бәрін жасауға дайын, ер адам әрдайым оның жанынан табылғысы келеді. Нәтижесінде ол оның бұл әкеретін бағаламайды. Кез келген адамның негізі - өзін-өзі сүюден басталатынын ұмытпаңыз, дейді "Өзін-Өзі сүю. Өзін-өзі бағалауды арттырудың 50 тәсілі" атты еңбектің авторы Анастасия Залога.
  4. Тартымдылығы мен сексуалдылығына күмәнмен қарайды. Бұл оның мінез-құлқынан көріне бастайды. Өзіне сенімсіз адам басқаларды қызықтырмайтын болады.
  5. Шынайы қарым-қатынасқа дайын емес. Кейбір адамдар бірнеше жыл бойы достық ара қатынаста жүре береді. Қарым-қатынас – бұл екі жақтың да тынымсыз еңбегі, оны бағалай білу қажет.

Егер адам досыңызға айналса, онда мұндай жағдайдың не себепті орын алғанын түсінген жөн. Оны тек өз-өзіңізге адал болған уақытта ғана түсіне аласыз.

Әңгіме-дүкен құрған достар. Көрнекі сурет
Әңгіме-дүкен құрған достар. Көрнекі сурет: pixabay.com

Достық қарым-қатынастан қалай шығуға болады?

Достық қарым-қатынастан шығу үшін қыздың жігітте тек дос емес, болашақ сүйіктісін ретінде көретіндей әрекеттер жасау керек. Ол үшін нақты қадамдар жасау керек: өзін-өзі бағалауды арттыру, басымдықтарды өзгерту, гардеробты өзгерту.

Өзін-өзі бағалауды арттыру

Егер жігіт қыздың жүрегін жаулағысы келсе, ал ол оны елемесе, онда әрекеттер жоспарын өзгерту керек. Өз бағаңызды арттыру үшін, алдымен өз-өзіңізбен жұмыс істеуіңіз керек: өзіңізге сенімді болу, өзіңізді дамыту, манипуляцияға жол бермеу. Сондай-ақ, кемшіліктеріңізге назар аудармай, өз-өзіңізді жақсы көріп үйрену керек, деп кеңес береді Mind басылымы. Сонда ол оның емес, қыз жігіттің көңілін аулауға тырысатын болады.

Басымдықтарды өзгерту

Жігіт өзін-өзі бағалауды арттырып, қызды емес, өз өмірін бірінші орынға қойғанда, оның басымдықтары да өзгереді. Кез келген адам өзін бақытты ететін нәрсені тек өзі ғана біледі. "Әрдайым бақытты болу" кітабының авторы Мринал Кумар Гупта, біреуге емес, тек өзіңізге сенуге кеңес береді.

Гардеробты өзгерту

Киім адамның өзін қаншалықты сенімді сезінетініне тікелей әсер етеді. Сіз өзіңізге ұнайтын киімдікигенде, өзіңізді әлдеқайда сенімдірек сезінесіз, деп жазады Аманда Хекстон. Егер сіздің образыңызсәнді және стильді болса, тіпті тамаша. Егер ер адам осы қағидаттар бойынша гардеробын өзгертсе,онда ол айналасындағылардың, соның ішінде қыздардың оған деген көзқарасы қалай өзгеретінін көреді. Егер осыдан кейін және өз сезімдеріңізді білдіргеннен кейін қыздың сізге деген көзқарасы өзгермесе, онда ол сіздің адамыңыз емес деп қабылдаған жөн. Бұл үшін еш өкінбеңіз.

Бірақ тағы бір маңызды мәселе орын алуы мүмкін: жігіттің өзінің қызға деген сезімі суиды, бірақ ол басқаларға тартымды бола бастайды.

Сондықтан, қашан да өзіңізге сенімді болыңыз, өзіңізді жақсы көріңіз, сонда ғана сіз басқа адамдарға тартымды әрі қызықты боласыз. Өзіңізбен жұмыс істеу, ашықтық және жаңа жетістіктерге жету, сізді достық қарым-қатынастан арылта алады және қалаған мақсатыңызға жетуге көмектеседі.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/2054670-zai-gana-dospyz-qyz-ben-zigittin-arasynda-dostyq-bola-ma/

pixel