Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Сіз туралы өзгелер жақсы ойда болу үшін не істеу керек: тиімді 5 әдіс

Опубликовано:

Ер адам бейнесі
Ойланып тұрған ер адам бейнесі. Көрнекі сурет: pixabay.com

Ешбір адамды күштеп жақсы көргізу мүмкін емес. Адамның сіз туралы ойлауы үшін әлбетте оған ұнауыңыз қажет, бойыңызда оны баурап алатын қылық болу керек. Осы орайда мамандар 5 тиімді әдісті қолдануға кеңес береді.

Жағымды эмоция қалдырыңыз

Адамның сізге назар аударғанын қалайсыз ба? Онда ол адамға өзіңіз де мән беріп, жағымды эмоция сыйлаңыз. Мысалы жұмыстағы әріптесіңізді мейірімді, жарқын жүзбен күлімсіреп қарсы алыңыз. Өзіңізге жарасымды қылықтарыңызды көрсетіп, әдемі сөзіңізді айтуға болады. Мысалы саусағыңызбен "жарайды" белгісін көрсету, арқасынан қағу немесе құшақтауға болады. Егер ол адам сізбен тым жақын болмаса, күлкілі әңгімелер айтып әзілдесіп көріңіз.

Виктор Шейнов "Неотразимый комплимент. Безотказные приемы влияния" кітабында ең тиімді қарым-қатынас әдістерінің бірі ретінде мақтау сөз айтуды ұмытпау керегін жазады. Адамның сыртқы келбетін мақтаңыз. Мысалы: жаңа көйлек, сәнді галстук, әдемі шаш үлгісі, костюмнің үйлесімі.

Бұл назар аударудың қарапайым әдісі болып саналады әрі досыңыздың немесе танысыңыздың көңіл-күйін көтереді. Жылы сөз арқылы адамның өмірге деген сүйіспеншілігі артады. Ол сіз туралы жақсы ойлайтын болады, үнемі болмаса да, сізге қатысты жағымды эпизод жадында тұрады. Ол сізді жағымды эмоциялармен ғана байланыстырады.

Мұны тексеру оңай. Ол сізді алыстан көргенде жымия ма? Қолы бос болмаса да, сізбен сөйлесуге тырыса ма? Демек араңызда эмоционалдық байланыс орнаған.

Ханзада Гарри мен Меган Маркл достарының кешінде кездескен, олар бір-бірі туралы ештеңе білмегенін жазады Marie Claire. Бірақ кеш бойы сөйлескен жандар ертеңіне кездесуге барған, осылайша бір-біріне қызығушылығы артқан көрінеді.

Ер мен әйел
Көңілді ер мен әйел. Көрнекі сурет: pixabay.com

Қызықты әрі шынайы қарым-қатынас орнатыңыз

Жаңадан танысқан адамдардың ішінде қайсысына тамсана қарайтыныңызды еске түсіріңіз. Алғашқы кездесуде сыртқы келбет тартымды көрінуі мүмкін, бірақ оның артында ақыл болмаса, қызығушылық тез басылады, не болмаса керісінше сыртқы түрі қарапайым адам әңгімелескеннен кейін таң қалдыра алады.

Психиатр Марк Гоулстон дұрыс әдісті таңдау арқылы кез келген адаммен байланыс орнатуға болады, - дейді. Қарым-қатынас кезінде адамдарды мынадай әрекеттер тартып тұрады:

  • Адаммен сөйлескенде оны атымен атаңыз.
  • Онымен бір толқында болып, ойыңыздың бір жерден шыққаны дұрыс.
  • Оның көңіл-күйін, уайымын, ауырғанын сезініңіз және мұны түсінетініңізді көрсетіңіз.
  • Сенім орнату үшін қарым-қатынаста ашық және шынайы болыңыз.
  • Егер адамның бойынан дұрыс емес дүние байқасаңыз, мұны назардан тыс қалдырмаңыз, себебін сұраңыз.
  • Тыңдай біліңіз, әңгіме айтып отырған адамның сөйлеуіне мүмкіндік беріңіз.

Сонымен қатар адамдарды зілсіз әзіл қызықтырады. Бұл сіздің ұнатып жүрген адамыңызға ұнайды. Ол сізді ұмыта алмайды.

Сүйкімді құрбылар
Велосипед жанында тұрған құрбылар. Көрнекі сурет: pixabay.com

Дене тілін пайдаланыңыз

Дене тілі басқа адамның толқынында болуға жақсырақ көмектеседі. Адамдар өзіне мінез-құлқы, әдеттері және басқа да қылықтары ұқсас жандарға жақын болғысы келеді. Осы орайда сіз ол адамның қимыл-қозғалысын кездейсоқ қайталағандай болыңыз. Мысалы ол қабырғаға сүйенсе, сіз қарама-қарсы тұрмаңыз. Керісінше әңгімелесу кезінде байқамаған кейіпте оның жанына барып қабырғаға сүйеніңіз.

Әңгімелесіп отырған адам тыныш әрі баяу сөйлей ме? Сіз де дауысыңызды баяулатып, қарқыныңызды бәсеңдетіңіз. Ол қандай да бір сөздерді қолданып, дыбысқа екпін қоя ма? Оның сөздерін сіз де айта жүріп, ұнайтынын білдіріңіз. Нейролингвистикалық бағдарламалау (НЛБ) техникасында мұны калибрлеу деп атайды. Бұл адамға жақынырақ болуға және сеніміне кіруге көмектеседі.

Өмірде бейсаналық калибрлеудің көптеген мысалы бар. Егер ерлі-зайыптының бірі ақсаңдап жүрсе немесе бүкірейсе, біраз уақыттан кейін оның серігі де дене қалпын сол адамдікіне ұқсас етіп өзгертуі мүмкін. Үлкен эмпатияға ие адамдар басқа адамның байқаусызда қолын тіліп алғанын немесе соғып алғанын көргенде сол адамның ауырсынуын сезінуі мүмкін, тіпті оны көрсететін нақты дыбыстар шығарады. Психотерапевт Том Херрон фобияны емдеу үшін нейролингвистикалық бағдарламалау әдістерін қолданады, бұл адамға әсер етеді.

Мазмұнды өмір сүріңіз

Өмірі қанық бояулар мен оқиғаға толы адамдар қашан да тартымды келеді. Өзіңіз туралы көбірек ойлаңыз, сонда басқалар да сіз туралы ойлайды. Брайан Зарпентайн осыған байланысты қарапайым құпияны ашады.

Өзіңізге барынша қамқорлық жасаңыз:

  • Сыртқы келбетіңізді стильді әрі ұқыпты етіңіз.
  • Белсенді өмір салтын ұстанып, спортпен шұғылданыңыз.
  • Өзіңізді дамытыңыз: кітап оқыңыз, вебинарларға, курстарға қатысыңыз.
  • Жеке өміріңізге және мамандығыңызға қатысты мақсатыңызды жүзеге асырыңыз.
  • Үнемі жаңа дүниені үйреніңіз.
  • Жақсылап демалуға уақыт табыңыз.

Мақсаты бар және өз бағасын білетін, қабілетті, ынталы, тартымды адам өзгелерге де ұнайды. Шындығында ешбір адам мінсіз емес. Әркімнің көтерілу және құлдырау кезеңі болады. Осы орайда махаббаттың маңызы зор. Өзін жақсы көретін адам басқаларды да жақсы көреді және түсінеді, мұны елемей қоюға болмайды.

Жағада тұрған адам
Жағалауда тұрған ер адам. Көрнекі сурет: pixabay.com

Өзгелердің есінде жүріңіз

Егер сіз ақылды және әдемі болсаңыз, бірақ үнемі қараңғы жерде отырсаңыз, сіз туралы кім біледі және кім ойлайды? Біздің тағдырымызға басқа адамдардың да қатысы болады. Француз журналисі Жаклин Бувье басқа жігітпен атастырылған, бірақ оның досы Чарли Бартлетт құрбысының таңдаған адамын ұнатпады. Оған сенатор Джон Кеннеди ұнады, - деп жазады Tatler. Ол Жаклин мен Джонды таныстырады, ал бір жылдан кейін олар сөз байласқан еді.

Егер басқа адамның сіз туралы ойлағанын қаласаңыз, оған ортақ достарыңыз бен таныстарыңыздың өзіңіз туралы жағымды сөздер айтуына ықпал етіңіз. Егер олай болмаса, адамдармен танысып, қызықтыра біліңіз.

Достарыңыздың әр жұма сайын футбол ойынын тамашалайтынын білесіз бе? Онда атмосферасы қызықты мекемені ұсыныңыз. Кездескен кезде әдемі күліп қарсы алыңыз. Оларды жұмысыңыздың көрмесіне шақырыңыз. Мұндай шаралардан жағымды пікірлерді естисіз. Су тасты теседі, ал сіздің жетістігіңіз адамның сізге деген қызығушылығын арттырады.

Пол Макги "Мастерство общения" кітабында барлық адамға бірдей көзқарас болмайтынын ескертеді. Бірақ адамды жақсы түсінуді және оған оң жағынан әсер етуді үйренуге болады. Біз айтқан 5 әдіс ұмытылмастай жан болуыңызға және адамның сіз туралы ойлауына септігін тигізеді деген сенімдеміз.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/2054830-siz-turaly-ozgeler-zaqsy-oilap-zuru-usin-ne-isteu-kerek-tiimdi-5-adis/

pixel