Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Бала қытай күнтізбесі арқылы қалай жоспарлайды: 2024 жылға арналған болжам

Жарияланған күні:

Жүкті әйел. Көрнекі сурет
Жүкті әйел. Көрнекі сурет: pixabay.com

Сәбиді жынысына қарай жоспарлау ежелден келе жатқан әдіс. Осы орайда қытай күнтізбесі бала жынысын жоспарлауда қаншалықты тиімді? Аталған мәселе бойынша 2024 жылға арналған болжамды Chinese Fortune Calendar альманахы жасап көрді.

2024 жылға арналған Қытайдың баланы жоспарлау күнтізбесі

Баланы жоспарлау күнтізбесі - бұл сәбилі болуды жоспарлап отырған әйелдің жасына және ай күнтізбесіне сәйкес, баланың жынысын болжауда ежелден қолданылатын құрал. Мәселен бала жынысын Ай күнтізбесіне қарап болжау салтына 700 жылдан астам уақыт өткен. Бұл күнтізбе Цин әулеті кезіндегі мәдениет пен дүниетанымға негізделген.

Аңыз бойынша, ғалым патша қабірінен бала жынысын ай циклдері бойынша болжайтын диаграмма тапқан. Құпия қазына ретінде сақталған карта болашақ баланың жынысын дәл болжауға мүмкіндік берген екен. Ғалымдар оны Цин әулетінің кестесі немесе QingGongBia (1644-1912) деп атаған. Қытай тілінен аударғанда "Сәбидің жынысын болжауға арналған Ай күнтізбесінің кестесі" дегенмағынаны білдіреді. Сонымен бірге, ол қытайлық балалар күнтізбесі деп те аталады.

Тарихқа көз жүгіртсек, Қытай отбасылық мәдениетінде ер балаларға мұрагерлер ретінде артықшылық берілген. Ұлдар әулеттің, тектің, тұтас бір династияның жалғастырушысы, ізбасарлары және мәдени құндылықтардың иелері болып саналған. Көптеген қытайлық отбасылар ұл баланы дүниеге әкелумақсатында, болашақ баланың жынысын анықтау үшін, аталған күнтізбе көмегіне жүгінген деген болжам бар. Осылайша, оның дәлдігі туралы жаңалықтар тез тарап, сәбилердің жынысын алдын ала болжау күнтізбесі танымал бола бастаған және дәстүрлі қытай мәдениетінің маңызды бөлігіне айналған. Күнтізбе ежелгі өркениетке жатқанына қарамастан, оның тиімділігіне қатысты бүгінгі күнге дейін дау-дамай басылған емес.

Сәби аяқ киімін ұстап тұрған жұп. Көрнекі сурет
Сәби аяқ киімін ұстап тұрған жұп. Көрнекі сурет: Pixabay.com

Мәселен, көптеген сыншы күнтізбені тек кездейсоқтық деп түсіндіреді. Бұл әдіс ғылыми тұрғыдадәлелденбегенімен, Қытай мәдениетінде туылмаған баланың жынысын болжаудың танымал және дәстүрлі әдісі болып қала бермек. Еуропалық ата-аналар үшін бұл болашақты болжап, дүниеге кім келетініне қатысты қосымша болжам және танымдық тәсіл түрі болып табылады.

Бұл сондай-ақ,баланың талантын ашып, оның өмір бойғы бойтұмарына айналатын есімді алдын ала таңдау мүмкіндігі болып отыр. 2024 жылға арналған қытайлық бала жанысын анықтау күнтізбесі дегеніміз не? Бұл 2024 жылдың Ай циклдеріне негізделген және әйелдің астрологиясы мен физиологиясымен байланысты күнтізбе болып саналады. Ол 336 ұяшықтан тұрады және келесі параметрлерді құрайды:

  • Әйелдің жасы 18-ден 45 жасқа дейінгі аралықты қамтиды.
  • 2024 жылдың қаңтар-желтоқсан айлары аралығы баланың дүниеге келу айлары.

Chinese Fortune Calendar басылымы 2020 жылға қарай Қытайда неке жасындағы ер адамдар әйелдерге қарағанда 30-35 миллионға артық болғанын мәлімдеді. Үндістанда да дүниеге ұл келгенін көптеп қалайды екен, сондықтан ерлер саны әйелдерге қарағанда едәуір көп көрінеді (жыныскоэффициенті -1,12). 2011 жылы АҚШ-та сауалнамаға қатысқан респонденттердің 40%-ы ұл баланы дүниеге әкелгісі келетінін, ал 28%-ы қыз бала болса екен деп армандайтыны белгілі болды.

Бұл дегеніміз баланың дүниеге келгенге дейін жынысын білуге мүмкіндік беретін қытайлық тұжырымдама күнтізбесі 2024 жылы әлі де өзекті екенін білдіреді.

2024 жылға арналған бала жынысын анықтау күнтізбесі

2024 жылға арналған қытайлық жүктілік күнтізбесі бойынша баланың жынысын қалай білуге болады? Ол 2024 жылғы Ай күнтізбесіне негізделгендіктен және ананың жасы мен баланың бойға біту айынескеретіндіктен, кестеден төмендегілердің мұқият қарау керек:

1. Кестенің оң жағынан баланың бойға біту кезіндегі айды табу.

2. Кестенің сол жағынан баланың бойға біткен кезіндегі ананың жасын табу.

3. Баған мен жолдың қиылысында болашақ баланың жынысының болжамымен танысу.

Сәбиін күтіп жүрген жүкті келіншек. Көрнекі сурет
Сәбиін күтіп жүрген жүкті келіншек. Көрнекі сурет: pixabay.com

Жылдың өзгеруіне байланысты болмайтын, баланың жынысын анықтауға қатысты әмбебап болжамдар күнтізбесі де бар. Алайда оны 2024 жылдың 10 ақпанында басталатын және 2025 жылдың 28 қаңтарына дейін созылатын жасыл ағаш айдаһар жылы басталғаннан бергі, 2024 жылдың Ай күнтізбесіне сүйене отырып түсіндіру қажет. Осы орайда, есептеуді жеңілдету үшін, Гонконг обсерваториясының ай күнтізбесін немесе григориан күнтізбесіне бейімделген 2024 жылға арналған дайын, бойға бала біту күнтізбесін пайдалануға болады.

2024 жылға арналған бала жынысын анықтау күнтізбесінің өзіндік құпиялары бар. Оны жорамалдау барысында төмендегілерді ескеріңіз:

  • 2024 жылы ананың қытайлық (ай) жасын ескеріңіз. Мысалы, Қытай күнтізбесі бойынша 2003 жылдың 1 ақпаны мен 2004 жылдың 21 қаңтары аралығында туған әйелдің жасы 22-де.
  • Бала жынысын анықтауда айға мән беріңіз. Мысалы, егер бойға бала біту күні 10 ақпан мен 9 наурыз аралығында болса, онда сәбидің ананың бойында біту айы — 1 болады.

2024 жылға арналған бойға бала біту және оның жынысын анықтау күнтізбесі ай циклдерінің әйелағзасы, оның барлық дене мүшелері мен денсаулық жүйесінің жұмысына әсерін ескереді. Онда Ай күнтізбесінде 13 ай бар деп ескеріледі.

Қытай күнтізбесі. Сурет
Қытай күнтізбесі. Сурет: KAZ.NUR.KZ

Қытай күнтізбесі, сондай-ақ, әйел денесіндегі ай сайынғы қан өзгерісіне мән береді. Әйелдердіңетеккір циклі ұрпақтың жынысы, денсаулығы, психикасына және интеллектіне әсер етеді деген болжам бар. Айдың екінші фазасында бойға біткен бала күшті, дені сау және өмірдің кез келген жағдайына төзімді болады деген сенім бар. Ол биік тұлға ретінде дамып, тартымды әрі физикалық тұрғыда күшті болады.

Әулеттің мұндай жалғастырушысы өзіне сенімді, дамыған эмоционалды интеллектке ие және психологиялық тұрғыдан тұрақты болады. Баланың жынысын жоспарлаудың бұл әдісі қаншалықты тиімді? MD.Saúde медициналық сайтының ақпараты бойынша, Қытай диаграммасын жақтаушылар оның тиімділігі 90%-ды құрайды деп есептейді. Кейбір веб-сайттар күнтізбенің 99%-ға тиімді екенін айтады.

Алайда, аталған бала жынысын анықтау құралын қолданған 2,8 миллион әйел, жүргізілген сауалнама барысында оның дәлдігі шамамен 50%-ды құрайтынын алға тартқан. Бала жынысын анықтауда ең сенімді әдіс - инвазивті емес пренатальды тест (NIPT) немесе ұрықтың ультрадыбыстық зерттеуі болып қала береді.

Бала жынысын анықтау күнтізбесі қызығушылық немесе отбасылық дәстүр ретінде қолданылса да, ол болашақ сәбиді асыға күтіп жүргендерге қосымша жағымды эмоция сыйлайды. Болжам жасаубарысында, 2024 жылдың жаңа деректерін, Ай күнтізбесінің ерекшеліктері мен мамандардың ұсыныстарын ескеріңіз. Бұл болжамды соғұрлым тиімді әрі тиімді етеді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/2055269-bala-qytai-kuntizbesi-arqyly-qalai-zosparlaidy-2024-zylga-arnalgan-bolzam/