jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Гүлмира Ерубаева
Гүлмира Ерубаева
Контент-ресечер

GGG, Канело, Шакира: шымкенттіктер үш абданға ерекше ат қойды (фото, видео)

абдан
Абдан. Көрнекі фото: pexels.com

Шымкентте былтыр қазан айында туған үш абданға ерекше ат қойылды. Бұл туралы Шымкент зообағының Instagram-дағы парақшасында хабарланды.

Айта кетейік, былтыр 28 қазанда Шымкент зообағындағы Симба мен Тану жұбында 3 абдан туған еді. Оның екеуі аталық, біреуі аналық.

Жақында зообақ қызметкерлері абдандардың жағдайы қалыпты екенін айтып, оларға ат таңдау үшін желі оқырмандарының көмегіне жүгінген болатын.

Олардың айтуынша, зообақтың әлеуметтік желідегі парақшасына 200-ге жуық нұсқа мен ұсыныс келіп түскен.

"Олардың ішінен саралай келе зообақ әкімшілігі GGG, Канело, Шакира деген лақап аттарды таңдап алды. Бұл лақап аттарды таңдаған себебіміз мықты, атақты, қайсар, өжет болсын деген ниеттеміз", - дейді Шымкент зообағының өкілдері.

GGG, Канело, Шакира: шымкенттіктер үш абданға ерекше ат қойды (фото, видео)

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.