Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Өткеннің елесі: бойжеткеннің түсіне бұрынғы жігіті неге кіреді

Опубликовано:

Көл жағасындағы жігіт пен қыз. Көрнекі сурет
Көл жағасындағы жігіт пен қыз. Көрнекі сурет: pixabay.com

Бұрынғы сүйіктіңіз түсіңізге кірсе, ой сан-саққа жүгіріп, өміріңізді тағы бір електен өткізетініңіз рас. Мұндай түсте қандай астар жатуы мүмкін? Танымал түс жорушылардың болжамын назарға ұсынамыз.

Ислам түс жорамалы

Marie Claire сұлулық пен сән басылымының хабарлауынша, егер бұрынғы сүйіктіңізбен тығыз эмоционалды байланыс болмаса, ол жиі түске кіре бермейді. Ислам түс жорамалында оған мынадай түсінік беріледі. Мұндай түс жаныңыздың күйзелгенін, бойда бір мазасыздық пен сарсаңға салыну бар екенін білдіреді. Одан бөлек ол төмендегідей мағына береді:

  • Бұрынғы сүйіктіңізбен сүйісу — қандай да бір оқиғаға таң қалатын боласыз.
  • Бұрынғы жігіттің үйлену тойын көру - қиыншылықтың белгісі.

Сонымен бірге жасаған қателіктеріңіздің жазасын тартар алдында бұрынғы ғашығыңыз түсіңізге кіруі мүмкін. Мұндай түс сіздің біліп-білмей жасаған қателіктеріңіз бен айлаңыз үшін үшін кіреді деген болжам бар.

Феломен түс жорамалы

Түсінде бұрынғы жігітімен татуласып жатқанын көрсе, бойжеткен қарым-қатынасты қалпына келтіргісі келеді деген мағынаны білдіреді. Бұл жағдайда өткен күннің қателіктері үшін жауап беру керек екенін ұмытпаңыз. Феломеннің түс жорамалы кітабында бұл түске мынадай басқа түсініктемелер беріледі:

  • Бұрынғы жігітіңізді түсіңізде көру – қиындықтың белгісі.
  • Бұрынғы жігітіңіз өзі туралы хабар берсе – ескі таныстармен кездесесіз деген сөз.
  • Түсініңізде бұрынғы жігітіңізді басқа қызбен көру – жақсылықтың белгісі.
Теміржол бойындағы қыз бен жігіт. Көрнекі сурет
Теміржол бойындағы қыз бен жігіт. Көрнекі сурет: pixabay.com

Юнонаның түс жорамалы

Юнонаның түс жорамалы бойынша егер қыздың түсіне бұрынғы сүйіктісі кірсе, бұл түс бұрынғы жігіті үшін жақсылықтың нышаны. Сонымен бірге Юнона түс жорамалы төмендегідей болжамдарды ұсынады:

  • Бұрынғы сүйіктіңізге қол көтеру – лауазымыңыз төмендейді дегенді білдіруі мүмкін.
  • Бұрынғы ғашығыңызбен құшақтасып ұйықтау – қаржылық шығын.

Жүкті әйелдің түсіне бұрынғы жігіті кірсе, ол құрсақтағы сәбиіне дұрыс тәрбие беруді армандап жүр дегенді білдіреді. Ал тұрмыстағы әйел бұрынғы сүйіктісін түсінде көрсе, онда оны алда жақсылық күтіп тұр.

Лоффтың түс жорамалы

Бұрынғы жігітіңіз сәрсенбіден бейсенбіге қараған түні түске кірсе не болады? Лоффтың түс жорамалы бойынша, бұл түске кірген жан қаржылық тұрғыдан қиналып жүргенін білдіреді. Сонымен бірге, ол мынадай мағынаны беруі мүмкін:

  • Бұрынғы жігіт түсіңізде сізді ұнататынын айтса – көп ұзамай қиындықтарға тап боласыз.
  • Бұрынғы сүйіктіңіз үйленіп жатса – жақсылықытң нышаны.
  • Егер бұрынғы жігітіңіз бейсенбіден жұмаға қараған түні түсіңізге кірсе, өміріңізде сәтсіздіктер болуы мүмкін.
  • Жұмадан сенбіге қараған түні бұрынғы ғашығыңыз түсіңізге кірсе – қартайғанда бақытты әрі ауқатты боласыз деген сөз.

Хассенің түс жорамалы

Хассенің түс жору кітабында да бұл түске қатысты түрлі түсініктеме берілген. Егер бұрынғы жігітіңіз оны ойламасаңыз да түсіңізге кірсе, жұмысыңызда қандай да бір қиындықтар, түсініспеушіліктер болуы мүмкін дегенді білдіреді.

Сондай-ақ бұрынғы сүйіктіңіз келесі жағдайларда да түске кіруі мүмкін:

  • Онымен бірге суретке түсу – әріптесіңіз ұры болады деген сөз.
  • Түсте онымен ұрысу – көршілермен сөзге келудің белгісі.
  • Көпшілік арасынан оны іздеу — саяхатқа шығасыз деген сөз.

Бұрынғы сүйіктіңізбен бір төсекте ұйықтап, кейін жалғыз ояну — бұл жақсылықтың белгісі емес. Бойжеткен жалғыздық пен сатқындыққа тап болады деген сөз.

Жол бойындағы қыз бен жігіт. Көрнекі сурет
Жол бойындағы қыз бен жігіт. Көрнекі сурет: pixabay.com

Фрейдтің түс жорамалы

Фрейдтің түс жорамалына сәйкес, бұрынғы сүйітіңізбен сөзге келу қазіргі сүйіктіңізбен арада ұрыс-керіс болатынын білдіреді. Егер бойжеткен бұрынғы жігіттің үйлену тойында көңіл көтеріп жүрсе, ол бойындағы реніштен арылып, бақытқа жол табады деген сөз. Фрейдтің түс жору кітабында тағы бірнеше түсініктеме бар:

  • Бұрынғы жігітпен некеге тұру — ажырасу немесе қазіргі қарым-қатынастың бұзылуы деген мағынаны білдіреді.
  • Бұрынғы жігітіңізді анаңызбен таныстыру - бойжеткеннің жыныстық қарым-қатынаста қиындықтары бар деген сөз.

Егер бойжеткенге бұрынғы сүйіктісіне сағат беріп жатқаны түсіне кірсе, оның тілектері орындалады деген мағынаны білдіреді. Егер бұрынғы жігітіңіз түсіңізде басқа қызбен сүйісіп жатса, жоспарланған сапарыңыз сәтсіз болады деген сөз.

Нострадамустың түс жорамалы

Нострадамустың түс жору кітабында бұрынғы жігіт туралы түс – алдағы өзгерістердің белгісі болып табылады. Егер ол түсіңізде сізбен татуласып, қарым-қатынасты қайтарғысы келетінін айтса, онда өмірде сиқыршылардан, көріпкелдерден және махаббат сиқырынан сақ болғаныңыз жөн. Одан бөлек, Нострадамустың бұл түсті былай деп болжайды:

  • Бұрынғы жігітіңізбен сөйлесу - ұсақ қиындықтар мен келеңсіздіктер орын алады деген сөз.
  • Онымен хат жазысу – бастығыңызбен махаббат қарым-қатынасы болады деген сөз.
  • Бұрынғы жігітіңіз түсіңізде күлсе – аурудың белгісі.

Егер бұрынғы жігітіңіз түсіңізде жаман болып көрінсе, күтпеген қаржылық шығындарды күтіңіз. Оған себеп шақырылмаған қонақтардың келуі болуы мүмкін.

Миллердің түс жорамалы

Бұрынғы жігітіңіз түсіңізде қайтыс болса, бұл қандай мағынаны білдіруі мүмкін? Мұндай түс көп ұзамайтұрмысқа шығатыныңызды әрі балалы болатыныңызды білдіреді. Миллердің түс жоруында тағы да мынадай түсініктемелер беріледі:

  • Бұрынғы жігітіңіздің соңынан жүру — байлықтың белгісі.
  • Көшеде кездестіріп қалу – жұмыста қиындықтарға тап болуыңыз мүмкін.
  • Оны аты бойынша шақыру - үлкен қаржылық шығындарға батасыз деген сөз.
  • Одан тамақтандыруды сұрау — беделіңізден айырылу.

Егер сіз ажырасқан ерлі-зайыптылардың қайта қосылғанын түсіңізде көрсеңіз, онда түс көруші асығыс шешім қабылдайды деген сөз. Сондықтан, түсіңіз орындалмауы үшін, кез келген шешімді асықпай қабылдаңыз.

Теңіз жағасындағы екеу. Көрнекі сурет
Теңіз жағасындағы екеу. Көрнекі сурет: pixabay.com

Ванганың түс жорамалы

Ванганың түс жору кітабында айтылғандай, бұрынғы адам туралы түс көру - қазіргі қарым-қатынаста үлкен келіспеушіліктер болады деген сөз. Сондықтан бұрынғы қарым-қатынасты ұмытқаныңыз жөн. Ванганың түс жорамалы бойынша мұндай түс тек жамандықтың белгісі емес:

  • Бұрынғы жігітіңізге хат жазу - қазіргі сүйіктіңізбен ашық әңгімелесесіз деген сөз.
  • Бұрынғы жігітіңіздің үйіне бару – қуаныштың белгісі.
  • Бұрынғы сүйіктіңіз күлск - өмірде бақытты боласыз.

Бұрынғы жігітіңіз түсіңізде мас күйінде түске кірсе, жақын досы бойжеткеннен үлкен көлемде ақшасұрайды деген сөз. Ванга бұл қарыз қайтарылмауы мүмкін деген де болжам айтады.

Цветковтың түс жорамалы

Цветковтың түс жору кітабында бұрынғы жігітіңіз ойланбаған әрекеттерді білдіруі мүмкін деген болжам айтады. Оның салдары кейінгі өмірге әсер етуі ықтимал, дейді түс жорушы. Сол себепті, түс көруші мансап пен қарым-қатынасқа қатысты салмақты шешімдер қабылдауы керек.

Шешімнің дұрыс болуы үшін Цветков төмендегідей болжамдарды айтады:

  • Егер бұрынғы жігітіңіз түсіңізде сізді серуендеуге шақырса — жеке өміріңізде қиындықтар тууы мүмкін.
  • Түсіңізде ол ашу үстінде болса - жаңа таныстықтар орын алуы мүмкін.
  • Егер сізді қуып жетсе – сізбен арадағы қарым-қатынасқа қатысты сөйлеседі деген сөз.
  • Сәлемдесіп жатса - сот отырыстары болады деген сөз.

Түсіңізде бұрынғы жігітіңіз үнсіз жүрсе, қазіргі сүйіктіңізбен қарым-қатынасыңыз жақсарады деген сөз. Егер ол түс көрген адамнан бас тартса, ауырып қалу қаупі жоғары болуы мүмкін.

Бұрынғы жігіттің түске кіруге қатысты болжамы – оның аптаның қай күні кіргеніне тікелей байланысты болады. Көп жағдайда мұндай түс өзгерістердің белгісі болып табылады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/2055597-otkennin-elesi-boizetkennin-tusine-buryngy-zigiti-nege-kiredi/

pixel