Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алақандағы сызық: оның жұбайлық өмірде қандай маңызы бар

Опубликовано:

Жұбайлар қолы
Жас жұбайлардың қолы. Көрнекі сурет: pixabay.com

Адам алақанындағы сызықтар оның өмірі туралы біраз дүниені аңғартады дейді хиромант мамандар. Хиромантия түсіндірмесіне сүйене отырып, ерлі-зайыптының өмірі туралы эзотерик Керри Уордтың кеңестерін ұсынамыз.

Бұл жазбадан мынадай мәліметтерді біле аласыз:

  1. Алақандағы неке сызығының мәні мен орналасуы.
  2. Қолдағы неке сызығының мәні.

Неке сызығы дегеніміз не және ол қайда орналасқан?

Көп адам махаббатын қашан кездестіретінін, тағдырында неше рет некелесуі мүмкін екенін және жалғыз қалмайтынын білуді армандайды. Бұл туралы махаббат немесе аспан сызығы деп аталатын неке сызығы арқылы білуге болады. Astrotalk астрологиялық басылымы мұны алақандағы ең маңызды белгілердің бірі деп атайды.

Қолдағы неке сызығы қайда орналасқан? Ол шынашақ астында, астрология тілімен айтқанда Меркурий төбесінде, жүрек сызығына және Марстың жоғарғы төбесіне жақын орналасқан. Сызық қол қырынан алақанның ортасына бағытталған. Ол шынашақ бүгілген кезде анық көрінеді.

Оң қол
Жазу жазып отырған қыздың қолы. Көрнекі сурет: pixabay.com

Қолдағы неке сызығын табу үшін (доминантты, жұмыс істейтін) қолыңызды зерттеңіз. Оңқайларда - оң жақ, солақайларда - сол жақ. Ол шындықты көрсетеді, ал екінші қолдан құпия ұмтылыстар мен тілектер көрінеді. Cosmopolitan әйелдер журналының эзотеригі Керри Уорд былай істеуді ұсынады:

  • Қолыңызды алақаныңыздың сыртқы қырымен білегіңіздің аздап бүгіп, өзіңізге қарай бұрыңыз.
  • Шынашақ тұсынан және жүрек сызығының түбінен кішкентай сызықты табыңыз.
  • Сызықтың сыртқы көрінісіне қарап, болжам жасап көріңіз.

Бұл із неғұрлым анық әрі терең болса, қарым-қатынас соғұрлым мықты болады. Voice әйелдер басылымындағы жазбада неке сызығы (махаббат) ресми некені ғана білдірмейтіні жазылған. Бұл мынадай жағдайдан хабар беруі мүмкін:

  • күшті махаббат;
  • сүйікті жұптың бірге тұруы;
  • ұзақ мерзімге созылған тұрақты қатынастар;
  • бала туу және оның тәрбиесі;
  • бірлескен ортақ мүліктің (жылжымайтын мүлік, бизнес) болуы.

Неке сызығының сыртқы көрінісі бойынша болжам қаншалықты дұрыс болады? Ол өмірде болуы мүмкін оқиғалардың сценарийін көрсетеді. Бұл адамның жүріп келе жатқан өмір жолына және қабылдаған шешімдеріне байланысты. Мысалы сүйген жандар арадағы жағдайларға ақылмен қараса, қарым-қатынасты үзіп алмайтыны анық, ал қиын қарым-қатынастың болатынын дер кезінде топшылай білсеңіз, алдын-алу оңайырақ болады.

Көңілсіз қыз
Көңілсіз тұрған қыз. Көрнекі сурет: pixabay.com

Болжам жасау кезінде мына параметрлер ескеріледі:

  • сызықтың ұзындығы мен пішіні;
  • көрінетін тармақтары;
  • тізбектер мен сызық саны;
  • торлар мен ондағы нышандар.

Неке сызығын анықтау кезінде төменнен жоғары қарай қарау керек. Алғашқы махаббат неке сызығының жанында өрнек болып көрінеді. Сызықтың анық көрінуі үшін ақырындап жұдырығыңызды түйіңіз.

Әйелдердің махаббаты мен некелік өміріне болжам жасаған кезде нақтылық болу үшін балалардың сызықтары да зерттеледі. Жеке қарым-қатынасқа қатысты мінез-құлық пен шешім өзгеріп жүрсе, мұны неке сызығы да жасыра алмайтынын, яғни өзгеріске ұшырайтынын есте сақтаңыз.

Қолдағы неке сызығының мағынасы

Қолдағы сызықтар арқылы адамның неше рет некелесуі мүмкін екенін қалай анықтауға болады? Мұны анықтау үшін барлық неке сызығын санап шығу керек. Оккульттық ғылымға қатысты Occult Science блогында адамның алақанында бір ғана қалың және қоңырлау сызық болса, ол өз уақытында үйленіп, жайлы өмір сүреді делінген. Миноа Капур құрған астрология әуесқойларының Astroyogi қауымдастығында неке сызығының болмауы адамның ешкімді сүймейтінін және қарым-қатынасқа түскісі келмейтінін білдіретіні жазылған.

Басқа мағыналары:

  • Екі немесе одан да көп анық сызық - екі немесе одан да көп некенің болуы.
  • Екі немесе бірнеше анық емес сызық - тұрақты қарым-қатынастың болмауы немесе бір адаммен байланыс орнатуға деген ұмтылыс.
  • Үш сызық - желмінезділік.
  • Төрт сызық - жасырын романдар.
  • Бес сызық - сүйіктісіне шамадан тыс талап қойғандықтан, сәтсіз некенің жиі болуы.

Егер неке сызығы шанышқы тәрізді тарамдалып аяқталса, ажырасу қаупі жоғары. Оның себебі алақандағы "Y" белгісі бар адамның қарама-қайшы сипаты болса керек. Ол қарым-қатынасты бірінші болып үзеді.

Ажырасу туралы болжам жасау үшін алдымен қолдың үш жерінде қарым-қатынастың нашарлағанын көрсететін басқа белгілер арқылы тексеру керек. Егер жұп бар күшін салып, арадағы неке сақталса, шанышқы аралға айналады. Ерлі-зайыптының жағдайы мінсіз болмайды, бірақ олар бірге өмір сүреді. Шанышқы уақытша ажырасу жайлы да хабар береді. Сүйікті жандар қайтадан қосылу үшін бөлек кетеді. Неке сызығының соңындағы арал жанжалға толы ажырасуды аңдатады.

Алақандағы сызықтар санынан бөлек олардың сыртқы түрі де ескеріледі. Неке сызығы жоғары қарай тұрса, бұл нені білдіреді? Ask Astrologer астрологиялық басылымы мұндай адамның өмірі некеге аса құлықты емес екенін жазады. Егер адам саналы түрде өзгеріп, жұп болып өмір сүргісі келсе, уақыт өте келе неке сызығы теңеседі.

Егер сызық төмен қарай болса, жұптың бірі дүниеден ерте өтуі ғажап емес. Сызық неғұрлым ұзынырақ болса, қарым-қатынас та соғұрлым ұзақ болады. Некенің қысқа сызығы кеш үйлену және төмен либидоны аңдатады. Үзік сызық кикілжің мен ұрыс-керісті білдіреді. Аралшықтар, нүктелер, "X" белгісі, жолақтар, толқындар және тізбектер жақсы өрбіп келе жатып тез бұзылатын неке, үшінші тұлғалардың араласуы, қанағаттанбау және серігін түсінудегі қиындықтар, жесірлікпен байланысты.

Жарасымды жұп
Велосипедте отырған жұп. Көрнекі сурет: pixabay.com

Неке сызығы жасқа байланысты түсіндірілуі керек. Ол үшін мына әрекеттерді орындаңыз:

  • Жүрек сызығынан кішкентай саусаққа дейінгі кеңістікті үш бірдей бөлікке ойша бөліңіз.
  • Неке сызығындағы белгілер қай бөлікте орналасқанын қараңыз.

Сол жақтағы белгілер 22 жасқа дейін некелесуді білдіреді. Ортаңғы бөлігі 25 пен 28 жас аралығындағы некені сипаттайды. Оң жағы 33 жылдан кейін некеге тұруды көрсетеді.

Кішкентай саусақтан неғұрлым алыс және жүрек сызығына жақынырақ неке сызығы және оның маңызды белгілері орналасса, адам тез арада махаббатқа бөленеді. Көбіне сүйіспеншілік сызығы кішкентай саусақтың бойымен көтеріліп, тағдырында ерте кездестіретін адамды сипаттайды. Күннің сызығына жететін аспан сызығы алақан бойымен сақина тағатын саусағына дейін созылады, бұл бай адаммен бас қосуды білдіреді.

Қолдағы неке сызығы хиромант үшін махаббатты болжау құралы болып саналады. Бұл адамның жеке өмірі қалай болатынын, оны қандай қиындықтар мен сыйлықтар күтіп тұрғанын болжауға көмектеседі. Бұл білімді өз-өзіңізді тану және өмірдегі кей жағдайды жақсарту мақсатында қолдануға болады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/2055765-alaqandagy-syzyq-onyn-zubailyq-omirde-qandai-manyzy-bar/

pixel