Telegram-да жаңа функциялар пайда болды
Жарияланған күні:
![Telegram қолданбасы Telegram қолданбасы](https://cdn.nur.kz/images/1200x675/21aa547c88baee2c.jpeg)
Telegram-да жаңа функциялар арқылы енді бірреттік дыбыстық хабарлама жазуға болады, деп хабарлайды РИА Новости.
Telegram бірқатар функциясын жаңартты - қолданушылар енді тыңдаудан кейін бірден хат алмасудан жойылатын "бірреттік" дауыстық және видеохабарламаларды жаза алады, делінген мессенджердің Stories-інде.
Сондай-ақ қолданушылар жазу кезінде видео немесе аудиохабарламаларды кідіртуге, содан кейін оны жібермес бұрын жалғастыруға мүмкіндік алып отыр.
Желтоқсанның басында Telegram қоңырауларға жаңа анимациялар мен түрлі-түсті фондар қосқан, олар кезеңге байланысты өзгеріп отырады: қоңырау кезінде, сөйлесу кезінде және аяқталғаннан кейін. Сондай-ақ хат-хабарлардағы хабарламалар "Танос" эффектімен жойылатын функция да шыққан.
Қазақстан мен әлемдегі ең маңызды жаңалықты Telegram-арнамыздан оқи жүріңіз.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/2055901-telegram-da-zana-funkciyalar-paida-boldy/