Махаббат туралы қазақ тіліндегі қанатты сөздер
Жарияланған күні:
Махаббат тақырыбы қашан да өзекті. Қазақ халқында ақын-жазушылар бұл тақырыпта кеңінен қалам тербеп, түрлі қанатты сөз жазып кеткен. Бүгінгі материалда осы тақарыптағы нақыл сөздерді назарларыңызға ұсынамыз.
Махаббат тақырыбы әлемнің түкпір-түкпіріндегі жазушылар мен ұлы философ, ойшылдардың ең сүйікті тақырыптарының бірі. Дүниежүзінің ең танымал ойшылдарының өзі аталған тақырыпта жиі қалам тербеген. Massaget.kz басылымы әлем қаламгерлерінің осы тақырыптағы нақыл сөздер топтамасын жинақтаған.
*********
Сүйіп үйлену ғана қызық, әдемілігіне ғана қызығын үйлену базардан керексіз нәрсені жақсы болғаны үшін ғана сатып алғанымен бірдей.
А. Чехов
**********
Шынайы махаббат үнсіз келеді, өйткені шын сезім алдымен сөзбен емес, іспен білдіріледі.
В. Шекспир
**********
Махаббатқа жетпейді өлең-жырдың өресі, махаббаттың өзі ғой өлеңдердің төресі.
А. С. Пушкин
***********
Махаббат – екінші рет дүниеге келу.
О. Де Бальзак
***********
Махаббат – күн сайын дәлелдеуді талап ететін теория.
Архимед
***********
Махаббат – адамзаттың ең қызық және кешірімді әлсіз жері.
Ч. Диккенс
***********
Егер тәкәппарлық айғай салса – махаббат үнсіз қалады.
Ф. Жерфо
***********
Тексіз адамдар – махаббатсыз өмір сүріп жүргендер.
Б. Шоу
***********
Қаншалықты сүйе алатыныңды айта алу махаббат емес.
Ф. Петрарка
************
Махаббат – адасу... бір қыздың өзгелерден өзгешелеу секілді болып көрінуі.
Г. Менкен.
************
Махаббат – жанымызды тыныштандыратын Құдайдың тілі.
Ребе
************
Махаббат – түсіністік кілті.
А. Моруа
************
Махаббат үшін өлу – өмір сүру деген сөз.
К. Форнере
************
Махаббат – біреу, көшірмесі мың түрлі.
Ф.де Ларошфуко
************
Махаббатты өлтіру – адамзаттың соңғы күні.
Р. Браунинг
************
Біз бәріміз махаббат үшін дүниеге келеміз, бұл жаратылыстың заңы және оның мақсаты.
Б. Дизраэли
Қазақ ақын-жазушылары да аталған тақырыпта кеңінен тоқталған. Кейбір қаламгерлердің туындыларына арқау болған тақырып та - дәл осы махаббат тақырыбы болған. Ендігі кезекте, назарларыңызға қазақ ақын-жазушыларының махаббат жайлы қанатты сөздерін ұсынамыз:
************
Адамның өмірі қысқа болғанымен, махаббаты ұзақ өмір сүреді.
Әзілхан Нұршайықов
************
Махаббат – зор саналылықтың, білгір – білімділіктің, асқан ақыл-ойдың жемісі емес, ол – тек жерде ғана өмір сүретін, бірте-бірте архаизмге айналатын, тууы бар, өсіп-өнуі жоқ көзге көрінбей мәңгі жасайтын бейнесі белгісіз дара ұғым.
Оралхан Бөкей
*************
Шын сүю өзіңді мүлде ұмыту.
Махаббат – кәріні жас, алысты жақын ететін ұлы күш.
Қадір Мырза-Әлі
*************
Сүюдің сырын көзден көрме,
Көңілден ізде.
Білгің келсе, сүйер я сүймесін,
Ашып қара көңілін күймесін.
Жүсіп Баласағұн
************
Махаббат достықтан да күшті.
Бернияз Күлеев
************
Бұлақ өмір сүргенімен құрақсыз, Сезім өмір сүре алар ма мұратсыз. Жүрегіңде ерлігі жоқ адамның, Барлығы да махаббатқа тұрақсыз.
Мұхтар Шаханов
************
Ар-намыс, махаббат болмаған жерде адамшылық тұра ма?! Бұл сипаттардың болуы үшін адам баласы азат, тәрбиелі болуға тиіс.
Міржақып Дулатұлы
*************
Махаббат барша байлықтан күшті. Бірақ күштіге де көмек керек. Сол сияқты махаббат өзін байлық пен барлықтың қоса қолдауын ұнатады.
Әзілхан Нұршайықов
*************
Екі адамның бір-біріне шын ықылас пен қалтқысыз қызмет етуі, не араларындағы адал махаббаттың, не асыл достықтың арқасы. Әзілхан Нұршайықов
*************
Ең үлкен махаббат – халық махаббаты.
Қадыр Мырза-Әлі
**************
Даңқ үстемелегенді ұнатады. Бір басталса біразға дейін жарылқайды. Қашан өзің бүлдіріп алғанша махаббат нұрына бөленесің. Қадыр Мырза-Әлі
Ұлы ойшыл, кемеңгер Абай Құнанбайұлының да махаббат туралы қанатты сөздері көп. Соның бірқатарын назарға ұсынуды жөн көрдік:
*************
Адамшылықтың алды – махаббат, ғаделет сезім.
Абай Құнанбайұлы
*************
Махаббатсыз дүние бос, хайуанға оны қосыңдар.
Абай Құнанбайұлы
************
Ғашықтың тілі - тілсіз тіл, көзбен көр де ішпен біл.
Абай Құнанбайұлы
*************
Махаббат – әуелі адамның адамдығы, ғылым деген нәрселермен байланысты.
Абай Құнанбайұлы
**************
Ғашықтық, құмарлық пен - ол екі жол,
Құмарлық бір нәпсі үшін болады сол.
Сенен артық жан жоқ деп ғашық болдым,
Мен не болсам болайын, сен аман бол.
**************
Көзімнің қарасы
Көңлімнің санасы
Бітпейді ішімде
Ғашықтың жарасы
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/2056028-maxabbat-turaly-qazaq-tilindegi-qanatty-sozder/
Жарияланымға реакцияңыз?
Пікірлер жүктелуде