Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Махаббат туралы қазақ тіліндегі қанатты сөздер

Опубликовано:

Теңіз жағасындағы қыз бен жігіт. Көрнекі сурет
Теңіз жағасындағы қыз бен жігіт. Көрнекі сурет: pixabay.com

Махаббат тақырыбы қашан да өзекті. Қазақ халқында ақын-жазушылар бұл тақырыпта кеңінен қалам тербеп, түрлі қанатты сөз жазып кеткен. Бүгінгі материалда осы тақарыптағы нақыл сөздерді назарларыңызға ұсынамыз.

Махаббат тақырыбы әлемнің түкпір-түкпіріндегі жазушылар мен ұлы философ, ойшылдардың ең сүйікті тақырыптарының бірі. Дүниежүзінің ең танымал ойшылдарының өзі аталған тақырыпта жиі қалам тербеген. Massaget.kz басылымы әлем қаламгерлерінің осы тақырыптағы нақыл сөздер топтамасын жинақтаған.

*********

Сүйіп үйлену ғана қызық, әдемілігіне ғана қызығын үйлену базардан керексіз нәрсені жақсы болғаны үшін ғана сатып алғанымен бірдей.

А. Чехов

**********

Шынайы махаббат үнсіз келеді, өйткені шын сезім алдымен сөзбен емес, іспен білдіріледі.

В. Шекспир

**********

Махаббатқа жетпейді өлең-жырдың өресі, махаббаттың өзі ғой өлеңдердің төресі.

А. С. Пушкин

***********

Махаббат – екінші рет дүниеге келу.

О. Де Бальзак

***********

Теңіз жағасында серуендеп жүрген жұп. Көрнекі сурет
Теңіз жағасында серуендеп жүрген жұп. Көрнекі сурет: pixabay.com

Махаббат – күн сайын дәлелдеуді талап ететін теория.

Архимед

***********

Махаббат – адамзаттың ең қызық және кешірімді әлсіз жері.  

Ч. Диккенс

***********

Егер тәкәппарлық айғай салса – махаббат үнсіз қалады. 

Ф. Жерфо

***********

Тексіз адамдар – махаббатсыз өмір сүріп жүргендер.   

Б. Шоу

***********

Қаншалықты сүйе алатыныңды айта алу махаббат емес.   

Ф. Петрарка

************

Махаббат – адасу...  бір қыздың өзгелерден өзгешелеу секілді болып көрінуі.

Г. Менкен.

************

Махаббат – жанымызды тыныштандыратын Құдайдың тілі.  

Ребе

************

Махаббат –  түсіністік кілті.  

А. Моруа

************

Махаббат  үшін өлу – өмір сүру деген сөз.  

К. Форнере 

************

Махаббат – біреу, көшірмесі мың түрлі.  

Ф.де Ларошфуко

************

Махаббатты өлтіру – адамзаттың соңғы күні.   

Р. Браунинг

************

Біз бәріміз махаббат үшін дүниеге келеміз, бұл жаратылыстың заңы және оның мақсаты.  

Б. Дизраэли

Бір-бірінің құшағындағы қос жұп. Көрнекі сурет
Бір-бірінің құшағындағы қос жұп. Көрнекі сурет: pixabay.com

Қазақ ақын-жазушылары да аталған тақырыпта кеңінен тоқталған. Кейбір қаламгерлердің туындыларына арқау болған тақырып та - дәл осы махаббат тақырыбы болған. Ендігі кезекте, назарларыңызға қазақ ақын-жазушыларының махаббат жайлы қанатты сөздерін ұсынамыз:

************

Адамның өмірі қысқа болғанымен, махаббаты ұзақ өмір сүреді.

Әзілхан Нұршайықов

************

Махаббат – зор саналылықтың, білгір – білімділіктің, асқан ақыл-ойдың жемісі емес, ол – тек жерде ғана өмір сүретін, бірте-бірте архаизмге айналатын, тууы бар, өсіп-өнуі жоқ көзге көрінбей мәңгі жасайтын бейнесі белгісіз дара ұғым.

Оралхан Бөкей

*************

Шын сүю өзіңді мүлде ұмыту.

Махаббат – кәріні жас, алысты жақын ететін ұлы күш.

Қадір Мырза-Әлі

*************

Сүюдің сырын көзден көрме,

Көңілден ізде.

Білгің келсе, сүйер я сүймесін,

Ашып қара көңілін күймесін.

Жүсіп Баласағұн

************

Махаббат достықтан да күшті.

Бернияз Күлеев

************

Бұлақ өмір сүргенімен құрақсыз, Сезім өмір сүре алар ма мұратсыз. Жүрегіңде ерлігі жоқ адамның, Барлығы да махаббатқа тұрақсыз.

Мұхтар Шаханов

************

Ар-намыс, махаббат болмаған жерде адамшылық тұра ма?! Бұл сипаттардың болуы үшін адам баласы азат, тәрбиелі болуға тиіс.

Міржақып Дулатұлы

*************

Махаббат барша байлықтан күшті. Бірақ күштіге де көмек керек. Сол сияқты махаббат өзін байлық пен барлықтың қоса қолдауын ұнатады.

Әзілхан Нұршайықов

*************

Екі адамның бір-біріне шын ықылас пен қалтқысыз қызмет етуі, не араларындағы адал махаббаттың, не асыл достықтың арқасы. Әзілхан Нұршайықов

*************

Ең үлкен махаббат – халық махаббаты.

Қадыр Мырза-Әлі

**************

Даңқ үстемелегенді ұнатады. Бір басталса біразға дейін жарылқайды. Қашан өзің бүлдіріп алғанша махаббат нұрына бөленесің. Қадыр Мырза-Әлі

Махаббат аясында отырған жұп. Көрнекі сурет
Махаббат аясында отырған жұп. Көрнекі сурет: pixabay.com

Ұлы ойшыл, кемеңгер Абай Құнанбайұлының да махаббат туралы қанатты сөздері көп. Соның бірқатарын назарға ұсынуды жөн көрдік:

*************

Адамшылықтың алды – махаббат, ғаделет сезім.

Абай Құнанбайұлы

*************

Махаббатсыз дүние бос, хайуанға оны қосыңдар.

Абай Құнанбайұлы

************

Ғашықтың тілі - тілсіз тіл, көзбен көр де ішпен біл.

Абай Құнанбайұлы

*************

Махаббат – әуелі адамның адамдығы, ғылым деген нәрселермен байланысты.

Абай Құнанбайұлы

**************

Ғашықтық, құмарлық пен - ол екі жол,

Құмарлық бір нәпсі үшін болады сол.

Сенен артық жан жоқ деп ғашық болдым,

Мен не болсам болайын, сен аман бол.

**************

Көзімнің қарасы

Көңлімнің санасы

Бітпейді ішімде

Ғашықтың жарасы

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/2056028-maxabbat-turaly-qazaq-tilindegi-qanatty-sozder/

pixel