Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Түс жору: түсіңізде арыстан көрсеңіз не болады

Опубликовано:

Арыстан бейнесі
Аң патшасы - арыстан. Көрнекі сурет: pixabay.com

Адамның түсінде арыстан көруі жақсылықтың нышаны саналады. Сонымен қатар мұндай түс қандай да бір сынақтың алдын-алу үшін белгі болуы да мүмкін. Осы орайда танымал түс жорушылардың кітаптарын негізге ала отырып, түсіңізде арыстан көру нені білдіретінін қарастырып көрдік.

Нострадамустың түс жору кітабы

Нострадамустың түс жору кітабы бойынша түсіңізде арыстан көру нені білдіреді? Түсіңізде арыстан көру ескерту болып саналады. Бұл ойламаған әрекеттерді жасаудың алдын алу керегін білдіреді.

Нострадамустың түс жоруы бойынша мынадай болжамдар бар:

  • Егер арыстан мен ит ойнап жатса, өмірде дос табасыз.
  • Аш арыстан түске кірсе, құндылықтарыңызды қайта қарау керек деген сөз.

Нострадамустың түс жору кітабы бойынша түске арыстанның кіруі өміріңізді, ой-өрісіңізді өзгерту керегін білдіреді.

Лоффтың түс жору кітабы

Лоффтың түс жору кітабы бойынша түсіңізде арыстан көру нені білдіреді? Егер үйдің ішінде жүрген арыстан ешкімге зиянын тигізбесе, бұл отбасы іргесінің беріктігін, махаббат пен үйлесімділікті білдіреді.

Ал ашулы арыстан керісінше сүйікті адамыңызбен ажырасу болуы мүмкін екенін ескертеді. Егер жыртқыш аң түс көріп жатқан адамның соңынан қуып жүрсе, оны жағымсыз жаңалықтар күтіп тұруы ғажап емес. Арыстанның адамды тістеп алуы өсек-аяң мен дұшпандардың әрекетін көрсетеді.

Құрбы қыздар
Әңгімелесіп тұрған құрбылар. Көрнекі сурет: pixabay.com

Миллердің түс жору кітабы

Миллердің түс жору кітабы бойынша түске арыстанның кіруі нені білдіреді? Түске енген арыстан – күш-қуаттың белгісі. Егер адам түсінде жыртқышты бағындырса, оны өмірде жеңіс күтеді. Ал керісінше одан жеңілсе, көре алмайтын адамдардың қатары артады.

Миллердің түс жору кітабында мынадай түсіндірме берілген:

  • Тордағы арыстанды көру қарсыластарды жеңетініңізді білдіреді.
  • Жыртқышты қолға үйреткен жаттықтырушы түске енсе, бұл - жақсы өмірдің көрінісі.

Цветковтың түс жору кітабы

Арыстанның түске кіруі туралы Цветковтың түс жору кітабында не жазылған? Түске момын арыстан кірсе, онда адам өмірлік бағытын іздеп жүр деген сөз. Сондықтан өз-өзіңізді дамытып, әрбір ісіңізге күш салу керек.

Цветковтың түс жору кітабында арыстанның түске кіруін былай сипаттайды:

  • Риза болып отырған арыстан байлықтың нышаны.
  • Ашулы арыстан адамның атаққұмарлыққа ұмтылуы мен өзгелерге көбірек мін айтатынын ескертеді.

Ақ түсті арыстан мансап жолында өсуді білдірсе, түгі қара арыстан жүйке жүйесінің сыр бергенін білдіреді.

Тиындар мен қағаз ақша
Қағаз ақшалар мен жиналып тұрған тиындар. Көрнекі сурет: pixabay.com

Ванганың түс жору кітабы

Әйгілі көріпкел арыстан туралы түсті көбіне әйелдермен байланыстырады. Ванганың түс жору кітабы бойынша түсіңізде арыстан көру нені білдіреді? Ванганың жоруы бойынша мұндай түс жымысқы әйелдің пайда болатынын білдіреді.

  • Бірнеше арыстанды көру қамқоршы адамдардың жолығуымен байланысты.
  • Жыртқышты аулау сәтін көру – сәттіліктің белгісі.

Егер аң аулау кезінде адам олжасын уысынан шығарып алса, онда өмірде бәсекелестерінен жеңіледі. Оның дұшпандары абыройын түсіруге тырысады.

Хассенің түс жору кітабы

Хассенің түс жору кітабы бойынша түсіңізде арыстан көру нені білдіреді? Егер адам түсінде арыстанды сипап отырғанын көрсе, онда махаббатын кездестіреді. Ал арыстанды өлтірсе, бойында ерекше күш-қуат пайда болады.

Хассе түс жору барысында мына бейнелерге айрықша мән береді:

  • Арыстанның ырылдауы қауіпті жағдайды ескертеді.
  • Жыртқыштың құрбаны болу бағалы затыңызды немесе ақша жоғалту қаупінен хабар береді.

Арыстандармен бірге серуендеп жүру өз-өзіңізді алдауды аңдатады. Демек армандарыңыз бен бар мүмкіндігіңізді қайта қарау керек.

Феломен түс жору кітабы

Феломеннің түс жору кітабы бойынша неліктен түске арыстан кіреді? Танымал түс жорушы Феломен арыстан туралы түске аса мән берген. Оның кітабында арыстан еңбегі арқылы көтерілген, қоғамда орны бар адамдардың түсіне енеді делінген. Сонымен қатар мұндай түстің бірнеше мағынасы бар:

  • Әйелдің түсіне арыстан кірсе, ол сүйіктісін кезіктіреді.
  • Тұрмыс құрмаған қыздың және бойдақ жігіттің түсіне арыстан кірсе, онда некелесу сәті күтіп тұр.

Түс жорушы арыстанның түске кіруін адамның қоғамдағы орнының жақсы болуымен байланыстырады.

Көйлек киген қалыңдық
Әдемі көйлек киген қалыңдық. Көрнекі сурет: pixabay.com

Фрейдтің түс жору кітабы

Фрейдтің түс жору кітабы бойынша әйелдің түсіне арыстан неліктен кіреді? Бұл әйелдің тартымдылығын, бала сүю қабілетінің жоғары екенін білдіреді. Егер әйел түсінде арыстаннан қашып жүрсе, онда өмірлік серігін табуды армандап жүргені. Ал кішкентай арыстандар түске кірсе, бала сүюді қалайды.

Фрейдтің түс жору кітабында ер адамдардың түсіне қатысты мынадай болжам бар:

  • Ашулы ұрғашы арыстанды көру оған ынтық сүйіктісін жолықтыратынын білдіреді.
  • Адам өзін арыстан бейнесінде көрсе, қазіргі жағдайына қанағаттанбайтынын және өмірін жақсы жаққа өзгерткісі келетінін аңдатады.

Егер ер адамның түсінде арыстан оған шабуыл жасаса, оны шым-шытырық махаббат күтіп тұр. Ал арыстанның ыңғайына қарай жүрсеңіз, бұл мінез-құлықты реттеу керек деген белгі.

Юнонаның түс жору кітабы

Көптеген түс жору кітабында түске енген арыстанның бейнесі рухтың күшеюін білдіреді. Юноның түс жору кітабы бойынша түсіңізде арыстанды көру нені білдіреді? Мұндай түс батылдығыңыздың сынға түсетінін болжайды. Түсіңізде аңды тамақтандыру, сипалау және онымен достасу табыс пен өсіп-өнетініңіздің белгісі. Қорқу немесе жыртқыштың құрбаны болу қандай да бір тәуекелге баратыныңызды аңғартады.

Юнонаның түс жору кітабында:

  • Ақырған арыстан – невроз, жүрек ауруларының белгісі.
  • Ұйықтап жатқан арыстан қауіп-қатерден құтылатыныңызды білдіреді.

Түсіңізде тордағы арыстанды көру өмірде әлдебіреулердің сізді кемсітетінін білдірсе керек. Ал арыстанмен қоян-қолтық алыссаңыз, өмірде өзгелердің қайғысына бей-жай қарайсыз.

Ислами түс жору кітабы

Ислами түс жору кітабында мұндай түсті былай жориды:

  • Түсіңізде арыстанға айналу – өмірде тиранға айналу деген сөз.
  • Жыртқыштың үстіне міну – қиын тапсырмаларды орындау.

Ислами түс жору кітабы бойынша түске кірген арыстан нені білдіреді? Бұл кез келген талпынысыңызға үлкен кедергілер болатынын білдіреді, оны жеңу үшін арыстан тәрізді мінез қажет болады.

Арыстандар бейнесі
Ақ және қоңыр түсті арыстан. Көрнекі сурет: pixabay.com

Арыстан туралы түстің астарында көптеген белгі бар. Мұндай түс өз күшіңізді дұрыс бағытқа жұмсау керегін, қабілетіңізді мақсатқа жету үшін қолдану қажет екенін көрсетеді. Ең бастысы қандай да бір түсті жақсылыққа жоруды естен шығармаңыз.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/2056142-tus-zoru-tusinizde-arystan-korseniz-ne-bolady/

pixel