Маңғыстауда сирек кездесетін шағыл мысығы фотоқақпанға түсіп қалды
Жарияланған күні:
Маңғыстау облысы мамандарының "фотоқақпанына" шағыл мысығы түсіп қалды, деп хабарлайды Mangystau Media.
Басылым мәліметінше, бұл жабайы жануар құмды, шөлді аймақтарда тіршілік ететін болғандықтан аз зерттелген. Облыстық табиғи ресурстар және табиғатты пайдалану басқармасы өкілдері шағыл мысығының санына қарай аз аумақтарда ерекше қорғауға алынып, Қазақстанның "Қызыл кітабына" енген.
"Маңғыстау облысының аумағында орнатылған фотоқұрылғыға шағыл мысығы түсті. Бұл жануардің дене тұрқы 40-52 см, салмағы 1,3-3,4 кг. Арқасы мен бүйірі құм түстес сарғыш, денесінде айқын емес қара жолақтары болады.
Құйрығының ұшы қара қоңыр, құлағы үшбұрышты келеді. Табандарындағы тарақ тәрізді қалың қылшықтары олардың құмда еркін жүруіне мүмкіндік береді. Ұсақ кеміргіштермен кейде бауырмен жорғалаушылармен, ұсақ құстармен және жәндіктермен қоректенеді", - деді басқарма өкілдері.
Түз тағысы қорегін аулауға түнде шығады екен. Сондай-ақ, шағыл мысықтар ақпан-наурыз айларында шағылысып, аналығы сәуір-мамыр айларында 2-5 жас мысық туады.
Осыған дейін Маңғыстау облысында "Манашы" қорығында ақ қасқыр фотоқақпанға түскен еді.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/2056211-mangystauda-sirek-kezdesetin-sagyl-mysygy-fotoqaqpanga-tusip-qaldy/