jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Айзат Ермекқызы
Айзат Ермекқызы
Бұрынғы қызметкер

Маңғыстауда сирек кездесетін ақ қасқыр суретке түсіп қалды

Ақ қасқыр
Ақ қасқыр. Көрнекі фото: pixabay.com

Маңғыстаудағы "Манашы" мемлекеттік табиғи қаумалында ақ қасқыр фотоқақпанға түсіп қалды. Фотоларды облыстық табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы Facebook-тағы ресми парақшасында жариялады, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Маңғыстау облысының табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасының өкілдері сирек кездесетін аң ақ қасқырдың көзге түскенін хабарлады.

Kazinform агенттігінің мәліметінше, ведомство мамандары Маңғыстауда ақ қасқырдың сирек кездесетінін айтты. Ақ қасқыр қатыгез әрі төзімді жыртқыш болып саналады. Бұл аңның салмағы 30 келіден 80 келіге дейін жетеді.

Басқарма өкілдері жыртқыш аң екі апта бұрын камераға түсіп қалғанын айтты.

"Аңның бұл түрін облыстың символы деп атауға болады, өйткені бұл - өте сирек кездесетін аң. Жыртқыш бұрын-соңды осы жерде болмаған.

Осы уақытқа дейін ақ қасқырлар зерттелмеген. Мамандарға хабарласып, санын анықтауды жоспарлап отырмыз", - деді Маңғыстау облыстық табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасының басшысы Әсел Балманова.

Маңғыстауда сирек кездесетін ақ қасқыр суретке түсіп қалды

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.