Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Түс жору: түсіңде жақыныңнан айырылсаң не болады

Опубликовано:

Тылсымға толы орман. Көрнекі сурет
Тылсымға толы орман. Көрнекі сурет: pixabay.com

Жақын адамнан көз жазып қалу немесе оның өмірден озуы туралы ой кез келген адамның бойында бар қорқыныш. Ал дәл осы жайт түсіңізге кірсе, онда ол әр адамды ойландырып, мазасыз күй кешетіні анық. Мұндай түс не себепті түске кіруі мүмкін? Түс жорушылардың жорамалын талдап көрейік.

Түсіңізге жақын адамыңыздың қайтыс болғаны кірсе, түс жорушылардың жорамалына жүгінетініңіз анық. Назарларыңызға әлемге әйгілі түс жорушылардың жорамалдарын назарға ұсынамыз.

Миллердің түс жорамалы

Миллердің түсіңізде жақыныңыздың сізге не айтқанына мән беруге кеңес берген. Мысалы:

  • Түсіңізде жақыныңыздың дауысын есту – қиындықтардың белгісі;
  • Түсіңізде әкеңіздің өлімін көру – беделіңізге нұқсан келуі мүмкін, сондықтан әр қадамыңызды ойлап басқан жөн;
  • Түсіңізде анаңыздың өлімін көру – денсаулығыңыз сыр беріп, теріс жолға түсудің белгісі;
  • Түсіңізде ағаңыздың өлімін көру – жақындарыңыздың бірі сіздің көмегіңізге мұқтаж екендігінің белгісі, сол себепті сіз оған көмек қолын созғаныңыз жөн.

Егер түсіңізде жақыныңыз қайтыс болып, ол сізбен сөйлесуге әрекет жасаса, онда мұндай түс жақындарыңыздың кеңесіне құлақ асу қажет деп түсінгеніңіз жөн.

Ванганың түс жорамалы

Болгарияның әйгілі түс жорушысы түсіңізде жақындарыңыздан айырылу жақсылықтың белгісі емес деп жорыған. Ол мұндай түс кішігірім келеңсіздіктен ауқымды қиындықтарға болуы мүмкін жағдайда кіруі мүмкін деп есептеген.

Ванганың болжамы бойынша, егер сіз түсіңізде досыңыздың қайтыс болғанын көрсеңіз, онда өміріңізде өзгерістер болады деген сөз. Оның айтуынша, мұндай оң өзгерістерге қол жеткізу үшін аянбай тер төгіп, жүйкеңіз біраз жұқарады, дейді.

Егер сіздің танысыңыз көппен бірге қайтыс болса, онда әлемді қатерлік сырқат жаулап, экологиялық апат орын алады деген сөз.

Ислам түс жорамалы

Исламдық түс жорушылар мұндай түске қатысты түрлі болжам айтады. Онда түсіңізде қай жақыныңыздың дүниеден өткеніне мән беріледі:

  • Түсіңізде өзіңіз қайтыс болсаңыз – көп жасайсыз деген сөз;
  • Түсіңізде ата-анаңыз қайтыс болса – кедейлікке душар боласыз;
  • Түсіңізде бейтаныс адам қайтыс болса – өміріңізде маңызды оқиға орын алады.

Сонымен бірге ислам түс жорамалында жақыныңыздың қалай қайтыс болғанына мән беру керектігі айтылады. Мәселен егер ол суға батып кетсе, онда ол күнәға батуы мүмкін. Егер жерде жалаңаш жатып өлсе, онда өмірінде мұқтаждыққа тап болады деген сөз. Егер қайтыс болған адамды кебінге ораса, онда ол діни және рухани кедейлікке тап болады деген мағынаны білдіреді.

Мазар басындағы қорқынышты көрініс. Көрнекі сурет
Мазар басындағы қорқынышты көрініс. Көрнекі сурет: pixabay.com

Фрейдтің түс жорамалы

Фрейдтің түс жорамалы бойынша, егер түсіңізде сіздің танысыңыз немесе жақындарыңыз қайтыс болып, сіз оған қатты қобалжып, түсіңізде жылап жүрсеңіз, онда сіз өміріңізде бұл адамға шын мәнінде өлім тілейсіз деген сөз. Әйгілі түс жорушы мұндай түсті көп жағдайда балалар немесе инфантильді тұлғалар көретінін айтады.

Ал егер түсіңізде керісінше жақын адамыңыз қайтыс болып, оның өліміне қайғырып, аса жыламасаңыз, онда сіз ол адаммен өмірде жақынырақ араласуды көздейсіз деген сөз.

Лоффтың түс жорамалы

Лоффтың түс жорамалында да түсіңізде кімнің қайтыс болғанына мән беріледі. Егер сіз түсіңізде өзіңіздің қайтыс болғаныңызды көрсеңіз, онда ол бойыңызда белгілі бір оқиғаларға байланысты алаңдаушылық бар екенін білдіреді.

Сонымен бірге ол түсіңізде жақыныңыздан айырылудың екі мағынасы бар екені айтады. Біріншісі - сіз ол адам жайлы уайымдап, оған тек жақсылық тілейсіз, екіншісі – cіз бұл адаммен қарым-қатынасыңызды мүлдем тоқтатуыңыз мүмкін.

От тұтатылған майшам. Көрнекі сурет
От тұтатылған майшам. Көрнекі сурет: pixabay.com

Нострдамустың түс жорамалы

Нострдамустың түс жорамалы бойынша түсіңізде өзіңіз немесе жақыныңыз қайтыс болса, бұл түсіңізге кірген адам немесе өзіңіз ұзақ жасайсыз деген сөз.

Түсіңізде жақын адамыңыз ауырып қайтыс болса, онда осы сырқаттың еміне дәрі ойлап табылады деген мағынаны білдіреді.

Егер жақындарыңыздың бірі қиналып өмірден озса, онда өміріңізде дұшпан пайда болады деген сөз.

Цветковтың түс жорамалы

Цветковтың түс жорамалында жақыныңыздан айырылу болжамы қарастырылмаған. Десе де ол мұндай түс кімге кіруіне мән береді. Мәселен егер әйел адам түсінде жақынынан айырылса, онда олардың өмірінде жақын әрі жылы таныстық орын алуы мүмкін.

Түске қатысты болжам көп болғанымен, оларға сену не сенбеу әр адамның өзіне байланысты. Десе де аталған болжамдар түске қатысты болжамдарыңызды жеңілдетіп, бойыңыздағы уайымнан арылтуға сеп болуы мүмкін.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/2056446-tus-zoru-tusinde-zaqynynnan-airylsan-ne-bolady/

pixel